№21 (8233) жезқАЗҒан аймақТЫҚ газеті • 973 жылғЫ 13 СӘуірден шығады saryarqa maýsym



Pdf көрінісі
бет15/45
Дата02.11.2023
өлшемі4.02 Mb.
#482197
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   45
21-21

Мәруа
КЕЛМАҒАНБЕТОВА, 
Жезқазған қаласы құрылыс 
бөлімінің басшысы
БАСПАНАМЕН
ҚАМТУ –
ҚАРҚЫНДЫ
Соңғы жылдары Жезқазған алып 
құрылыс алаңына айналды.
Мемлекеттік бағдарламалар аясында 
және жергілікті жеке кәсіпкерлердің 
қолдауымен бой көтерген
әлеуметтік-мәдени нысандар, сондай-ақ, көп қабатты тұрғын үйлер 
қаланың сәулетін келістіріп қана қоймай, мысты өлкенің
өркендеуіне өзінше үлес қосты. Биыл да осы дәстүр өз жалғасын
тауып, жезқалада ауқымды жобалардың құрылысы қарқын алуда. 
Оның ішінде тұрғын үй құрылысы қанат жайды.
▐ 4 МАУСЫМ – МЕМЛЕКЕТТІК РӘМІЗДЕР КҮНІ
(Соңы. Басы 1-бетте), 
1997 жылғы 8 қарашада Ақ-
моланың орталық алаңында Ре-
спубликалық ұланның қолбас-
шысы Сәт Тоқпақбаев арнайы 
рейспен Алматыдан жеткізген 
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік билігі 
рәміздерінің Жаңа Астанаға келуіне арналған 
салтанатты митинг пен шеру өтті. Ақмолаға Пре-
мьер-Министрмен және республика үкіметінің 
мүшелерімен бірге келген Қазақстан Республика-
сының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарба-
ев шеруді қабылдады.
Митингте Мемлекет басшысы өз сөзінде бо-
лып жатқан оқиғалардың бүкіл республика үшін 
де, Ақмола үшін де маңыздылығын атап өтті. Ол 
бұл қала тарихтың түрлі кезеңдерінде, әсіресе, 
бүкіл өңір үшін басқарудың бай тәжірибесін бер-
ген тың игеру жылдарында маңызды рөл атқарға-
нын атап өтті. Қазақстанның мемлекеттілігін 
нығайтуға және жүргізіліп жатқан әлеуметтік- 
экономикалық реформаларға байланысты бірқа-
тар бүгінгі шындықтар мен перспективаларға 
орай Ақмолаға оның жаңа мәртебесін айқындай 
отырып, көзіміз тағы да бұрылды.
Осы күннен бастап Ақмола, қазіргі Нұр-Сұл-
тан қаласы мемлекеттік рәміздердің – Ту мен Ел-
таңбаның эталондық даналарын, сондай-ақ пре-
зиденттік байрақтың сақтаушысы болды.
Мемлекеттік рәміздерді құрметтеу бірқатар 
маңызды конституциялық нормаларға жатады. 
Мәселен, Қазақстан Республикасының «Қа-
зақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері 
туралы» Конституциялық заңында Қазақстан 
Республикасының азаматтары да, оның аумағын-
дағы адамдар да Қазақстан Республикасының 
Мемлекеттік Туын, Қазақстан Республикасының 
Мемлекеттік Елтаңбасын және Қазақстан Респу-
бликасының Мемлекеттік Гимнін қастерлеуге 
міндетті деп жазылған.
Және Қазақстан Республикасының Мемлекет-
тік рәміздеріне құрметпен қарауды қалыптастыру, 
азаматтыққа және патриотизмге, өз Отанына де-
ген сүйіспеншілікке тәрбиелеу мақсатында – жал-
пы орта, кәсіптік бастауыш, кәсіптік орта және 
кәсіптік жоғары білімнің білім беру бағдарлама-
ларын іске асыратын білім беру ұйымдарында 
оларды зерделеудің мәні мен маңызын түсіну-
ді, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік 
рәміздеріне құрметпен қарауды қалыптастыруды 
көздейтін Қазақстан Республикасының Мемле-
кеттік Туы үнемі арнайы бөлінген көрнекі жерге 
орнатылады, Мемлекеттік Елтаңба не олардың 
бейнелері, сондай-ақ Қазақстан Республикасы 
Мемлекеттік Гимнінің мемлекеттік тілдегі мәтіні 
орналастырылады.
Еліміздің мемлекеттік рәміздерін құрметтей 
отырып, әрбір қазақстандық өз Отанына деген па-
триоттық сезімін білдіреді, оның жетістіктері мен 
мәдениетін мақтан тұтады, халқымыздың мінезі 
мен мәдени ерекшеліктерін сақтайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   45




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет