22. Биет сұРАҒЫ «Салт-дәстүр және ауыз әдебиеті» бөлімі, көшпелі және отырықшы өмір салтының ерекшеліктері


Көшпелі және отырықшы өмір салтының ерекшеліктері



бет2/4
Дата01.06.2024
өлшемі23.24 Kb.
#502201
1   2   3   4
22 БИЛЕТ ДҮНИЕТАНУ

Көшпелі және отырықшы өмір салтының ерекшеліктері.
Көшпелілер мен отырықшылар арасындағы байланыс мәселесі тарих ғылымында әр түрлі пікірлер туғызып отыр. Біраз зерттеушілер көшпелілер мен отырықшылар қарым-қатынасын олардың арасындағы қырғи қабақ қақтығыстар, соғыстар, жаулап алу әрекеттерімен байланыстырады. Бұл ретте көшпелілер белсенді рөл атқарды деп есептейді. Енді бір топ зерттеушілер бұл қарым-қатынастағы көшпелілердің орнын төмендетіп көрсетуге тарысады. "Көшпелілер отырықшылардың мөдени жетістіктерін қиратушылар, не болмаса өздеріне қабылдап алушылар болды" деген пікірлер де жиі кездеседі.
Көшпелі және отырықшы жұрттардың арасындағы қатынас әр заманда, әр түрлі аймақта әрқалай болды. Олардың карым-қатынасында кактығыс, соғыстармен қатар бейбіт сабақтастық, шаруашылық, сауда, мәдени өзара әсерлер аз болған жоқ. Мал өнімдеріне мамандандырылған көшпелі экономика егіншілік өнімдерін, қолөнер бұйымдарын отырықшылардан алса, отырықшылар мал өнімдерін, кейбір қолөнер заттарын, қолөнерге қажетті шикізаттарды көшпелілерден алып отырды. Мұндай сауда, айырбас қатынастары, әсіресе отырықшы халықтар мен көшпелі елдер көршілес орналасқан шекаралық, аймақтарда пәрменді түрде іске асып отырды.
Отырықшы елдерге жылқы малы, оны мініске, жегуге үйрету көшпелі малшы тайпалардан келді. Атты әскер дәстүрі, садақтың түрлері, қылыш, ат әбзелдері де көшпелілерден келген. Мысалы, VI ғасырда түркі тайпалары пайдаланған темір үзеңгілі ертоқым келесі ғасырларда бүкіл Еуропаға таралды. Отырықшы елдер көшпелілердің қару-жарағына, киіміне еліктеді. Мысалы, VII—VIII ғасырлардағы түркілердің кісе белдіктері Қытайдан Иракқа дейінгі аралықта пайдаланылған. Таң әулеті кезіндегі Қытайда көшпелілердің киімі кең таралды, Еуропада орыс, поляк, венгр ақсүйектері киім киісінде, шаш қоюында көшпелілер үлгісіне еліктеді. Көшпелілерде б.з.д. 1-мыңжылдықта пайда болған өнердегі "аң стилі" Қытайдан Дунайға дейінгі аралықтағы отырықшы елдерге де кең таралды.
Көшпелілердің өзіндік саяси мәдениеті болды. Олар ел басқарушыларын ерекше қасиетті адам, Тәңірдің жердегі өкілі деп түсінді, ерекше басқару жүйесі, империялық қызмет шендері, рәміздері, ел басқарудағы ерекше мұрагерлік дәстүрі болды. Осы мемлекеттік басқару тәртібін көшпелілер кейбір жаулап алған отырықшы елдердің саяси жүйесіне орнықтырып та отырды.
Көшпелілер отырықшы халықтардың бір-бірімен мәдениет алмасуына, олардың бірінен екіншісіне мәдени үдерістердің ауысуына себепші болды. Көшпелілер миграциясы, олардың бір отырықшы елдерден кейін келесі бір отырықшы халықтарды жаулап алуы арқылы мәдени диффузия іске асып отырды.
Ерте орта ғасырлар заманында көшпелілер отырықшылармен тек қана соғысып қойған жоқ, сонымен қатар өзара тығыз бейбіт байланыста болды. Көшпелілер отырықшы елдер шеберлеріне өздеріне қажетті құрал-сайман, жабдықтарға тапсырыс жасаумен қатар оларды кажетті шикізатпен қамтамасыз етіп отырды. Сонымен бірге көшпелілер отырықшылардан түрлі қолөнер түрін үйренді.
Қала-дала байланыстары.[өңдеу | қайнарын өңдеу]
IX—XII ғасырларда қалыптасқан қала мәдениеті жағдайында қолөнер мен сауда дамыған кезде отырықшы өркениет көшпелілердің экономикалық қарым-қатынастарының қажетті құрамды бөлігіне айналды. Бұл кездегі көшпелілер мен отырықшылардың қарым-қатынасы қалаларды жаулап алудан бастап, қарапайым айырбаска дейін түрлі сипатта болды. Бұл кездегі қала мәдениетінің өсуі, мүлік теңсіздігінің күшеюі көшпелілерді қызықтыра түсті.
Қалалар көшпелілердің сауда-саттық жасайтын орталықтарына айналды. Қарлұқтардың, тоғыз-оғыздардың жартылай отырықшылыққа айналуы жөнінде ортағасырлық авторлар жазған.
Көшпелілердің Азия мен Еуропада қағанаттар түріндегі ерте мемлекеттіліктерінің пайда болуы 1-мыңжылдықтың екінші жартысындағы аймақтық әлеуметтік-саяси, экономикалық ерекшеліктерін анықтаушы фактор болды.
Қыпшақтардың оңтүстік Ресей даласында пайда болуы Киев Русін өзінің оңтүстік-шығыс шекараларын қорғауды ұйымдастыруға, бекіністер салуға мәжбүр етті.
Көшпелілер мен отырықшылардың шекаралық аймағының материалдық мәдениеті аралас болды.
Аралдың шығыс маңы, Сырдың төменгі ағысы, Шу, Талас өңірі, Жетісу көшпелілер мен отырықшылардың ежелден және ұзақ уақыт тоғысқан аймағы болды.
VII ғасырларда салынған Жетісу қалаларының көбі түрік қағандарының ордасы ретінде пайда болып қалыптасты. Жетісуда отырықшы мәдениет VI—XIII ғасырлар бойында көбейіп, қанат жая бастады. Түркеш, Қарлұқ, Қарахандар қағанаттарының халқы көшпелілер мен отырықшылардан тұрды. Қарлұқ, әсіресе Қарахандар дәуірінде көпшілік көшпелілер отырықшылыққа өтті. Осы кезеңде көп пайда болған қоныстар мен қалалардың ерекше түрі — төрткүлдер. Осы I кезеңдегі қала жұртының материалдық мәдениетінде қалалық жөне көшпелілік сипат араласты. Мысалы, ауланың ішінде киіз үй тігіп отыру салты, ауладағы кең мал қоралар, т. б.
Жетісуда ортағасырлық қалалардың қирауының, қала мәдениетінің құлдырауының басты себебі — әскери саясат тәртібіне байланысты болды. Алдымен хорезмшахтың қидандарымен, одан соң наймандармен соғысы. Содан соң Жетісуды монғолдардың жаулап алуы. Соғыстардан, шапқыншылықтардан, ең алдымен, қалалар мен қоныстар қатты зардап шекті. Өндіріс, мәдениет ошақтары қиратылды, қала халқы жаппай Сырдария мен Ферғанаға қоныс аударды.
1456-1473 жылдары – Керей хан. Керей – Болат сұлтанның баласы. 1473-1480 жылдары – Жәнібек хан – Барақ ханның баласы. 1480-1511 жылдары – Бұрындық хан қазақтарды басқарды. Керей ханның баласы. 1511-1518 жылдары – Қасым хан билігі. Әз Жәнібектің ұлы. 1518-1523 жылдары – Қасымның баласы Мамаш хан атанды. 1523-1532 жылдары – Қасымның немере інісі Тақыр хан болды 1533-1534 жылдары – Бұйдаш хан Тақырдың інісі хан атағына ие болды. 1534-1535 жылдары – Қожа Мақмұт хан болды. 1535-1537 жылдары – хан атағы болған сұлтандар: Тоғым хан, Ахмет хан, Хақназар, Наурыз-Ахмет хан 1538-1580 жылдары – Хақназар Қазақ хандығының ханы болды, Қасымның баласы. 1580-1582 жылдары – Жәнібектің немере інісі 80 жастағы Шығай таққа орнықты. 1582-1598 жылдары – Шығай қайтыс болып, орнына баласы Тәуекел отырды. 1598-1628 жылдары – Есім хан билігі. Шығайдың баласы, Тәуекел ханның інісі 1613-1627 жылдары – Тұрсын хан билігі. 1628-1652 жылдары – Жәңгір хан болды. Есім ханның баласы. 1680-1715 жылдары – Әз-Тәуке хан билігі. Салқам Жәңгірдің баласы. 1718-1726 жылдары – Батырдың билігі. 1726-1730 жылдары – Болат хан билігі. Болат-Тәуке ханның бел баласы. 1720-1740 жылдары – Ұлы жүзді Жолбарыс хан басқарды. 1718-1748 жылдары – Әбілхайыр Кіші жүзге хан болды. 1748-1786 жылдары – Нұралы Кіші жүзге хан болды. 1791-1794 жылдары – Ералы Кіші жүзге хан болды. 1795-1797 жылдары – Есім Кіші жүзге хан болды. 1797-1805 жылдары – Айшуақ Кіші жүзге хан болды. 1805-1824 жылдары – Шерғазы Кіші жүзге соңғы хан болды. 1716-1719 жылдары – Орта жүз ханы Қайып хан билігі. 1719-1734 жылдары – Орта жүз ханы Сәмеке хан билігі. 1734-1771 жылдары – Орта жүз ханы Әбілмәмбет билігі. 1771-1781 жылдары – Орта жүз ханы Абылай билігі. 1781-1819 жылдары – Орта жүз соңғы ханы Уәли билігі. 1815-1817 жылдары – Орта жүз соңғы ханы Бөкей билігі. 1841-1847 жылдары – Кенесары қазақтың соңғы ханы. Кенесары – Абылай ханның немересі, Қасым төренің баласы.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет