22. Биет сұРАҒЫ «Салт-дәстүр және ауыз әдебиеті» бөлімі, көшпелі және отырықшы өмір салтының ерекшеліктері



бет3/4
Дата01.06.2024
өлшемі23.24 Kb.
#502201
1   2   3   4
22 БИЛЕТ ДҮНИЕТАНУ

«Бәйтерек» металл, шыны және бетоннан тұрғызылған. Металл конструкциясының биіктігі 97 метрді құрайды, бұл 1997 жылы бас қаланың ресми көшірілгендігін білдіреді. Ескерткіштің жалпы биіктігі 105 метрге жетеді.
Монумент қасиетті бәйтерек ағашы туралы ежелгі қазақ аңызына негізделген. Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаев өзінің «Қазақстан жолы» атты кітабында бұл аңызды ерекше атап өтті.
«Бәйтерек» – Елбасының елордадағы сүйікті орны.
"Мәңгілік ел" салтанат қақпасы Нұр-Сұлтан қаласында орналасқан.
Ескерткішті тұрғызу идеясының авторы — Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев.
Нысан 2011 жылы ел тәуелсіздігінің 20 жылдығына орай ашылды.
Құрылымның биіктігі — 20 метр, ол тәуелсіздікке 20 жыл толғандығын білідіреді.
Оның төбесіне бұралмалы баспалдақтар арқылы көтерілуге болады.
Сырты гранит пен мәрмәрдән жасалған. Құрылыс кезінде тек жоғары сапалы материалдар қолданылды.

Алтын адам (5 ғ.) — Алматы облысы Есік қаласының солтүстігіндегі Есік өзенінің сол жақ жағалауындағы темір дәуірінен сақталған сақ обасынан табылған алтын киімді сақ жауынгерінің мүрдесі.
1969-1970 жылдары археолог К.А. Ақышев тапқан.
Көне дәуірдегі материалдық мәдениет, өнер, мифология т. б. салалардан мол дерек беретін Алтын адам сол кездегі сақтарда мемл. өркениет ертеден қалыптасқанын дәлелдейді.
Алтын адам — Қазақстанның азаттық символына айналды. Оның тұлғасы Алматының бас алаңына орнатылды, төбе бөркіндегі қанатты тұлпарлар бейнесі Елтаңбамызға енді.

Салт дәстүр
Қасиетті қазақ халқының салт-дәстүрлері өте көп. Соның ішінде қазіргі жастар біле бермейтіндеріне қысқаша тоқталсақ. Ұлдың төбе шашын ұзарта өсіріп, моншақ араластыра өріп қою. Оның аты – айдар. Бұл ғұрып негізінен, тіл – көзден сақтау үшін ер балаларға жасалады. Кенесарының інісі Наурызбай батырдың ұзын айдары болғаны тарихтан белгілі. Ақсарбас атау. Адамдар қауіп-қатерге ұшырағанында «Аллаһ Тағала мені осы қиындықтан құтқара гөр! Ақсарбас!» деп құдайы атайтын болған. Мұндай жағдайда «Ақсарбас!» деп үш рет айқайлаған. Сосын қауіп-қатерден аман қалғанында әлгі адам ауыл айма ғын шақырып құдайы берген. Ақсарбасқа шалынатын малдар: бозқасқа (қой), көкқасқа (жылқы), қызыл-қасқа (сиыр). Адам ақсар-бас атағанда қай малын айтса, соны құдайыға союға тиіс.
Ақ құйып шығару. Халқымызда: «Үйге кірген жыланға да ақ құйып шығарады» деген мәтел бар. Қазақтың ақ деп атайтыны: сүт, қымыз, шұбат, айран. Қалың өрт келіп қалғанында алдынан ақ шашады, үйге жылан кіріп кеткенінде басына сүт не айран құйып үйден шығарып барып өлтіреді. Бұл қазақтың үйіне келген жауына да жамандық жасамайтын ұлттық мінезінен шыққан әдет.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет