Ядроны итеру техникасы.
Ядро итеру. Басқа құралды лақтырумен салыстырғанда ядро итеруді орындаудың өзіндіке ерекшелігі бар. Ең әуелі ядроны алақанға ұстай білу керек. Одан кейінядроны үстіңгі жағынан иықтың үсті мен иектің астына қойып, астыңғы жағынан қолмен ұстап тұрып алдыға итеру арқылы жаттығуды орындауға болады. Бастапқы қалыпта ядроны иыққа алып лақтыратын бағытқа артпен қарап тұру. Содан кейін, сол тұрған бағытта алдыға еңкейіпоң аяққа тұрып, сол аяқты жоғары көтеріп бір аяқпен секіруге дайындалу. Одан ары 2-3 адым оң аяқпен алдыға секіріп (сөренің белгіленген алаңынан шығып кетуге боломайды) белгіленген сөре алаңының шетіне келіп, кеудені алдыға бұра ядроны алдыға қарай итереміз. Ядро итеру жаттығуының нәтижесінен жету-күш қуаттың жетілуіне ғана байланысты. Ядро итерумен шұғылданатын адамдар күш қуаты мол, сұңғақ бойлы келеді.
Ядро итерудің айла-тәсілін үйрену үшін мынандай қосымша жаттығуларды орындауға болады:
-артпен, құралды лақтыратын бағытқа қарап тұрып кенеттен өте тез қозғалып ядроны итеру;
Осы жағдайда, бір аяқтап тұрып итеру;
Ядроны секіріп келіп орындайтын жаттығудықұралсыз орындау;
Ядроны иыққа ұстап тұрып, алма кезек аяққа тұрып секіру;
Екі қолмен ядроны доп қаққандай кеудеден итеру;
Ядроны жоғары лақтырып қағып алу
Ядроны итеруді оқыту әдістемесі.
Ядро итеруде сақтық жан-жақты қарастыруды талап етеді. Басты міндет спортшыларды зиян келтіретін соққыдан сақтау. Ядро итеру әдісінің негізі - тез және денені бірте-бірте түзету. Үйретудің бірінші кезеңінде нығыздалған доппен орнында тұрып, аяқпен қолдың қозғалысын үйлестіру үшін арнайы жаттығулар қолданылады.
1.Ядроны ұстау және снарядқа дұрыс күш түсірумен таныстыру.
2. Ядроны орнында тұрып итеру. Орында тұрып ядроны итеруге үйрету үшін лақтыратын жаққа қарап тұрып алға, жанымен, арқамен снарядты лақтырады.
3. Ырғақпен екпін алу (артқа бір аяқпен секіру).
4.Ырғақ жасап ядроны итеру.
Жас спортшылардың орнында тұрып ырғақта орындау және ядроны толық итеру дағдысын қалыптастыру. Лақтыру қозғалыстарын меңгеру үшін және снарядқа күш сала білуді үйрену үшін үйренуді толтырылған доптарды, құммен толтырылған қаптарды және әртүрлі салмақтағы ядроларды пайдалана отырып арнайы жаттығулардан бастау қажет, мысалға; - аяқтарды бүгіп, жазып, екі қолмен допты кеудеден жоғары итеру; - алдын ала аяқтарды бүгіп, бір қолмен жоғары итеру; - серіктеске бетпе-бет тұрып, содан кейін қырымен тұрып бір қолмен алға – жоғарыға итеру; - әр түрлі қозғалыста екі қолмен допты лақтыру (тӛменненалға-жоғарыға, бастан-жоғарыға, бүйірден-алға-жоғарыға және т.б.). Лақтыру қозғалыстарының негізін меңгерген соң, ядроны итеру техникасын үйренуге ауыса беруге болады. Ядроны итеру техникасымен таныстыру. Ядроны итеру техникасы түсіндіру және көрсету әдістерімен іске асады.. Сонымен бірге жарыстың ережелері және снарядтың салмағы, формасы туралы мәліметтермен қоса қозғалыстардың реті қысқаша түсіндіріледі Техниканың көрсетілімі оқытушымен немесе техникамен шұғылданушымен, оны жақсы меңгерген тұлғамен жүзеге асырылады. Одан басқа кӛрнекі құралдар, кинограммалар, плакаттар мен бейнефильмдер қолданылады. Ядроны тікелей итеруге оқытуды оны ұстаудан және қорытынды күштен –итеруден бастаған жӛн. Ядроны ұстауды кӛрсетіп түсіндіргеннен кейін үйренушілердің оны орындау дұрыстығы тексеріледі. Ядро иық алдында вертикальді күйде саусақтардың арасына орналастырады. Осы тапсырманы шешу үшін келесі жаттығуларды ұсынамыз: - қолдан қолға ядроны лақтыру; - ядроны кішігірім биіктікке жоғарыға лақтырып,қағып алу; - ядроны алға — жоғарыға және алға – тӛменге итеру; - ядроны түрлі құралдар арқылы итеру. Осы жаттығуларда ядроны итеру жартылай қырындап тұру күйінен итеру бағытына қарай орындалады. Сонымен бірге, қолдар мен денені бір уақытта тіктеп, аяқтарды бүгіп ядроны дұрыс ұстауды қадағалау керек. Орында тұрып ядроны итеру техникасына оқыту. Орында тұрып ядроны итеруді игеру үшін лақтырудың бағытына бетпе-бет, содан кейін қырымен тұрып, бірақ иықпен белдің алдын ала оңға бұрылып бастауға болады. Осы жаттығулар лақтырудың бағытына арқасын беріп тұрып, бастапқы күйден итеруге ауысу болып табылады. Сонымен бірге аяқтар сәл бүгілген, сол аяқ алда, дене салмағы сәйкесінше тізеде бүгілген оң аяқта. Сол аяқтың табаны сәл ғана ішке бұрылған. Итеру сол аяқты құмға қоюдан басталады. Орында тұрып ядроны итеру техникасын игеру үшін қосымша жаттығулар болып түрлі бастапқы күйден бір және екі қолмен толтырылған доптарды итеру болып табылады . Келесі жаттығу алдыңғы жаттығудың жалғасы болып табылады. Итеру бағытына қарай сол аяқты сермеу оң аяқтың белсенді итеруімен біруақытта орындалады және содан кейін қысқа секірулер жасайды. Жаттығушыларда итеруді дұрыс орындау сезімін тудыру үшін, оны серіктестің кӛмегімен орындау керек. Ол үшін үйренуші сол аяғын артқа жіберіп, алға еңкейеді, Серіктес аяғын көтеріп, үйренушіні итеру бағыты бойынша тартады. Үйренуші тарту күшін пайдаланып, оң аяқпен қысқа секірістер орындайды және содан кейін аяғын ұшына қойып, жіліншікті тартады. .Ядроны итеру техникасын жетілдіру. Итеру техникасын жетілдіру кезінде мына тапсырмаларды орындау керек: 1.снарядпен және тренажерларда, снарядсыз жеке фазаларды жетілдіру үшін арнайы жаттығулар; 2. шеңберден түрлі салмақтағы ядроларды итеру; 3. нәтижеге ядроны итеру. Ядроны итеру техникасын игеруді физикалық сапаларын дамытумен және оларды жетілдірумен параллель жүргізу керек. Қазіргі таңда ядроны бұрылыстан итеру әдісі қолданылады. Осы немесе басқа лақтыру қозғалыстарының нұсқасын қолдану адамның жеке қабілеттеріне байланыст Ядро итеру техникасын талдау және оқыту әдістемесі.Ядро салмағы (ұл 4кг))(қыз7.257г) Снарядтың формасы және салмағы.Снарядты ұстау негізі.Ядро итеру кезіндегі екпін түрлері. Мәрелік күшке дайындық және мәрелік күш фазасы. Жекелеген фазалар орындалу кезіндегі уақыттың байланыстылығы.Жекелеген фазалардың техникасын оқыту: снарядты ұстау, екпін, мәрелік күш, снарядтың шығуы. Негізгі қателіктер және оларды түзетуге арналған жаттығулар.
Оқытып-үйретудің негізгі амалдары: 1.Ядроны ұстау әдістерін байқау, көріп-білу;
2.Ядроны итеру;
Ядроны дұрыс ұстау әдістерін байқау, ядроға дұрыс күш салу дағдысын жасау, қолдың бұлшық еттері мен сіңірлерін әжептәуір күш салуға біруақытта дайындық жасауды жақын арадағы нысаналарға лақтыру арқылы жолдарымен іске асыру қажет. Алғашқы итерулер тік қалпы өткізіледі. Бастапқы қалыпта аяқтар иық ені бойынша екі жаққа қойылған. Итеру алдында оң қол шынтақта бүгіледі де, артқа қарай бұрылады, одан кейін иықтан төмен жаққа баса назар аударылады да, шынтақ буынында жылдамдатылған жазылу болады.Итеру міндетті түрде қол мен саусақтардың сабалау тектес қимылдарымен аяқталады. Снарядтың ось ұзындығы бойынша күш салуды дұрыс бірлестірген жағдайда, ядро жерге дұрыс түседі. Диаметрі 10-15 см. кішкене шеңберге итеріп үйрену абзал. Ядроның ұшуының ауытқуы, оның күш салуының қателігін, дұрыс еместігін көрсетеді.
Достарыңызбен бөлісу: |