25. Жеңіл атлетика сабақтарында күш қабілеттерін дамыту


Мектептегі жеңіл атлетика сабақтарын ұйымдастыру және мазмұны



бет4/42
Дата23.05.2023
өлшемі117.35 Kb.
#474159
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   42
дш ответ

10. Мектептегі жеңіл атлетика сабақтарын ұйымдастыру және мазмұны.
Жеңіл атлетика – бүгінгі таңда тек біздің елде ғана емес, дүние жүзінде кең таралған спорт түрі. Жеңіл атлетиканың негізгі жаттығулары – тегіс жерде жүгіру, бедерлі жерде жүгіру, жүру, кедергілермен жүгіру, ұзындыққа және биіктікке секіру, лақтыру, жеңіл атлетикалық көпсайыс. Жүгіру - қысқа, орташа және ұзақ қашықтық болып үшке бөлінеді. Қысқа қашықтыққа – 100,200,400 м және 110м кедергілі қашықтық жатады. Орташа қашықтыққа 800,1000,1500,2000,3000м жүгіру және 3000м кедергілі қашықтыққа жүгіру жатады. Ұзақ қашықтыққа -5000,10000,20000,42 шақырым 192м марафондық қашықтық және 50шақырым кросс(дала жарысы) жатады. Жүру-20 шақырым спорттық жүріс.Лақтыру- диск, найза, граната, балға, доп және жүгіріп келіп ұзындыққа секіру, үш аттап секіру. Жеңіл атлетикалық көпсайыс- көпсайыс құрамына жеңіл атлетиканың жаттығуынан 10 жаттығуға дейін кіреді. Олар – жүгіру, секіру, лақтыру және кедергілерден өту.
Сөре және мәре. Жарыс барысында сөреден шығу үшін жүгіруші төменгі және биік сөре жағдайында тұрады. Қысқа қашықтыққа жүгіргенде төменгі сөре жағдайында тұрады. Орта және ұзын қашықтыққа жүгіргенде биік сөреде жүгіріп шығу әдіс-тәсілін студенттер мектеп бағдарламасынан оқып кеткендіктен, оған қайтадан оралмадық. Жеңіл атлетиканың негізгі жаттығуы – жүгіру. Ол жеңіл атлетиканың барлық жаттығуларында қолданылады. Сондықтан, кім болсын, жеңіл атлетикамен шұғылданғанда, ең алдамен жүгірудің айла-тәсілін меңгеруі керек. Жүгірудің бірнеше түрі бар. Бірақ әрқайсысының жүгіру тәсілі әр бөлек. Айталық, қысқа қашықтыққа жүгіру үшін аяқты согншалықты адымдаудың қажеті жоқ. Жалпы жүгіру тек қана аяқтың алысына байланысты екенін білу керек. Ал ұзақ қашықтыққа жүгіргенде мүмкіндік болғанша аяқты алшақтап адымдауға мүмкіндік туады. Себебі, үнемі алдыға қарай яғни қысқа қашықтыққа жүгіргендегідей еңкейіп отыруға болмайды. Міне, жүгірудің осындай өзіндік айырмашылығы бар. Жүгірген кездедененің салмақ түсетін нүктесі өзгеріп отырады. Оның себебі сол, адамның итерілетін аяғына байланысты болады. Яғни, итерілетін аяғы қаншалықты серпілсе, дененің салмақ түсетін нүктесі соншалықты өз мезгілінде өзгеріп отырады. Адамның қолының қозғалысы, тек сол адамның салмақ түсетін нүктесіне байланысты қозғалып отырады. Міне, табиғи жағдайдағы қолдың қозғалысы да жүгіргенде үнемі жылдамдықты үдету үшін аса ерекше рөл атқарады. Жүгіріп бара жатқанда біреу қалып жоғары сермеуә мүмкін, енді біраз қолының қимылын иық деңгейінен асырмайды. Бұл деген, жүгірудің айла-тәсілін меңгеруіне байланысты.
Жүру.Адам баласының табиғи жүруі бар. Екінші - жүрудің спорттық түрі бар. Әрине, екеуінің айырмашылығы жер мен көктей. Спорттық жүрістің негізгі ережесі, әрбір аттаған сайын, яғни алдыға аттаған аяқтың өкшесі жерге тимейінше итерілетін аяқты жерден көтеруге болмайды. Демек, адамның екі аяғы да жерге тимейтіндей көтеріліп кететін фазасы болмауы керек. Бұл жағдайға кез келген спортшы қалыптасып үйрене бермейді. Табиғи жүрісте көтеріліп кететін фазасы болады. Яғни, жүгірудің алғы шарты орындалады. Спорттық жүріспен жарысқа қатысқан спортшы жүгіріп кетпес үшін көтеріліп кететін фазасын төрешілер мұқият қадағалайды. Жүру табиғи қолданбалы жаттығу. Жүру механизмі қозғалысты тікелей реттеуші тері, бұлшық ет түйсіктеріне белгі беретін тітіркендіргіштер болып табылады. Жүрудің дұрыс дағдысын қалыптастыратын жаттығудың міндеті баланың тұлғасының біркелкі өсуіне, аяғын ілгері қарай икемділікпен басуға, қолдары мен аяқтарын үйлесімді ұстауға тәрбиелеу болып табылады.Жүру кезінде бұлшық ет топтары, қызметке түсіп, тыныс алу, қан айналу жүйелерінің қызметін күшейтеді. Сапта жүру оқушыларды тәртіптілікті ұйымдастыруға көмектеседі. Мектептің негізгі міндеттерінің бірі оқушыларды дұрыс, көркем, ұқыпты жүруге үйрету. Жүруге үйрету сапқа тұру және қайтадан сапқа тұру кезінде арнайы ұйымдастырылады.Оқушылар жүруге дұрыс дағдылануы үшін, оларды 1-сыныптан бастап, қимылды ырғақ арқылы сол аяқтан бастап жүруге үйретеді. 1-сыныпта оқушылармен еліктеу сипаттағы жаттығулар қолданылады «қаздар қайтіп жүреді», «аюға ұқсап жүріңдер!» т.с.с.Жүруге үйрету барысында аяқтың ұшымен, еңкейіп, үлкен адыммен, бөксені жоғары көтеріп, тіркеме адымдар, аяқты қайшылап, аяқтың ішкі, сыртқы қырымен жүру ұсынылады. Бұл тапсырмалар әр түрлі екпінде орындалады. Дұрыс жүру: денені еркін ұстау; денені, басты тік ұстау; иық артқа қарай ашылған, қолмен аяқтың қимылдары еркін.
Жүруге бірте-бірте үйрету әдістері:
еліктеп жүру әдісі
аяқтың ұшымен, еңкейіп, тығылып жүру.
аяқтың ұшымен аяқты тік ұстап жүру
аяқтың сыртқы қырымен жүру
қолды әр түрлі қалыпта ұстап жүру(қол белде, иықта, баста, артта, арқада, алда, жоғарыда, жанда).
Қолды әр түрлі қалыпта ұстап аяқтың ұшымен жүру.
Жай жүрісті аяқтың ұшымен жүруге ауыстырып жүру.
Жай жүрісті аяқтың ұшымен жүруге ауыстырып, қолды әр түрлі қалыпта ұстап жүру.
Кең, еркінадым жасап, тұқлғаны дұрыс ұстап жүру.
Мұғалімнің санауы бойынша ырғақпен жүру.
Мұғалімнің санауы бойынша ырғақпен қолды шапалақтап жүру.
Ұжымның санауы бойынша ырғақпен жүру.
Екпінді өзгертіп жүру
Ені 20см белгілі сызық арқылы жүру.
Бөксені көтеріп жүру.
Белгіленген сызықтың ортасымен бөксні көтеріп жүру.
Аяқтың ұшымен бөксені көтеріп жүру.
Аяқтың ұшымен белгіленген сызықтың ортасымен бөксені көтеріп жүру.
Белгіленген сызықтың ортасымен бөксені көтеріп жүру.
Үлкенадымдар жасап жүру.
Денеге түсетін салмақты қолмен жасалатын қосымша қимылдар, сонымен қатар жүруді, жүгірумен алмастыру, қосымша тапсырмалар арқылы ұлғайтуға болады.
Мұғалім денеге түсетін салмақты әр сыныптың бағдарламасы арқаылы ұлғайтуға болады және соған сәйкес қолданады.
Жүгіру. Оқушыларды дене шынықтыруға тәрбиелеуде жүгіру жаттығуларының алатын орны ерекше. Жүгіру табиғи қолданд\балы жаттығулар.Жүгіру ішкі ағзаларға жүрек, өкпе, буындарға айтарлықтай күш түсіреді, зат алмасу жүйесінің қызметін күшейтеді. Жүгіру арқылы жылдамдық, төзімділік, қозғалыс үйлесімділігі, қайсарлық, табандылық қасиеттері тәрбиеленеді. Жүгіру жаттығуларына үйрету барысында төмендегі міндеттерді шешу қажет: оқушыларды дұрыс жүгіруге үйрету, ағзаға гигиеналық әсер етуші құрал ретінде қолдану.Сабақта оқушыларға жеңіл жүгіру, жүруді жүгірумен ауыстыру, бірінің артынан бірі жүгіру, қарама – қарсы жүгіру, тұлғаны дұрыс ұстап жүгіру, аяқтың ұшымен, өкшелеп жүгіру, екпінді өзгертіп жүгіру, қарапайым кедергілерден жүгіру, жоғары мәреден жүгіру, ырғақты дем алу үйретіледі.Жүгіру жаттығуына үйрету барысында жеңіл атлетика ережесіне сай «аяқты итеру», аяқты сермеу түсініктерін білуге үйретеді. Жүгіруге үцрену кезіндегі жаттығудың міндеті қол мен аяқтардың жақсы үйлесімімен жеңіл,тез, еркін, ілгері қарай ұмтылған қозғалысты қалыптастыру болып табылады.Жүру жаттығуларының дұрыс орындалуы техникасының негізі: жүгірушінің денесі сәл алға шығыңқы(денені тік ұстау немесе алға еңкею қолайсыз); бас пен дененің бір сызықтың бойында, иық көтерілмейді; итерілетін аяқ, аяқтың ұшына қойылады, итерілу кезінде толық түзіледі, сермейтін аяқ, тіземен бүгіліп, бөксе алға, жоғары көтеріледі; қолдың шынтағы бүгіледі: аяқ пен қол қайшыланған әдісте бір екпінде қозғалады, саусақтар жартылай бүгілген. Бірінші сынып оқушыларымен жүгіру жаттығулары көбіне ойында қолданылады, өз еркімен іскерлік дағдылпары жағдайына байланысты жүгіреді. Сондай-ақ, бірінші сынып оқушылары жүру мен жүгіруді әр түрлі қимылдар арқылы екпінді өзгертіп, жүгіру арқылы үйретіледі. Бірінші сынып оқушыларын жүгіруге үйрету барысында мұрын арқылы дем алуды қадағалау қажет. Ал жоғары бастауыш сынып оқушылары әр 2-3 адымда дем алуын, сондай-ақ, дем алумен дем шығару сандар үйлесімдігімен тең келуі қажет.Сабақта ырғақты жүгіруге көңіл бөлу қажет. Ырғақты жүгіруге үйрету барысында мұғаліс сапты өзі бастап, жүгіру екпініне, ырғағына қажетті жағдайды ұстауды ұсынады.Оқушылардың еркін, жеңіл жүгіруі аяқтың ұшымен орындалады. Алғашқыда жүгіру бір бағытта, кейіннен жан-жаққа жүгіру ұсынылады.2 сынып оқушыларымен жүгіруді жарыс топ, жұптасқан түрде өткізіледі. Жеңіске жеткен балалар анықталмайды.3-сынып оқушыларымен жылдам жүгіру өткізіледі. Бұл жүгіру түрлерін өткізу үшін жүгіретін жол 10-15м-ден 3-4 бөлікке бөлінеді. Бірінші бөліктегі оқушылар жай, екінші жылдам, үшіншщі-өте жылдам жүгіреді, содан кейін қайтадан жай жүгіреді, жй жүгіруді жылдам жүгіруге ауыстырады.Оқушылар жүгірудің негізгі техникасын дұрыс меңгергеннен кейін, жүруді жүгірумен алмастыра отырып, кедергшілерден өту әдісі қарастырылады. Алғашқы кезде кедергі бір түрде болса, бірте-бірте түрленеді.Жоғары сөрені төмендегідей әдістер бойынша үйретеді:
А. Мұғалі көрсетеді және түсіндіреді;
Ә. Жоғары сөреде жүгірудің жеке бөліктері, бөлшектерін көрсетеді, түсіндіріледі;
Б. Бұйрық барысында қандай қалыпты ұстауы;
В. 2-3 оқушыға түсінгенін көрсетуі ұсынылады;
Г. Сыныптағы барлық оқушыларға үйретіледі.
«Сөреге!» бұйрығы бойынша оқушылар сөрелік сызықтың алдына тұрадлы; бір аяқ сызықта, екінші аяқ жарты адым артта, аяқтар бірінің артында бірі, «Көңіл аудару» бұйрығында денені алға сәл еңкейтіп бір қол бүгілген, екінші қол артта, аяқтар тізеден сәл бүгілген, бүкіл дене салмағы алда тұрған аяққа түседі. «Жүгіріңдер» бұйрығында оқушылар жүгіре бастайды. Жүгіру аяқтың ұшымен орындалады. Адым жылдамдыққа байланысты ұлғаяды.Оқушыларға бір қолға тіреліп сөреге тұру әдісі де үйретіледі. Бұл сөреге тұруда сол сөрелік сызықтан 20-25см қашықтықта қойылған, оң аяқ бірінші аяқтың артына 20-25см қашыққа аяқтың ұшымен қойылады. Бұйрық бойынша жүгіру басталады.
Бірте-бірте үйрету әдістері:
ойын барысында еркін жүгіру.
15м арақашықтықта шағын топтардың жүгіруі
көлемі 80-40см екі сызықтың ортасымен жүгіру
көлемі 60-80см жүгіру кедергілерден жүгіру
жүруді жүгірумен алмастыру. Жүру 50м дейін, 15м жүгіру, 20м жүгіру,15м бірте-бірте жүру.
үлкен адыммен жүгіру
аяқтың ұшымен жүгіру
көлемі 40-50см жолақтан жүгіру
екі сызықтың ортасынан аяқтың ұшымен жүгіру
көлемі 70-100 см сызықтың ортасынан жүгіру
қолды әртүрлі қалыпта(белде, иықта, жанда,шынтақты бүгу) ұстап жүгіру.
қойылған заттар арқылы бағытты өзгертіп жүгіру
100метрлік қашықтықта жүруді жүгірумен алмастыру
бөксені жоғары көтеріп жүгіру
80-110см сызық бойынша жүгіру
белгіленген арықтан секіруді жүгірумен алмастыру
доптар арқылы екі, үш адым жасап жүгіру
жылдамдықта жүгіру: 10метр жай жүгіру, 15метр жылдам жүгіру, қалған 150метрде барлық күшін салып жылдам жүгіру, бірте-бірте тез жүгіруге ауыстыру
40метрге жылдамдықпен жүгіру
150метрқашықтықта жүруді жүгіруге алмастыру
кедергілерден жүгіру
жоғары сөреден жүгіру
50 метрге жоғары сөреден жылдамдықпен жүгіру
төбеге жүгіру, төменге жүгіру
200 метр қашықтықта жүруді жүгірумен алмастырып жүгіру.
Сөреден жүгіріп шығу. Сөреден шығу үшін жүгіруші төменгі және жоғарғы сөре жағдайында тұрады. Төменгі сөре қысқа қашықтыққа жүгіру үшін қолданылады. Жоғары сөре- орташа және ұзақ қашықтыққа жүгіру үшін қолданылады. Төменгі сөреге бір адым алда, итерілетін аяқты артқа қойып сәл алдыға еңкейіп тұрады. Бұл жерде мынадай сұрақ туындайды.- қай аяқты алдыға , қай аяқты артқа қою керек. Адамның табиғи жағдайда бір аяғы сілтейтін де, екінші аяғы итерілетін болып қалыптасады. Бұл жағдай тек сөреде тұрғанда емес, секіргенде, лақтырғанда, демек жеңіл атлетиканың барлық жаттығуларын дерлік орындағанда қолданылады. Әдетте , жүгірудің әдісін білетін спортшылар төменгі сөреден шығудың әдісін ақсы меңгерген болса , жылдамдықтан көп ұтады.Бұл деген жүгіріс әдісін меңгерді деген сөз.Ал жоғарғы сөре жүгіріс әдіс-тәсілін мңгеруге айтарлықтай әсер ете қоймайды.Бірақ орта және ұзақ қашықтыққа жүгіргенде аяқты көтеріп алып, алға соза басудың өзіндік ерекшелігі бар. Мәселен, біреуқысқа адымдайды, енді біреу жүгіргенде адымын ашады. Жүгірушінің жылдамдығы, міне, негізінен осы жағдайдың орындалуына байланысты. Осыған орай мынандай жаттығуларды орындауға болады:
белгілі бір қашықтықты (400, 800, 1000м) бір темппен жүгіріп өту (бірнеше рет қайталау).
20-30 м қашықтықты өте жоғары жылдамдықпен жүгіріп өту. 6-8 рет қайталанады;
Соқпақ жолды бір темппен жүгіріп өту (1000, 2000, 3000м);
Белгілі бір қашықтықты тізені көтеріп жүгіріп өту,
Аяқтың өкшесімен ғана жүру
Жүреден отырып жүгіру;
Сыңар аяқтап секіріп, жүгіру;
Қысқа қашықтыққа төменгі сөреден шығып, жоғары жылдамдықпен жүгіру (20 ,30, 40м);
Қолды жерге тіремей төменгі сөреден жүгіріп шығу;
Белгілі бір қашықтықты арқамен алдыға қарап жүгіріп өту;
30-40 м қашықтықты екі аяқтап секіріп жүгіру;
30-40м қашықтықты орында тұрып секіріп өту,
30-40м қашықтықты жүреден отырып жүріп өту.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   42




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет