28 Жел алқабының уақыт бойынша өзгеруін анықтау негізінде атмосферадағы ауа қозғалысына әсер ететін күштердің ықпалын бағалау


Ауаның вертикалды қозғалыстарының келесі түрлерін ажыратады: 1.Реттелген; 2.Конвективті; 3.Турбулентті; 4.Фронтальды; 5.Орографиялық



бет5/10
Дата24.07.2022
өлшемі30.74 Kb.
#459772
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
28-41 ГОСна100

Ауаның вертикалды қозғалыстарының келесі түрлерін ажыратады: 1.Реттелген; 2.Конвективті; 3.Турбулентті; 4.Фронтальды; 5.Орографиялық.
Тұрақсыздықтың ж/е үйкелудің әсерінен пайда болатын қозғалыстар реттелген д.а. Себебі, олар ұзақ уақыт бойына ж/е үлкен аймақта бір бағытта ж/е бірдей жылд болады. Реттелген вертикалды қозғалыстар уақыт пен кеңістік бойынша аз өзгереді ж/е атм-а мен ауданның үлкен аумағын алып жатады. 1-2 тәулік бойы байқалады. Реттелген вертикалды қозғалыстардың жылд бірнеше см/сек құрайды. Ауаның жоғары қарай қозғалуының әсерінен циклонның ортаңғы бөлігінде қатпралы ж/е қатпарлы жауын бұлттары ж/е ауаның реттелген төмен қарай қозғалуында антициклонның орналасқан кеңістікте ашық ауа райы болады.
Конвективті. Конвективті қозғалу төселме беттің біркелкі қызбауынан пайда болады ж/е уақыт пен кеістік бойынша үлкен тұрақсыздығымен сипатталады. Олардың көлденең өлшемі бірнеше жүз метрден, бірнеше км-ге дейін өзгереді. Ал тігінен бірнеше жүз метрден 10 км-ге өзгереді. Конвективті қозғалыстардың жылд 2-3 м/с – тан 30-40 м/с дейін өзгереді. Сондықтан конвективті ағындар барлық тропосфераны алып жатады. Бұл қозғалыстардыңм әсерінен бұлттардың будақ түрлері, нөсерлі жауын-шашын ж/е найзағай ж/е ұшақтың дірілдеуі байқалады.
Турбулентті. Биіктеген сайын жел векторының өзгерісінің әсерінен, яғни турбулентті үйкелу күшінің әсерінен пайда болады. Бұл қозғалыстар атм-ң шекаралық қабаттарындағы ауа райына әсер етеді. турбулентті вертикалды қозғалыстар төменгі бұлттылықтың қатпарлы турбуленттіліктің дамуына ж/е сіркіреуік жауын-шашын түсуіне әкеледі. Уақыттың өлшемі 10-даған сек шамасында, көлденең өлшемі 100 – бірнеше км дейін. Еркін атм-да олар атм-қ қозғалыстардың тұрақсыздығынан пайда болады ж/е олар төменгі ж/е жоғарғы қабаттың бұлттылықтың кейбір түрлерінің пайда болу себебі болып табылады. ұшақтың дірілдеуіне әкеледі.
Фронтальды. Фронт аумағында вертикалды қозғалыстардың барлық түрлері байқалуы мүмкін. Бірақ негізгісі болып реттелген қозғалыстардың ж/е фронт аумағындағы үйкелістің әсерінен болған қозғалыстар саналады. Жылд см/сек өлшенеді. Бұл қозғалыстардың әсерінен фронтальды бұлттылықтың барлық түрі ж/е жауын-шашын пайда болуына байланысты.
Орографиялық. Ауа ағындарына тау беткейінің әсерінен қалыптасады. Олар беткей бойынша ауаның көтерілуін н/е түсуін береді. Бұл қозғалыстар басында мәжбүрлі болады, ал биіктікте конвективті ағынға ауысып кетеді. Орографиялық вертикалды қозғалыстардың жылд жердің жергілікті қырына байланысты ж/е см/сек өлшенеді. Бұл қозғалыстардың нәтижесінде таудың желді жағында орографилық бұлттарда ж/е таудың ық жағында фен ағынына әкеледі. Ал фен ағыны бұлттылықтың ыдырауына әкеледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет