Ұсақтау (уату) және біріктіру тәсілі. Мысалы басқа бір бөлшектермен толтырылған гайка, резьба және корпус болттан еркін шешіліп алынуы мүмкін, ал автокөлік дөңгелегін екеу етіп біріктіру оның қауіпсіздігін барынша арттырады. Шығарып тастау тәсілі (кедергі жасайтын бөлшектерді бөлу немесе тек қажеттіні ғана бөлу). Мысалы, флюорография кезінде көптеген адам мүшелерін рентген сәулесінен қорғау үшін сәуле өтетін жолға қорғаныстық берьерлер қойып, өкпе клеткаларының қажет бөліктеріне өте алатындай орын қалдырады.
Инверсия тәсілі (қалыптасқан әрекет орнына қарама-қайшы әрекет қолдану). Мысалы, жүзгіштердің шынығатын жабдығында қарсы алдына су жіберіп, ал жүзгіштің өзі орнында қалса.
Басқа бір өлшеуге өту тәсілін қолданған, мысалы бөрене ағашты диаметрмен сақтау, ұзындығын арттыру және пучканы вертикаль жағдайда орналастыру.
Әмбебаптылық тәсілі (портфель тұтқасы біруақытта эспандар қызметін атқара алады).
Зиян келтіру тәсілі мүмкін пайдаға асуы мүмкін, мысалы, өзендер ағып қосылғанда және жағалауға су тасқыны қаупі төнгенде, өзеннен келетін «артық» суды үлкен резеңке резервуарлар көмегімен бөгеу. Мұндай судамбалары (бөгеттері) бір-ақ минут ішінде құрылады және алынып тасталынады.
Өзін-өзі қызмет көрсету тәсілі қолданылған, мысалы, уатқыш аппарат корпусының төзімділігін арттыру үшін оған магнит қасиетін беру жолымен, өз бетіндегі жаңарып отыратын бөлшектерді ұстап отыру.
Осылайша, аталған тиімді шығармашылық тәсілдердің мәні олардың атауымен ашылады. Сонымен қатар, ұжымдық шығармашылық әрекетті психологиялық активизациялау әдісі қызығушылық туғызады. Соның бірі «ми шабуылы» («мозговая атака»), А.Осборн ұсынған әдіс. Психологиялық шиеленістерді жою үшін, мысалы сынға ұшырау, идея жасап шығару процессі және сыни баға ми шабуылында уақытқа қарай бөліп тасталынған және адамдардың әр түрлі топтарына қарай өткізіледі. Бірінші топ тек әртүрлі ұсыныстарды қозғайды және сынсыз шешу нұсқасын дамытады. Оған, фантазияға қабілетті адамдарды жатқызған жөн. Екінші топ бұл «эксперттер» дамыған идеялар қүндылықтары туралы пікір тасушылар. Оның құрамына сараптау және сынай ойлау қабілеті бар адамдарды жатқызған дұрыс.
Достарыңызбен бөлісу: |