Операциялық жүйе басқа программалар жіберетін команда - сигналдарды өзіне қабылдап,
оларды машинаға түсінікті тілге аударады. ОЖ компьютерге
қосылған барлық құралдарды
басқарып, оларға және басқа программаларға қол жеткізуді қамтамасыз етеді. ОЖ-нің
үшінші міндеті - қолданушы адамның компьютермен жұмысын жеңілдету.
Осылайша,
ОЖ-нің әрқайсысы кем дегенде үш міндетті бөлімнен тұруы қажет.
Біріншісі -
ядро,
командалық интерпритатор, программалық
тілден машиналық
кодтар тіліне «аударушы».
Екіншісі - компьютер құрамына енетін түрлі құрылғыларды басқаруға негізделген
программалар. Мұндай программалар
драйверлер деп аталады, яғни «жүргізушілер»,
бағыттаушылар.
Үшіншісі -
интерфейс-қолданушы тұтынатын ыңғайлы қабықша. Бұл қолданушыға
қызықты емес ядро оралған әдемі қабықша тәріздес.
ОЖ-лер біресепті (однозадачные) және көп есепті (многозадачные) болып бөлінеді.
Яғни бір есепті ОЖ-лер (DOS) бір уақытта тек бір есепті орындай алса, көп есепті ОЖ-лер
(Windows 98) Александр Македонский сияқты компьютер қуатын үрдістер арасында бөліп,
бір мезетте бірнеше үрдістерді басқара алады.
Тағы бір критерий - ОЖ-нің қолданушылар саны. ОЖ
бір қолданушыға арналған
және көп қолданушыға арналған болып бөлінеді.
IBM PC компьютерлері үшін 1981 жылдан бастап 1995 жылға дейін негізгі ОЖ
ретінде MS-DOS жүйесі болды. Бұл жылдар аралығында осы ОЖ MS-DOS 1.0 версиясынан
MS-DOS 6.22 версиясына дейін дамыды.
Бір кезде MS-DOS адам мен компьютер
арасында байланысшы болып, дискілерді
қолданудың қиын командаларын жеңіл және қарапайымдатты, бірақ уақыт өте келе, даму
барысында бұл жүйенің өзі командаларға толы болып, компьютермен жұмыс істеуді тежеді.
Осылайша қабықша - программалардың қажеттігі туды.
Қабақша - бұл ОЖ-нің басқаруымен жүктелетін және осы ОЖ-мен жұмыс істеуді
жеңілдететін программа. Бүкіл әлемге танымал
және кең тараған қабықша -
программалардың бірі - Norton Commander. Оны ең әйгілі американ программисті Питер
Нортон құрастырған.
Қабықша-программа компьютердің файлдық құрылымын: дискілерді, каталогтарды
және файлдарды түгелдей экран бетінде көрнекі түрде көрсетеді. Тек бірен-саран
пернелерді қолдана
отырып файлдарды іздестіруге, көшіруге,
тасымалдауға, жоюға,
іріктеуге, өзгертуге (редакциялауға, түзетуге) және жүктеуге болады.
Компьютерлердің немесе басқа құрылымдардың біріктірілген тобын желі деп
атайды. Компьютерлерлік желілердің негізгі қызметі
ресурстарды ортақ пайдалану, бір
және немесе бірнеше өнеркәсіп ішінде және сырттай өзара интерактивті байланыс орнату.
Ресурстар дегеніміз - берілгендер, қосымшалар, дискіжетек, принтер, манипулятор тетігі,
модем сияқты сыртқы құрылғылар. Интерактивті байланыс түсінігі нақты уақыт
аралығында хабарламалар алмасу процесін білдіреді.