басқаннан кейін жүзеге асады. IBM PC компьютерінің командалық жол интерфейсін MS-
DOS операциялық жүйесі атқарады.
Графикалық ОЖ-де интерфейстің күрделірек түрі жұмыс істейді. Мұнда басқару
органы ретінде пернетақтадан басқа – тышқан манипуляторы бар.
Графикалық ОЖ-нің
жұмысы экранның басқару элементтерінің активті және пассивті түрлерінің өзара
әрекеттесуіне негізделген.
Активті басқару элементі ретінде тышқанның меңзері болады.
Пассивті басқару элементі ретінде – қосымшаларды басқару элементтері
(батырмалар,
шарт белгілер, ауыстырғыштар, жалаушалар,
ашылатын тізімдер, меню
жолдары және т.б.) болады.
Барлық операциялық жүйелер автоматты түрде жүктеледі.
Файл түсінігі
Дискіге жазылған мәліметтермен жұмыс істеуге қолайлы болу үшін оларды
файлдарға орналастырады. Файл – дискіде ат қойылып, берілгендер сақталған облыс.
Әдетте бір файлда бір типке жататын мәліметтер сақталады. Берілгендер типі – файл типін
анықтайды. Файлдың толық аты – файл аты мен кеңейтілуінен тұрады.
Аты мен
кеңейтілуінің арасына нүкте қойылады. Файл атының кеңейтілуі оның қандай типке
жататынын білдіреді. MS-DOS операциялық жүйесінде файл атына 8 символ, ал
кеңейтілуіне 3 символ беріледі:символдар / \ : * « < > -нан басқа/, сандар және латын әріптері
бола алады. Ал WINDOWS операциялық жүйесінде файл аты 256 символдан тұра алады.
Файлмен барлық жүйеде жұмыс істей алу үшін қысқа атты пайдаланған дұрыс.
Файлды сипаттайтын параметрлер:
-
Файлдың толық аты;
-
Файлдың көлемі (байтпен);
-
Жасалу күні;
-
Жасалу уақыты;
-
Файлға қатынастың дәрежесін анықтайтын файл атрибуттар: R(Read only) –
только
для чтения, H(Hidden) – скрытый, S(System) – системный, A(Archive) –
архивированный;
Достарыңызбен бөлісу: