Зертханалық жұмыс №11 Тақырыбы



бет1/3
Дата27.03.2024
өлшемі0.92 Mb.
#496669
  1   2   3
Зертханалық жұмыс №11


Зертханалық жұмыс №11


Тақырыбы: Hyper Cam, Adobe Premiere Pro, Movie Maker - Video Editor және т.б. бағдарламаларын пайдалана отырып бейне-файлдарды жасау. Smart-қосымшалармен жұмыс: Smart TV, SmartHub және т.б.Кәсіби салада қолданбалы бағдарламаларды орнату және пайдалану.


Мақсаты: Movie Maker - Video Editor бағдарламаласын пайдалана отырып бейне-файлдарды жасау принциптерін оқып уйрену. Smart-қосымшалармен жұмыс жасау дағдысына ие болу.Кәсіби салада қолданбалы бағдарламаларды орната білу және онымен жұмыс жасай білу.


Windows Movie Maker – бұл мультимедиялық роликтер құруға және оларды редакциялауға арналған Microsoft Windows операциялық жүйелер жиынтығы тобына кіретін тегін бағдарлама.
Осы бағдарламаның көмегімен үйдегі ДК-де тікелейфильмдерқұруға, құрастыру және оларды көрсетуге болады. Бағдарлама арнайы әсерлер (эффект), дикторлық мәтін және музыка қосуға мүмкіндік береді.Фильмдерді құрап болган соң Сіз оны компакт-дискіге жазып ала аласыз. Сондай-ақ оны электрондық пошта арқылы таныстарыңызга жібере аласыз немесе Интернетке жүктей аласыз.
Бұл бағдарлама пайдалануда өте қарапайым, бірінші кезекте ол әуесқойлық фильмдер құруға арналған. Әрине, Windows Movie Maker бағдарламасы видеоредактор ретінде әлсіз, бірақ слайдшоу жасауда өте жоғары деңгейде.
Бағдарлама өз идеологиясына ұқсас көпшілік видео редакторлар сияқты классикалық интуитивті түсінікті интерфейске ие. Әрине, кейбір айрықша ерекшеліктері бар.



11.1- сурет -Windows Movie Maker 2.6 бағдарламасының жұмыс терезесі

Басты мәзірде бағдарлама жұмысын басқаратын барлық командалар орналасқан. Ол жерде бағдарламаның кейбір панельдерін қосып/өшіруге болады немесе керекті функцияларды шақыруға болады.


Төменде құралдар тақтасы орналасқан. Онда жобанықұру/ашу/сақтау, іс-әрекеттерді жою/қайталау, есептер тақтасын жасыру/көрсету (Tasks), панельдер жинағын жасыру/көрсету (Collections) түймелері бар, сондай-ақ қажетті элементтер тобын тандауға болатын ашылма тізімі бар. Топтар: Video Effects (Әсерлер түріндегі), Video Transitions (Видео өткелдері), Collections (Жинақтар).
Тапсырмалар жолағы (Панель задач) жиі қолданылатын командаларға қол жеткізуді жеңілдету үшін арналған. Тапсырмалар жолағы мәніне байланысты үшке бөлінеді:

  1. Видео жазу (Capture Video). Мұнда үш пункт – видео импорты (Import video), сурет импорты (Import pictures) және дауыс импорты (Import audio or music).



  2. Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет