3 Қазіргі іскерлік басылымдар: тарих пен тәжірибе


Инфографика заманауи іскерлік баспасөздің негізгі пішіні



бет10/14
Дата10.06.2023
өлшемі0.51 Mb.
#474915
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14
901014450238 kz 6M050400 Али Салтанат Файзуллаевна 2017

2.2 Инфографика заманауи іскерлік баспасөздің негізгі пішіні

Қазақстанда нарықтық қатынастарға көшу барлық қазақстандық топтардың іскерлік және коммерциялық ақпаратқа сұраныс туғызды. Қандай да бір ақпаратты қолдану балансының өзгеруі соңғы он жылдықта зерттеу тақырыбының өзектілігін білдіреді. Іскерлік баспасөздің ағымдағы ғасырдың басында елімізде нарықтық экономиканың қарқынды дамуына байланысты кең етек жайғанын атап өтуіміз өте маңызды.


Экономикалық мәселелерге қызығушылық ХХ ғасырдың аяғында саяси идеологияға деген сұраныстың төмендеуі нәтижесінде айтарлықтай өсті. Алайда, іскерлік баспасөз деген түсінік қазірдің өзінде де соңына дейін тұрақтамаған. Оны тек іскерлік басылымға жатқызатын алуан пікірлер бар. Іскерлік мазмұн қоғамдық-саяси басылымдарда белгілі орын алады. Экономикалық, қаржылық газет-журналдар, сонымен бірге салалық баспасөз қайта құрылуға дейінгі салалардың, кәсіби баспасөздің тақырыптарын құраса да, бұлардың барлығын іскерлік баспасөзге жатқызу қабылданған.
Осы тарауда үш маңызды сұрақты қарастыру мақсаты тұр: іскерлік баспасөз анықтамасы; іскерлік баспасөз түрлерінің сипаттамасы; қазіргі заманауи адам үшін іскерлік баспасөздің маңызы.
Іскерлік баспасөз анықтамаларының біріне жүгінейік. Іскерлік баспасөз – бұл басылымның оқырман аудиториясына жаңалық және сараптамалық ақпаратты беруші, ақпараттық инфрақұрылымның қалыптасуына ықпал етуші, кәсіпкерлердің қажеттіліктерін қамтамасыз ететін, нарықтың экономиканың принциптері мен идеяларын насихаттаушы, заң шығарушылық және нормативті ақпаратты таратушы, оқырмандарды қаржы және бизнес әлемінен кең ауқымда хабардар ететін жеке тұр.
Заманауи іскерлік баспасөзді зерттегенде оның, яғни, іскерлік баспасөздің оқырмандары кім екенін білу маңызды:
- ең алдымен, олар бизнес-қауымдастықтың қайраткерлері, әртүрлі деңгейдегі кәсіпкерлер, кіші кәсіпорындар мен тұтас мемлекеттік экономикаға және бизнес-дамуға қатысы бар адамдар. Әлбетте, бұл адамдар қалталы болады және олар үшін шынында да маңызды дүниелерге көбірек төлеуге дайын тұрады.
- заманауи іскер адам тығыз тәртіппен өмір сүреді, оған жалпы қолданатын тақырыптар қызықтырмайды – оған оның бизнесінің дамуына кері немесе жақсы әсер ететін ақпарат алып отыру маңызды: сандар, деректер, мемлекетте немесе әлемде болып жатқан экономикалық немесе саяси жағдайлардың объективті сараптамасы.
- іскер қоғам – бұл тек сапалы баспа өнімін пайдалануға бейімделген адамдар тобы. Дәл осы себептен іскерлік баспасөздің басылымдары элиталық және баасы қымбат баспасөз дейді. Сәйкесінше, мұндай басылымдарда орналастырылатын жарнама да жалпы разрядтан жоғары мамандандырылған, элиталық, сапалы деңгейге өтеді. Бұл оны да терең сараптмалық мәтіндер, деректер және нақты деректер сияқты іскер адамдар қолданатын тауар етеді.
Іскерлік баспасөздің мақсаты:
- кәсіпкерлердің қажеттіліктерін қанағаттандыратын ақпараттық инфрақұрылымды қалыптастыру;
- нарықтық экономиканың идеялары мен ұстанымдарын насихаттау;
- заңнамалық және нормативтік-құқықтық ақпаратты тарату;
- отандық бизнесменнің оңтайлы имиджін жасау;
- оқырмандарға іскерлік әлемнен мол ақпарат беру.
Қоғамда кәсіпкерліктің өсуі мен оның мәні бизнестің БАҚ-тың коммуникациялық ортасына қосылуынан болып отыр. Сондықтан «Жақында ғана оқиғадан оқиғаға жетіп жүрген газет-журналдар бүгін бизнес туралы көп жазады. Сонымен қатар, бизнес пен баспасөздің үйлесімді ықпал етуі Қазақстанда сапалы журналистиканың стандарттары дәл осы іскерлік баспасөзбен қалыптасуда, нәтижесінде бұл журналистикаға толық жайылуы мүмкін» [27, 73-б.]. Біз үшін бұл жұмыстың басты жаңалықтарының бірі - іскерлік баспасөзді нақты салалық және дамушы ақпараттық жүйе ретінде қарастыратынымыз болып отыр.
Д.П. Гавра іскерлік журналистика аудиториясының үш деңгейін бөліп қарастырады:
- бизнес-субъектілері - кәсіби бизнес әрекеттің субъектілері;
- өндірістік бағамен байланысты кәсіби кәсіпкерлік емес субъектілер;
- үйреншікті экономикалық бағыттағы субъектілер [18, 58-б.].
Нәтижесінде аудитория түрлеріне байланысты іскерлік журналистиканың үш деңгейін атап өтуге болады:
- тар мағынадағы бизнес-субъектілерне арналған бизнес-журналистика;
- кеңейтілген мағынадағы кәсіби (мамандандырылған) іскерлік журналистика, мысалы, экономикалық журналистика;
- кең мағынада - барлық деңгейдегі аудиторияға арналған іскерлік журналистика [18, 152-б.].
М.А. Бережная іскерлік БАҚ аудиториясын деңгейлер бойынша былай сипаттайды:
- Экономикалық журналистиканың аудиториясы (менеджерлер, экономистер, қаржы мамандары, бухгалтерлер, логистиктер, жабдықтаушылар);
- Іскерлік экономикалық емес журналистика (бiлiктi маман - кәсiпқойлар);
- Жалпы iскерлік журналистиканың аудиториясы - (кәсiби емес ) үйреншiктi экономикалық iс-әрекеттiң субъектiлерi [19, 54-б.].
Баспасөз теориясы мен практикасын зерттеушілерінің көбі барлық іскерлік ақпараттың секторы келесі түрде бөліп қарастырады:

  • Экономикалық ақпарат;

  • Биржалық және қаржы ақпараты;

  • Іскерлік жаңалықтар;

  • Статистикалық ақпарат;

  • Коммерциялық ақпарат [28, 148-б.].

Заманауи іскерлік баспасөзді БАҚ-тың маңызды құрылымдық буынының нақты тұтынушының сұраныстарына жауап беретін, тапсырманы зерттеу, оны шешуге бағытталған іскерлік баспасөзді зерттеу бүгінгі күннің өзекті мәселесі.
«БАҚ туралы» заңның қабылдануы, БАҚ-ты басқарудың бірпартиялық субъекттен көпсубъектілікке ауысуы, бәріміз білетіндей, қазақстандық журналистиканы елеулі өзгерістерге алып келді, оның типологиялық сипаттарының айтарлық кеңеюіне де септігін тигізді.
Қазіргі баспасөз шартты түрде төмендегідей болып бөлініп жүр:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет