ҚОРЫТЫНДЫ
Соңғы жиырма жыл ішінде іскерлік журналистика – Қазақстан журналистикасында қарқынды дамып келе жатқан БАҚ сегменті. Іскерлік сипаттағы ақпаратпен жұмыс істейтін медианың саны толассыз өсіп келеді, қоғамда және экономикада орын алып жатқан процестерге бизнеске арналған БАҚ-тың ықпалы артты, қоғамның назары, бизнес пен журналистік қауымдастықтардың іскерлік масс-медиада дамуы өсті.
Мемлекет пен қоғамның жаһандануы іскерлік ақпараттық жүйенің өзгеруіне алып келеді. Қазақстанның экономиканың дамуы, тұтынушы сұранысының өсуі, бизнестің белгілі сегменттерінің белсенді дамуы, көптеген қазақстандық компаниялардың акцияларының жоғарылауы, қазақстандық нарыққа шетелдік брендтердің енуі, БАҚ меншігі құрылымындағы өзгерістер, іскерлік ақпараттың және электронды сауданың конвергенциялануы – осы және басқа да факторлар өздерімен іскерлік медиада қалыптастыру жүргізеді және іскерлік БАҚ нарығының жедел дамуына әкеледі. Басылымдар белгілі аудиторияға бейімделеді, іскерлік баспасөз нарығында өз орнын тауып, нәтижесінде нарықтың әртүрлі параметрінде сегменттелу жүреді.
Қаржылық-экономикалық, іскерлік қарым-қатынасқа тартылған адамдардың айналасы үнемі кеңіп отырады. Біреуге оларды қажет ақпаратпен қамтамасыз ету керек, соның негізінде олар өз әрекеттеріне жетекшілік ете алады: шешім қабылдау, компаниялар басқару, өз бизнесін жақсарту. Іскерлік бұқаралық ақпарат құралдары, әсіресе баспасөз, интернет басылымдар тек банкирлерге, қаржыгерлер мен экономистерге емес, инвесторларға, акция ұстайтындарға шағын және орта бизнес өкілдеріне, көптеген тұтынушыларға қажет.
Қазақстанда іскерлік БАҚ «дәстүрлі» қалыпта – баспа өнімі ретінде көрсетілген, аудиовизуалды бағдарламалар, «жаңа» онлайн нұсқа форматтарында да бар. Іскерлік медианарықтың негізгі бөлігін ірі медаитоптар бақылайды, олардың құрамында бизнес-медиа жиі тігінен «БизнесLife», «Деловой Казахстан», «Партнер. Бизнес справочник», «Kazakhstan Business Magazine», «Бизнес&Власть», «National Business», «Эксперт Казахстан», «Бизнес спектр Казахстана», «Forbes Казахстан», «PR-Партнер» т.б. басылымдар шоғырланған. Газет-журналдық сала көптармақты басылымдар желісімен ұсынылған, олар форматпен, мерзіммен, таралыммен, бағытталатын аудиториямен, қаржыландыру тәсілімен ажыратылады. Іскерлік баспасөз құрылымына газеттер, журналдар және мерзімді шығып тұратын бюллеттеньдер, интернет басылымдар кіреді.
Бүгін салалық маманға емес, бұқаралық тұтынушыға бағытталған мерзімді іскерлік баспаның сегменті қалыптасуда. Орын алып жатқан кемшіліктеріне қарамастан, іскерлік баспасөз қарқынды дамуын жалғастыруда, тек қазақстандық екі Астанада емес, басқа аймақтарда да дамуда. Жаңа коммерциялық, банктік, ұсақ және ірі делдалдық және өндірістік құрылымдардың жедел өсуі іскерлік журналистиканың айтарлықтай сапалы өсуіне себепкер болды, оның қызметінде жаңа шарттарда оны кең ақпараттық панорамамен қамтамасыз етіп отыр.
Бизнес - басылымдардың дәстүрлі көркем дизайны болмаған жағдайда, баспагерлер таңдаған шетелдік прототипі қазақстандық бизнес-журналдардың дизайнын дамытуда эволюциялық қадам болды және шетелдік әріптестерінің тәжірибесінен бизнес журналдар мен басылымдардың жақсы дизайнін жасауда маңызды рөл атқарды. Батыс және ресейлік БАҚ тәсілдерін үйрену қазақстандық журналдарды жетілдіру үшін қуатты серпін болды. Сондықтан, шетелдік басылымдармен алмасудың кез келген нұсқасы оң бағаланады, сапалы батыстық үлгілер өзге де басылымдардың деңгейін көтереді.
Танымал бизнес - журналист және саясаткер, қазақстандық қоғамдық-саяси «Мир Евразий» журналының бас редакторы Э.Полетаев тәжірибе алмасудың және ресейлік БАҚ-ң әсерінің оң жағын ғана көрмейді: «Қазақстандық БАҚ-ның ресейлік баспалар тарапынан ауыр бәсекелестікке шыдап жүргені де маңызды. Әсіресе, бұл жайында телевизия туралы сеніммен айтуға балады. Қазақстанның қала халқының көп бөлігі үнемі Ресей арналарын көреді. Баспа БАҚ саласында да ресейлік БАҚ пікір көшбасшысы болып табылады. Қазақстандық БАҚ технологиялық жақсы жабдықталған, алайда өнімнің сапасы айтарлықтай төмен». Бұл пікірмен келіспеу қиын. Екінші жағынан, біз беделді халықаралық брендтердің қатысуымен Қазақстандағы іскерлік басылымның артықшылықтарын көреміз. Осыған орай, А.В.Вырковскийдің айтқаны Қазақстан медиасферасына да қатысты әділ пікір: «Қабылдау және тәжірибе алмасу – барлық іскерлік БАҚ дамуын жеделдету және ұлттық БАҚ жүйесінің ажырамас бөлігі ретіне іскерлік журналдардың лайықты үлгісін әзірлеу қажет» [42, 8-б],-дейді.
Магистрлік диссертацияда іскерлік басылымдарды негізге алып, басылымдардың ерекшеліктері мен қағидаттарына, олардың жанрлық ерекшеліктеріне, олардың жіктелуін анықтадық.
Қазақ баспасөзінде іскерлік журналистика жиырмасыншы ғасырдың басында пайда болған. Қазақстандағы іскерлік БАҚ нарығы бағытын қарастыру жаңа заманда ерекше көзге түскенін байқадық, еліміздің даму тарихындағы жағдайларға орай 1991 жылдан 2016 жылға дейінгі уақыт аралығында қазақстандық іскерлік журналистиканың күшті бағыттарын дамыту туралы сөз қозғау күрделі мәселе. Сондықтан, біз өз зерттеу жұмысымызда тәуелсіздік жылдарындағы іскерлік басылымдардың ерекшелігін қарастырудық. Заманауи әмбебап іскерлік басылымдарының жұмыс ерекшеліктері, Қазақстандағы іскерлік журналистиканың туындау тарихы, қалыптасуы, дамуы анықталды.
Іскерлік басылымдардың басты белгілеріне, осы баспасөз құралдарының типтік сипатына, ерекшеліктеріне қарай оларды топтастыру, әмбебап іскерлік баспасөзді анықтадық. Қазіргі БАҚ-тағы іскерлік журналистиканың жанрлық, тақырыптық ерекшеліктерін зерделей отырып, оларда қандай жанрда мақалалар, қай бағытта шықты деген сауалдарға жауап бердік.
Іскерлік басылымдардың негізгі ерекшеліктері анықталып, қазақ баспасөзі тарихындағы іскерлік басылымдардың құрылымдық пішіндері талданып, іскерлік басылымдар топталды, 1991-2016 жылдар аралығында іскерлік басылымдарда жарық көрген мақалалар талданып, оларға баға беріліп,
іскерлік басылым беттерінде жарияланған мақалалардың бизнес ортасы, қаржы саласын ақпараттандырудағы ықпалы қарастырылды.
Жұмысты орындау барысында мынандай тұжырымдарға келдік:
Қазақ баспасөзінде іскерлік басылымдар жиырмасыншы ғасырдың басында қалыптасып, дамыды;
іскерлік басылымдардың бетінде мақала, репортаж, сұхбат, корреспонденция, т.б. жанрлар кеңінен пайдаланылатына көз жеткіздік;
бизнес, қаржы, банк, құнды қағаздар саласындағы басылымдардың тақырыптық мазмұны «Экономика», «Саясат», «Мәдениет», «Оқиға», «Әлем», «Бизнес», «Қоғам», «Спорт», «Автокөліктер», «Банк пен инвестициялық фондтар», «Мүлік», «Байланыс пен телекоммуникации» айдарларымен берілетіні айқындалды;
қазіргі ғаламтордағы іскерлік журналистиканың ерекшеліктері сарапталып, электронды іскерлік БАҚ ерекшелігі экономикалық, онымен қоса республиканың іскерлік бейнесіне әсер ететін өндірістік аймақты республикалық аймақтық таралымдар бар. Қазіргі таңда басылым көлемі басылымның желілік немесе баспа басылымының ғаламтор түріне тәуелді. БАҚ желілерінің жаңартылу мерзімділігі онлайн түрде жүзеге асады, ал баспа газетінің веб түрі шағатын нөмірге тәуелді екені айқындалды;
іскерлік басылымдарда жарияланған мақалалар тақырыптық, айдарлық, жанрлық жағынан жан-жақты талданды;
«БизнесLife», «Деловой Казахстан», «Партнер. Бизнес справочник», «Kazakhstan Business Magazine», «Бизнес&Власть», «National Business», «Эксперт Казахстан», «Бизнес спектр Казахстана», «Forbes Казахстан», «PR-Партнер» т.б. басылымдарының тарихы мен тәжірбиесі, жұмыс істеу дағдысы, құрылымдық ерекшелігі зерделенді;
іскерлік басылымдары аудиториясы анықталып, олардың дүниежүзіндегі болып жатқан барлық ақпаратпен қамтамасыз етуге талпынатыны, газет - журнал беттерінде қозғайтын бизнес, экономика, саясат, спорт, мәдениетте болып жатқан заманауи тақырыпты жазатынына көз жеткіздік. Іскерлік баспасөз аудиториясы әртүрлі жастағы, қызығушылығы да әртүрлі адамдарды оқырман етуді көздейтіні айқындалды;
Іскерлік басылымдардағы проблемалық мақалалардың көтерген жүгі
мен атқарып отырған қызметі қомақты екеніне көз жеткіздік;
Инфографика ақпараттардың, мәліметтердің визуалды көрінісі. Бұл –
үлкен көлемдегі мәліметтерді тез беруге қажетті кешенді ақпараттар жазылатын графика екеніне нақты мысалдар келтірдік. Инфографика жеке жанрлық түрі ретінде қарастырылып жүр. Бұл терминге журналистік мәтіннің қосымша ақпараттық элементі саналатын барлық графикалық бейнелерді жатқызамыз және оқырман аудиториясына қажетті ақпаратты сурет арқылы көз жеткізе алатындығына біраз мысалдар келтірдік. Сонымен инфографика заманауи іскерлік баспасөздің негізгі пішіні.
Достарыңызбен бөлісу: |