3-деңгей Педагогика ғылымының даму кезеңдеріне кластер құрастыру


Проблемалық оқытудың мақсат-міндеттерінің мәнін ашу



бет4/22
Дата28.05.2024
өлшемі82.42 Kb.
#501999
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22
3 деңгей

64. Проблемалық оқытудың мақсат-міндеттерінің мәнін ашу
Проблемалы оқыту кезінде мұғалімнің жетекшілігімен проблемалы жағдай жасалып, оқушылар оны шешуге белсенді түрде қатысады, осы іс-әрекеттің нәтижесінде оқушылар кәсіби білімді, дағды мен біліктерді меңгеріп, ойлау қабілеттерін дамытады. Проблемалы оқыту ынталандырудың ерекше проблемалы түріне негізделеді, сондықтан материалдық дидактикалық мазмұнының тиісті дәрежеде, яғни проблемалы жағдайдың тізбегі ретінде берілуін талап етеді. Ғылыми білім логикасының түп-төркіні проблемалы жағдайлардың логикасы болып табылады. Проблемалы жағдайлар мазмұнның белгісіздігіне қарай, проблемалықтың деңгейіне қарай, ақпарат сәйкессіздігінің түріне қарай, басқа да әдістемелік ерекшеліктеріне қарай әртүрлі болуы мүмкін.  Проблемалық оқытудың мақсаты – ғылыми таным нәтижелерін, білімдер жүйесін ғана меңгеріп қоймай, сонымен бірге бұл нәтижелерге жету жолының өзіне де, процесінде меңгеру, оқушының таным дербестігін қалыптастырып, оның шығармашылық қабілеттерін дамыту. Проблемалық оқыту – ойлау операциялары логикасы талдау, қорытындылау және т.б оқушылардың ізденіс әрекетінің заңдылықтарын проблемалық ситуация, танымдық қызығушылығының, қажетсінуінің және т. басқасын ескере отырып оқу мен оқытудың бұрыннан мәлім тілдердің қолдану ережелерінің жаңа жүйесі. Проблемалық оқыту шығармашылық жұмыстарды жүргізудің ең өнімді жолы болып табылады.Проблемалық оқытуда оқушылар бейтаныс, белгілі емес мәселелерді өз беттерінше шешуге жұмсайды. Проблемалық оқыту арқылы өнімді, тиімді нәтижеге қол жеткізу үшін мұғалім тарапынан проблеманы дәл, нақты қоя білудің де маңызы зор. Оқушылар проблеманы шешуде қиындыққа кезіксе, мұғалім оларды жетелеп, әдіс-тәсілдерін ұсынады.
65. Кейс-стади оқытудың жаңа технологиясы ретінде ерекшелігін айқындау Сase-study әдісі ағылшын тілін оқытудың ең тиімді әдістерінің бірі болып табылады. Әдістің мәні студенттердің жасанды түрде құрылған кәсіби ортадағы өз бетінше шет тілін меңгеруінде жатыр, бұл кәсіби саладағы шығармашылық іс-әрекетке қажетті теориялық дайындық пен практикалық дағдыларды біріктіруге мүмкіндік береді. Білім алушыларға мәселені шешу қажеттілігін көздейтін кәсіби қызметтің жағдаяттарын түсіну ұсынылады. Мәселені шешу барысында тыңдаушылар бұл үшін қажетті меңгерілген білімдер кешенін жаңартуға мәжбүр болады. Кейс-әдіс кәсіптік дайындықты, қызығушылықтарды, қалыптасқан ойлау мен мінез-құлық стилін ескеруге мүмкіндік береді, бұл оны мамандықтың шет тілін оқытуда кеңінен қолдануға мүмкіндік береді. Кейс-стади әдісі – бұл жай ғана әдістемелік жаңалық емес – бұл нақты жағдайларға негізделген белсенді оқыту әдісі. Бұл әдіс нақты білімді немесе дағдыларды меңгеруге емес, жалпы интеллектуалдық және коммуникативтік әлеуетті дамытуға бағытталған деп айта аламыз. Кейс – бұл ақпарат алуға ғана емес, сонымен бірге болып жатқан оқиғалардың атмосферасына енуге мүмкіндік беретін шағын әдеби шығарма. Бұл студенттерге күрделі мәселені шешіп қана қоймай, нақты өмірлік жағдайда өздерін елестетуге көмектеседі. М.Долгоруков "кейс-стади" әдісін оқытудың "озық" белсенді әдістеріне жатқызады. Бұл әдістің күшті жақтары бар, оларға мыналар жатады:- бірыңғай проблемалық алаңда топтарда жұмыс істеу мүмкіндігі; уақыт шектеуі жағдайында белгісіздік дәрежесін төмендететін қысқаша ақпаратты пайдалану;
- проблемалық оқыту принциптерін қолдану; студенттердің білім алып қана қоймай, теориялық ұғымдарды терең түсіну мүмкіндігі;
- іс-әрекеттің жаңа үлгілерін құру мүмкіндігі; ақпаратты қарапайым жалпылау дағдыларын дамыту.
Кейс құру процесі күрделі педагогикалық жүйе болып табылады және бірнеше кезеңде жүзеге асырылады:
- Дидактикалық мақсаттарды қалыптастыру. Бұл кезеңде кейстің оқу курсының құрылымындағы орны, білім, білік, дағдыларын анықтау, әлеуметтік құзыреттіліктерін қалыптастыру анықталады. Әдістемелік мақсат теория мен таза практикалық жағдайды суреттеу немесе олардың үйлесімі болуы мүмкін. Мақсат салмақты болуы керек. Бұған жағдайдың шиеленісі, жанжал немесе драмалық жағдай ықпал етеді, бұл тез, уақтылы және дұрыс шешім қабылдауға мүмкіндік береді. Кейс түсінікті тілде, артық терминологиясыз жазылуы тиіс;
- Кейстің бағдарламалық картасын құру. Карта мәтінде қамтылған белгілі бір тезистерден тұрады.
Кейстерді шешуді 5 кезеңде жүргізу ұсынылады:
- Бірінші кезең – жағдаятпен, оның ерекшеліктерімен танысу;
- Екінші кезең – негізгі проблеманы (негізгі проблемаларды) анықтау, нақты әсер ете алатын факторлар мен тұлғаларды анықтау;
- Үшінші кезең – "миға шабуыл" үшін тұжырымдамаларды немесе тақырыптарды ұсыну;
- Төртінші кезең – қандай да бір шешім қабылдаудың салдарын талдау;
- Бесінші кезең – кейсті шешу – проблемалардың ықтимал туындауын, олардың алдын алу және шешу тетіктерін көрсете отырып, бір немесе бірнеше нұсқаларды (әрекеттер ретін) ұсыну.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет