3. Салық құқығының қайнар көздері:
Өзін-өзі тексеру сұрақтары:
1. Салықтық құқық ұғымы, әдістері?
2. Салықтық құрылым, салықтық жүйе және салықтық міндет дегеніміз не?
3. Республикамыздың салық заңдарына сипаттама?
4. Салық құқығының құқық жүйесінде алатын орны қандай?
Әдебиеттер:
1. Найманбаев С.М. «Салықтық құқық» Алматы, Жеті Жарғы 2005
2. Найманбаев С.М. «Финансовое право РК» Алматы: Демеу, 1994г.
3. Химичева Н.И. «Финансовое право» М. БЕК,1995г.
4-дәріс. Салықтық – құқықтық нормалар.
Мақсаты : Бұл семинар тақырыбы дәріс сабағында қарастырылған, дәріс сабағында салықтық-құқықтық нормалар белгілері, құрылымы мен түрлеріне сипаттама берілді. Студенттер семинар сабағында салықтық құқықтың негізгіжәнетуынды нормалары туралы мәселелерді қарастырғандары жөн.
Мазмұны:
1. Материалдық және ұйымдастырушылық нормалар.
2. Салықтық құқықтың негізгі және туынды нормалары.
1. Материалдық құқық — қоғамдық қатынастардағы түрлі мәселелерді тікелей реттеуге бағытталған нормалар жиынтығы. М. қ. нормалары меншік түрлерін, тұлғалар мен мүліктің құқықтық жай-күйін белгілейді, мемл. органдардың құрылу тәртібі мен құрылымын анықтайды, азаматтардың құқықтық мәртебесін, құқық бұзушыны жауапқа тарту негіздері мен жауаптылық мөлшерін, т.б. бекітеді
2. Қазіргі салықтық құқықтық қатынастар теориясы мен практикалық мәселелері бүгінгі қоғам дамуының және Өркениетті салық салудың талаптарына сай салықтық құқықтық қатынастар жүйесін жаңадан құрудың экономикалық-құқықтық үлгісін айқындап, әрі ғылыми негіздей отырып оны тиісті заңнамалық актілер жүзінде бекітудің қажеттілігін мақсаттап, нысаналауда.
Материалдық салықтық құқықтық қатынастардың бюджет жүйесі деңгейлеріне тигізетін мүліктік-заттай ықпалы мемлекеттік билік органдарының өзара байланысы жүйесіндегі құзыреті шегінде және бюджеттік құрылыс ішінде жүзеге асырылады. Егеменді Қазақстан Республикасының биылғы қаржылық қауқары «2007 жылға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 1-бабында бекітілген республикалық бюджет кірісі 1436 156 251 мың теңгені құрағаны көпшілікке мәлім. Оның ішінде салықтық түсімдерден 1 958 638 496 мың теңге түседі деп көзделген. Материалдық салықтық құқықтық қатынастар әлеуеті осындай жағдайда ұтымды әрі айқын көрініс тапқан сияқты.
Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 47, 48 және 49-баптарының 1-тармағының 1) тармақшаларында облыстық бюджетке, республикалық маңызы бар қала, астана, сондай-ақ аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетіне түсетін салықтық түсімдер ретінде:
а) облыстық бюджетке: 1. облыстық мәслихат белгілеген кірістерді бөлу нормативтері бойынша жеке табыс салығы; 2. облыстық мәслихат белгілеген кірістерді бөлу нормативтері бойынша әлеуметтік салық; 3. қоршаған ортаны ластағаны үшін төленетін төлем; 4. облыстық маңызы бар ақылы мемлекеттік автокөлік жолдары арқылы жүріп өткені үшін алынатын алым; 5. Облыстық маңызы бар жалпы пайдаланудағы автокөлік жолдарының бөлінген белдеуінде сыртқы (көрнекі) жарнама орналастырғаны үшін төленетін төлем; 6. жер үсті су көздерінің ресурстарын пайдаланғаны үшін төленетін төлем; 7.орманды пайдаланғаны үшін төленетін төлем; 8. жергілікті маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды пайдаланғаны үшін төленетін төлем белгіленген.
ә) республикалық маңызы бар қала, астана бюджетіне: 1. жеке табыс салығы; 2. әлеуметтік салық; 3. жеке тұлғалардың, жеке кәсіпкерлердің және заңды тұлғалардың мүлкіне салынатын салық; 4. жер салығы; 5. Бірыңғай жер салығы; 6. жеке және заңды тұлғалардың көлік құралдарына салынатын салық, сондай-ақ нақты акциздер, төлемдер және алымдар белгіленген.
б) аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетіне: 1. облыстық мәслихат белгілеген кірістерді бөлу нормативтері бойынша жеке табыс салығы; 2. облыстық мәслихат белгілеген кірістерді бөлу нормативтері бойынша әлеуметтік салық; 3. жеке тұлғалардың, жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғалардың мүлкіне салынатын салық; 4. жер салығы; 5. бірыңғай жер салығы; 6. жеке және заңды тұлғалардың көлік құралдарына салынатын салық, сондай-ақ нақты акциздер, төлемдер және алымдар белгіленген.
Өзін-өзі тексеру сұрақтары:
1. Салықтық-құқықтық нормалар дегеніміз не?
2. Салықтық-құқықтық нормалардың белгілерін атаңыз.
3. Оларды қалай топтастыруға болады?
4. Салықтық-құқықтық нормалардың құрылымына сипаттама беріңіз.
Әдебиеттер:
1. Найманбаев С.М. «Салықтық құқық» Алматы, Жеті Жарғы 2005
2. Худяков А.И. «Налоговое право РК» Алматы, 1998г.
3. Найманбаев С.М. «Финансовое право РК» Алматы: Демеу, 1994г.
5-дәріс. Салықтық – құқықтық қатынастар.
Мақсаты: Бұл семинар тақырыбы дәріс сабағында қарастырылған, дәріс сабағында салықтық-құқықтық қатынастар түсінігі, құрылымы мен түрлеріне берілді. Студенттер семинар сабағында салықтарды салықтық-құқықтық қатынастардың салық заңнамасын дамытудағы рӛлі туралы мәселелерді қарастырғандары жөн.
Мазмұны:
1. Салықтық-құқықтық қатынастар мәні.
2. Материалдық және ұйымдастырушылық салықтық қатынастар.
3. Салықтық-құқықтық қатынастардың салық заңнамасын дамытудағы рөлі.
1.
2.
3.
Өзін-өзі тексеру сұрақтары:
1. Салықтық-құқықтық қатынастар дегеніміз не?
2. Салықтық-құқықтық қатынастардың белгілерін және түрлерін атаңыз.
3. Материалдық және ұйымдастырушылық салықтық қатынастарға сипаттама
беріңіз.
Әдебиеттер:
1. Найманбаев С.М. «Салықтық құқық» Алматы, Жеті Жарғы 2005
2. Худяков А.И. «Налоговое право РК» Алматы, 1998г.
3. Химичева Н.И. «Финансовое право» М. БЕК,1995г.
6-дәріс. Салықтық міндеттеме.
Мақсаты: Бұл семинар тақырыбы дәріс сабағында қарастырылған, дәріс сабағында салықтық міндеттеме туралы жалпылама сипаттама берілді. Студенттер семинар сабағында міндеттемені орындау салдары, салықтық міндеттемені тоқтату негіздері туралы мәселелерді қарастырғандары жӛн.
Мазмұны:
1.Мерзімінде орындалмаған салықтық міндеттеменің атқарылуын қамтамасыз ету тәсілдері.
2.Салықтық міндеттеменің тоқтату негіздері.
3.Салық салу аясындағы мемлекеттік басқару.
1. Салық төлеушінің (салық агентінің) белгіленген мерзімде орындалмаған салық міндеттемесін орындау мынадай:
1) төленбеген салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер, оның ішінде олар бойынша аванстық және (немесе) ағымдағы төлемдер сомасына өсімпұлды есепке жазу;
2) салық төлеушінің (салық агентінің) – заңды тұлғаның, заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесінің, Қазақстан Республикасында қызметін тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын резидент емес заңды тұлғаның, дара кәсіпкердің, жекеше нотариустың, жеке сот орындаушысының және адвокаттың банк шоттары бойынша (корреспонденттiк шоттарын қоспағанда) шығыс операцияларын тоқтата тұру;
3) салық төлеушінің (салық агентінің) – заңды тұлғаның, заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесінің, Қазақстан Республикасында қызметін тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын резидент емес заңды тұлғаның, дара кәсіпкердің, жекеше нотариустың, жеке сот орындаушысының және адвокаттың кассасы бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру;
4) салық төлеушінің (салық агентінің) – заңды тұлғаның, заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесінің, Қазақстан Республикасында қызметін тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын резидент емес заңды тұлғаның, дара кәсіпкердің, жекеше нотариустың, жеке сот орындаушысының және адвокаттың мүлікке билік етуін шектеу тәсілдерімен қамтамасыз етілуі мүмкін.
1-1. Егер салық міндеттемелерін орындау осы Кодекстің 308-1-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес операторға жүктелсе, онда мерзімінде орындалмаған салық міндеттемесінің орындалуын қамтамасыз етудің:
осы баптың 1-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген тәсілдері операторға қатысты қолданылады;
осы баптың 1-тармағының 2) – 4) тармақшаларында көрсетілген тәсілдері бір мезгілде операторға және жай серіктестіктің (консорциумның) әрбір қатысушысына қатысты қолданылады.
2. Осы баптың 1-тармағының 2)-4) тармақшаларында көрсетілген мерзімде орындалмаған салық міндеттемесін орындауды қамтамасыз ету тәсілдері осы Кодекстің 611-613-баптарында белгіленген мерзімдерде қолданылады. Осы баптың 1-тармағының 2)-4) тармақшаларында
көрсетілген мерзімде орындалмаған салық міндеттемесін орындауды қамтамасыз ету тәсілдерін қолдануды бастағанға дейін салық төлеушіге (салық агентіне) осы Кодекстің 84-тарауына сәйкес хабарлама жіберіледі.
3. Салық берешегі өтелмеген жағдайда, осы баптың 1-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген тәсілді қоспағанда, мерзімінде орындалмаған салық міндеттемесін орындауды қамтамасыз ету тәсілдері республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болған 6 еселенген айлық есептік көрсеткіштен аз мөлшерде салық берешегі бар салық төлеушілерге (салық агенттеріне) қолданылмайды.
3-1. Осы тармақта өзгеше белгіленбесе, мерзімінде орындалмаған салық міндеттемесін орындауды қамтамасыз ету тәсілдері мынадай:
1) салық төлеушіні сот банкрот деп таныған жағдайда - банкроттық туралы іс бойынша іс қозғалған кезден бастап;
2) салық төлеушіге қатысты оңалту рәсімі қолданылған жағдайда – соттың оңалту рәсімін қолдану туралы шешімі күшіне енген күннен бастап қолданылмайды.
Бұл ретте Қазақстан Республикасының банкроттық туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен, сондай-ақ Қазақстан Республикасының банкроттық туралы заңнамасында көзделген жағдайда сомасы кредиторлар талаптарының тізіліміне енгізілмеген салық міндеттемесі бойынша осындай салық төлеушілерге қатысты мұндай міндеттеменің орындалуын қамтамасыз ету тәсілдері қолданылады.
3) мыналарды мәжбүрлеп таратқан жағдайда:
банктерді, жинақтаушы зейнетақы қорларын - мәжбүрлеп тарату туралы сот іс қозғаған күннен бастап;
сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарын - мәжбүрлеп тарату туралы сот шешімі заңды күшіне енген күннен бастап қолданылмайды.
4. Салықтық тексеру нәтижелері туралы хабарламаға және (немесе) хабарламаға шағымды қарау нәтижелері бойынша шығарылған жоғары тұрған салық қызметі органының шешіміне шағым жасалған жағдайда, осы баптың 1-тармағының 4) тармақшасында көрсетілген тәсілді қоспағанда, мерзімінде орындалмаған салық міндеттемесін орындауды қамтамасыз ету тәсілдерін қолдану шағымды қарау нәтижелері бойынша шешім шыққанға дейін тоқтатыла тұрады.
5. Cалық төлеуші (салық агенті) айыппұлдар сомасын төлемеген жағдайда осы баптың 1-тармағының 2)-4) тармақшаларында көрсетілген мерзімде орындалмаған салық міндеттемесін орындауды қамтамасыз ету тәсілдері айыппұл сомаларын мәжбүрлеп өндіріп алу туралы сот қаулысының негізінде салық төлеушіні (салық агентін) хабарландырмай-ақ қолданылады.
6. Заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесінде банк шоттары болмаған не заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесінің банк шоттарында және кассасында салық берешегін өтеу үшін ақша болмаған немесе жеткіліксіз болған жағдайларда, салық органы осы баптың 1-тармағы 2), 3) және 4) тармақшаларында көрсетілген мерзімде орындалмаған салық міндеттемесін орындауды қамтамасыз ету тәсілдерін осы құрылымдық бөлімшені құрған салық төлеуші заңды тұлғаға қолданады.
Заңды тұлғада біреуден көп құрылымдық бөлімше болған кезде, заңды тұлғаға осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген тәртіппен мерзімінде орындалмаған салық міндеттемесін орындауды қамтамасыз ету тәсілдері қолданылғаннан кейін оның құрылымдық бөлімшесінің салық берешегі өтелмеген жағдайда, салық органы осы баптың 1-тармағы 2) және 3) тармақшаларында көрсетілген мерзімде орындалмаған салық міндеттемесін орындауды қамтамасыз ету тәсілдерін мұндай заңды тұлғаның барлық құрылымдық бөлімшелеріне бір мезгілде қолданады.
7. Осы тараудың мақсаты үшін бюджеттің атқарылуы жөніндегі орталық уәкілетті мемлекеттік органда ашылған мемлекеттік мекемелердің шоттары банк шоттарына теңестіріледі, ал бюджеттің атқарылуы жөніндегі орталық уәкілетті мемлекеттік орган банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымға теңестіріледі.
2. 1. Жеке тұлғаның салық міндеттемесі:
1) қайтыс болғанда;
2) күшіне енген сот шешімі негізінде оны қайтыс болды деп жариялағанда тоқтатылады.
2. Дара кәсіпкердің салық міндеттемесі дара кәсіпкер Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қызметін тоқтатқаннан кейін тоқтатылады.
3. Заңды тұлғаның салық міндеттемесі:
1) таратылғаннан кейін;
2) қосылу (қосылған заңды тұлғаға қатысты), бірігу және бөліну жолымен қайта ұйымдастырылғаннан кейін тоқтатылады.
3.
Өзін-өзі тексеру сұрақтары:
1. Салықтық міндеттеме дегеніміз не?
2. Салықтық міндеттемені орындау уақыты дегеніміз не?
3. Салықтық міндеттемені орындау тәсілдерін атаңыз.
4. Салықтық міндеттеменің тоқтатылу негіздері?
Әдебиеттер:
1. Найманбаев С.М. «Салықтық құқық» Алматы, Жеті Жарғы 2005
2. Худяков А.И. «Налоговое право РК» Алматы, 1998г.
3. Найманбаев С.М. «Финансовое право РК» Алматы: Демеу, 1994г.
4. Химичева Н.И. «Финансовое право» М. БЕК,1995г.
7-дәріс. Салықтық бақылау.
Мақсаты : Бұл семинар тақырыбы дәріс сабағында қарастырылған, дәріс сабағында қаржылық бақылаудың бір түрі болып табылатын салықтық бақылау туралы мағлұмат берілді. Студенттер семинар сабағында салықтық тексеру нәтижелеріне шағымдану тәртібі, салықтық тексеру актісі және оның маңызы жӛніндегі мәселелерді қарастырғандары жӛн.
Мазмұны:
1. Салықтық тексеру нәтижелеріне және салық органдары лауазымды адамдарының іс-әрекеттеріне шағымдану тәртібі.
2. Салық төлеушілер мониторингі.
3. Салықтық тексеру актісі, оның мазмұны және құқықтық маңызы.
1. Салық төлеушінің (салық агентінің) уәкілетті органның лауазымды адамдары жүргізген салықтық тексеру нәтижелері туралы хабарламаға шағымын қарауды осы Кодекстің 667-675-баптарында белгіленген тәртіппен тікелей уәкілетті орган жүргізеді.
3. Салық төлеуші (салық агенті) салықтық тексеру нәтижелері туралы хабарламаға сотқа шағым жасауға құқылы.
667-бап. Салық төлеушінің (салық агентінің) шағым беру тәртібі
1. Салық төлеушiнiң (салық агентiнiң) салықтық тексеру нәтижелерi туралы хабарламаға шағымы салық қызметiнiң жоғары тұрған органына салық төлеушiге (салық агентiне) хабарламаны тапсырған күннен бастап отыз жұмыс күнi iшiнде берiледi.
Бұл ретте салық төлеушi (салық агентi) шағымның көшiрмесiн салықтық тексеру жүргiзген салық органына жiберуге тиiс.
Салық қызметi органына шағым беру күнi оны беру тәсiлiне қарай:
1) өзi келу тәртiбiмен – салық қызметi органдары шағымды алған күн;
2) почтамен – почтаның немесе өзге де байланыс ұйымының қабылдау туралы белгiсi қойылған күн болып табылады.
2. Осы баптың 1-тармағында белгіленген мерзімді дәлелді себеппен өткізіп алған жағдайда шағым беруші салық төлеушінің (салық агентінің) өтініші бойынша шағымды қараушы жоғары тұрған салық қызметі органы бұл мерзімді қалпына келтіруі мүмкін.
3. Жоғары тұрған салық қызметі органы өткізіп алған шағым беру мерзімін қалпына келтіру мақсатында оған қатысты салықтық тексеру жүргізілген жеке тұлғаның, сондай-ақ салық төлеушінің (салық агентінің) басшысының және (немесе) бас бухгалтерінің (ол болған жағдайда) науқастанып қалуын дәлелді себеп ретінде таниды.
Осы тармақтың ережесі оған қатысты салықтық тексеру жүргізілген жеке тұлғаларға, сондай-ақ ұйымдық құрылымы жоғарыда көрсетілген тұлғалар болмаған кезде олардың орнын ауыстыратын тұлғалардың болуын көздемейтін салық төлеушілерге (салық агенттеріне) қолданылады.
Бұл ретте салық төлеуші (салық агенті) шағым берудің өткізіп алған мерзімін қалпына келтіру туралы өтінішке осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген тұлғалардың науқастанып қалу фактісін растайтын құжатты және осындай салық төлеушінің (салық агентінің) ұйымдық құрылымын белгілейтін құжатты қоса беруге тиіс.
4. Өткізіп алған шағым беру мерзімін жоғары тұрған салық қызметі органының қалпына келтіруі туралы салық төлеушінің (салық агентінің) өтініші салық төлеуші (салық агенті) шағым мен өтінішті осы баптың 3-тармағында көрсетілген тұлғалар науқасынан жазылған күннен бастап он жұмыс күнінен кешіктірмей берілген жағдайда ғана қанағаттандырылады.
5. Жоғары тұрған салық қызметі органына шағым берген салық төлеуші (салық агенті) осы шағым бойынша шешім қабылданғанға дейін оны өзінің жазбаша өтініші негізінде кері қайтарып ала алады. Салық төлеушінің (салық агентінің) шағымды кері қайтарып алуы осы баптың 1-тармағында белгіленген мерзім сақталған жағдайда оны қайтадан шағым беру құқығынан айырмайды.
668-бап. Салық төлеуші (салық агенті) шағымының нысаны мен мазмұны
1. Салық төлеушінің (салық агентінің) шағымы жазбаша нысанда беріледі.
2. Шағымда:
1) салық төлеушiнiң (салық агентiнiң) шағымға қол қойған күнi;
2) шағым берілетін жоғары тұрған салық қызметі органының атауы;
3) шағым беретін тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) не толық атауы, оның тұрғылықты жері (орналасқан жері);
4) сәйкестендіру нөмірі;
5) салықтық тексеру жүргізген салық органының атауы;
6) шағым беруші тұлға өз талаптарын негіздейтін мән-жайлар және осы мән-жайларды растайтын дәлелдер;
7) қоса тіркелген құжаттардың тізбесі көрсетілуге тиіс.
3. Шағымда дауды шешу үшін маңызы бар өзге де мәліметтер көрсетілуі мүмкін.
4. Шағымға салық төлеуші (салық агенті) не оның өкілі болып табылатын адам қол қояды.
5. Шағымға:
1) акті мен хабарламаның көшірмелері;
2) салық төлеуші (салық агенті) өз талаптарын негіздейтін мән-жайларды растайтын құжаттар;
3) іске қатысы бар өзге де құжаттар қоса тіркеледі.
2. Ірі салық төлеушілер мониторингі (бұдан әрі – осы тараудың мақсаты үшін - мониторинг) ірі салық төлеушілердің нақты салық салынатын базасын анықтау, Қазақстан Республикасының салық заңнамасының сақталуын және трансферттік баға белгілеу кезінде бақылауды жүзеге асыру мақсатында қолданылатын нарықтық бағаларды бақылау мақсатында олардың қаржылық-шаруашылық қызметін талдау жолымен жүзеге асырылады.
2. Егер осы тармақта өзгеше белгіленбесе, осы Кодекстің 99-бабында көзделген түзету есепке алынбағанда жылдық жиынтық табысы неғұрлым көп, бір мезгілде мына талаптарға сай келетін:
1) барлық активтерінің баланстық құнының сомасы республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және мониторинг жүргізуге жататын ірі салық төлеушілердің тізбесі бекітілуге жататын жылдың соңында қолданыста болған айлық есептік көрсеткіштің кемінде 325 000 еселенген мөлшерін құрайтын;
2) қызметкерлерінің саны кемінде 250 адамды құрайтын ірі салық төлеушілер мониторинг жүргізілуге жатады.
Қазақстан Республикасының Үкіметі немесе құзыретті орган мен жер қойнауын пайдаланушы арасында 2009 жылғы 1 қаңтарға дейін жасалған және міндетті салық сараптамасынан өткен өнімді бөлу туралы келісімде (келісімшартта) көрсетілген, осы Кодекстің 99-бабында көзделген түзетуді есепке алмағанда, жылдық жиынтық табысы неғұрлым көп сенім білдірілген адам (оператор) және (немесе) жер қойнауын пайдаланушы (жер қойнауын пайдаланушылар) ірі салық төлеушілердің мониторинг жүргізілуіне жатқызылады және осы тармақтың бірінші бөлігінің 1) және 2) тармақшаларында белгіленген шарттардың сақталуына қарамастан ірі салық төлеушілер тізбесіне енгізіледі.
Осы баптың мақсатында:
1) осы Кодекстің 99-бабында көзделген түзету есепке алынбаған жылдық жиынтық табыс, мониторинг жүргізілуге жататын ірі салық төлеушілер тізбесі бекітуге жататын жылдың алдындағы салық кезеңіндегі корпоративтік табыс салығы бойынша декларация деректері негізінде айқындалады;
2) активтердің баланстық құны мониторинг жүргізілуге жататын ірі салық төлеушілер тізбесі бекітуге жататын жылдың алдындағы жылдағы жылдық қаржылық есептілік деректері негізінде айқындалады;
3) қызметкерлердің саны мониторинг жүргізілуге жататын ірі салық төлеушілер тізбесі бекітуге жататын жылдың бірінші тоқсанының соңғы айындағы жеке табыс салығы және әлеуметтік салық бойынша декларациялардың деректері негізінде айқындалады.
Осы Кодекстің 99-бабында көзделген түзетуді есепке алмағанда, осы тармақта белгіленген шарттарға сәйкес келетін ірі салық төлеушілердің ішінен жылдық жиынтық табысы неғұрлым көп алғашқы үш жүз ірі салық төлеуші мониторинг жүргізілуге жататын ірі салық төлеушілер тізбесіне енгізіледі.
3. Қазақстан Республикасының Үкіметі мониторингке жататын ірі салық төлеушілер тізбесін аталған тізбе қолданысқа енгізілетін жылдың алдындағы жылдың 15 желтоқсанынан кешіктірмей бекітеді.
Егер мониторингке жататын ірі салық төлеушілердің тізбесін қолданысқа енгізер жылдың алдындағы жылдың 1 қарашасындағы жағдай бойынша осы баптың 2-тармағында белгіленген талаптарға сай келетін салық төлеуші таратылу алдында тұрса, мұндай салық төлеуші бұл тізбеге енгізілуге жатпайды.
Мониторингке жататын ірі салық төлеушілердің бекітілген тізбесі оны бекіткен жылдан кейінгі жылдың 1 қаңтарынан кейін қолданысқа енгізіледі.
Мониторингке жататын ірі салық төлеушілердің бекітілген тізбесі қолданысқа енгізілген күннен бастап екі жыл бойына қолданыста болады және осы кезең ішінде қайта қаралуға жатады
4. Мониторингке жататын ірі салық төлеуші қайта ұйымдастырылған жағдайда оның құқық мирасқоры (құқық мирасқорлары) мониторингке жататын ірі салық төлеушілердің келесі тізбесі қолданысқа енгізілгенге дейін мониторингке жатады.
5. Мониторингке жататын ірі салық төлеуші таратылған жағдайда, сондай-ақ оны банкрот деп тану туралы сот шешімі күшіне енгізілген күннен бастап аталған салық төлеуші мониторингке жататын ірі салық төлеушілер тізбесінен шығарып тасталған деп танылады.
3. 1. Салық төлеушiге (салық агентiне) нұсқама берiлген күн немесе салық төлеушінің (салық агентінің) нұсқамаға қол қоюдан бас тартуы туралы акт жасалған күн салықтық тексеру жүргiзудiң басталуы болып есептеледi.
2. Салық қызметі органының салықтық тексеру жүргiзушi лауазымды адамдары салық төлеушiге (салық агентiне) өзінің қызмет куәлiгiн көрсетуге мiндеттi. Z0
3. Салық қызметі органының салықтық тексеру жүргізуші лауазымды адамы, мынадай: салық органдарында тіркеу есебіне қою; бақылау-кассалық машиналардың болуы; акциздік және есепке алу-бақылау маркаларының болуы және түпнұсқалығы, этил спиртін босатуға лицензияның, рұқсаттың, патенттің, осы Кодекстің 574-бабында көрсетілген тіркеу карточкасының болуы мәселелері бойынша тақырыптық тексерулерді қоспағанда, салық төлеушіге (салық агентіне) нұсқаманың түпнұсқасын тапсырады. Нұсқаманың көшiрмесiне салық төлеушiнің (салық агентiнің) нұсқамамен танысқаны және оны алғаны туралы қолы, нұсқаманы алған күні мен уақыты қойылады.
4. Мынадай: салық органдарында тіркеу есебіне қою; бақылау-кассалық машиналардың болуы; акциздік және есепке алу-бақылау маркаларының болуы және түпнұсқалығы, этил спиртін босатуға лицензияның, рұқсаттың, патенттің, осы Кодекстің 574-бабында көрсетілген тіркеу карточкасының болуы мәселелері бойынша тақырыптық тексерулер жүргізілген кезде салық төлеушіге немесе оның тауарларды өткізуді жүзеге асыратын және қызмет көрсететін қызметкеріне танысу үшін нұсқаманың түпнұсқасы көрсетіледі және оның көшірмесі тапсырылады. Түпнұсқаға салық төлеушінің немесе оның тауарларды өткізуді жүзеге асыратын және қызмет көрсететін қызметкерінің нұсқамамен таныстырылғаны және оның көшiрмесiн алғаны, күні және нұқсаманың көшірмесін алған уақыты туралы қолы, нұсқаманың көшірмесін алған күні мен уақыты қойылады.
5. Салық төлеушi (салық агенті) салық қызметі органы нұсқамасының данасына қол қоюдан бас тартқан жағдайда тексеру жүргізетін салық қызметі органының қызметкері куәгерлерді (екеуден кем емес) тарта отырып, қол қоюдан бас тарту туралы акті толтырады. Бұл ретте қол қоюдан бас тарту туралы актіде:
1) толтырылған орны мен күні;
2) акт жасаған салық қызметі органы лауазымды адамының тегі, аты және әкесінің аты (ол болған жағдайда);
3) тартылған куәгерлердің тегі, аты және әкесінің аты (ол болған жағдайда), жеке куәлігінің нөмірі, тұрғылықты жерінің мекен-жайы;
4) нұсқаманың нөмірі, күні, салық төлеушінің (салық агентінің) атауы, оның сәйкестендіру нөмірі;
5) нұсқамаға қол қоюдан бас тартудың мән-жайлары көрсетіледі.
6. Салық төлеушiнiң (салық агентiнiң) нұсқаманы алудан бас тартуы салықтық тексеру жүргiзудің күшiн жоюға негiз болып табылмайды.
7. Салық төлеушінің салық қызметі органы нұсқамасының данасына қол қоюдан бас тартуы, салық қызметі органдарының лауазымды адамдарын салықтық тексеруге жібермеуді білдіреді.
Достарыңызбен бөлісу: |