3. геотектоникалық ТҰжырымдамалар геологияның парадигмалары ретінде ォ



бет3/5
Дата21.06.2016
өлшемі257.5 Kb.
#151378
1   2   3   4   5
алғашқы тектоника планета бетінің бедерін

(рельефін) қалыптастыра отырып, оның ойыс аймақтарында

геологиялық формация жиынтықтарының алғаш түзілуін

қамтамасыз етеді; туынды тектоника осылайша түзілген

формациялардың деформацияға ұшырауына, сөйтіп алуан түрлі

қатпарлы құрылымдар қалыптасуына жағдай жасайды. Осы

Геотектоника жəне геодинамика

67

тұрғыдан алғанда, геотектоника ғылымының басты мақсаты –

«алғашқы тектоника» мен «туынды тектоника» нəтижесінде

пайда болған, дамыған жəне тұрақтанған тектоникалық

құрылымдар тарихын, олардың ауқымындағы геологиялық

формациялар жиынтығының түзілу жағдайын жəне олардың

деформацияға ұшырау ерекшеліктерін жан-жақты зерттеу

нəтижесінде, анықтау болып табылады.

Қазіргі кезде тектоникалық құрылымдардың жаралу, даму

жəне тұрақтану сатыларын сатылай отырып, қадағалауға

мүмкіндік беретін бір топ «төлнұсқа формациялар» («эталон-

формациялар») дараланған. Олар қазіргі кезде жер шарының

əртүрлі аймақтарында, əртүрлі геодинамикалық жағдайларда

түзіліп жатыр. Олардың құрамдық ерекшеліктері өздерін жазбай

танымалдауға, сөйтіп олардың қандай тектоникалық режимде

жəне сол режимнің қандай даму сатысында түзілгендігін

анықтауға мүмкіндік береді. Сол төлнұсқа формациялардың

басты өкілдері мыналар.

«Рифтогендік формациялар» жиынтығы байырғы

континенттердің белгілі бір аймағының алғаш жыртыла бастау

сəтін, сөйтіп көлбеу (горизонталь) бағытта бір-бірінен ажыраған

«континент сынықтарының» бірте-бірте бір-бірінен даралана

бастау жағдайын белгілейді (Африка рифтілерінің аймағы). Бұл

формациялар жиынтығы сілтілік дəрежесінің жоғары

көрсеткіштерімен сипатталатын алуан түрлі вулканогендік

таужыныстар мен алуан түрлі шөгінді таужыныстар

жиынтығынан тұрады.

«Салғырт континенттік жағалау формациялары»

континенттік рифтінің мұхиттық рифтіге ауысуы салдарынан

«ашылған» мұхит алабының бір-бірінен бірте-бірте қашықтап

бара жатқан жағалауларында түзіледі. Бұл формациялар

жиынтығы вулканогендік таужыныстардың мүлде

ұшыраспауымен, яғни негізінен шөгінді таужыныстардан

тұратындығымен ерекшеленеді (Атлант мұхитының

жағалаулары).

«Офиолитті формация» – мұхит алабының түбінде

түзілетін формация. Болашақ қатпарлы құрылым аймағында

Н. Сейітов, Т.Н. Жарқынбеков

68

бұрын мұхиттық қыртыс болғандығын дəлелдейтін бұл

формацияның қимасы үш түрлі таужыныс бірлестіктерін

біріктіреді, олар – ультранегізді жəне негізді құрамды

интрузиялар, толеитті базальттар жəне тереңсулық шөгінділер.

Бұл үштікті кейде «Штейнманн үштігі» деп атайды (бүкіл

мұхиттардың ішкі өңірлері).

«Аралдоғалық формациялар» жиынтығы Аралды доғалар

ауқымында түзіле отырып, мұхит алабының қайтадан «жабыла

бастау» жағдайын белгілейді. Бұл формациялардың жиынтығы

белсенді континенттік жағалаулар өңірінде ғана түзіледі,

бұлардың түзілуі бұрын түзілген формациялардың қатпарлана

бастау уақытына сəйкес келеді. Аралдоғалық формациялар

алуан түрлі шөгінді жəне вулканогендік таужыныстарды

біріктіреді, алайда вулканиттердің арасында андезиттер шешуші

рөл атқарады (Тынық мұхиттың батыс жағалаулары).

«Флиш формациясы» белсенді континенттік

жағалаулардың одан əрі «жабылуы» барысында сол

жағалаулардың тұтас континент жағындағы жақтауында пайда

болатын Шеткі теңіздерді белгілейтін формация. Таза шөгінді

таужыныс қатқабатынан тұрады жəне оны құрайтын шөгінді

қабаттар бір-бірімен «ырғақты түрде» астасады (Тынық

мұхиттың батыс жағалауындағы шеткі теңіздер – Охот, Жапон,

Қытай теңіздері, т.с.с.).

«Моласса формациясы» болашақ қатпарлы құрылымның

орогендік, яғни коллизиялық даму сатысын белгілейді.

Орогендер (тау жүйелері) көбінесе бұрынғы мұхиттың белсенді

континенттік жағалауларының бір-бірімен «соқтығысуы»

салдарынан туындайды. Тауаралық ойыстарда түзілетін бұл

формация таза шөгінділерден де, вулканогендік-шөгінді

таужыныстардан да құралуы мүмкін. Формацияны құрайтын

шөгінді таужыныстардың басты ерекшелігі – олардың негізінен

ірі түйірлі, яғни кесекті болып келетіндігі (конгломераттар жиі

ұшырасады). Моласса формациясының түзілу уақыты сол

аймақтың жаппай қатпарлану уақытына сəйкес келеді, яғни бұл

формациялар түзілгеннен кейін болашақ қатпарлы құрылым

аумағы байырғы платформаға айналады, сөйтіп бұған дейін

Геотектоника жəне геодинамика

69

түзілген, кейінірек қатпарланған, жыртылған, кейде

метаморфтық өзгерістерге ұшыраған барша формациялар

кешені бұдан былай жаңадан туындаған платформаның

кристалдық іргетас рөлін атқаратын болады (бүгінгі

континенттер ауқымындағы тау жүйелері).

Төлнұсқа формациялардың құрамдас бөліктері өздерінің

заттық құрамы мен құрылыс ерекшеліктері (петрохимиялық,

геохимиялық, құрылымдық-бітімдік, т.с.с. ерекшеліктері)

тұрғысынан бір-бірінен тым-тəуір дараланады. Ал мұның өзі

оларды расынан да «əлемдік төлнұсқа» (мировой эталон)

ретінде пайдалануға, сөйтіп зерттеу нысаны болып табылатын

көне жаралымдардың (мəселен, рифей-палеозойлық

жаралымдардың) петрохимиялық, геохимиялық, құрылымдық-

бітімдік т.с.с. параметрлерін сол төлнұсқа параметрлермен

салыстыра саралау арқылы зерттеу нысанын құрайтын

формациялар түзілуінің геотектоникалық жəне геодинамикалық

табиғатын анықтау мүмкіндігі жүзеге асады. 1-дəріс ауқымында

сөз болған «формациялық талдау əдісінің» мазмұн мақсаты нақ

осы мəселелерге саяды.

Геологиялық формациялардың қалыптасуы мен бұрынырақ

қалыптасқан өзге формациялардың деформацияға ұшырауы

үнемі бір-бірімен ұштасып жататын процестер. Екінші сөзбен

айтқанда, бір аймақ «жыртылып», сол жыртылу аймағында

қалыптасқан ойыстар ауқымында жаңадан геологиялық

формациялар түзіліп жатса, «жыртылған жағалаулардың»

көлбеу (горизонталь) бағытта жылжуы туындатқан

жаныштаулар екінші бір аймақта таужыныстардың жаппай

қатпарлануын қамтамасыз етіп жатады.

Таужыныс қатқабаттары деформациясының екі түрі

болатындығы белгілі, олар «қатпарлы деформация»

(пликативті деформация) жəне «жыртылыс деформациясы»

(дизъюнктивтік деформация).

Қатпарлық – негізінен тектоникалық қозғалыстар (ара-

тұра экзогендік процестер) əсерінен туындайтын, таужыныс

қатқабаттарында түрлі масштабты жəне алуан түрлі пішінді

қатпарлардың (иілімдер жүйесінің) қалыптасуын қамтамасыз

Н. Сейітов, Т.Н. Жарқынбеков

70

ететін, жер қыртысында кеңінен етек алған деформация түрі.

Қатпарлық – майыспалы деформация (пластическая

деформация) өкілі болып табылады, яғни мұндай деформация

нəтижесінде таужыныс қабаттары өздерінің тұтастығын

сақтайды, тек қана пішіндік өзгерістерге ұшырайды.

Қатпарлардың басты екі түрі болатындығы белгілі, олар –

антиклиндер мен синклиндер. Кез келген қатпарлық көптеген

антиклиндер мен синклиндердің жиынтығынан тұрады (3.4-сурет).

3.4-сурет. Қатпарлықтың сырт көрінісі (қима)

Қатпарлар жүйесінің қалыптасу механизмі белгілі бір

бағытта туындаған қарқынды қысымның (стрестің немесе

бүйірлік қысымның) əсерімен, осының нəтижесінде

таужыныстардың сығымдала иіліп-жанышталуымен

түсіндіріледі (3.5 жəне 3.6-суреттер). Осылайша сығымдалу

нəтижесінде туындаған қатпарлардың пішіні мен мөлшері бір

топ сырт жағдайларға байланысты алуан түрлі болып келеді.

Аталған жағдайлардың бастылары – қатпарлыққа ұшыраған

таужыныстардың риологиялық жағдайы («ағуға» бейімділігі),

қатпарлану аймағының кинематикалық жəне динамикалық

жағдайы, сол аумақта туындаған кернеулер сипаты жəне сырт

ортаның ерекшеліктері.

Жоғарыда аталған жағдайлардың ішіндегі ең бастысы –

таужыныстың реологиялық жағдайы, яғни оның «босаңсуға»,

яғни «ағуға» («иілуге») бейімділігі. Жер бетіне шығып жатқан

қатты да берік таужыныс қабаттарының өз тұтастығын сақтай

отырып, «иілу» процесін көз алдына елестету қиын, себебі олар

жоғары дəрежелі сығымдау кернеулері жағдайында «бір рет

иілгенше, мың рет жыртылған (сынған) болар еді». Олай болса,

Геотектоника жəне геодинамика

71

қатпарлық процесі негізінен жер қойнауларында, яғни жер

қыртысы қимасының тереңдіктері деңгейінде өтетін процесс.

Аталған тереңдіктер деңгейіндегі таужыныс қабаттарының

жыртылуға емес, иілуге бейім болу себебі – сол деңгейлердегі

температура мен қысымның жоғары болуынан, осының

салдарынан таужыныстардың «босаңсуынан» деп түсіну қажет.

Мұндай қатпарлар тобын əдетте «тереңдік қатпарлары» деп атайды.

3.5-сурет. Таужыныс қатқабаттарында қатпарлар қалыптасуының

принциптік сұлбасы (қималар):

Шартты белгілер: а – мүлдем қатпарланбаған қабаттар

(шөгінділердің түзілу сəті); ə - аз-мұз қатпарланған қабаттар

(қатпарлықтың алғашқы сəті); б – қарқынды қатпарланған қабаттар.

Стрелкалар бүйірлік жаныштау бағытын көрсетеді

Тереңдік қатпарлары (глубинные складки) дегеніміз

бүйірлік қысым (стресс) жағдайында, жоғары температуралар

мен қысымдардың əсерінен «ағуға» бейімделген таужыныс

қабаттарында ұшырасатын қатпарлар түрі. Мұндай қатпарлық

түрлері көне платформалардың жəне фанерозойлық қатпарлы

белдеулердің кристалдық іргетасын құрайтын жаралымдарда

ұшырасады. Бүйірлік қысым жағдайында туындайтын, алайда

жер қойнауының тереңдіктерінде емес, беткі қабатында көрініс

Н. Сейітов, Т.Н. Жарқынбеков

72

беретін тағы бір қатпарлар тобын даралауға болады, оларды

шартты түрде «жамылғы қатпарлығы» деп атайды. Жамылғы

қатпарлығы (покровная складчатость) аймақтық қысым

қатпарлығы, мұндай қатпарлық көлбеу (горизонталь)

бағытталған стресс əсерінен қат-қабатталған таужыныс

жиынтығының созылымдық иілуге ұшырауы нəтижесінде

қалыптасады. Мұндай қатпарлық əдетте кристалдық іргетас

жаралымдарының беткі бөлігіне жəне сол жаралымдарды

көмкеріп жататын шөгінді тыс қатқабаттарына тəн.

Қатпарлықтың үшінші тобы «экзогендік қатпарлық» деп

аталады. Экзогендік қатпарлық (экзогенная складчатость)

əртүрлі экзогендік күштер (кернеулер) əсерінен жер бетіне

жақын орналасқан шөгінді таужыныс қатқабаттарына тиесілі

қатпарлар тобы.

3.6-сурет. Қатпарлар жүйесінен

тұратын тау жотасы денудацияға

(мұжылуға) ұшыраған жағдайда осы

жүйені құрайтын күрделі қима

таужыныс қабаттарының қарапайым

ғана қат-қабатталу кескініне

ұқсайтындығын көрсететін сұлба

Геотектоника жəне геодинамика

73

Тереңдік қатпарлары – өз кезегінде, үш түрге бөлінеді,

олар «созылымдық иілу қатпарлары» (складки продольного

изгиба), «көлденең иілу қатпарлары» (складки поперечного

изгиба) жəне «ағымдану қатпарлары» (складки течения) деп

аталады (3.7-сурет).

3.7-сурет. Қатпарлардың кинематикалық типтері: а,б – бойлас иілу

қатпарлары; в,г – көлденең иілу қатпарлары; д – ағымдану қатпары.

А.Е.Михайлов бойынша (1973).

(В.Е.Хаин мен М.Г. Ломизенің «Геотектоника с основами

геодинамики» оқулығынан алынды. Москва, 2005).

Шартты белгілер: 1 – əсер етуші кернеу бағыты; 2 – таужыныстың

жылжу бағыты; 3 – созылу бөлікшелері; 4 – сығымдалу бөлікшелері

Созылымдық иілу қатпарлары таужыныстардың қат-

қабатталу жазықтығының бойымен өрбіген стресс нəтижесінде

қалыптасады. Қабаттардың иілуі нəтижесінде оларды құрайтын

заттардың қозғалысы сығымдалу бағытына перпендикуляр

Н. Сейітов, Т.Н. Жарқынбеков

74

бағытта өрбиді, мұның нəтижесінде қатпар өзінің өстік

жазықтығы бойымен «өсетін болады». Сондықтан да мұндай

қатпарлардың қалыптасуы сығымдалу аймағы ауданының

айтарлықтай кішіреюімен орайласады, яғни таужыныс

қатқабаттарының сығымдалуға дейін алып жатқан ауданы

таужыныс қатқабаттарының «жиырыла жинақталуы

барысында» өз ауқымын айтарлықтай кішірейтеді.

Көлденең иілу қатпарлары қалыптасуы барысында

таужыныс қатқабаттарының сығымдалуы олардың қат-

қабатталу жазықтығына перпендикуляр бағытта өтеді. Бұл

қатпар түрлері өздерінің иілу дəрежесі тұрғысынан алғанда

созылымдық иілу қатпарларына қарағанда əлдеқайда қарапайым

болып келеді.

Ағымдану қатпарлығы тұтқырлығы өте төмен

таужыныстарда кеңінен тараған жəне біршама жиі ұшырасатын

қатпарлық түрі. Температура мен қысымның төмен мөлшерлері

жағдайында мұндай қатпарлық тұздар, гипс, саздар, көмірлер

сияқты əуелден-ақ тұтқырлығы төмен, яғни «аққыш

таужыныстарда» көрініс береді. Ал температураның өте жоғары

дəрежелі болуы талай берік таужыныстардың тұтқырлығын

азайтады, сондықтан жер қойнауындағы жүздеген градус

температуралар жағдайында кəдімгі мəрмар, кварциттер,

аплиттер, гнейстер, амфиболиттер т.с.с. таужыныстар да

ағымдану қатпарлығына ұшырайды. Мұндай процестер

барысында таужынысты құрайтын минералдардың қайтадан

кристалдануы жəне жаңа минералдардың туындауы жүзеге

асады. Ағымдану қатпарлығы өздерінің пішіндері жағынан өте

күрделі қатпарлар түзеді, бір ғана қатпар қанаттары мен

құлыптарындағы қабаттардың делдиіп қалыңдауы немесе

керісінше, жіңішкеріп жұқару мысалдары жиі ұшырасады.

Мұның нəтижесінде қатпар қимасындағы оның сырт көрінісі

«іркіс-тіркіс» сипатты иеленеді (3.7д-суретке қараңыз). Мұндай

қатпарлардың өстік жазықтығы қабаттың алғашқы жағдайымен

салыстырғанда əртүрлі бағыттарда созылады, алайда оның

негізгі созылу бағыты заттардың «ағу бағытына» сəйкес келеді.

Ағымдану қатпарлығының арнаулы түрі – тұзды күмбездер

Геотектоника жəне геодинамика

75

(3.8-сурет). Тұзды күмбездердің пайда болуы тұздың аққыштық

қасиетті иемденуінің нəтижесі. Жер қыртысының белгілі бір

деңгейінде тұздардан тұратын қатқабаттың болуы тұзды

күмбездер қалыптасуының негізгі шарты. Бұл қатқабатты

құрайтын тұздар сол қатқабатты көмкерген таужыныстар

қимасының салмағынан туындайтын кернеулер нəтижесінде

үстіңгі қабаттардағы осал өңірлер (жарықтар, яғни

жарылымдар) арқылы жоғары қарай жылыстай көтеріледі,

сөйтіп байырғы штоктарға ұқсайтын тұзды күмбездер құрайды.

Тұзды күмбездер қалыптасуына жауапты процесті əдетте «тұз

тектоникасы» деп атайды. Тұз массаларының жоғары қарай

жылыстай жылжуы тұзүсті кешендеріне тиесілі қатқабаттарды

да айтарлықтай қатпарлайтындығы түсінікті (3.8-суретке қараңыз).

3.8-сурет. Тұзды күмбез қалыптасуының принциптік сұлбасы (қима)

Жамылғы қатпарлығы көбінесе кристалдық іргетасты

көмкеріп жататын шөгінді тыс қатқабаттарында

ұшырасатындығы жоғарыда айтылды. Өздерінің күрделілік

дəрежесі тұрғысынан мұндай қатпарлық өкілдері тереңдік

қатпарларымен салыстырғанда қарапайымдау болып келеді.

Алайда жамылғы қатпарлығына тиесілі қатпар өкілдері

арасындағы ең күрделілерінің жəне маңыздыларының бірі –

аймақтық сығымдалу қатпарлары. Мұндай қатпарлық қат-

қабатталған таужыныстардың көлбеу (горизонталь) бағытталған

стресс салдарынан созылымдық иілуге ұшырауы нəтижесінде

Н. Сейітов, Т.Н. Жарқынбеков

76

туындайды. Бұл қатпарлық түрін кейде «альпинотиптік

қатпарлық» деп те атайды. Мұндай қатпарлар жүйесі

созылмалы сипатты иеленген, өстік жазықтығы үнемі бір

бағытта сағаланады, қатпар қанаттары созылу бағытына

перпендикуляр бағытта «қисаяды». Қатпарлардың үнемі бір

бағытта «қисаюын» «вергенттілік» деп атайды, вергенттілік

көлбеу (горизонталь) стрестің көрініс беру бағытына қарсы

бағытталады. Жамылғы қатпарлығының тек қана шөгінді тыс

қатқабаттарына тиесілі жəне біршама қарапайым құрылыспен

сипатталатын өзге өкілдері ретінде кептелу қатпарларын

(складки облекания) (шөгінді тыс астындағы кристалдық

іргетас блоктарының тербелмелі, яғни жоғары-төмен

бағытталған қозғалыстарынан туындайды) жəне диапирлік

қатпарларды (тұз күмбездері мен саз диапирлері

қалыптасуымен байланысты туындайды) атауға болады.

Экзогендік қатпарлық өкілдері мыналар: суасты-сырғыма

қатпарлары (подводно-оползневые складки); шөгінділік кептелу

қатпарлары (складки осадочного облекания); тығыздалу

қатпарлары (складки уплотнонения); ісіну қатпарлары (складки

разбухания); отыру қатпарлары (складки оседания); тырсию

қатпарлары (складки выпирания). Бұлардың бəрі де шөгінді

тыстың жер бетіне жақын орналасқан қабаттарында алуан түрлі

қарапайым экзогендік процестер нəтижесінде қалыптасады.

Қатпарлық процесі тəмамдалып, аймақта «тектоникалық

тыныштық» орнағаннан кейін сол аймақ шөгінділердің жаңа

кешенімен көмкерілген жағдайда əртүрлі типтегі

үйлесімсіздіктер көрініс беретін болады. 3.9-суретте

үйлесімсіздіктердің түрлері көрсетілген.

Жыртылыс деформациясы немесе дизъюнктивтік

деформация – таужыныс қабаттарының, олардың ірі

жиынтықтарының тұтастығының бұзылуына əкеліп соқтыратын,

жер қыртысында кеңінен таралған деформация түрі.

Қатпарлы деформация мен жыртылыс деформациясы бір-

бірімен тығыз байланыста қалыптасады, алайда қатпарлық

иілмелі деформация өкілі болып табылса, жыртылыстар

омырылмалы деформация өкілдері.

Геотектоника жəне геодинамика

77

3.9-сурет. Үйлесімсіздіктің негізгі түрлері, В.Е.Хаин бойынша, 1964

(В.Е.Хаин мен М.Г. Ломизенің «Геотектоника с основами

геодинамики» оқулығынан алынды. Москва, 2005).

Шартты белгілер: 1 – стратиграфиялық (бойлас, яғни параллель)

(а – бойлас, яғни параллель көмкеру, б – бойлас, яғни параллель

жымдасу, в – желек түрінде көмкеру); 2 – шеткі

(а – трансгрессиялық көмкеру, б – трансгрессиялық _____жымдасу,

в – регрессиялық жымдасу); 3 – географиялық (картографиялық);

4 – бұрыштық (а – аймақтық, б – жергілікті); 5 – шашыранды

(дисперсиялық); 6 – суасты-опырылымдық; 7 – азимуттық

(а – аймақтық, б – жергілікті). 3 жəне 7-үйлесімсіздіктер планда,

қалғандары кескінде бейнеленген

Н. Сейітов, Т.Н. Жарқынбеков

78

Жыртылыс деформациясының мейлінше қарпайым түрлері

«диаклаздар» деп аталады, бұлар жекелеген таужыныстардың

тұтастығын бұзатын қарапайым жарықтар. Жыртылыс

деформациясының екінші мейлінше күрделі түрі –

«параклаздар», бұлар таужыныстарды бөлшектеп қана

қоймайды, себебі жарықпен бөлшектенген таужыныс

қапталдары əртүрлі қозғалыстарға ұшырайды. Бұл жағдайда

таужыныс қапталдарының бір-біріне үйкеле қозғалуын

қамтамасыз ететін жарық «жыртылу жігіне» айналады. Бұрынғы

тұтас таужыныстың жыртылу жігі бойымен қозғалыстары

барысында бұрынғы ортақ нүктенің бір-бірінен алшақтап кету

қашықтығын «ажырау амплитудасы» деп атайды.

Жыртылыспен бөлшектенген таужыныс қапталдары «жыртылу

қапталдары» деген атауға ие, мұндай қапталдардың еңіс

бағытталған жыртылу жігі үстіндегі қапталын «аспалы қаптал»,

астыңғысын «жатаған қаптал» деп атайды.

Таужыныстардың жыртылу жігі бойымен қозғалыстарға

ұшырауы салдарынан «жыртылыс құрылымдары»

қалыптасады. Жыртылыспен бөлшектенген таужыныс

блоктарының жыртылу жігі бойымен қозғалыс бағыттарына

қарай жыртылыс құрылымдары бірнеше түрлерге бөлінеді,

олар – «ығыспалар» (сдвиги), «лықсымалар» (сбросы),

«қаусырмалар» (взбросы), «бастырмалар» (надвиги),

«тектоникалық жамылғылар» (тектонические покровы) жəне

«көлбемелер» (шарьяжи) деп аталады.

Ығыспа – тік бағытталған немесе еңіс бағытталған

жыртылу жігі бойымен қапталдары көлбеу (горизонталь)

бағытта жылжып кеткен жыртылыс құрылымы. Лықсыма –

жыртылу жігі біршама еңіс бағытталған, сол жік бойымен

аспалы қапталы жатаған қапталымен салыстырғанда төмен

қарай жылжып кеткен жыртылыс құрылымы. Қаусырма –

жыртылу жігі біршама еңіс бағытталған, сол жік бойымен

аспалы қапталы жатаған қапталымен салыстырғанда жоғары

қарай шапши қозғалуы нəтижесінде қалыптасқан жыртылыс

құрылымы. Бастырма – жыртылу жігінің жайпақтығымен

сипатталатын (жіктің еңістену бұрышы 45°-тан аз), аспалы

Геотектоника жəне геодинамика

79

қапталы жатаған қаптал бетін көмкере жылжуы нəтижесінде

қалыптасқан жыртылыс құрылымы. Тектоникалық жамылғы –

жыртылу жігінің еңістену бұрышы бірнеше градустан аспайтын,

сол жік бойымен аспалы қапталы жатаған қаптал бетімен

бірнеше, тіпті ондаған км-ге жылжып кетуімен сипатталатын

жыртылыс құрылымы. Көлбеме – жыртылу жігінің еңістену

бұрышы бірнеше градустан аспайтын, сол жік бойымен аспалы

қапталы жатаған қаптал бетімен ондаған, тіпті жүздеген км-ге

жылжып кетуімен сипатталатын жыртылыс құрылымы. Кейде

«көлбеме» жəне «тектоникалық жамылығы» деген түсініктер

синонимдер ретінде де қолданылады.

Жоғарыда сипатталған жыртылыс құрылымдарының бəрі

де, сайып келгенде, аймақтық құрылымдар, яғни олар белгілі бір

аймақ ауқымында көрініс бере отырып, геологиялық картаға

түсіру барысында танымалданады. Бұл құрылымдарды кейде

«қыртыстық жыртылыстар» деп те атайды.

Қыртыстық жыртылыстарды танымалдау өздерінің

масштабы мен тектоникалық табиғаты тұрғысынан алуан түрлі

болып келетін терең жарылымдарды танып білумен

орайласады.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет