3 І. Қазақстанның сыртқы саясатының стратегиялық мақсаттары мен міндеттері


Қазақстан Республикасының сыртқы экономикалық байланыстарының басты бағыттары



бет2/5
Дата13.06.2016
өлшемі449.5 Kb.
#133803
1   2   3   4   5
1.2. Қазақстан Республикасының сыртқы экономикалық байланыстарының басты бағыттары.

Қазіргі заман жағдайында мемлекеттің табысты дамуының негізгі макроэкономикалық тұрақтылық-инфляцияға ұшырамаған ақша-несие саясаты, бюджет тапшылығына қатаң бақылау жасау мен қалыпты баға белгілеу, сондай-ақ сыртқы саудадағы ашықтық-экспортты ынталандыу, импортты барынша аз шектеу, біртұтас импорт тарифы, ұлттық валютаның оңтайлы құны мен сыртқы инвестиция үшін қолайлы жағдай болып табылады.

Сыртқы экономикалық қажетті күшейту шеңберінде республикаға:

- кәсіпкерлікті дамыту мен халықтың салым ақшасын қатыстыру үшін жағдай жасау керек, өйткені ұлттық капитал барлық дамушы елдерге шетел инвестициясына қарағанда, 8-12 есе көп инвестицияны қамтамасыз етеді;

- сыртқы экономиканың байланыстар саласында заңдар кешенін талдап жасап, енгізу, олардың орындалуын және тұрақтылық кепілдігін қамтамасыз ету;

- инфрақұрылымды дамыту, көлікті байланысты, қаржы нарығы мен сақтандыру ісін, банктер жүйесін дамытып, қазіргі заманғы ақпарат жүйесін құру;

- халықаралық құқық пен маркетинг, статистика саласында кадрлар, салық инспекторларын, банк қызметкерлерін, аудармашылар, қаржы қызметкерлерін, аудиторлар, бухгалтерлер, сыртқы сауда жөніндегі нарық үшін және реформаны білікті басқару үшін қажетті басқа кәсіптегі мамандар даярлау;

- республика үшін басым салалар бойынша, сондай-ақ экономикалық блоктар тұрғысынан да белсенді сыртқы экономикалық саясат жүргізу және экономикасы біздің экономикамен өзара бірін-бірі толықтыратын жекелеген елдермен нысаналы жұмыс жүргізу қажет.

Шетел банктерінің Қазақстандағы экономикалық қызметке қатысуын жеңілдетіп, экономиканың басым салаларында неғұрлым үйлесімді валюта режимі мен шетел иеліктеріне режим ендіріп, нақты ұлттық жобаларды жүзеге асыруға, портфель инвестициялары түрінде шетел капиталын көбірек қытастыру қажет[33].

Республика байланыстарының қазіргі жай-күйі мен стратегиялық мүддесін ескере отырып, сыртқы экономикалық саясат нақты маңызы бірдей мына бағыттар бойынша дамитын болады.

1. ТМД, Ресеймен, Украинамен, Белорусьпен, Өзбекстаннан және ТМД-ның басқа мемлекеттерімен экономикалық одақты сақтап, нығайту. Бұл орайда мыналар ескеріледі:

а) кәсіпорындар арасындағы тығыз байланыстар;

б) дүниежүзі нарығындағы бағаны түсірмеу үшін шикізат экспорты саласында іс-әрекетті үйлестіру қажеттілігі;

в) Европа мен Таяу Шығысқа біздің жүктердің транзитін қамтамасыз ету;

г) ғылыми-техникалық орталықтарды бірлесіп пайдалану және конверсияны жүргізу;

д) бұрынғы КСРО-ның сауда өкілдіктері мен шетелдегі аппаратын пайдалану.

2. «Азия тынық мұхит аймағы». Пекин-Сеул-Токио арқылы Оңтүстік Шығыс Азияның басқа елдеріне шығу. Бұл бағыттың алдыңғы қатарлы технологиялар, ірі көлемде инвестициялар мүмкіндігі бар несие көзі, болашақта біздің өнімді өткізу және Қазақстанда бірқатар жобаларды іске асыруүшін жұмысшы күшін қатыстыру рыногы ретінде үлкен мәні бар.

3. «Азия» ықтимал өткізу рыногы және нарықтық экономиканы дамыту үлгілерінің бірі ретінде Туркияға басты назар аудару. Экономикаға инвестиция тарту үшін Шығысы мен Алдыңғы Азия елдерімен ынтымақтастық.

4. Еуропа ГФР-ға басым назар аударылады, ол ТМД-ға барлығынан да көп қаржы салуға әзір. Айтарлықтай неміс диаспорасы болуының арқасында қазақстанмен ірі көлемде ынтымақтастық жасалуы мүмкін. Оның үстіне ГФР-дің экономикалық үлгісі біз үшін неғұрлым тартымды. Инфрақұрылымды дамыту және кадрларды оқыту мақсатында техникалық жәрдем мен несие алу үшін Еуропа экономикалық қоғамдастығымен ынтымақтастықтың бірқатар салада Шығыс Еуропа елдерімен өзара іс қимыл сақталады.

5. «Америка» дүниежүзінің экономикалық державасы ретінде АҚШ-қа басты назар аудару. Мексикамен және Латын Америкасының басқа елдерімен байланыстардың болашағы өте зор[34].

Халықаралық ұйымдардағы: Халықаралық валюта қоры, халықаралық даму және қайта құру банкі, басқа экономикалық ұйымдар, БҰҰ, Тарифтер мен сауда жөніндегі бас келісім, халықаралық азаматтық авация ұйымы, шикізаттың жекелеген түрлерін экспортқа шығарушы елдер одағындағы қызмет өте маңызды жеке сала болып табылады.

Сыртқы экономикалық байланыстар саласындағы стратегиялық мақсаттарды жүзеге асыру үшін алғашқы қадам ретінде мыналар талап етіледі:

- аяқталған кешен құру және шикізат бағытын жеңу мақсатымен республика экономикасын құрылымдық қайта құру бағдарламасын жасап, сыртқы экономикалық байланыстар саласындағы бүкіл міндетті осы қызметке бағындыру қажет. Дайын өнім беретін аяқталған технологиялық кешендер құрып, өндірісті салаларды эстенсивті дамудан жаңа технологияларды пайдалануға көшіру жөніндегі, ең алдымен үйінділер мен қалдықтарды ұқсату және ішкі нарықты толтыру, сондай-ақ экспорт потенциалын ұлғайту үшін интенсивті ауыл шаруашылығын жеңіл және тамақ өнеркәсібін жан-жақты дамыту жөнінде байырғы міндетті іске асыру керек. Бұл салалар мен өндірістерде біздің қазіргі басты артықшылығымыз жұмыс күшінің салыстырмалы арзандығы мен қолда бар шикізатты жеңіл және тез іске асыруға болады.

- жер қойнауы туралы зымилы бәскелестік туралы заңдар қабылдап, шетел инвестициялары туралы, концессиялар туралы заңдарға, сондай-ақ азаматтық кодекске өмірдің өзі талап етіп отырған өзгерістерден енгізу, негізгі серіктестермен инвестицияларға өзара кепілдік туралы және қос салық салуға жол бермеу туралы келісімдер жасау қажет. Осы саладағы ұлттық заңның орындалуына жауапты ведмостволарды белгілеп мұны қатаң бақылау керек;

- өз патент-лицензия жұмысы жүйесін жолға қою және Қазақстан ұйымдарының интеллектуалдық меншігін қорғау үшін, сондай-ақ шетелдің жеке адамдары мен заңды ұйымдарының интеллектуалдық меншігін қорғау кепілі үшін халықаралық келісімдерге қосылуы қажет;

- сыртқы экономикалық байланыстардың барлық негізгі бағыттары бойынша кадрларды оқытудың мемлекеттік бағдарламасын қабылдау керек;

- ақша айналымының реттегіші ретінде ұлттық мемлекеттік банктің ролін нығайта отырып, банктер жүйесін реформалауды аяқтау және нарық үлгісіндегі нағыз коммерциялық банктер құру. Экспортты несиелеу үшән мемлекеттік экспорт-импорт банкін, шикізат экспорты мен оны бөлуден түскен табысты шоғырландыруға арналған даму банкін, сыртқы спаудада келісімдері мен экспорт несиелерін сақтандыру жөнінде мекемелер құрып; шетелдегі қаржы нарығындағы Қазақстан өкілдерінің қызметін ұйымдастыру қажет;

- сыртқы экономикалық байланыстар саласында мемлекеттік реттеу жүйесін жетілдіру және мемлекеттік органдар құрып, оны қарапайым бақыланатын және үкіметтің өзі, оның ведмостволары, жергілікті өкіметтер мен кәсіпорындар арасында міндеттер мен жауапкершіліктерді айқын бөле отырып, шетелдік серіктестіктер үшін түсінікті ету;

- шетел инвестициялары жөнінде комиссиямен агенттік құрып, біздің нарыққа шығатын шетел фирмаларының несие қабілетін тексеру жөніндегі жұмысты жолға қою қажет. Бұл органдар ірі инвестициялық жобаларды сараптан өткізіп, шетел несиелерін пайдалануды үйлестіруге міндетті, өйткені олардың барлығы әзірге үкіметтің кепіліне ғана беріліп отыр; шетел инвестицияларын біздің мүмкіндіктер туралы, сондай-ақ біздің кәсіпорындарды қолда бар ұсыныстар туралы хабардар ету жүйесін құру керек.

Көп жақты, сондай-ақ екі жақты үлгідегі ТМД елдерінің өзара қарым-қатынастарының негізінде экономикалық ынтымақтастық жатыр. Бұл түсінікті де. Достық елдерінің экономикасы бұрынғы КСРО-ның бір кезде бір тұтас халық шаруашылығы кешенінің құрамдас бөліктері болатын. Қазір ТМД мемлекеттерінің алдында балама тұр, олар бірлесіп индустриалды дамыған елдердің қатарына қосылады немесе мұнай, газ, арзан жұмыс күшін жеткізушілер ретінде әлемдік экономикалық бір қалтарысында қалады.

Алыс шетелдерімен сауда экономикалық байланыстарды дамыту, ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің әлемдік экономикалық қоғамдастыққа интеграциялануының қажеттілігіне ешкім шүбә келтірмейді. Шынын айтқанда мұндай үрдіс достық шеңберінде үстемдік алып отыр. Егер 1990 ж. ТМД-нің 12 елінің алыс шет елдің экспортындағы үлесі орташа 26 пайызды құраса, 1998 ж. бұл көрсеткіш 75 пайызға дейін өсті, яғни 3 есе дерлік ұлғайды. Өзара сауда-саттық шамамен осындай көлемде қысқарды.

Басқаша сөзбен айтсақ, достастық елдерінің экономикасы дамыған елдердің озық технологиясы мен жоғарғы сапалы тауарларына жол беріп, осы заманғы рыноктағы бәсекелестікке төтеп бере алмауда.

Сонымен бірге дамыған елдердің жетекшілік жағдайы артта қалған елдердің экономикалық дамуы үшін қуатты қозғаушы фактор да болады. Соңғылары әлемдік рыноктардағы белсенді бәсекелестік саясаты арқылы өздерінің позициясын жақсартуға мәжбүр.

Тұтас аймақтар мен құрлықтардың өсе түсіп, отырған интеграциясы ХХ ғасырдың аяғына тән сипат болып табылады. ТМД елдері осы негізгі үрдістен шет қала алмайды. Әлемдік даму жолына түсу үшін, Достастық елдерінің ең алдымен экономикалық тұрғыдан интеграциялануы қажет. Кәсіпорындар арасындағы өндірістік-технологиялық және кооперациялық байланыстар олардың ұйымдық және халықаралық құрылымдарын құрудың ұқсас жүйесі, жаңа тәуелсіз мемлекеттердің біртұтас ғылыми-техникалық базасы, олардың бұрынғы біртұтас халық шаруашылық кешенінде болғанына байланысты туындайды. Істің шын мәнінде осы фактор елеулі деңгейде ТМД-дағы интеграциялық процестердің дамуын айқындайды. Оның үстіне достастық елдерінің өнеркәсіптік әлеуеті әлемдегінің шамамен 10 пайызы табиғи ресурстарының негізгі түрлерінің қорлары – 25 пайыз, экспорттық әлеуеті – 4,5 пайызды құрайды.

ТМД өзі өмір сүрген 10 жыл ішінде оған қатысушы мемлекеттер арасындағы өзара қарым-қатынасты дамытудың бірнеше дамуышы кезеңдерінен өтіп үлгерді.

Отандық және шетелдік тарихнамада Қазақстан – Ресей қарым-қатынастарын кезеңдерге бөлу мәселесіне қатысты бірнеше көзқарастар бар. Біздің көзқарасымызша төмендегідей кезеңдерге бөліп көрсету орынды сияқты:



  1. Мемлекетаралық қатынастардың құқықтық негіздерін қалыптастыру (1991 жылғы тамыз – 1992 жылғы мамыр);

  2. Саяси экономикалық және әскери салаларда екі жақты ынтымақтастықтың негізгі бағыттары мен нысандарын белгілеу (1992 жылғы мамыр – 1994 жылдың соңы);

  3. ТМД шеңберіндегі интеграциялық процестер арасында екі жақты ынтымақтастықты кеңейту және тереңдету (1995 жылдан бастап осы уақытқа дейін).

Бірінші кезеңде тараптардың күш-жігері шарттық-құқықтық құжатты әзірлеуге бағытталды, мұндай құжат екі жаңа мемлекеттер арасындағы өзара қарым-қатынастың негізгі принциптерін айқындайды.

Шартта Қазақстан мен Ресей тарихи қалыптасқан берік байланыстарды негізге ала отырып, өздерінің қарым-қатынасын одақтас мемлекеттер ретінде құратыны айтылады. Екі жақты қарым-қатынастар мемлекеттік егемендікті, аумақтық тұтастықты және қазіргі шекаралардың мызғымастығын өзара құрмет тұтуды, дауларды бейбіт жолмен шешуді және қысым жасаудың экономикалық және өзге де тәсілдеріне жол бермеуді, тең құқылықты және де бір-бірінің істеріне араласпауды, адам құқығын сақтауды, сондай-ақ негізгі бостандықтарды, міндеттемелерін адал ниетпен орындауды қоса алғанда, күш қолданбау және күш қолдану қауіпін туғызудан бас тарту принциптеріне негізделеді[35].

1994 жылы наурызда болған, Қазақстан президентінің Ресей федерациясына жасаған тұңғыш мемлекеттік сапары екі жақты қарым-қатынасты кеңейту мен тереңдетуге елеулі роль ойнайды, оның барысында 22 ірі ауқымды құжаттарға қол қойылды. Олардың ішінде экономикалық ынтымақтастық пен интеграцияны одан әрі тереңдету арқылы шартты бөліп көрсету қажет. Осы құжатқа сәйкес тараптар экономикалық интеграцияны қамтамасыз етуде, ортақ рынокты қалыптастыруда, шаруашылық заңнамаларын жақындастыруда өзара тығыз үйлестіру ісін жүзеге асыру туралы уағдаласты. Сол сапарда бір-бірінің аумағында тұрақты тұратын Қазақстан мен Ресей азаматтарының азаматтығы мен құқықтық мәртебесіне байланысты мәселелерді шешудің негізгі принциптері туралы меморандумға, Байқоңыр ғарыш аймағын пайдалану негізгі принциптері мен шарттары туралы келісімге қол қойылды.

Осы келісімдер тату көршілік рухындағы ынтымақтастықты дамытуда төтенше маңыз алды. Осыған байланысты Азаматтық пен Байқоңыр ғарыш аймағының мәртебесіне қатысты құжаттарды айрықша бөліп көресту қажет. Қол жеткізген уағдаластықтардың әлемдік пркатикада ұқсас нұсқалары жоқ. КСРо ыдырауынан туындаған күрделі проблемаларды шешу екі жақты қатынастардың ерекше достық сипатына, олардың тұрақтылығына және болжай білуге болатындығына байланысты.

Қазақстан мен Ресей қарым-қатынастарының тағы бір жемісі ретінде РФ президенті Б.Елциннің 1998 жылы 12 қазанда Алматыға жасаған мемлекуеттік сапарының қорытындыларын айтуға болады. Оның нәтижесінде 1998-2000 жылдарға арналған экономикалық ынтымақтастық туралы кең ауқымды шартқа қол қойылды. Осы құжатты іске асыру жөнінде нақты секторының негізгі салаларындағы өндірістік инвестициялық, ғылыми-техникалық ынтымақтастықты дамытудың нақты бағыттары мен үйлестіруші тетіктерін белгілейді (отын-энергетика, агроөнеркәсіптік кешендер, металлургия, машина жасау, көлік және басқалары). Шаруашылық жүргізуші субъектілердің арасында, яғни тікелей экономикалық операторлардың арасында аймақ аралық деңгейде байланыстарды кеңейтуді көздейді.

2000 жылы 18-20 маусымда Президент Н.Назарбаевтың Ресей Федерациясына мемлекеттік сапары болды. Мемлекет басшыларының келіссөздері мен қатар сапар шеңберінде Қазақстандық басшы Ресей үкіметінің төрағасымен Федералдық жиналыс палаталарының төрағаларымен, сондай-ақ Ресей Федерациясының тұңғыш президенті Б.Елцинмен кездесулер өткізді. Қазақстан мен Ресй президенттері экономикалық және гуманитарлық саланы қоса алғанда, екі жақты қатынастардың кең ауқымды мәселелері бойнша толыққанды және іскерлік сипаттағы келіссөздер өткізді. Диалог екі ел арасындағы мәңгілік достық пен отандастық рухында өрбіді деп сенім мен айтуға болады. Екі көршілес елдердің жетекшілері сауда-экономикалық мұнай-газ энергетикалық, ғарыштық, әскери-техникалық, экологиялық және мәдени-гуманитарлық салалардағы байланыстарды дамытуға қосымша серпін беруге бекем бел байлағандықтарын мәлімдеді.

Тараптар көмірсутегі шикізатын тасмалдау саласындағы ынтымақтастыққа қанағаттанушылық білдірді. КТК-ны уақытылы пайдалануға берудің маңыздылығын атап көрсетіп, Ресейдің құбыр желілерінің жүйесі бойынша экспортқа шығарылатын қазақстандық мұнай транзитінің квотасын 14 млн. тоннаға дейін ұлғайту туралы уағдаластық қуатталады.

Келіссөздер барысында екі елдің энергожүйлерінің қатар жұмыс істелуінің басталуына оң баға берілді және «ЕЭС России» РАО-ның қатысуымен «Екібастұз ГРЭС-2»станциясы ЖАҚ бірлескен кәсіпорын құру қажеттілігі атап өтілді (50 пайызға дейін) [36].

Қазақстан мен Ресей өзара қарым-қатынастарында іс-жүзінде шешілмеген проблемалар қалмаған кеңестен кейінгі аздаған мемлекеттердің қатарына қосылды. Ол арасындағы тауар айналымы өсуде, оның көлемі 200 жылы 4,2 млрд. долларды құрады. Тараттар энергетикалық жүйелермен қатар жұмыс істеуі Каспий құбыры желісі консорциумы, қаржылық газ конденсаты кең орын иемдену сияқты екі жақты және халықаралық, жобаларды өзара белсенді іс-қимыл жасауда. Қазақстан-Ресей қарым-қатынасы олардың мүдделеріне толық сәйкес келетінін айқындайтын «Қазақстан Ресейсіз ілгерілей алмайды, бірақ Ресейдің де Қазақстансыз іргелілеуі керек» деген қарапайым тұжырымынан көрінеді.

Соңғы жылдары аймақтың интеграция ғаламдандыру процесі мен қатар мемлекеттер арассындағы сауда экономикалық қарым-қатынастарда үстемдік сиптаттағы тенденцияға айналды[37].

Байланыстан потенциалды сауда тұрғысынан алғанда маңызды. Олармен халықаралық қатынас барлық салада өзара тиімді ынтмақтастық үшін, әсіресе, Қазақстанның экономикасы мен бүкіл халқының әл-ауқатын көтеру үшін пайдаланылатын болады.

Алуан түрлі экономикалық қауіп біздің уақытымыздың қайғылы нышанына айналып отыр. Қазақстан үшін басты қауіп Аралдың құрғауына байланысты. Бұл тек аймақтың ғана емес, сондай-ақ плонетарлық та проблема, Арал жердің биосферасын сақтауда үлкен роль атқарды. Алар проблемасын шешу оны қорғау жөніндегі кең ауқымды және тиімді халықаралық ынтымақтастықты ұйымдастыруды талап етеді. Бұл тірі қалудың негізі және бүкі адамзаттық имандылық міндеті.

Біздің экологиялық дипломатиямыз аймақтық экологиялық жүйесі басқаруды реттейтін екі жақты және көп жақты мемлекеттік келісімдер жасауға бағышталатын болады. Оған Дунай және Рейн комиссиялары, Ұлы көлдер жөніндегі Канада-Американ комиссиясы, мысал бола алады. Бұларда халықаралық алакөздікті және өндіріс пен ауыл шаруашылығы мақсаттары үшін су бассейіндерін пайдалануға байланысты жан-жалдарды реттеудің нақты механизмі жасалған.

Экономика сөз жоқ, интеграцияның анағұрлым құрамдас маңызды бөлігі болып табылады. Тарихи қалыптасқан шаруашылық байланыстар, сондай-ақ геосаяси жағдайдың ерекшелігі жиынтық экспорттық және транзиттік-көліктік әлеуетті тиімді пайдалану қажеттігін талап етеді. Оның үстіне аймақта бірқатар елеулі проблемалар бар, оларды екі жақты негізде шешу мүмкін емес. Әңгіме аймақтық суэнергетикалық ресурстарын және транзиттік-көліктік әлеуетін келіскен түрде, сондай-ақ ұтымды пайдалану ауқымды экологиялық, атап айтқанда Арал теңізі ауданындағы апаттың салдарын бірлесіп еңсеру, аймақтық қауіпсіздіктің тиімді жүйесін құру, терроризмге, діни экстремизмге, есірткі бизнесіне қарсы күрестегі бірлескен қызметті үйлестіру туралы болып отыр.

Орталық Азия мемлекеттерінің аймақтық интеграциялау идеясы Біртұтас экономикалық кеңістік құру туралы (БЭК) шартқа 1994 жылы 30 сәуірде қол қоюмен Орталық Азияда аймақтандыру процесін дамыту үшін қолайлы алғы шарттар бар. Бұл ең алдымен аймақты мекендейтін халықтардың тарихи, географиялық, мәдени және тілдік бірлігі. Сондықтан Орталық Азиядағы мемлекеттермен ынтымақтастықты нығайту Қазақстанның сыртқы саясатының негізгі міндеттерінің бірі болып қала береді. Орталық Азия мемлекеттерімен өзара тату көршілік, тұрақты қарым-қатынас біздің еліміздің ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз етудің маңызды факторы.

Президент Н.Назарбаев Қазақстан халқына «Қазақстан 2030» жолдауында: «Ұлттық мүдделерді қорғауды, сондай-ақ таяудағы және алыс перспективадағы күштердің тепе-теңдігін қамтамасыз етудегі біздің озық қаруымыз – интеграция саясаты. Бірінші кезекте Қазақстанның, Қырғызстанның және Өзбекстанның арасындағы Орталық Азиялық Одақты нығайту, қарсы тұру емес, басқа мемлекеттердің істеріне араласпау, келісімге келу актілері үстем болуы тиіс. Сондықтан мемлекетаралық кеңестің мәжілісінде (1998 жылы 17-18 шілде) аймақтық бірлестіктің жаңа атауы – Орталық Азия экономикалық қоғамдастығы (ОАЭҚ) бекітілді. Мемлекетаралық кеңес 1996 жылдың тамызында Ресейді байқаушы ретінде қабылдады. 1999 жылдың шілдесінде тап осындай мәртебені Грузия, Туркия және Украина алды.

Осындай жолмен Орталық Азия экономикалық қоғамдастығы анағұрлым өкілетті халықаралық ұйымға, экономикалық тұрғыдан анағұрлым бағдарланған ұйымға айналды.

1994 жылы қол қойылған шарт шаруашылық жүргізуші субъектілер арасындағы тікелей экономикалық байланыстарды дамытуға, тауарлардың капиталдық көрсетілетін қызмет пен жұмыс күшінің еркін қозғалысына, басымдық берілетін салалардағы өндірістік бірлестіктерге, қатысушы елдердің кредит-есеп айрысу, инвестиция, бюджет, салық, баға, кеден, валюта саясаты проблемалары бойынша консультациялар өткізуге, сондай-ақ көлік және коммуникация саласындағы саясатты жүзеге асыруға қолайлы жа-жақты жүзеге асты. Қазақстан, Қырғызстан және Өзбекстан оның қатысушылары болды(1998 жылы 26 наурыздан бастап Тәжікстан шарттық толық құқықты қатысушысына айналды).

Шартты дамыту тұрғысында 1994 жылы шілдеде президенттердің шешімімен мемлекетаралық Кеңес және оның негізгі институттары – Препьер министрлер кеңесі, сыртқы істер министрлерінің кеңесі, Қорғаныс министрлерінің кеңесі және олардың тұрақты қызмет істейтін жұмыс органы – Атқару комитеті құрылды. Сөз болып отырған уақытта Орталық Азиялық ынтымақтастық және даму банкін (ОАЫДБ) құру туралы келісімге қол қойылды. Оның капиталы қатысушы мемлекеттердің үлестік жарналарынан қалыптасады.

Сонымен бірге Орталық Азия елдеріндегі экономикалық реформалар деңгейіндегі елеулі айырмашылық, Орталық Азия одағының біршама оқшаулығы осы ұйымның шеңберіндегі жұмыстың жаңа нысандарын қажет етті. Кооперация проблемалары, сондай-ақ су-энергетикалық ресурстарды бірлесіп пайдалану проблемалары жөніндегі шараларды қарады. «Орталық Азия интеграциялық проблемалары» журналын құру туралы шешім қабылданды.

ОАЭҚ мемлекетаралық кеңесінің 2000 ж. 14 маусымдағы Душанбеде өткен мәжілісінде Орталық Азия елдерінің президенттері қоғамдастықты дамыту перспективалары мен Орталық Азия аймағының су-энегретикалық ресурстарын бірлесіп пайдалану туралы келісімге қол қоюға қатысты. Қазақстанның ұсфынысын қабылдады. Консорциум аймақтың барлывқ мемлекеттері мүдделерінің жолында трансшекаралық өзендердің су ресурстарын ұтымды пайдалануды қамтамасыз етеді. Алдын ала айтатын болсақ ескеруге болмайтын, қарама-қайшылықтарға байланысты бұл келісімге қол қойылмады[38].

ОАЭҚ шеңберіндегі интеграцияны тереңдетуге ұмтыла отырып, президенттер 2005 ж. кезеңге дейін арналған қоғамдастықтың даму стратегиясын бекітті. Бұл құжат экономикалық өзара іс-қимылдың төмендегідей басымдық берілетін бағыттарында қатысушы мемлекеттердің күш жігерін, жағдайларды қамтамасыз ету тұрғысынан маңызды роль ойнады.

Жоғарыда ынтымақтастық және де даму банкі құрылғандығы туралы айтылуы осы қаржылық институтқа Орталық Азия елдерінің басшылары үлкен мән берді. 1995 жылы 10 ақпанда олар банктің қаржыландыруын талап ететін бірнеше бірінші кезектегі жобаларды әзірлеу жөнінде ОАЭҚ Атқарушы комитетіне тапсырма берді. Мұндай ұсыныстар әзірленді. Олар Қаратау фосфор бассейіні шикізат базасын тұрақтандыру және дамыту; газдың және судың шығынын есепке алатын приборлар өндіріс қуатын дамыту; тұрмыс құралдары үшін электр қозғалғыштарға және жалпы өндірістік мақсаттағы жабдықтарға арналған өндірісті ұйымдастыру.

1996 жылы 6 мамырдағы кезектегі кездесуде Қазақстан, Қырғызстан және Өзбекстан басшылары бітімгершілік батальонын құру және «Бейбітшілік жолындағы әріптестік бағдарламасы шеңберінде оқу-жаттығуға әзірлену; біртұтас экономикалық кеңістік туралы шартты іске асырудың барысы, үш мемлекет арасындағы өндірістік жұмылдыруды көздейді;

- сауда экономикалық байланыстарды жандандыру;

- су және энергетикалық ресурстарды бірлескен түрде және ұтымды пайдалану;

- көліктік-коммуникациялық жүйені дамыту саласында келісілген саясатты жүргізу;

- қалыптасқан шаруашылық байланыстарды жетілдіру және импортты алмастыратын өндірісті дамыту;

- ОАЭҚ елдерінің халықтары арасындағы гуманитарлық-мәдени байланыстарды кеңейту үшін мейлінше қолайлы жағдайларды қамтамасыз ету.

ОАЭҚ мемлекеттерінің 2002 ж. дейінгі кезеңге арналған біртұтас экономикалық кеңістікті қалыптастыру жөніндегі бірінші кезектегі іс-қимылдарының бағдарламасы бекітілді. Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Өзбекстан ең алдымен еркін сауда аймағын, сосын тауарлардың қызмет көрсетудің және капиталдардың ортақ рыногына шыға отырып кеден одағын, төлем және валюта одақтарын кезең-кезеңімен құру арқылы экономикалық интеграция мен өзара іс-қимылды тереңдетуге уағдаласты.

Еліміздің сыртқы саясатында Қытай Халық Республикасымен қарым-қатынасқа ерекше маңыз берілген. 1991 жылы желтоқсанда еш ел арасындағы сауда-экономикалық байланыс дамыту мақсаты мен теңдік және өзара тиімділік негізінде сауда-экономикалық келісімін жасады. Сауда экономикалық салада екі ел географиялық жақындық пен экономикалардың өзара толығатын сипатымен берілген артықшылықтарды барынша пайдалана отырып, энергетика, металлургия, мұнай-химия өнеркәсібі минералды минералды тығайтқыштар өндірісі тоқыма өндірісі салаларындағы ынтымақтастыққа баса назар бөлгендігі аталып көрсетіледі.

1990 жылдың ортасынан бастап екі ел арасындағы сауда-саттықтық тұрақты өсуі басталды. 2000 жылы сауда-саттық ауқымы 1,2 млрд астам доларды құрады. Қытай инвестициясының ауқымы негізінен мұнай-газ салаларында 580 миллионға жетті. Бұл еліміздің экономикасына тартылған барлық шетелдік инвестициялардың 4,5 пайызы жоғары деңгейде гі кездесулер барысында экономикалық байланыстарды одан әрі ұлғайтуға, сауда-саттықты кеңейтуге екі жақты мүдделік білдірді.

1992 жылы маусымда «Ақтөбе мұнай газ» бен Қытай ұлттық компаниясы арасында келісімге қол қойылып қазіргі кезде ол елімізде мұнай өндіру жағынан үшінші орын алып отыр.

2004 жылы наурызда ұзындығы 448,8 км Кеңқияң-Атырау мұнай құбыры іске қосылып, ол Ақтөбе және Атырау облыстарын байланыстырылды, және бұл құбыр Батыс Қазақстан мен Батыс Қытай арасына салынатын халықаралық мұнай құбырының бастапқы кезеңі болып табылады. Болашақта оның ұзындығы 3 мың километрге жетіп, жоба – 3-3,5 млрд. долларға белгіленді. 2004 жылы оның 2 кезегі іске қосылған кезде жылына 10 млн. Тонна мұнай шетелге шығарылатын болады.

2004 жылы мамырда екі ел арасында Атасу-Алашанбкоу мұнай құбыры құрылысын салу туралы келісімге қол қойылды. Жоба шамамен 6888 млн. Долларға белгіленіп отыр, алғашқы кезде оның қуаты жылына 10 млн. Тонна мұнай шығарылады деген жоспар бар[39].

Екі ел арасында сауда-экономикалық қатынас жылдан жылға дамуда. Қазақстан мен Қытай арасындағы өзара тауар айналымының көлемі 2003 ж. 300 млн. долларға жетті. Қазақстан бұл көрсеткіш бойынша ТМД және Шығыс Еуропа елдері арасында Ресейден кейінгі екінші орында тұр. Негізгі экспорт қара және түсті металл, оның ішінде металл сынықтары мен мыс болып табылады. Импорт құрылымы техника мен құрал-жабдықтар, тоқыма бұйымдары, халық тұтынатын тауарлар, химия өнімдері, фосфор тыңайтқыштары. 2001 жылдан бастап Қазақстан бидайды Қытай рыногына шығара бастады.

Қазіргі кезде бұл салада Қазақстанда 18 Қытай компаниясы және бірлескен кәсіпорын қызмет істейді.

2002 жылы сәуірде трансазиялық темір жол магистралының солтүстік дәлізін іске қосу басталды. Келешекте «Дружба Петропавл арасының 2 мың км. Магистралы жұмыс істей бастаған кезде Қытай порттары мен Еуропа арасындағы қатынас жылдамдығы 2-3 есе артатын болмақ.

Қазақстан Американ қатынастарының басы 1991 жылғы желтоқсан айының 25-не басталды. Нақ сол кезде АҚШ Қазақстан Республикасының егеменді мемлекет ретінде ресми таныды. Келесі күні-ақ екі ел арасында елшілер деңгейінде толық ауқымды дипломатиялық қатынастар орнатылды. Қазақстандағы алғашқы шетелдік елшілік Американікі болды.

Қазақстан-Американ ынтымақтастығының негізі президент Н.Назарбаевтың 1992 жылғы мамырда АҚШ-қа бірінші ресми сапары барысында қалды. Екі мемлекеттің басшылары Құрама Штаттар мен Қазақстан арасында жаңа қатынастардың орыналатыны туралы мәлімдеді.

Қазақстан да, АҚШ-та біздің мемлекетіміздің қауіпсіздігі Азияда тұрақтылықтың маңызды факторы болатынын негізге алған еді. Сапар барысында сауда қатынастары туралы келісімге, капитал салуда қолдау және өзара қорғау туралы шартқа, Қазақстан Республикасының үкіметі мен АШҚ өкіметі арасындағы өзара түсіністік туралы меморандумға, Қос салық салуды болдырмау туралы конвенция жасасу туралы бірлескен мәлімдемеге қол қойылды.

Экономикалық қатынастар саласында энергетика, көлік құрылыс кен өндіру өнеркәсібі, телекоммуникациялар саласында инвестициялық ынтымақтастыққа басымдық берілді. 1993 жылғы ақпанда өзара сауда қарым-қатынастары туралы келісім күшіне енді.

Қазақстан мен АҚШ Арал теңізі ауданы мен Семей облысында қоршаған ортаны қорғау саласында кең ауқымды ынтымақтастықты дамытуға кірісті.

Американ тарапы Арал теңізі проблемасын шешуге және атап айтқанда Қызылордада диагностикалық орталықты медициналық жабдықпен жарақтауға, ауыз сумен жабдықтау мәселелерін шешуге және аймақта су ресурстарын басқаруға 15 млн. доллар берді. Арал аймағына тазарту құрылғылары жеткізіліп құрастырылды[40].

1994 жылғы көктемде Американ компонияларын жекешелендіру шеңберінде жүзеге асырылып жатқан жобаларға тартудың белсенді процесі басталды. Қазақстан рыногындағы алғашқы ізашар «Шеврон» мұнай компаниясы болды, ол Батыс Қазақстандағы теңіз кен орнын игеруге кеңестен кейінгі кеңістікте аса ірі келісім шартқа қол қойды. Кейінірек Шымкент конлитер фабрикасын жекешелендіру туралы шартқа қол қойылды, оған тамақ өнімдері мен сигарет шығару бойынша Американ рыногындағы көш басшы «Рейнолдс Кабиско» компаниясы қатысты.

Н.Назарбаевтың 1997 ж. қарашада АҚШ-қа сапары Қазақстан Америка қатынастарына жаңа тыныс берді.

Келіссөздер нәтижелері бойынша 18 құжатқа қол қойылды, олардың ішінен экономикалық серіктестік туралы іс қимыл бағдарламасын атап өту қажет. Халықаралық қатынастар тәжірибесінде оның теңдесі жоқ және 1994 жылы қабылданған Демократиялық серіктестік туралы партияға қомақты толықтыру болады. Қол қойылған құжаттар арасында, сондай-ақ ядролық энергияны бейбіт пайдалану саласындағы ынтымақтастық туралы келісім екі мемлекеттің кеден қызметтері арасындағы өзара іс қимыл және өзара көмек туралы, сондай-ақ қарашығанақ мұнай-газ конденсаты кен орнын игеру жөніндегі және Каспий қайраңының өнімдерін бөлу жөніндегі екі ірі коммерциялық келісім-шарт бар. У.Клинтонның «Вашингтон Қазақстанды Орталық Азиядағы шешуші мемлекет ретінде қарайды» деген мәлімдемесінің маңызы зор.

Қазақстан-Американ қатынастарындағы маңызды болып сауда-экономика саласындағы ынтымақтастық болып табылады. Сауда саттық ағындарының өзара былай көрінеді.

1993 жылы 183,8 млн. долар (Қазақстанның жалпы сауда айналымының 3,1 пайызы) , 1994 жылы – 184,4 млн. доллар (2,7 пайыз), 1995 жылы – 117,2 млн доллар (1,3 пайызы), 1996 жылы 125,7 млн. доллар; 1997 жылы – 360, 9 млн. доллар. 200 ж. екі ел арасындағы сауда айналымы 187 млн. доллар, оның ішінде экспорт 211 млн. болды. АҚШ Қазақстан экономикасын тікелей инвестициялаудың жиынтық көлемі бойынша бірінші орын алды, ол шамамен 4 млрд. доллар болды[41].

1990 жылдардың басынан бастап Герман басшылығы Қазақстанмен және бұрынғы КСРО-ның басқа мемлекеттерімен, олардың егемендігіне және тәуелсіздігін қамтамасыз ету мақсаты да екі жақты байланыстарды дамытуды қолдады. 1997 жылғы қарашада Н.Назарбаевтың ГФР-ға ресми сапары болды. Оның барысында өзара тиімді ынтымақтастықты бірінші кезекте экономика саласында тереңдетуге бағытталған маңызды халықаралық келісімдер топтамасына қол қойылды. ГФР мен Қазақстан арасында экономикалық ынтымақтастықты кеңейту үшін зор әлеует бар. 2000 жылы екі ел арасындағы сауда айналымы екі жақты қатынастардың бүкіл тарихы ішінде рекордты деңгейге – 2,7 млрд. маркаға жетті. Біздің экономикамызға Герман капиталын салудың көлемі тікелей инвестицияларды, кредит желісін қаржылық және техникалық ынтымақтастықты қоса алғанда, 2000 жылдың соңында 1,8 млрд. марканы құрады. Қазақстанға несие көмегінің жалпы көлемі 190 млн. маркаға жетті. Онфың 133 млн. маркалы қаржылай көмек бағдарламасына және 58 млн. техникалық көмекке жатады. Сонымен бірге, тартылған инвестициялардың көлемі несие компанияларының инвестициялық әлеуетімен салыстырғанда соншалықты қомақты емес небәрі 250 млн. маркаға ғана Қазақстан экономикасына Герман инвестициясының басым бөлігі ГФР үкіметі сақтандырған қаражатпен юерілген. Қазақстанды алпысқа жуық несие фирмасы мен банкісі жұмыс істейді. Олардың ішінде «Мерседес-Бенц» «Сименс», «Дрезденбанк», «Кммерцбан» бар 163 кәсіпорывн тіркелген. Олар негізінен экономиканың мұнай мен газ, минерал шикізат кешені көмек коммуникация құрылыс, қаржы мен полиграфия сияқты секторларында жұмыс істейді[42].

Қазақстан-Түрік ынтымақтастығы дипломатиялық қатынастар орнатудың алғашқы күндерінен бастап дамудың көтеріңкі сипатымен сипатталады. Екі жақты сауда экономикалық қатынастар тұтас алғанда қарқынды даму үстінде және барған сайын кеңейе түсуде. Туркия ТМД елдерімен сыртқы сауда айналымының көлемі бойынша Қазақстан Ресей мен Украинадан кейін алғашқы үштікке кіреді. Қазақстан экономикасына тартылған түрік инвестицияларының жалпы көлемі 500 млн доллардан асып, түсті. Дегенмен, өзара сауданың дамуына Азиялық және Ресейлік қалжы дағдарысы әсер етпей қоймады. Егер 1998 жылы жалпы тауар айналымы 300 млн. доллардай болса, 1999 жылы бұл көрсеткіш екі есе кемиіп кетті. Өзара сауда саттықтағы мұндай құлдырау бірте-бірте еңсеріліп келеді. Бұған 2000 жылы қол жеткізілген тауар айналымы көлемінің 206 млн. доллар деңгейі дәлел. Түрік интертоптары Қазақстанда айтарлықтай белсенді әрекет етуде, 2000 жылдың басында 200-ден астам түрік фирмасы жалпы сомасы 2 млрд. доллар болатын. Ондаған жобаларға әзірлік жүргізуге немесе оларды іске асыруға кірісіп кетті. 1999 жылғы қарашада ЕҚЫҰ - ның мерекелік Самитінің шеңберінде Президент Н.Назарбаевтың қатынасуымен «Баку-Жейхан» мұнай құбыры жобасы бойынша Сталибре декларациясына қол қойылды. Анкара бұл жобаға Каспий мұнайдың әлемдік рынокқа жеткізу бойынша негізгі экспорттық бағыт ретінде қарап оғын маңыз беріп отыр[43].

Енді әрекет етуге 2000 жылдың басында 200 млр болатын ондаған жобаларға әзірлік жүргізуді немесе оларды іске асыруға кірісіп кетті. 1999 жылғы қарашада ЕҚЫҰ –ның мерекелік самит шеңберінде президент Нұрсұлтан Әбішұлының қатысуымен (Баку – Жейхан) мұнай құбыры жобасы бойынша Стамбул деклорациясына қол қойылды. Анкара бұл жобаға Каспий мұнайын әлемдік рынокқа жеткізу бойынша негізгі экспорттың бағыт ретінде қарап, оған маңыз беріп отыр. [46].

Қазақастан Тәуелсіз мемлекет ретінде қазіргі заманға алдыңғы қатарлы дамыған мемлекеттермен сауда экономикалық қатынастарын одан әрі дамытып отыр. Мысалы: АҚШ пен Қазақстан мемлекеттерінің арасындағы сауда экономикалық қатынастар жылдан жылға өсіп келеді. АҚШ Қазақстанның ең ірі сауда экономикалық әріптесі мәселен, өткен 2005 жылы екі ел арасындағы тауар айналымы 1.870, 42 млн долларға жетті. АҚШ-тың Қазақстан экономикасына салған инвестициясында уақыт өткен сайын арта түсуде. Екі ел сауда – экономикалық байланыстар жасай бастаған 1993 жылмен 2005 жылдың арасындағы кезеңде Америкалықтардың салған инвестиция көлемі 11,468 млрд долларды құрап отыр.

Бүгінде Қазақстанда Америкалық капиталдың қатысуымен АҚШ-тың 374 кәсіпорны және компаниялардың 91 өкілдігі жұмыс істейді. Сонымен қатар Америкалық «ШевронТексако», «Эксон Мобел», «Филип Петролеум», «Орикс/ Керр Ман Ги» компаниялараның Қазақстан рыногында жұмыс істейтін шетелдік өзге компаниялардың арасында алатын орны бөлек. [47].

Қазақстанның әлемдік энергия көздері саласындағы айрықша ролі оның стратегиялық жағдайына сәйкес одан да күшейе түсуде. Республика энергия тасқыны батыс Европа мен АҚШ тәрізді дәстүрлі бағытқа да сондай-ақ Қытайдың жедел өсір келе жатқан рыногына да жібере алады. Соған орай Республикада қолайлы әрі тұрақты салық заңы жұмсыс істеп тұр. Атап айтқанда, Қазақстанның несиелік рейтінгі инвестициялық тең, ол миллиардтаған несиелер таратуға және кең ауқымды істер тындыруға мүмкіндік береді.

Ресей мен Қазақстанның шекарасы әлемдені ең ұзын шекара 7,5 мың шақырым осынша аралықтың бойынша біздің елдеріміздің халықтарын достық пен сенім дәнекері байланыстырып тұр. Өткен жылы біздің елдеріміздің арасындағы тауар айналымының 10 млрд долларға өскенін атап өтсе де жеткілікті. Біздің тарихи-мәдени және білім ауылдағы түп – тамырымыз ортақ, осыған орай ЛУКОЙЛ-дың шетелдік қызметінде Қазақстандық жобалардың шешуші роль атқаратыны өзінен -өзі түсінікті.

1995 жылдан ЛУКОЙЛ Қазақстандағы өзінің қызметін бастаған алғашқы Ресейлік компанияға айналды. Өткен жылдар біздің ниеттеріміздің алысты меңзейтінін көрсетіп берді. Қазіргі таңда ЛУКОЙЛ Қазақстанның мұнай-газ секторындағы ең ірі шетелдік инвесторлардың бірі болып табылады. – Компания салған күрделі қаржының жалпы көлемі 4 млрд АҚШ долларынан асады. ЛУКОЙЛ Республикадағы мұнай мен газ конденсатын өндіруді орта есеппен жылына 20 пайызға арттырды. Сонымен бірге үстіміздегі жылдың 6 млн тонналық дейгейде қол жеткізуге жоспарлап отыр, оның өзі Қазақстанда өндірілген сұйық көмір сутегінің жалпы көлемінің шамамен 9-10 пайызына сәйкес келеді.

Осылайша бүгінде ЛУКОЙЛ Қазақстан рыногында «Қаз Мұнай Газ» ұлттық компаниясынан Америкалық Сevron және Қытайлық CNPC компаниясынан кейінгі төртінші орынды иеленді. «Қаз Мұнай Газ» -дан кейінгі екінші ойыншыға айналып 2010 жылға қарай кемінде жылына 8-10 миллион тонна мұнай эквивалентін өндіру компаниясының жоспарында тұр.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет