3.3 Ұйымның қаржылық тұрақтылығының абсолютті және қатысты көрсеткіштерін талдау
Кәсіпорынның табыстылығы абсолюттік және салыстырмалы көрсеткіштермен сипатталады. Табыстар дегеніміз қаржының келуі немесе активтер құнының өсуі, немесе пассивтердің азаюы түріндегі есепті кезеңдегі экономикалық пайданың ұлғаюы болып табылады. Табыс алмай кәсіпорынның дамуын жүзеге асыру және әлеуметтік мәселелерді шешу мүмкін емес.
Табыстылықтың абсолюттік көрсеткіштеріне:
-
өнімді өткізуден түсекн табыс
-
жалпы табыс
-
негізгі қызметтен алынған табыс
-
салыққы дейінгі табыс
-
салықтан кейінгі табыс
-
таза табыс жатады.
Табыс жинақталған түрде шаруашылық жүргізудің нәтижесін, жөнді және затқа айналған еңбектің өнімділігін көрсетеді.
Табыс өз қызметін тиімді орындай алу үшін келесідей негізгі шарттар қажет болады:
-
жуықтаудың белгілі бір дәрежесінде, өнім бағасы еңбектің қоғамдық қажетті шығындарын көрсетуі тиіс және ол сондай – ақ еңбек өнімділігінің үздіксіз өсуі мен өзіндік құнның төмендеуін ескеруі қажет;
-
бұйымдарды калькуляциялау және өнімнің өзіндік құнын анықтау жүйесі ғылыми негізделген болуы керек;
-
табысты бөлу механизмі белсенді роль атқаруы керек;
-
табысты тиімді пайдалану тек қалған барлық қаржы тұтқаларының жүйесінде (амортизациялық аударымдар, салық салу, салымдар, пай төлемдері және т.б.) ғана мүмкін.
Табыстылықтың көрсеткіштерін талдау міндеттеріне мыналар жатады:
-
Табыстылықтың абсолюттік көрсеткіштерінің жоспарының орындалуын бағалау;
-
Таза табыстың қалыптасуының құрамдас элементтерін зерттеу;
-
Табысқа әсер ететін факторлардың әсерін анықтау;
-
Табыстың өсу резервтерін анықтау;
-
Табыстылықтың әр түрлі коэффициенттерін және олардың деңгейлеріне әсер етуші факторларды зерттеу.
Табыстылықтың бірінші абсолюттік көрсеткіші өнімді өткізуден түскен табыс. Ол қаржы – шаруашылық қызметінің нәтижесі туралы есепте қосымша құн салығы, акциздер және т.с.с. салықтар мен міндетті төлемдер, сондай – ақ қайтарылған тауарлардың құны, сату шегерімдері және баға шегерімдері алынып көрсетіледі.
«Келешек» компаниясының сатылған өнімнен түскен түсімі 2004 жылы 248741214 теңге. Өнімнің өзіндік құны 240703108 теңге.
Табыстылықтың екінші абсолюттік көрсеткіші – жалпы табыс. Ол өнімді өткізудің қаржылық нәтижесін білдіреді және негізгі қызмет нәтижесінде өнімді өткізуден түскен табыс пен өткізілген өнімнің өндірістік өзіндік құны арасындағы айырма ретінде анықталынады. Талданып отырған компанияда жалпы табыс 8038106 теңгені құрайды.
Жалпы табысқа әсер ететін маңызды факторлар:
-
өндірістік өзіндік құн;
-
сатылған өнім бағасы;
-
сатылған өнім саны;
-
өнімнің құрылымы.
Шаруашылық жүргізудің тұрақты экономикалық жағдайында жалпы табыстың өсуінің негізгі жолы – материалды шығындар бөлігінде өзіндік құнды төмендету.
Кәсіпорын табысы бағаның өсуі есебінен жоғары қарқынмен өседі.
Табыстылықтың келесі абсолюттік көрсеткіші – негізгі қызметтен алынған табыс. Ол сальдоланған қаржылық нәтижені білдіреді және жалпы табыс пен кезең шығындары арасындағы айырма ретінде көрсетіледі. Талданып отырған кәсіпорында негізгі қызметтен алынған табыс жыл соңында 3800000 теңгеге тең.
Жалпы табыс көлемі қаншалықты көп және өткізілген өнімнің өндірістік өзіндік құнына кірмейтін тұрақты шығындарды білдіретін кезең шығындары қаншалықты аз болса, негізгі қызметтен алынған алынатын табыс соншалықты жоғары болады. Сондықтан негізгі қызметтен алынатын табысқа жүргізілетін талдауды маржиналды табыспен үздіксіз байланыста жүргізген дұрыс.
Табыстылықтың салыстырмалы көрсеткіштерін талдау. Табыстылықтың салыстырмалы көрсеткіштеріне нарықтық экономика жағдайындағы кәсіпорының қаржылық қызмет жасау, қаржыландыру көздерін ынталандыру және оларды тиімді пайдалану сияқты мүмкіндіктерін анықтайтын, осы кәсіпорын қызметінің тиімділігін сипаттайтын көрсеткіштер жатады. Олар кәсіпорын қызметін түрлі бағытта белгілейді және олар экономикалық процеске қатысушылардың мүдделеріне сай топтастырылады.
Табыстылықтың салыстырмалы көрсеткіштерін үш топқа бөлуге болады:
-
жалпы активтер және олардың жекелеген элементтері
-
өнімдер
-
ақша қаражаттарының таза ағымы (немесе түсімі негізінде есептелінетін табыстылық көрсеткіштері).
Енді осы көрсеткіштерді талданып отырған кәсіпорын үшін есептеп көрейік:
-
жалпы активтер табыстылығы = таза табыс / жалпы активтер
-
сатылған өнім табыстылығы = таза табыс / өнімді өткізуден түскен табыс
-
ағымдағы активтер табыстылығы = таза табыс / ағымдағы активтер көлемі.
8 кесте
«Келешек» ЖШС-нің табыстылық көрсеткіштері
Көрсеткіштер
|
Өткен жыл
|
Есеп беру жылы
|
Ауытқу
|
Таза табыс, мың тг
|
1712629
|
2666000
|
953371
|
Өнімді өткізуден түскен табыс
|
752938506
|
248741214
|
(504197292)
|
Меншікті капитал
|
10022795
|
10895602
|
872807
|
Жалпы активтер құны
|
333100238
|
86199317
|
(246900921)
|
Ағымдағы активтер құны
|
254383282
|
46689702
|
(207693580)
|
Жалпы активтер табыстылығы, %
|
0,51
|
3,09
|
2,58
|
Сатылған өнім табыстылығы, %
|
0,22
|
1,07
|
0,85
|
Ағымдағы активтер табыстылығы, %
|
0,67
|
5,71
|
5,04
|
Меншікті капиталдың табыстылығы, %
|
17,08
|
24,46
|
7,38
|
Көрсетілген көрсеткіштер ішінде неғұрлым маңыздысы ағымдағы активтер табыстылығы. Талданып отырған кәсіпорын үшін ағымдағы активтердің табыстылығы өткен жылмен салыстырғнда 5,04 % - ға көбейген. Тәжірибе жүзінде компания төлемге қабілетті және несиеге қабілетті деп есептелінеді, егер жалпы активтердің рентабельдігінен ағымдағы активтердің рентабельдігі асып тұрса.
Кәсіпорынның меншікті капиталының табыстылығы өткен жылмен салыстарғанда 7,38%– ға өскен. Бұл құрылтайшылардың капиталының тиімді пайдаланылуын көрсетеді.
Сатылған өнім табыстылығы өткен жылмен салыстырғанда 0,85%-ға өскен. Бұл дегеніміз кәсіпорында өткізілген өнімнің 1 теңгесіне таза табыстың мөлшерін көрсетеді.
-
Кәсіпорын қызметінің тиімділігі мен іскерлік белсенділігін талдау
Кәсіпорын қызметінің тиімділігі мен іскерлік белсенділігін бағалау және талдау қорытынды кезең болып табылады.
Кәсіпорынның іскерлік белсенділігі қаржылық жағдайда ең алдымен оның қаражат айналымының жылдымдығынан көрінеді.
Кәсіпорынның қаржылық жағдайы активтерге салынған қаражаттың қаншалықты тез нақты ақшаға айналуына тікелей тәуелді болады.
Қаражаттың айналымда болу кезеңі, едәуір дәрежеде кәсіпорынның ішкі жағдайымен бірінші кезекте, оның активтерін басқару стратегиясының тиімділігімен анықталынатындығын айта кету керек.
Іскерлік белсенділік коэффициенттерінің кәсіпорынның қаржылық жағдайын бағалау үшін үлкен маңызы бар, өйткені қаражаттың айналым жылдамдығы кәсіпорынның төлем қабілетіне тікелей әсер етеді. Оған қосымша, басқадай бірдей жағдайда қаражаттың айналым жылдамдығының өсуі кәсіпорынның өндірістік – техникалық күшінің артқанын көрсетеді.
Кәсіпорынның іскерлік белсенділігінің көрсеткіштеріне мына көрсеткіштер жатады:
1. Капиталдың жалпы айналымдық коэффициенті. Ол жылына қанша рет айналу мен өндірудің толық циклі болатындығын және активтердің әрбір ақша бірлігі сатылған өнімнің қанша ақша бірлігін әкелгенін көрсетеді. Бұл көрсеткіш мына формула бойынша анықталады:
К О А = Д N / A K, мұнда, К О А – капиталдың жалпы айналымдылық коэффициенті;
Д N - өнім сатудан (жұмыс, қызмет көрсету) түскен табыс (саудадан түскен ақша);
A K – авансталған капитал (кезеңдегі орташа баланс валютасы).
Авансталған капиталдың кезеңдегі орташа шамасының жалпы айналымдылық коэффициенті кәсіпорынның іскерлік белсенділігі туралы жан-жақты түсінік береді. Сатудан түскен табыстың баланс ваютасының (барлық капиталдың) орташа шамасына қатынасымен есептелінетін ол, кәсіпорынның барлық капиталдың айналым санын көрсетеді және олардың жұмылдыру көздеріне байланыссыз, барлық ресурстарды кәсіпорынның пайдалану тиімділігін сипаттайды. «Келешек» компаниясы үшін бұл көрсеткіш өткен жылда 3,6 рет (752938506 : 209649777,5), есеп беру жылында 2,7 (248741214 : 91774265,5) рет құрады. Көрсеткіш кәсіпорынның жалпы капиталының пайдалану тиімділігінің төмендегенін көрсетеді. Егер өткен жылы активтердің әрбір ақша бірлігі 3,6 тенге келтірсе, есеп беру жылында 0,9 теңгеге азайды.
2. Негізгі құралдардың айналымдылығы. Бұл көрсеткіш қор қайтарылымдылығын көрсетеді, яғни кәсіпорынның кезеңдегі негізгі өндірістік қорларын пайдаланудың тиімділігін сипаттайды. Қор қайтарамдылығы коэффициентінің артуына негізгі құралдардың үлес салмағының салыстырмалы жоғары болмауы немесе олардың техникалық деңгейінің жоғарылығы есебінен қол жеткізуге болады. Біздің кәсіпорын үшін бұл коэффициент өткен жылда 12,7 (752938506 : 59113285,5), ал еесп беру жылында 6,01 (248741214 : 41385492) құрайды. Бұл көрсеткіш те өткен жылмен салыстырғанда азайғанын көруге болады, бұл дегеніміз коэффициент төмендеген сайын, шығындардың көбейгеніне әкеледі.
3. Меншікті капиталдың айналымдық коэффициенті. Бұл көрсеткіш қызметті әр қырынан сипаттайды: коммерциялық көқараспен қарағанда ол сатудың артықтығын немесе жеткіліксіздігін анықтайды; қаржылық жағынан – салынған меншікті капиталдың айналым жылдамдығын; ал экономикалық тұрғыдан – кәсіпорынның меншік иелері тәукелдік етіп салып отырған ақша қаражатының белсенділігін сипаттайды. Біздің компанияда бұл көрсеткіштің деңгейі өткен жылда 71,9 рет (752938506 : 10459198,5), есеп беру жылында (248741214:9318525 ) 26,6 рет айналғанын көруге болады, бұл кәсіпорынның акционерлерінің қаражатын пайдалану тиімділігінің төмендегенін дәлелдейді.
4. Айналым капиталының айналымдық коэффициенті. Ол өнім сатудан түскен (ақша) табысының (жұмыс, қызмет көрсету) ағымдағы активтердік орташа шамасына қатынасымен формула бойынша анықталады:
К О ТА = Д N / Т а С , мұнда:
К О ТА – ағымдағы активтердің айналымдылық коэффициенті;
Т а С - ағымдағы активтердің орташа шамасы.
Талданып отырған кәсіпорында бұл көрсеткіш өткен жылы 5,0 рет (752938506: 150536492), есеп беру жылында 4,93 (248741214 : 50388773,5) рет айналып отыр. Ағымдағы активтердің айналым жылдамдығы айналым ұзақтығымен де сипатталады. Ағымдағы активтердің бір айналымының ұзақтығы өткен жылда 71,9 – ды ((150536492 * 360 күн) /752938506 ), есеп беру жылында ((50388773,5* 360 күн) /248741214) 72,9 күнді құрайды. Есептеу ағымдағы активтердің бір жылда айналым жылдамдығы 5,0-ден 4,93-ке қысқарғанын көрсетеді, сол себепті бір айналымның ұзақтығы 1 күнге артқан. Бұл кәсіпорынның қаржы жағдайының нашарланғандығын куәландырады.
5. Дайын өнімнің айналымдық коэффициенті. Бұл көрсеткіш өнімді сатудан түскен (жұмыс, қызмет көрсету) табыстың (ақша) кезеңдегі дайын өнімнің орташа шамасына қатынасы формуласы бойынша анықталады:
К О r= Д N / r ., мұнда: К О r - дайын өнімнің айналымдылық коэффициенті;
Д N / r - баланс бойынша кезеңдегі дайын өнімнің орташа шамасы. Ол дайын өнімнің айналым жылдамдығын көрсетеді.Оның өсуі кәсіпорынның өніміне деген сұраныстың артқанын көрсетеді, ал төмендеуі – сұраныстың төмендеуіне байланысты дайын өнімнің шамадан тыс жиналып қалғанын білдіреді. Бұл көрсеткішті талданып отырған кәсіпорын үшін есептемейміз, өйткені өткен жылда да есеп беру жылында да дайын өнім жоқ.
6. Дебиторлық борштың айналымдық коэффициенті. Ол өнімді сатудан түскен табыстың (ақша) кезеңдегі дебиторлық борыштың орташа шамасына қатынасымен формула бойынша анықталады:
К О Д/З = Д N /Д З ., мұнда:
К О Д/З – дебиторлық борыштың айналымдылық коэффициенті;
Д З - дебиторлық борыштың кезеңдегі орташа шамасы.
Дебиторлық борыштың айналымдылық коэффициенті дебиторлық борыштың сапасы мен көлемін бағалау үшін пайдаланылып, кәсіпорын берген коммерциялық несиенің ұлғайғанын немесе төмендегенін көрсетеді. Егер коффициент шоттарды төлеуге қарай құрылған сатудан түскен табыс (ақша) бойынша есептелсе, оның өсуі – несиеге сатудың азайғанын, ал төмендеуі – несиеге берудің көлемінің артқанын білдіреді.
Дебиторлық борыштың айналымдылық коэффициентімен қатар дебиторлық борыштың орташа айналым уақытын анықтау мына формуламен анықталады:
Д О Д/З = 360/ К О Д/З = Д З * 360 / Д N., мұнда:
Д О Д/З - дебиторлық борыштың орташа айналым уақыты немесе оны өтеу кезеңі. Бұл көрсеткіш компанияның қойған шоттарын клиенттердің төлеуге қажет уақытын сипаттайды. Осы көрсеткіштің төмендеуі – оң, ал артуы – теріс бағаланады.
Талданып отырған кәсіпорында бұл көрсеткіш өткен жылда 52,5 рет (752938506 : 14330960,5), ал есеп беру жылында (248741214 : 9032446) 27,5 рет екенін көрсетеді.
7. Ақша қаражатының айналымдық коэффициенті. Кәсіпорынның ырғақты
қызмет етуі үшін ақша қаражаты қозғалысының жылдамдығының ерекше
маңызы зор. Компанияның қаржылық жағдайының ойдағыдай болуының
негізгі шарттарының бірі, оның ағымдағы міндеттемелерін жабуды
қамтамассыз ететін ақща қаражатының құйылуы болып табылады.
Кәсіпорынның ырғақты қызмет етуі үшін ақша қаражаты қозғалысының
жылдамдығының ерекше маңызы бар. Кәсіпорынның қаржылық жағдайы
ойдағыдай болуының негізгі шарттарының бірі, оның ағымдағы
міндеттемелерін жабуды қамтамасыз ететін ақша қаражатының құйылуы
болып табылады. Демек, мұндай аса қажет ақша қаражатының қорының
болмауы кәсіпорынның қаржылық қиыншылығы бар екендігін
куәландырады. Сонымен қатар ақша қаражатының шамадан тыс көп болуы,
инфляция және ақшаның құнсыздануына байланысты, іс жүзінде кәсіпорын
шығынға ұшырап отырғанын білдіреді
Ақша қаражатының айналымдық коэффициенті мына формуламен есептелінеді:
К ақша қаражатының айналымдығы = Ақша қаражатының айналымы / Ақша қаражатының орташа қалдығы
8. Инвестицияланған капиталдың айналымдығы. Инвестицияланған капиталдың айналымдылық коэффиценті кәспорынның өзінің дамуына салған инвестицияны қоса есептегенде, оның ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді инвесицияларының айналым жылдамдығын көрсетеді. Алымында – сатудан түскен табыс (ақша) бөлімінде – кезеңдегі инвестицияланған капиталдың орташа шамасы:
КОИ.К = ДN/ ДИ+КИ., мұнда:
ДИ - және КИ – сәйкес ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді инвестициялар.
Бұл коэффициенттің мағынасын сол кезеңдегі істегі капиталдың (барлық активтерден қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді инвестицияларды алып тастағанда), яғни тікелей өндірістік қызметтегі капиталдың айналымдылық коэффициентімен салыстырған абзал.
9. Істегі капиталдың айналымдылығы. Істегі капиталдың айналымдылығы алымында – сатудан түскен табыс (ақша), бөлімінде – кезеңдегі істегі капиталдың орташа шамасы келтірілген формула бойынша есептеледі:
КО Ф. К = ДN / Ф К., мұнда: Ф К - Істегі капитал. Бұл коэффициенттің мағынасын талдағанда өндірістік қызметке тікелей қатысатын капиталдың айналымдылығының баяулағанын немесе жылдамдағын көруге болады. «Келешек» компаниясында бұл көрсеткіш өткен жылда 3,6 рет (752938506 : (209649777,5-0)), есеп беру жылында 2,7 (248741214 : (91774265,5-0)) айналғанын көруге болады.
10. Перманенттік капиталдың айналым жылдамдығы. Перманенттік капиталдың айналыма жылдамдығын сатудан түскен табысты кезеңдегі перманенттік капиталдың орташа шамасына бөлу жолымен алынған коэффицент анықтайды:
КО ПЕР/К = ДN / ПЕР/К., мұнда:
ПЕР/К - перманенттік капитал - меншікті капитал + ұзақ мерзімді міндеттемелер.
Бұл коэффицент кәсіпорынның ұзақ мерзімдік пайдалануындағы капиталдың қаншалықты тез айналатындығын көрсетеді. Оның мәні меншікті капиталдың айналымдылық көрсеткішіне ұқсас, тек бір айырмашылығы талдағанда кәсіпорынның ұзақ мерзімді міндеттемелерінің әсерін еске алу керек.
Бұл көрсеткіш өткен жылда жылда 71,9 рет (752938506 : 10459198,5),
есеп беру жылында (248741214:9318525 ) 26,6 рет айналған.
11. Іскерлік белсенділік индексі. Іскерлік белсенділік индексі айналым капиталын басқару өрісінде, кезеңдегі кәсіпорынның негізгі қызметі бойынша кәсіпкерліктің тиімділігін сипаттайды. Ол талдау процесіндегі істегі капитал айналымдылығы мағынасын негізгі қызметтің табыстылығына (рентабельділігі) көбейту арқылы есептеледі:
И Д/А =Д N/ФК * ДО/S., мұнда:
Д N/ФК - істегі капиталдың айналымдылық коэффициенті;
ДО/S - негізгі қызметтің табыстылығы;
ДО - негізгі қызметтен түскен табыс;
Д N - өнімді сатудан түскен табыс.
Бұл көрсеткіш талданып отырған кәсіпорында өткен жылы 0,014-ті (3,6 *(2990113/552669857+197278536)), есеп беру жылында (2,7* (3800000/(240703108+4238106)) 0,015-ті құрайды.
Көрсеткіштерді есептей отырып, «Келешек» компаниясының іскерлік белсенділігінің төмендегенін көруге болады. Егер келесі жылы компания осы қарқынмен жұмыс істейтін болса, онда қаржылық қиыншылықтарға әкеліп соғатыны даусыз.
Кәсіпорынның іскерлік белсенділігін сипаттайтын негізгі көрсеткіштерін қарастыру, оларды талдау кәсіпорынның өзінің қаражатын қаншалықты тиімді жұмсағанын айқындауға көмектеседі.
Сонымен біз кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығына, қысқаша талдау жүргіздік.
Қорытынды
Кез –келген ұйымның қызметінің тиімділігі негізі болып табылатын нақты бір жүйеге келтірілген бухгалтерлік есеп және бақылау болып табылады.
Меншік түрлеріне қарамай – ақ кез – келген компанияның қаржылық және заңдылық негізін, оның мемлекеттік органдармен және бекітілген нормалармен және тәртіппен сәйкестілігін растайтын бухгалтерлік есеп керек.
Шағын және орташа кәсіпкерлікті дамытуға мемлекеттік тұрғыдан көп көңіл бөлінуіне байланысты елімізде күннен күнге бухгалтер және аудитор мамандарына деген сұраныс артуда. Сонымен қатар қазіргі кезде халықаралық стандартқа көшу барысында бухгалтерлік есеп және аудит жұмысына қойылатын талап өте күрделі. Ол шетел тәжірибесін тиімді қолдану, бухгалтеллік есепті жаңа талаптарға сай жеделдетіп, бір жүйеге келтіру болып табылады.
Экономиканың қай саласында болмасын шаруашылық субьектілері мен еңбек ұжымдары шикізат пен материалдарды ұқыпты жұмсауға, өндіріс қалдықтарын азайтуға, ысырапты жоюға, өзінің өндіріп шығаратын өнімін халықаралық рынокта бәсекелестікке жарамды етіп шығаруға, өндірісін ұлғайтуға, өнімнің өзіндік құнын азайтуға мүдделі. Бұл орайда шаруашылық субьектілерінің материалдық құндылқтарын, ақша қаражаттарын, сондай – ақ басқа да ресурстарын тиімсіз жұмсауға қарсы күресте бухгалтерлік есептің, аудиттің және талдаудың маңызы мен мәнін айрықша атап өтуге болады.
«Келешек» компаниясында бухгалтерлік есептің, аудиттің, қаржылық талдаудың негізгі ақпараттық базасы болатын бухгалтерлік балансы № 30 БЕС- ның қағидасына сәйкес құрастырылады және ашып көрсетіледі.
Компанияның бухгалтерлік балансы оның активінің, меншікті катиталы мен міндеттемелері мәліметтерін көрсетеді.
Кіріс пен шығыс есебі № 30 БЕС, ақша қозғалысы есебі № 4 және №30 БЕС стандарттары негізінде түсініктеме хатта ашып көрсетіледі.
Меншікті капиталдағы өзгерісі есебі қаржылық есептеме қолданушыларына компанияның қаржылық жағдайы өзгерістеріне нақты мәлімет береді.
«Келешек» компаниясының қаржылық есеп беруі кәсіпорының толық атын құрылтайшы құжаттармен сәйкес көрсетеді, сонымен бірге заңды мекен – жайы, қызмет түрі, басқару ұйымы анықталынады, оларға отчет ұлттық валютада жүргізіледі. Қаржылық есептеме Қазақстан Республикасының валютасымен құрастырылады, өлшем бірлігі мың теңгемен бекітіледі. Жылдық қаржылық есеп беру уақыты 1 қаңтардан 31 желтоқсанға дейін болып табылады.
Қаржылық есептеме директордың және бас бухгалтедің қолдарымен расталынады. қаржылық есептеме Қазақстан Республикасының заңдылықтары талаптары бойынша бухгалтерлік есеп және қаржылық есеп беру заңына сәйкес басқа да материалдармен толықтырылуы мүмкін.
Қорытындыда «Келешек» компаниясының қызметінің жағымды және жағымсыз нәтижелеріне сипаттама беруге болады. 2004 жылы «Келешек» компаниясының өнімді өткізуден түскен табысы 504197292 теңгеге азайған. Сонымен бірге, өнімнің өзіндік құнының өсуі де бар. Таза табыс шығындар көбейгенмен өткен жылға қарағанда 953371 теңгеге өскен.
Негізгі құралдардың айналымдылығы 6,69-ға, ағымдағы активтердің айналымдылығы 0,07-ге азайған. Істегі капиталдың, перманенттік капиталдың айналымдылығының, іскерлік белсенділік индексінің төмендегенін нәтижелерін көріп, кәсіпорынынң іскерлік белсенділігінің төмендегенін байқауға болады.
Төлем қабілеттілік коэффициенті жоғарлағанмен халықаралық тәжірибе талабына жауап бере алмайды.
«Келешек» ЖШС-нің қаржылық жағдайын талдай келе, келесі ұсыныстарды беруге болады:
- бухгалтерлік есепте өзгерістер, жаңа енгізулерге байланысты кәсіпорынның жұмысының тиімділігін арттыру үшін персоналдарды аттестациялау;
- кәсіпорынның негізгі құралдарының пайдалану тиімділігі төмендегеніне байланысты қызметке қатыспайтын негізгі құралдарды сату, техникалық жағдайы нашарларды күрделі жөндеуден өткізу, ұзақ мерзімді жалға беріп, қосымша табыс алу;
- дебиторлық борыштардың жыл соңында көбеюіне байланысты компанияда баға саясатын қайта қарастыру, оның ішінде тауарларды сатуда шегерімдер жасау, тапсырыс берушілерге тауарларды сатуда алдын – ала 50% төлем жасату жолдары;
- қоймадағы тауарларға түгелдеу жүргізіп, сұранысы жоқ тауарларды анықтау.
Дипломдық жұмыс бухгалтерлік есепті және талдауды жүргізуді дамытуға, оны толық көрсетуге және қаржылық қызметтің ағымдағы жағдайларын шешуге көмектеседі. Өз кезегінде бұлар «Келешек» компаниясының жұмысын оңтайландыруға, оның бәсеке қабілеттілігін және табыстылығын жоғарлатуға әкеледі.
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
-
Нұрсұлтан Назарбаев. Қазақстан экономикалық, әлеуметтік және саяси жедел жаңару долында. Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына жолдауы.
-
Қазақстан Республикасының «Бухгалтерлік есеп және қаржылық есеп беру» заңы. 24.06.2002ж.
-
Бухгалтерлік есеп стандарттары. ҚР Ұлттық комиссиясы.-Алматы, 1996
-
Қаржылық есептеменің халықаралық стандарттары.-Алматы: Раритет, 2003
-
Қазақстандағы аудиттің халықаралық стандарттары.-Алматы: Раритет, 2002
-
Абленов Д.О. Основы аудита. Учебное пособие. – Алматы: Экономика, 2003
-
Баканов М.И., Шеремет А.Д. Терия экономического анализа. Учебник. 4-е изд.-М: Финансы и статистика, 2001 г
-
Бернстайн Л.А. Анализ финансовой отчетности: теория, практика и интерпретация: пер. с англ./научн.ред.недевода чл.-корр. РАН И.И. Елисеева. Гл. редактор серии проф. Я.В. Соколов – М.: Финансы и статистика, 1996 .
-
Бочаров В.В. Финансовый анализ. – СПб: Пинтер, 2001 – 240с.
-
Вакуленко Т.Г., Фомина Л.Ф. Анализ бухгалтерской (финансовой) отчетности для принятия управленческих решений – СПб.: Издательский дом Герда: 2001.
-
Герасименко Г.П. и др. Управленческий, финансовый и инвестиционный анализ: Практикум,- Ростов на Дону: Издательский центр “Март”, 2002.
-
Дүйсенбаев К.Ш., Төлегенов Е.Т., Жұмағалиева Ж.Г. Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау. Оқу құралы. – Алматы: Экономика, 2001
-
Дюсембаев К.Ш., Егембердиева С.К., Дюсембаева З.К. Анализ финансового положения предприятии. Алматы: Экономика, 1999
-
Ержанов М.С. Аудит – 1 – Алматы: издательство «Бастау» , 2005
-
Журавлев В.В., Савруков Н.Т. Анализ хозяйственной деятельности предприятий. конспект лекций.- СПБ. Политехника,2001.
-
Каньковская А.Р., Тарушкин А.Б. Экономический анализ. Учебно-методическое пособие.- Москва-Санкт-Петербург, 2003.
-
Кеулімжаев Қ.К,,Әжібаева З.Н.,Құдайбергенов Н.А., Жантаева А.Э. Қаржылық есеп. Оқу құралы. – Алматы: Экономика, 2001
-
Ковалев А.И., Привалов В.П. Анализ финансового состояния предприятия. – М: Центр экономики и маркетинга, 2000
-
Ковалев В.В., Волкова О.Н. Анализ хозяйственной деятельности предприятия.-М: ПБОЮЛ М.А. Захаров, 2001г.
-
Ковалев В.В. Сборник задач по финансовому анализу: Учебное пособие.- М: Финансы и статистка, 2000.
-
Любушин Н.П., Лещева В.В., Дъякова В.Г. Анализ финансово-экономической деятельности предприятия: учебное пособие для вузов. Под редакцией проф. Н.П. Любушина.-М:ЮНИТИ-Д,2001.
-
Назарова В.Л. Бухгалтерский учет. Учебное пособие. – Алматы: Экономика, 2005
-
Нитецкий В.В., Гаврилов А.А. Финансовый анализ в аудите: теория и практика: учебное пособие – М.: Дело, 2001с.
-
Радостовец В.К., Радостовец В.В., Шмидт О.И. Кәсіпорындағы бузгалтерлік есеп. Алматы: Центраудит – Казахстан, 2002
-
Савицская Г.В. Анализ хозяйственной деятельности. Учебное пособие. Москва: Инфра – М, 2005
-
Сейдахметова Ф.С. Современный бухгалтерский учет. Учебное пособие. Алматы: Экономика, 2000
-
Тоқсанбай С.Р. Толық экономикалық орысша – қазақша сөздік. – Алматы: Сөздік – Словарь, 1999
-
Тулешова Г.К. Финансовый учет и отчетность в соответствии с международными стандартами (часть 1). Алматы, 2004
-
Экономический анализ: ситуации, тесты, примеры, задачи, выбор, оптимальных решений, финансовое прогнозирование: учебное пособие/под.ред. М.Н. Баканова, А.Д. Шеремета – М.: Финансы и статистика, 2000 – 656с.
Достарыңызбен бөлісу: |