II- тарау. Студенттің кәсіптік құзырлықтарын қалыптастырудағы педагогикалық шарттар
2.1. Студенттің кәсіптік құзырлықтарын қалыптастырудың әдіс тәсілдері
Әдістәсіл (гректің methodos зерттеу, білу сөздерінен шыққан) әлдебір мәселені шешуде пайдаланатын практикалық немесе теориялық операциялар мен амалдардың жиынтығы. Педагогика саласында оқутәрбие жұмысында пайдаланылатын әдістемелерді құрастыру аса маңызды орын алады. Информатика пәнінің өзіндік ерекшеліктеріне байланысты оқытудың әдістемелері оқушы(өзіндік ізденістері мен шығармашылық қабілеттері) мен мұғалімнің өзара ізденістерінің көрінісі іспетті, И.Я. Лернер және М.Н. Скаткин ілімдері бойынша: түсіндіруиллюстративті, репродуктивті, проблемалық бейнелеу, жекеленген ізденістік, эвристикалық және зерттеу әдістәсілдері.
Ақпараттықкоммуникациялық технологияға бағытталған тұлғалы-бағдарланған міндеттер студенттерде болжау іскерліктерін қалыптастыруы керек. Осыған байланысты оқыту технологиясы көрсетілген іскерліктерін қалыптастыруға бағытталған міндеттердің негізгі үш типтерін қолдануды ескереді.
Оқытудың жобалық әдісін пайдалануға ауысу, күрделілік деңгейі көп нұсқалылықтың болуы немесе болмауымен анықталған міндеттер жүйесінің шешімін ескереді. Шешілетін міндеттің күрделілік деңгейі оның шешімінің бірнеше жолының болуымен немесе болмауымен анықталады, ол үйренушінің ең жақсы шешімді іздеу әдістемесін меңгеру қажеттілігін ескереді сонымен қатар ақпараттық-коммуникацдялық технологияларды пайдалану арқылы «Жобалар әдісі» ақпараттықкоммуникациялық сипаттағы болжау іскерліктерінің біртұтас жүйесін қалыптастыру жөнінде толық түсінік беру керек.
Жоғарыда атап өтілген, оқытудың проблемалық - әдісін және «жобалар әдісін», оның тұлғаландырылған көрінісі ретінде, біз оқу іс-әрекетінің субъектісін күнделікті ой іс-әрекетіне, өзіндік жұмысқа ынталандыратын құралы ретінде ғана емес, шығармашылық іс-әрекетінің кез-келген түріне керекті, болжау іскерліктерін қалыптастыратын құралдар ретінде де қарастырамыз.
Сонымен, ақпараттықкоммуникациялық технологиялар негізінде информатика мамандығы студенттерінің кәсіптік құзырлылығын қалыптастыру проблемалық принципті іске асыруға белгілі талаптарды ұсынады: проблемалық міндеттер пайда болатын кәсіптік проблемалар құрамында шешімін табады.
Сонымен, біз ақпараттықкоммуникациялық технологиялар негізінде информатика мамандығы студенттерінің кәсіптік құзырлылығын қалыптастырудың психологиялық - педагогикалық негіздеріне тоқталдық.
Оқытуды жүзеге асыру оқыту үдерісін ұйымдастырудың әр алуан формаларын - білу мен тиімді пайдалануды, оны үнемі жетілдіруді және жаңалауды талап етеді. Кейбір ғылыми - әдістемелік еңбектерде оқыту әдісі ұғымы оқу жұмысының формасының синонимі ретінде өте жиі қолданылады.
Информатика мамандығы студенттерінің кәсіптік құзырлылығын ақпараттықкоммуникациялық технологиялар негізінде қалыптастыруды информатика мен дидактикада орталық орын иеленетін құзырлылық тәсіл негізінде ықпалды жүргізуге болады.
Көптеген зерттеушілердің пікірінше, құзырлылық тәсілінің негізгі идеясы формалді білім беру (мектеп) жүйесінде игерілген білімдер мен біліктіліктер қосындысымен шектелуге болмайтындығында. Ұзақ мерзімдік нәтижеге жету үшін бұл білімдер адамның формалды білім беру жүйесінен тыс жиылған кең спектрлі білімімен байланысты болуы тиіс. Құзырлылықтың даму аймақтарына оқу, жұмыс, денсаулыққа қамқорлық, саясат, қоршаған ортаны қорғау, бейбітшілік пен өзара түсіністік қозғалыстары және т. б.. Ал құзырлылықтарды қамтамасыздандыру ортасы сапасында білім беру, кәсіптік даярлық кешкі және сырттай оқыту, отбасы тәрбиесі, мәдени - ағарту қызметтері айтылады.
Құзырлылық тәсілге бағдарланған мәселелелер қазіргі заманғы білім беру жүйесінің ертеңгі күнінің сұранысына сәйкес келуі мәселесімен байланысты. Түрлі зерттеушілердің көзқарастарын жалпылай келе, біз егер құзырлылықтың келесі белгілері бар болса, оны кілттік ретінде қарастыруға болады деп санаймыз:
- интегративті табиғатқа ие, өзіне мәдениет пен қызметтердің (ақпараттық, құқықтық және т.б.) кең сферасына қатысты өзара жақын немесе біртекті біліктіліктер мен білімдерді таңдайды;
- көп функциялы, оған ие болу күнделікті өмірдің түрлі мәселелерін шешуге мүмкіндік береді;
- түрлі жағдайларда қолдануға болады;
- айтарлықтай интеллектуалдық дамуды қажет етеді;
- көп өлшемді, түрлі ақыл-ой үдерістері мен интеллектуалдық біліктіліктерді біріктіреді;
Біздің пікірімізше, жалпы білім беру мақсаттарының негізгі басымдықтарының бірі ретінде ақпараттық құзырлылықты, ал қарым-қатынастық құзырлылық - ақпараттық құзырлылықтың бір түрі ретінде бөліп көрсетілетін А.Л.Семенованың тәсілі бастамашыл тәсілдердің бірі болып табылады. Ақпараттық құзырлылық "адамның ақпаратты өз бетінше, белсенді өңдеу, технологиялық орталарды пайдаланып түрлі жағдайларда жаңаша шешімдер қабылдай алу біліктілігі", сондай-ақ, "компьютерлік өндірудің, ақпараттық объектілер мен модельдердің экрандық бейнеленуін операциялаудың технологиялық дағдылары" ретінде қарастырылады. Осы құзырлылық "ауызша қағаздық энциклопедиялар мен үлкен кітапханаларды пайдалануға, жеке жазуға және телевизиялық жарнамаларды қабылдауға, фактілерді ойша есте сақтауға" қатысты болады. Бұл анықтаманы бүгінгі күні ақпараттардың арналар тобын ұлғайтатын қазіргі кездегі ақпараттық-коммуникациялық технологияларға сүйену есебінен кеңейтуге болады.
Құзырлылық тәсілге өтуді зерттеуді келесі түрде жалпылауға болады:
1. Отандық педагогикадағы оқушылардың біліктіліктері мен дағдылары мәселесі саласын зерттеу аталған термин қолданылмаса да құзырлар деңгейіне жиі көтерілді. "Пәндік", "пәнаралық" және "транспәндік" құзырлар бөлінді.
2. Кілттік құзырлар жасау идеясы жан-жақты қалыптасқан тұлғаны қамтамасыз ету қажеттілігі мен уақыт, оқушылардың жас мөлшері және мүмкіндіктері бойынша нақты шектеулер арасындағы белгілі қайшылықтарға байланысты қазіргі қоғам талабына жауап болып табылады. Сондықтан кілттік құзырлар білім берудің нақтыланған мақсаты ретінде ендіріледі.
3. Құзырларды бақылауға болады, бірақ бағалау қиын. Құзырларды білім немесе білік деп атауға болмайды, соңғысы түрлі қалыптасу сатыларында пайда болу формасына қызмет етеді. Бірақ білім мен біліктілікке қарсы қойылған құзырлар қате — бұл тұлғаның бір қалыптасу үдерісінің екі жағы. Құзырлылық өзіне білім берудің интеллектуальдық және дағдылық құраушыларын біріктіреді.
4. Құзырлылық түсінігі когнитивтік және операциялық - технологиялық ғана емес, мотивациялық, этикалық, әлеуметтік және мінез-құлықтық құраушыларды, оқыту нәтижелерін (білім және білік), құнды бағалау жүйелерін, әдеттерді және т.б. біріктіреді.
5. Құзырлылықтар жоғары оқу орнының оқыту үдерісінде ғана емес, формальды, формальды емес және формальдыдан тыс шеңберде, қоршаған орта ықпалымен де қалыптасады.
Жоғары білім беру саласында информатикалық пәндер циклін оқытуда ақпараттық, қарым-қатынастық кұзырлардың дамуына үлкен мән беріледі.
Информатикалық пәндердің негізгі құзырларын анықтауға Е.А.Ракитина ұсынған тәсіл ерекше қызығушылық тудырады. Ол келесі салалардағы құзырларды бөліп көрсетеді:
1. Ақпараттық - аналитикалық қызмет саласындағы құзырлылық: қоғам мен жеке тұлға өміріндегі ақпарат рөлін түсіну, ақпарат, феномені негізіндегі теориялар мен олардың қазіргі әлем картинасының қалыптасуына ықпалы туралы білімдер; өз қызметіне ақпараттық үдерістердің ағымы заңдылықтарын ескеру біліктілігі, практикалық және тұлғалық мәні, қасиеттері тұрғысынан ақпаратты бағалау және талдау дағдыларын меңгеру;
2. Танымдық қызмет саласындағы құзырлылық: түрлі табиғи объектілерді зерттеуде ақпараттық тәсілдің мәнін түсіну; жүйелік-ақпараттық талдаудың негізгі сатылары туралы білім; талдау, теңестіру, жалпылау ақпаратты формалдау, себеп - салдарлық байланыстар мен айқындау; ойлаудың жүйелік - аналитикалық, логикалық - аралас және алгоритмдік стилдерінің анықталған деңгейде қалыптастырылуы; ойларды генерациялау және оны іске асыруға қажетті құралдарды анықтау біліктілігі;
3. Қарым-қатынастық қызмет саласындагы құзырлылық: коммуникация құралы ретінде тілмен қарым-қатынас (табиғи, формалданған және формальды) формалды тілдерді пайдалану ерекшеліктерін түсіну; коммуникацияның қазіргі заманғы құралдары мен байланыс каналдарының маңызды сипаттары туралы білім; телекоммуникацияның негізгі құралдарын игеру; құқықтық информатиканың негізгі жағдайлары мен қарым-қатынастың этикалық нормалары туралы білім;
4. Технологиялық құзырлылық: қызметті ұйымдастырудың технологиялық тәсілінің мәнін түсіну; ақпараттық қызметтің автоматтандырылған технологияларының ерекшеліктері туралы білімі; есептерді шешу операцияларының технологиялары мен негізгі сатыларын айқындау, дербес жағдайда автоматтандыру құралдарының көмегімен; түрлі ақпараттық технологиялардың негізін құрайтын унифицирлік операциялардың орындалу дағдыларын меңгеру.
5. Техникалық білім аймағындағы құзырлылық (технологиялық құзырлылық): ақпаратты автоматты түрде өңдеуге арналған техникалық құрылғыларды пайдаланудың шегі мен мүмкіндіктерін, жұмыс істеу принциптерін түсіну; ақпараттық үдерістердің автоматты орындалуы мен автоматтандырылуының айырмашылықтары туралы білім; нақты техникалық құрылғының негізгі сипаттарын пайдаланып шешілетін есептер класын бағалау біліктілігі;
6. Әлеуметтік қызметтер мен ұрпақтар сабақтастығы саласындағы құзырлылық: қоғамның ақпараттық ресурстарының көбеюі мен сақталуына қамқорлықтың қажеттілігін түсіну; таратылатын ақпараттың сенімділігіне жеке жауапкершілікте болу қабілеттілігі мен дайындығы; тұлғаның ақпараттық қауіпсіздігі мәселелерінде өзі мен өзгелердің құқықтарын құрметтеу.
7. Кәсіптік іс-әрекеттің ақпараттық түрлеріндегі құзырлылық: кәсіптік қызметтегі ақпараттық үдерістердің ағысының ерекшеліктері мен заңдылықтарын түсіну; кәсіби маңызды ақпараттың сипаты мен қасиеттері туралы білім; кәсіптік қызметте пайдаланылатын ақпараттық жүйелердің негізгі түрлері және осы жүйемен жұмыс істеу дағдыларын игеру білімі; автоматтандыру орталары мен өзара әрекеттесудың технологиялық дағдылар мен ақпараттық технологияларды меңгеруге негізделетін ақпараттық есептеу техникалары орталарын кәсіптік есептерді шешуде пайдалануға қалыптастырылған қажеттілік.
Ресейде ұлттық беру доктринасында жариялынған білім беру жүйесіндегі тұжырымдамалық реформа жағдайларына сәйкес орта, жоғарғы және жоғарғы оқу орнынан кейінгі білім ордаларында модернизация (жаңарту) негізінде ісі, ақпараттық педагогиқалық технологиялардың даму барысының іргелі, озық, ашық және үздіксіз білім беру саласынан жарқын көрініс табуы тиіс.
Бүгінгі таңда кәсіби білім берудің негізгі мақсаты - еңбек нарығында бәсекелесуге қабілетті, жауапкершілігі мол, өз кәсібін жетік менгерген, білімнің аралас салаларында бағдарлай алатын, өз мамандағы бойынша әлемдік үлгі (стандарт) деңгейінде тиімді еңбек етуге қабілетті, әлеуметтік және кәсіби жинақылыққа бейім, әрдайым кәсіби өсуге қабілетті, кәсібі мен деңгейі сәйкес білікті маманды даярлау болып табылады.
Мамандар, мұғалімдерді кәсіби даярлаудың нәтижесі «кәсіптік және ақпараттық құзырлық» түсінігі негізінде толықтай және жеткілікті дәрежеде сипаттау мүмкіндігін атап көрсетеді. (А.Ф. Ахремова, Н.В. Баграмова, Н.Ф.Радионова, А.П.Тряпицина ж.б.)
Мұғалімдердің кәсіби күзырлығын дамытуға бағытталған тұжырымдамалық негіздерге сәйкес, заманға сай кәсіби маман даярлаудың негізгі үлгілерін көрсету; «кәсіби және ақпараттық кұзырлық» жөніндегі түсініктің мәнін ұғыну; кәсіби білікті мұғалім болып қалыптасу барысында ақпараттық құзырлықты құрайтын ойластыру мәнері; кәсіби педагогикалық білім беруге қолданылатын лайықты ақпараттық және технологиялық ғылыми - әдістемелік жетілдірулер түрлер құзырлықтың маңызды белгілері болып табылатынын анықтадық. Олар, білім беру саласында үнемі болып жататын өзгерістермен бірге ақпараттық құзырлық пен кәсіби құзырлық ұғымдарын ажыратуға қызмет етеді: ол, өз кезегінде негізгі, бастапқы және арнайы құзырлықтар жиынтығын құрайды. Ақпараттық құзырлықтың құралу мәселелері бұрын арнайы зерттелмеген болатын.
Алайда, оның тұжырымдамалық жағдайларын дәйектеуге және жетілдіруге қолдануға болатын ғылыми идеялар әдебиетте бар. (Л.Д. Васильева, Н.Г. Витовская, А.В Вишнякова, О.Б. Зайцева, С.В. Зильберман, Н.В.Кисель, А.Н.Костиков, И.А.Кулантаева, Е.В Назначило, А.М.Оробитский және басқалар).
Ақпараттық құзырлықтың құрылу мәселелерін білімнің әр сатыларында Е.В Иванова, А.О.ивонин, О.И.Кочурова, В.Ф.Кочурова, Н.Х.Насырова, Э.П.Семенюк, М.А.Холодный және тағы басқалар зерттеді.
А.В.Хуторский құзырлықтың ұғымын жалпы білім берудің басты мақсаты ретінде, жеке бас тәжірибесі мен әлеуметтік тәжірибесінің ұштасқан құрылымдық үлгісі негізінде, сондай-ақ, педагогикалық оқу орны студентінің негізгі іс-әрекеті түрінде, яғни оның әлеуметтік тәжірибені меңгеріп, бүгінгі заман қоғамында керекті дағдылар мен машықтанып, іс жүзінде әрекет ету тұрғысында қарастырады. Білім беру саласындағы негізгі құзырлықтар арасынан зерттеушілер, ақпараттық құзырлықты өздігінен ізденіс ептіліктерінің құрылу жүйесі іспетті көрсетіп, оның қажетті ақпараттарды сараптап, сұрыптауға, оларды жүйелестіруге, түрлендіріп қайта жасауға, табыстауға дағдылануына болатындығымен ерекшелейді.
Біз "педагогикалық қызметтің кәсіби стандарты ретінде өзінің бүтіндігі мүмкіндігін және педагогикалық қызметтің табыстылығын анықтайтын қызметтік субъекттің (құзырлылық) сапасына қойылатын талаптар жүйесіне енеміз", онда негізгі басқарушы құжат келесі төрт сапада іске асырылуы тиіс:
1. Жоғары және арнайы орта педагогикалық білім берудің мазмұны мен рамаларын қайта құруға (модернизациялау, жаңарту, дамыту) негіз ретінде.
2. Мұғалім қызметін оның түрлі конкурстарда, әлеуметтік гранттық жобаларда және т.б. қатысуын эксперименттік бағалау үшін негіз, яғни жақсы мұғалім бағасының мемлекеттік деңгейде мектептегі бағасынан айырмашылығы болмауы (мұғалім құзырлылығын басқарудың стратегиялық деңгейі).
3. Мұғалімнің кәсіби қызметінің (сапа, нәтижелік, ықпалдылық)
табыстылығын бағалау үшін негіз (мұғалім құзырлылығын басқарудың тактикалық деңгейі).
4. Диплом алды білім беру жүйесін үздіксіз педагогикалық білім беру ресурсы ретінде мақсатқа бағдарлап жобанау үшін негіз (білім жетілдіру курстары, аймақтық, қалалық семинарлар және т.б.) мұғалім құзырлылығын басқарудың тактикалық деңгейі).
Мұғалімнің - құзырлылығын басқарудың тактикалық деңгейін мектеп, әдістемелік орталықтар деңгейінде іске асыру, кәсіби қызмет сапасын бағалау технологиясы тұрғысынан "мөлдірлікті" талап етеді, басқаша айтқанда, әрбір мұғалім, аймақтық әдістемелік орталықтың әдіскері, әдістемелік орталық басқарушысы - мұғалім жұмысының сапасын басқарушы барлық субъектілер кәсіби білім беру стандартындағы әрбір сөзді бірдей деңгейде түсінулері тиіс.
Бұл:
- мұғалімнің кәсіпқойлылығының мониторингіне, оның жеке әдістемелік жұмысының бағыттары мен формаларын бөлуге;
- жұмыс сапасы үшін үстемелер ақыларды анықтауға негіз болады.
Демек, бұл құжаттардың әрбір сөздерінің мәнін біртұтас түсінілуіне
ағымдағы психологиялық ахуал, әкімшілік пен мұғалім арасындағы сұхбат мүмкіндігі тәуелді.
Қазіргі кездегі педагогикалық ғылымда "педагогтың кәсіби құзырлылығы" түсінігі зерттеушілердің шешетін ғылыми міндеттеріне орай түрліше қарастырылады.
И.Я.Лернер, В.В.Краевский, А.В.Хуторский еңбектерінде әрбір құзырды үш құраушының біртұтастығы ретінде қарастыру ұсынылады:
-
когнитивтік құрашы (педагогикалық және арнайы пәндік білімнің болуы);
-
операциялық -технологиялық құраушы (педагогикалық өзара іс-әрекеттің тәсілдерін, технологиясын, берілген пәнді оқыту әдістемелерін меңгеру);
-
тұлғалық құраушы (этикалық және әлеуметтік көзқарастар, маманның тұлғалық ерекшеліктері).
Мұндай құрылым бүкіл құзылар тобын білімі, техникасы және құндылықтары бойынша байланыстырып, біріктіріледі. Мұғалімге, аймақтық орталық әдіскеріне кез-келген құзырдың когнивтік құраушысының өсуі үшін арнайы әдебиетті оқуына, лекция курстарын тыңдауына болады. Операциялық - технологиялық құраушыны дамыту үшін практикалық - бағдарланған семинарлар, әдістемелік оқулар, іскерлік ойындар және тренингтер циклін ұйымдастыруға тура келеді. Тұлғалық құраушының өсуі және дамуы үшін адекватты жағдай жасау қиынырақ.
Егер педагогикалық кәсіби қызмет стандартында педагогтың базалық құзырлардың саны анықталған болса, қажеттілік және жеткіліктілік принципінен әрбір құзырға когнитивтік, операциялық-технологиялық және тұлғалық құраушылар жазылады, әрбір құзыр құраушыға көрсеткіштер анықтайды:
- міндетті деңгейге (жұмысқа қабылдауға қойылатын талаптар);
- көтермелеу деңгейі (жалақыға не үшін үстеме қосылады);
- шығармашылық деңгей (модельдеуге, конкурсқа қатысуға, гранттар алуға не үшін ұсынылады және т.б.).
Мұғалімнің құзырларын оның қызметін бағалау критерийлері ретінде қабылдай отырып – біз мұғалімнің жеке құзырлары мен ресурстарын қалыптастыруға қажетті шарттарға сүйеніп, оқу үдерісін басқарушы маманның құзырлар жүйесін жобалай аламыз (Сурет 5).
Құзырлылық_тәсіл_негізінде_білім_беру_үдерісінің_сапасын_басқару_моделі'>Сурет 5. Құзырлылық тәсіл негізінде білім беру үдерісінің сапасын басқару моделі
Сурет 6. Қазіргі заманғы мұғалім құзырларының қолданыстағы нұсқасы
Біздің 6-шы сурет пен 3 кестеде жасап, ұсынған мұғалім құзырлары жүйесі моделінің нұсқасы құзырлардың мазмұндық жағын ғана емес, мұғалім құзырлығы моделіндегі байланыстардың да мағынасын анықтайды:
Барлық құзырлар барлық үш құрушының біртұтастығын бейнелейді: білім, дағдылар, мұғалімнің көзқарастары мен ұстанымы.
- кәсіпқойлықтың өсу бағыты орталықтан сыртқа қарай. Ал танымдық басқару – жаңа білімдерден сырттан ішке қарай;
- әрбір құзыр әрбір басқасымен білімдер жүйесі, жалпы технологиялар, біртұтас парадигма, идея, тұжырымдар арқылы бірігуі мүмкін. Бұл жүйдегі барлық байланыстар талданса бұл сүлбе болжамдық функцияны іске асырады – зерттеудің жаңа бағыттарын және интеграцияланған жаңа технологияларды болжайды.
Біздің көзқарасымызда бұл қажет жағдайда құзырлар мазмұны мен тобын эволюциялық жолмен кеңейтіп, нақтылауға мүмкіндік беретін парадигманы инварианттық негізде бейнелейтін ашық жүйе.
Кесте 3. Мұғалім құзырлары мазмұны (6-суретте бейнеленген құзырлардың қолданыстағы жүйесі бойынша)
Құзыр
|
Құзырлар мазмұны
|
Пәндік– әдіснамалық құзыр
|
когнитивтік құраушы (базалық ғылым бойынша білім жүйесі, оқытатын пәні бойынша бағдарлау; пән бойынша оқу үрдісінің ақпараттық – дидактикалық ресурстары туралы білімдер жүйесі); операциялық – технологиялық құраушы (пәндік дидактиканың топтық, жобалық, медиатехнологияларды қолдану; оқу пәндері орталарымен әрбір оқушыны дамытушы, әлеуметтендіруші технологияларды, тәсілдерді, әдістерді меңгеру; оқушыларды әлеуметтендіруші және дамытушы пән орталарымен, білім беру үдерісін ресурстармен қамтамассыз ете білу)
тұлғалық, ұстанымдық-құндылық құраушы (пәндік білімдердің жалпы адами және өзіндік құлдылықтармен байланысын тану, ¥лт пен Отанның қарыштай дамуын қамтамассыз ету үдерісіндегі өзінің пән оқытушысы ретіндегі рөлі мен пән мазмұнын білу; оқушының оқу-танымдық іс - әрекетін ұйымдастырудағы ресурстық тәсілдің мәнін түсіну; қазіргі қоғам мүшесі үшін ақпараттық-технологиялық сауаттылықтың мәнін түсіну; оқушыларда Интернет ресурстарына, медиатехнологияларға ақпаратты тасымалдау ортасы ретіндегі қарым-қатынасты қалыптастыруға талпыну)
|
Психологиялық педагогикалық құзыр
|
когнитивтік құраушы (оқушының, ішкі оқу- танымдық ресурстарының табыстары туралы білімдер жүйесі, әрбір оқушының танымдық ерекшеліктері, мотавациялық-тұтынушылық және эмоционалдық-еріктік сапаларының дамуы туралы білімдер). операция технологиялық құраушы
(оқушының "танымдық құралдарының" дамуы деңгейін педагогикалық тәсілдермен анықтай білу, нақты білім беру үдерісін құрылымдау үшін әрбір окушының оқу-танымдық ерекшеліктері туралы білімдерді пайдалана білу)
тұлғалық, ұстанымдық-құндылық құраушы
(оқушы мүмкіндіктерін бағалаудағы мұғалімнің оң
ұстанымы: оқушының барлық "танымдық
құралдары дамуы мүмкін, олардың барлығының іштей оң даму динамикасы болуы мүмкін шегі бар)
|
Қарым-қатынас құзыры
|
когнитивтік құраушы (қарым-қатынас заңдары туралы білімдер);
операциялық-технологиялық құраушы ("мұғалім - оқушы" жүйесінде нәтижелік бағытталған бұзылмайтын өзара әрекет пен кәсіби социумда қызметтестермен ықпалды қарым-қатынас жасау тәсілдерін меңгеру); тұлғалық, ұстанымдық-құндылық құраушы
(қарым-қатынас құндылығын тану, басқа адамның - оқушы, қызметтес ретіндегі тұлғалық ерекшеліктерін ескеріп педагогикалық өзара әрекет етуге талпыну)
|
«Мұғалім- оқушы» басқарудағы
құзыр
|
когнитивтік құраушы (кәсіпқойлықтың негізгі
әрекеті ретінде басқару, педагогикалық тәжірибе
жүргізу, өзін-өзі кәсіби жетілдіру, тәжірибені
жалпылау және тарату, өзін-өзі презентациялау
тәсілдері мен формалары туралы білімдер жүйесі)
операциялық - технологиялық құраушы (ресурстарды педагогикалық талдауды іске асыра
білу - оқу материалдарын құрылымдау, контингент
ерекшеліктерін, сыныпты құрылғылармен жабдықтау мүмкіндіктерін ескеру, оқушы үшін мақсаттарды жобалау біліктілігі, оқу үдерісін қойылған мақсатқа орай жоспарлау біліктілігі,
тақырыптық немесе аралық бақылау форматтары мен
мазмұнын таңдау немесе сауатты жобалау; өз
жұмысының нәтижесін талдау, кемшіліктерді білу,
түзету және инновацияны ендіру бойынша пилоттық педагогикалық тәжірибені жоспарлай ұйымдастыра жүргізе және талдай білу – жаңа оқулық, жаңа бағдарлама, жаңа технологиялар және т.б. тұрақты кәсіби жетілу қабілеті, өзінің оң
тәжірибесін педагогикалық қауымдастықта хабарлау
қабілеті, өз тәжірибесін мақалалар жариялау,
конференцияларға, семинарларға, кәсіби бірлестіктерде және т.б. қатысу арқылы талдау және жалпылау тәсілдерін меңгеру, кәсіби өсу үшін қажетті бағыттар мен әрекет формаларын таңдау
біліктілігі); тұлғалық, ұстанымдық құндылық құраушы (басқарудың адамның танымдық таңдауына сүйенетін жетекші іс-әрекет ретіндегі мәнін тану, мұғалімнің жаңа бағдарламалар, технологиялар, жаңа элективтік курстар, жұмыс дәптерлерін жасап тәжірибеден өткізу арқылы өзінің шығармашылық потенциалын іске асыруға тілегі, таңдаудың еркіндігі мен өз тандауына жауапкершілік алудың біртұтастығы ретінде оқушылардың өзінің басқару іс-әрекетін түсінуін қалыптастыруға ұмтылу, мұғалімнің жоғары дәрежелі кәсіпқойлыққа жетуге
талпынуы, өз мүмкіндіктерін максималды деңгейде
іске асыру, мұғалімнің кәсіби табыстарын бөлісу мен
өз жетістіктерін қызметтестерінің пайдалануына
ұсынуға талпынуы, мұғалімнің осы біліктіліктердің
өзінің кәсіби өсуі мен қызметтестерінің және жалпы
педагогикалық қауымдастықтың кәсіби өсуіндегі
ресурс ретіндегі мәнін түсінуі)
|
Қоғамның ақпараттық сипат алуы, ақпараттар көлемінің ұлғаюы жоғары оқу орындарындағы оқыту мазмұнына тың өзгерістер енгізу қажеттігін айқындап, студенттердің кәсіптік құзырлылықтарын қалыптастыруды ақпараттық- коммуникациялық технологиялар негізінде қарастыруға бағытталған ғылыми реттеу жұмыстарын қажет етеді. Біздің ойымызша, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар негізінде мамандығы студенттерінің кәсіби құзырлылықтарының қалыптасуының сапалық өлшемі әртүрлі педагогикалық міндеттерді шешуде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану қабілеттілігі болуы тиіс.
Біздің еліміздегі білім деңгейі білім беру үдерісіне ақпараттық-коммуникациялық технологиядарды ендірумен тікелей байланысты, ал білім беруді ақпараттандыру Қазақстанды ақпараттандырудың маңызды бағыттарының бірі болып табылады.
Оқу пәндерінің мазмұнына қойылатын негізгі талаптарды жоғары оқу орынында оқыту принциптері құрайды. С.И.Архангельский: “Жоғары мектептегі оқу үдерісі, оның күйі, тарихи және қазіргі дамуы оқытудың аксиоматикалық прициптері мазмұнында оқыту теориясы үшін маңызды және қажетті мазмұндық қасиеттер бейнеленеді: практиканың, баға мен талдау критерийлерінің жалпылануы, оқыту жүйесінің даму жолдары. Оқыту принциптері оқыту үдерісі мен оның компоненттерін ұйымдастыруда, басқаруда, құру мен қалыптастыруда қажетті орталар болып табылады” деп қорытынды жасайды.
Ақпараттың-коммуникациялық технологияларға “оқыту мен практиканың басқа түрлерінде таралатын ішкі мазмұндық және қолданбалы болатын оқу пәннің екі жақты мәнге иелігі жоғары оқу орынындағы, яғни, ғылыми және оқу деп аталатын екі бастаманы біріктіретіндігі” туралы С.И.Архангельскийдің қорытындылары толықтай сәйкес келеді.
Қазіргі кезде оқыту мазмұнына келесі талаптар қойылады.
-
оқытудың ғылымилығы, оқытудың қазіргі заманғы ғылым дамуының алдыңғы сапасына сәйкес болуы;
Ақпараттық-коммуникациялық технологияларға оқыту әдістемесі аймағындағы зерттеулерді талдау оқыту әдістемесі мен оқыту мазмұнын қалыптастыру көптеген зерттеулерде үздіксіз байланысты және мақсат пен міндеттің тұтастығында қарастырылады.
Бірінші және екінші бағыттағы зерттеу жұмыстарының көпшілігі келесі мәселелерге бағдарланған: мектеп оқушыларын ақпараттық технологиялар аймағында дайындау (Е.А.Васенина, А.Г.Гейн, В.Г.Житомирский, А.П. Ершов В.А.Извозчиков, Е.А.Кашина, Т.А.Кувалдина, С.Лесневский, Н.В.Матеева, Е.А.Ракитана, Н.В.Ходякова, Г.И.Шукина және т.б.), кейде салалық (И. И.Данилина), немесе педагогикалық жоғары оқу орындарындағы мұғалімдерге (М.М.Абдуразаков, Ю.С.Брановский, С.А.Зайцева, Л.Л.Каймина, В.А.Контун, Д.А.Колесов, Л.Ю.Кравченко, Г.Н.Некрасова, А.А.Патокин, К.А.Раджанов, Ю.М. Сеничева, Г.П.Шишкин және т.б.)
Ақпараттықкоммуникациялық технологияларға оқытудың алдыңғы қатарлы идеялары мен әдістері анықталған шамада мамандарды жоғары мектепте дайындауда пайдалы болуы мүмкін, бірақ, түрлі салада мамандар дайындайтын жоғары оқу орынының алдында тұрған міндетті іске асыру және жоғары оқу орнында оқытуды ұйымдастыру ерекшелігі ақпараттық-коммуникациялық технологиялар негізінде кәсіптік құзырлылықты қалыптастырудың тәсілдерін және осы мазмұнды іске асырудың формалары мен әдістерін іздеуді талап етеді.
"Информатика",. «Кәсіптік технологиясы бойынша компьютерлік сауаттылық» пәндерінің мазмұнын мамандық бағытында анықтау, маманның дайындалу саласының (А.А. Матееваның, Л.Ю.Монахованың, Л. В. Певзнердің, А. В.Смирновтың, С.B-Суматохиннің, И.В.Шевченконың зерттеулерінде) пәндік аймағына қатысты міндеттерді шешуде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдануына қатысты келтіріледі. Білім берудің жалпы тәсілін қалыптастыруда мамандыққа бағдарлау қолданыстағы: білім беру стандарттарының идеологиясынан байқалатын мамандардың көптеген кәсіби сипаттарын жасауда өз бейнесін тапты.
Қазіргі кезде ақпаратық-коммуникациялық технологияларға оқыту әдістемесінде оқыту мақсаттары мен міндеттеріне тәуелді көптеген тәсілдер іске асырылуда. Бұл тәсілдердің негізгі бағыты - осы тәсілдердің біртұтас мәнін анықтайтын, әртүрлі атауларға (жүйелік, модулдік және т.с.с.) ие жүйелілік.
Модулдік тәсілдің сйпаттамалық белгілері және оны информатика курсында іске асыру мүмкіндіктері педагогикалық ортада кеңінен талқылануда. М.Б.Лебедева мен Е.И.Соколова, информатика курсында құрылу технологиясы модулдік тәсілге негізделген оқу элементтерін қолдану әдістемесімен байланысты мәселелерді қарастырып, оқу әлементтерін пайдаланудың артықшылықтары сапасында келесі принциптерді ықпалды іске асыру мүмкіндіктерін атап көрсетеді:
-
студенттердің жұмысын жекелендіру;
-
иілгіш оқу үдерісін ұйымдастыру;
-
оқыту барысындағы тұрақты кері байланыс;
-
оқу қызметін интенсификациялау.
Авторлар студенттердің білім алу дайындығын оқу элеметтерімен (блоктармен) табысты жұмыс істеуге оңтайлы (оқушылардың басқа категорияларымен салыстырғанда) деп қорытындылайды.
Л.Л. Каймина информатика курсын құруда модульдік тәсілді пайдалануды ұсынады. Мазмұндық және құрылымдық аспектілер минимальды көлемде нормативтік құжаттармен анықталғандығының негізінде, зерттеушіге информатика аймағында білім берудің минимальды компоненттерінің және мазмұнының міндетті минимумының кестесін құруға мүмкіндік беретін білімдер мен біліктіліктер талаптарын және осының негізінде оқу мазмұнының ірі блоктарын бөле отырып, информатика курсында модулдік интегративті әдістемелік жүйе құруды анықтайды
Барлық білім беру жүйесі оқыту тәсілдерінің алмасуының негізіндегі түбегейлі өзгерістерді бастан кешіріп, информатика пәнін танымның нақты ықпалды әдістері орналасқан, қоршаған әлемді талдаудың жүйелік – ақпараттық тәсілін қалыптастыратын жүйе құрушы рөлге жатқызады.
Информатиканы және ақпараттық-коммуникациялық технологияларды
үйрену мазмұны, формалары мен әдістерінің жүйелік әдістерге ие болуы
кездейсоқ емес, немесе кейбір еңбектерде атап өтілгендей жүйелік тәсіл принциптеріне негізделеді.
Тәсілдер мен жүйеге көзқарасты жалпылай келе жүйе түсінігі мен оған байланысты түсініктерге, модельдер, құрылымдар анықтама береміз.
Жүйе - бұл кейбір құрылымдарға біріктірілген, өзара байланысты элементтер жиынын бейнелейтін күрделі объект.
Құрылым - бұл біртұтас, күрделі объект құратын элементтерді біріктіру тәсілі.
Жүйенің барлық ұйымдастырылуы; оның құраушы элементтері, құрылымы осы жүйенің тағайындалуына бағынатын анықталған мақсатқа ие. Табиғатпен құрылған жаратылыстық, яғни, табиғи және адам құрған жасанды жүйелер бар, оларға материалдық және ақпараттық байланыстар тән.
Мамандыққа байланысты қызметтегі жүйелік тәсілдің мәні келесі түрде берілуі мүмкін: “өзің жұмыс істеп отырған объектінің барлық жүйелік байланыстарын ескеру қажет”.
Нақты объектінің біршама қарапайымдандырылған ұқсасын бейнелейтін, жұмыстың ыңғайлылығын (көрнекілік, ену мүмкіндігі және сүйену жеңілдігі, бағасының арзандығы) қамтамасыз ететін және түпнұсқаның бізді қызықтыратын қасиеттері мен сипаттамаларын көрсете алатын модель жасанды жүйенің мысалы болады. Адамдардың табиғат пен қоғам табиғат туралы білімдерінің толық жүйесін бейнелейтін барлық ғылымның міндеті - ол қарастыратын объектілер мен үдерістерде жүйені табу. Нақты әлем туралы біздің білімдеріміз – бұл ақпараттық моделдер жүйесі.
Білім көрнекілігі оны бейнелеудің барлық мүмкін нұсқаларын ұсынады: графиктер, кестелер, сүлбелер, желілер және т.б.
"Белгілік жүйелерді кұру, нақты объектілерді сүлбелеу олардың қасиеттерін, атрибуттарын және қатынастарын бөлу, моделдерін құру, дедукция, редукция және рекурсивті ойлау абстракция деңгейлерін бөлу, жағдайды болжау, заңдылықтарды, орнатуларды және ережелерді талдау, ең соңында алгоритмдердің жеке санын құрастыру және оларды бағалау - мұның барлығы қазіргі заманның интеллектуалдық қаруы, ақпараттық мәдениеттің қалыптастырушылары болып табылады"
Пәндердің және жалпы информатика курсының мазмұнын қалыптастырудағы жүйелік тәсілді Ю.С. Брановский, М.М. Буняев, Л.Л.Каймина, Н.Д. Коваленко, А. Кувалдина, Л.Ю. Монахова, А.М. Сохор, И.Г. Фомичева және т.б. пайдаланды.
"Ақпараттық ғылымдар" үдерісінің қалыптасу үдерісін бейнелеу қазіргі заманғы зерттеушілердің информатика мен ақпараттықкоммуникациялық гехнологияларда пайдаланатын түсініктері мен терминдерінің тізімін кұру, түсініктер арасында қатынастар құру болып табылады және осы зерттеулерде жүйелік тәсіл пән тезаурусын қалыптастыруға, информатика курсы мазмұнында моделдеудің тезаурустық әдістемесінің пайда болуына мүмкіндік береді. ; Т.А. Кувалдина информатика мазмұнының (мектеп информатикасы мысалында) моделін құруды тезаурустық - әдіс және желілік модельдеу негізінде қарастырады. Бұл, модел жалпы білім беретін мектепті бітірушінің информатика пәні бойынша білімін бейнелейді. Автор мазмұнды сұрыптау мәселесінің оқыту теориясы мен практикасының негізгі мәселесі ретінде болғандығын және болып қала беретіндігін ескерте отырып оқу бағдарламаларының жалпы білім берудің қазіргі заманғы тұжырымдамаларына жауап бере алатын, әсіресе бұл мәселенің информатиканы оқытудағы өзектілігін баса айтып, біртұтас ғылыми - әдістемелік негізде құрылуы тиіс екендігін көрсетеді.
Информатика мен ақпараттықкоммуникациялық технологияларды оқытудың көпнұсқалылығы қазіргі кезде информатика тілі жасалатын, курстың негізгі түсініктері айқындалатын, оқыту мазмұны мен құрылымы анықталатын курстарды жобалау және іске асыру үдерісіне мүмкіндік береді.
Информатиканы оқыту нәтижесіне қойылатын талаптардың өсуі мен оқу және оқу әдістемелік құралдардың жетімсіздігіне байланысты оқыту мазмұнын сұрыптау информатика пәні оқытушылары үшін айтарлықтай өзекті де күрделі мәселе болуда. Аталған мәселенің шешілгіштігінің кілттік жауаптарының бірі информатиканы оқыту курсының мазмұнын моделдеудегі негізгі түсініктерді жүйелеу болып табылады.
Оқу курстарының мазмұнын моделдеудегі жүйелік тәсіл әртүрлі әдістерді қолдануда бейнеленеді. Т.А.Кувалдина Петри желісінің негізінде желілік модельдеу әдістемесін тезаурустық әдіспен үйлестіріп оқу пәнінің білім қорының тұжырымдамалық моделін ықпалды құрады және тезаурустық әдісті қолданудың ізінде түсініктер жиынын жүйе түрінде, яғни, түсініктер арасындағы қатынастың өзара байланысының сипаты түрінде бейнелеуге болатындығын, түсінікті анықтау толықтығын немесе білім моделінің "тереңдігін" талдаудың ізі болып табылатындығын атап көрсетеді.
Желілік моделдеу түсініктер жүйесін мақсаттарды бөлу принципін іске кіру моделі, яғни, білімнің тұжырымдамалық моделдері түрінде бейнелеуді қамтамассыз етеді. Білім моделін құру үшін түсініктерді сүрыптау әдісі түсініктер құрамы мен құрылымын ықпалды анықтауға, олардың арасындағы өзара байланысты айқындауға мүмкіндік береді. Жасалған әдістемеде пайдаланылған формалды – логикалық сүлбелер немесе түсініктердің модельдік құрылымдары түсініктер құрылымын талдаудың ықпалды әдістемелік ортасын, және түсініктерді жүйелеуді бейнелейді.
Мазмұн көлемін бейнелеу үшін тезаурустық әдісті (мәні жүйелік болып табылатын) педагогикалық ақпаратгықкоммуникаицялық ортада студенттерде тұлғалық тезаурус қалыптастыруда ақпараттық технологиялардың қолданылу мүмкіндіктерін зерттеуде Л.Ю. Монахова да қолданады. Зерттеуші тезаумент түсінігін енгізеуді: "Тезаумент - жеке адамның танымында нақ осы мезетте пәндік аймаққа сәйкес ықпалды пайдаланылатын білімдердің, біліктіліктердің және дағдылардың артық қорын құрайтын оған белгіленген тұлғалық тезаурустың бейнеленуі" танылады...
Л.Ю. Монахова; білім берудің негізгі міндеті студенттің сәйкес гылыми тезаурусқа барабар тезаументін қадыптастыруда дец санап, келесі анықтаманы ұсынады: "Ғылыми тезаурус - ғылыми пәндік аймақтың қазіргі кездегі арнайы қатынастарға сәйкес семантикалық құрылымданып, синтаксистік детерминделген ашық ақпараттық негізі деген анықтаманы ұсынады.
Тұлғалық тезаурус - қарастырылатын пәндік аймақты функциялау және тиімді бағдарлау мақсатында жеке тұлғаның меңгеруіне белгіленген, ғыными тезаурусқа сәйкес келетін логикалық тұйық ішкі жиындар .
Таным модельдердің дәстүрлі әдістерінің қазіргі заманғы жаңаруында толығырақ іске асырылады деп қорытында жасайтын Е.А. Кашина, жүйелік тәсілді информатиканы оқыту үдерісінің мазмұны мен құрылымына қолданады.
Модельдер әдісі келесі міндеттерді бөліп көрсетіп, информатиканың интеграцияланған міндеттерінін графигін құруға мүмкіндік береді:
-
дүниетанымдық;
-
әдіснамалық;
- қолданбалы.
Әрбір міндет түрлерінің мазмұнын бөліп, олардың жалпы құрылымындағы модель мазмұны мен дидактикалық принциптерді іске асыратын өзара байланысын көрсетуге болады.
-
жүйелілік принципі;
-
белсенділік (өз бетінділік) принципі;
- қиындықты сатылық бөлу принципі;
- теория мен практиканың байланысы принципі.
Аталған тәсіл ойлау қызметтерінің төмендегідей тәсілдерін үйренуді қарастырады:
-
заңдылықтарды іздеу;
-
аналогтық ойлау;
-объектілер мен түсініктер арасындағы иеархиялық тәуелділіктерді іздеу классификация);
-
салыстыру;
-
жалпыны табу;
-
дербесті бөлу;
-
логикалық ойлау қорытындыларын кұру.
Аталған сапаларға ие болу, әcіресе ақпараттықкоммуникациялық технологияларды қолдануда маңызды, "... дамыған ақыл-ой барлық кезде ешқандай оқыту жағдайы мүмкін емес уақытта да өмір сүруге қажетті мәліметтерді табуға ие болады. Талқылай білетін адам барлық уақытта пайдалы, ұмытуға болмайтын және ескіруі мүмкін емес мәліметтерді табу қаруына ие болады"
Маманның дайындық сапасы тікелей оқыту мазмұнының оңтайлылығына, оқыту үдерісін ұйымдастыруға, оқу сабақтарын өткізу формалары мен әдістеріне тәуелді. "Оқыту мазмұны" термині көптеген гылыми көздер арқылы жаңарып отыратын "оқыту" мен "мазмұн" түсініктерінің арасындағы үздіксіз байланысты біріктіреді.
Жүйелік тәсіл оқыту мазмұны арқылы оқу сабақтарын, оқыту үдерісін, оқу сабақтарын жүргізудің формалары мен әдістерін жобалап, барлық қажетті және принципиальды мәнді компоненттерді оңтайлы есепке алуға мүмкіндік береді.
З.Ф. Мазур жүйелік тәсілді морфологиялық талдау және жалпылау мақсатында пайдаланып, оқу сабақтарын жобалаудың автоматтандырылған жүйесін ұсынады. Автор ұсынысының негізгі идеясы педагогикалық ғылым оқу сабақтарын ұйымдастыру мен жүргізудің көптеген әдістері мен тәсілдеріне ие, бірақ нақты педагогтың мүмкіндіктері шектеулі, оқу сабақтарын жобалаудың автоматтандырынған жүйесін құруды негіздеуге саяды.
"Жобалауды оңтайландыру математикальік моделі келееі табысты оқыту формуласымен өрнектелуі мүмкін көпфакторлы мәселе болын табылады:
U=f(С, О,М,Ғ,S,UO,UU,PU,MS, LU, PF).
мұндағы С - оқыту мақсаты; О - білім беру мазмұны; М - оқыту әдістері; Ғ -оқытудың ұйымдастырылған формалары; S - оқыту ортасы; UO - оқыту шарты; UU- меңгеру деңгейі; РU- оқытушының кәсіпқойлығы; МS - оқушылардың моивациялық ортасы; LU - мұғалімнің жеке сапалары; РҒ - оқушылардың психологиялық - физиологиялық ерекшеліктері"
Қазіргі заманғы зерттеулерде модельдеу (оқыту мазмұны, оқыту формалары және т.с.с.) негізгі орындардың бірін иемденеді. Көптеген ғалымдар таным модельдердің дәcтүрлі әдістерінің уақытқа байланысты жаңаруында және модельдеудің жаңа формаларында жүйелік талдау элементтерін қолдануда толығырақ іске асырылады деп санайды.
Кәсіптік технологиясы бойынша «компьютерлік сауаттылық» арнайы курсының мазмұнын педагогикалық бағыттылық тұрғысында талдай келе оның стандартты олданбалы бағдарламалық орталарға (МS Word, МS Ехсеl, МS Ассеss және тс.с.) негізделетіндігін және педагогикалық қызметке байланысты кейбір мәcелелерді шешуге оқытуға бағдарланғандығын атап өту қажет. Арнайы курстың міндеттері мен мазмұны педагогикалық қызметті ұйымдастыру түрлеріне тәуелді қалыптастырылады.
Кәсіптік технологиясы бойынша «компьютерлік сауаттылық» арнайы курсының әдістемелік негіздерін жасауды зерттеу және оны жүргізу арнайы курстың 050111 - информатика мамандығы студенттерінің ақпараттық-коммуникациялық технологиялар негізінде кәсіптік құзырлылықтарын қалыптастыру дайындығы жүйесіндегі мақсаттарын, міндеттерін, мазмұнын және құрылымын анықтайды.Арнайы курс әдістемесі қазіргі заманғы ақпараттықкоммуникациялық технологияларды пайдаланушының міндеттеріне бағдарланған:
-
қазіргі заманғы ақпараттықкоммуникациялық технологиялармен танысу;
-
студенттерді жаңа технологиялық мәдениетке қатыстыру;
-
болашақ қызметке қызығушылық пен шеберлікті арттыру;
-
студенттің ақпараттық мәдениетінің деңгейін арттыру;
-техникалық және бағдарламалық қамсыздандыру кешенін қолданудың әдістемесін меңгеру.
Информатиканы оқытуды дифференциациалау мәcелеріне арналған И.И.Данилинаның зерттеулері, ғалымға кез-келген оқу пәнінің мазмұнын құрастыруда үш аспектіні бөлуге болады деген қорытынды жасауға мүмкіндік береді, олар:
-
ғылыми аймақтың оқу пәніне барабар бейнеленуі;
-
оқушылар әрекеті арқылы материалды меңгеруді қамтамасыз ету;
-
оқытылатын материалды игеру сапасы мен деңгейінің құрастырылымдылық тексерілгіштігі.
Аспектілердің мазмұнын аша отырып, И.И.Данилина; олардың біріншісі пән мазмұнын "бастапқы жуықтауда" береді және оқу пәнінде бейнеленген білім жүйесінің аталған аймақтағы ғылыми білімдермен қандай өлшемде сәйкес келетіндігін бағалауға мүмкіндік береді. Басқа екі аспектіні өз кезектерінде мазмұнды сұрыптау үдерісін бағыттайтын, шектеулер жүйесін құрудың теориялық негізі ретінде қарастыру қажет. Мазмұн моделі "бастапқы жуықтауда" нақты тұрғыда негізгі түсініктер жүйесінде және олардың мазмұндық бағыттардағы ядросы болып анықталады".
Информатика курсының негізгі түсініктерінің қалыптасуы мен дамуы тізбегін ашатын мазмұндық бағыттарын алғаш рет 1988 жылы А.А.Кузнецов бөліп көрсетті және ары қарай А.Г.Гейн, А.И.Сенокосова, және В.Ф.Шолохович еңбектерінде дамытылды.
Информатиканың салалық курсын оқытуды құрастыру оқыту салаларына, мазмұндық бағыттарға қатысты инварианттарға негізделуі тиіс. Салалық курс мазмұнын модельдеуді зерттеушілер информатиканың мектеп курсы қорында жүргізеді.
Сала сапасында келесі бағыттар бөлінеді: экологиялық (табиғатты пайдалану міндеттерінде), гуманитарлық, жаратылыстану ғылыми, физика-математикалық және бағдарламалық бағыттар.
Курс негізіне кез-келген информатика курсында болатын, бірақ қандай да біреуі орталық түсінік болып табылатын негізгі түсініктер тобы қабылданады («ақпарат», "модель", "алгоритм", "тіл", "классификация" және т.б.). Сондықтан, курс мазмұны информатика пәнінің келесі түсініктерін тудыратын түсініктердің өзара әcері арқылы толығады. Демек, информатиканың салалық қурсын құрудың негізгі сапасында салалық бағдарлау міндетін пайдалану әдісі қабылданады. Мұндай тәсіл, біздің көзқарасымызша, курс мазмұнын ықпалды іске асыруды қамтамасыз ететін орталарға (техникалық және бағдарламалық) талдау жүргізу арқылы сапалырақ болар еді.
В.А. Ковтун өз зерттеулерінде информатика курсының (дене шынықтыру мұғалімдерін дайындау мысалында) кәсіби бағдарланған мазмұнын қалыптастырудағы аналогтық тәсілді қолданады. Автор қазіргі кезде информатиканың оқу пәні ретіндегі даму сатысының ерекшелігі ретінде пән мазмұнын практикалық тапсырмаларды орындау шарттарын ағымдық өзгертуді талап ететін қолданбалы бағыттылығы, яғни, ЭЕМ-нің бағдарламалық қамсыздандырылуының дамуы оқу жоспарын түзетуді, дидактикалық тапсырмалар жасауды талап етеді деп атап көрсетеді.
Қолданбалы бағдарламалық - әдістемелік қамсыздандырудың даму шегінде ақпараттықкоммуникациялық технологияларды ендіру пәнді оқыту мақсаты мен мазмұнының қатынастарын өзгертеді және В.А. Ковтун даярлаудың екі деңгейін бөледі:
-
компьютерлік сауаттылық;
-
ақпараттық мәдениет.
Зерттеуші кәсіби бағдарланған курсты мәліметтер қорын басқару жүйесін (МҚБЖ) пайдаланудың негізінде, келесі оқу міндеттерін анықтай отырын құрады:
-
МҚ құру технологиясын меңгеру;
-
МҚ пайдалану технологиясын меңгеру.
МҚБЖ пайдаланудың қосымшасы ретінде дене шынықтыру бойынша кітапханалық ақпараттарды бейнелеудің каталогтық жүйесін бейнелейтін (кәсіби компонент) көпдеңгейлі ақпараттық жүйелер құруды ұсынады.
Жоғары білім берудегі оқу материалының толық көлемін студент тек жүйелік тұтастықта, яғни, естің, танымның, шығармашылықтың көмегіне қарағанда логикалық ойлау көмегімен және бөліктей емес жалпыланған түрде көбірек меңгеруі мүмкін. Бір аймақтағы білімді меңгеру білімдердің, біліктіліктерді және дағдылардың жиынын анықтайтын түсініктердің толық жүйесіне негізделетін басқа аймақтың мәліметтерін пайдалануды талап етеді.
050111- Информатика мамандығы студенттерін ақпараттық-коммуникациялық технологиялар негізінде кәсіптік құзырлылығын қалыптастыруға бағытталған оқыту курсын құру білімдердің логикалық байланыстағы жүйесін қабылдау үшін және кәсіби бағдарланған курста терең әрі төзімді білімдерді қалыптастыру басқа әртүрлі оқу пәндерінен меңгерілген теорияның, түсініктердің байланыстарының тізбесін құру қажеттігін қамтамасыз ететін білімдер мен біліктіліктерді меңгеру тәсіліне қойылатын талаптарды қарастыруы тиіс.
Түрлі ғылыми - әдістемелік әдебиеттерді талдау жүйелік тәсіл XX ғасырдың ортасында, соның ішінде 70-ші жылдардан (Ф.Ф.Королев, М.А.Данилов және Ш.Малинин) бастап педагогикалық зерттеулерде, әcіресе педагогикалық сүйелерді құру және талдау, мазмұнын қалыптастыруда теориялық және практикалық мәселелерді шешудің жалпы ғылыми әдісі болды деген қорытынды жасауға мүмкіндік береді
Оқу курсының мазмұнын қалыптастырудың негізі оның мақсаттары мен міндеттерін бейнелеу болып табылады. Егер курсты оқыту мақсаты оқушының дайын бағдарламамен жұмысты меңгеруі болса мазмұн бір басқа, ал, егер оқыту мақсаты ретінде бағдарламалау немесе оқушының информатиканың іргелі теориясын меңгеруі таңдалса басқаша болады.
Біздің зерттеуіміз ақпараттықкоммуникациялық технологриялар негізінде информатика мамандығы студенттерінің кәсіптік құзырлылығын қалыптастырудың келесі мақсатын қолдануға әкелді:
-
ақпараттықкоммуникациялық технологиялар аймағында оқыту мазмұнын анықтаудың маңызды факторларының, бағыттылығы;
-
оқыту мазмұны информатика мамандығы студенттерден ақпараттарды ақпараттық-коммуникациялық технологиялар негізінде өңдеуді талап етіп, студентер өз бетінше педагогикалық мәcелелерді шешуге жеткілікті білімдер мен оларды қолдану дағдыларын меңгеруді қамтамасыз етуі тиіс;
-
пән мазмұны педагогикалық мәселелерді шешуде пән аралық байланыстың негізінде өзінің педагогикалық қызметіндегі білімдерді комбинациялауда пайдаланылатын білімдер жүйесін тұтас қабылдауын қалыптастыруы тиіс.
Педагогикалық практиканың дамуының жаңа жетістіктері информатика мамандығы студенттерін оқытуда ақпараттықкоммуникациялық технология-ларының қолданылуына әкелуде. Ақпараттық төңкеріс, қоғамның, білім берудің ақпараттандырылуы өмірлік маңызды мәселелерді өздігінен шешуді, білімдегі бос кеңістіктерді жылдам жою қабілеттілігін белсендіруді талап етеді.
"Информатика" пәнін оқыту шеңберінде ақпараттықкоммуникациялық технологияларды қолдануды қамтамасыз ету үшін бағдарламалық орталардың толық кешенін сатып алудағы қаржылық қиындықтар;
ақпараттықкоммуникациялық технологиялар мен педагогикалық тәсілдердің аймағындағы сұрақтардың үдере дамуы көптеген бағдарлы бағдарламалық жабдықтар заманауи талаптарға орай алмастыруды талап етеді;
- аудиториялардың заман талабына сай жабдықталмауынан туындайтын акпараттықкоммуникациялық лабораторияларды сәйкес деңгейде пайдалана алмау салдарынан оқу үдерісін ұйымдастырудың қиындықтары.
Достарыңызбен бөлісу: |