2.2. Студенттердің кәсіптік құзырлықтарын
қалыптастырудағы бақылау әдістері
Информатика мамандығы студенттерінің кәсіптік құзырлылығын қалыптастыруда ақпараттық - коммуникациялық технологияларды тиімді пайдалану деңгейін практикалық зерттеу келесі бағыттарда жүргізіледі:
-
мотивтік, эмоционалдық және ұйымдастырушылық факторларды ескере отырып, ақпараттық - коммуникациялық технологиялар орталарының құралдық және бағдарламалық құрылымын анықтау;
-
оқыту әдістерін сұрыптау;
- бақылау және эксперименттік топтарда оқу және бақылау сабақтарының кешендерін дайындау және жобалау;
- студенттерді оқыту үдерісіне ақпараттық - коммуникациялық технологияларды ендіру технологиясын жасау;
- алынған нәтижелерді статистикалық және педагогикалық талдау.
Оқытудың түрлі параметрлерін болжау үшін келесі әдістер қолданылады: әңгімелесу, сауалнамалар, бақылау, тесттер, дербес және топтық бағалаулар, оқу және бақылау жұмыстарының орындалуын талдау.
Студенттердің кәсіптік құзырлылығын қалыптастыру мақстында жасалған әдістемелер, жүйені оқу үдерісіне ендіру бойынша жүргізілген тәжірибелік - экспериметтік жұмыстардың бағыттары төмендегідей белгіленеді,
-
педагогикалық мамандықтар студенттерін оқытуға арналып жасалған оқу - әдістемелік, бағдарламалық құралдарды пайдаланып эксперименттік топтарда кәсіптік - технологиясы бойынша «компьютерлік сауаттылық» арнайы курсын оқыту;
-
студент білімі деңгейін бағалау үшін және көтеруге бағытталған компьютерлік тест жүйесін жасап, оны оқу үдерісінде пайдалану;
- Кәсіптік технологиясы бойынша «компьютерлік сауаттылық» курсы бойынша болашақ мамандар білім деңгейін бағалаудың қорытынды сатысы ретінде бақылау түрлерін белгілеу және оны пайдалану.
Төменде осы жұмыстардың нәтижелері баяндалады.
Кез-келген педагогикалық зерттеудің маңызды кезеңі педагогикалық эксперимент болып табылады. Біздің педагогикалық эксперименттік жұмысымыз жоғары оқу орындарының информатика мамандығы студенттерінің кәсіптік құзырлылығын ақпараттықкоммуникациялық технологиялар негізінде қалыптастыруды анықтау мақсатында жүргізілді.
Педагогикалық эксперименттің таңдап алынған әдісі мамандығы студенттерінің кәсіптік құзырлылығы ақпараттықкоммуникациялық технологиялар негізінде қалыптасса және болашақ педагогтардың кәсіптік құзырлылығын қалыптастырудың ортасы ретінде оқу және арнайы курстардың мазмұны мен құрылымын ғылыми-әдістемелік қамсыздандыру іске асырылса онда болашақ информатика мұғалімдерінің кәсіптік құзырлылығын ақпараттық - коммуникациялық технологиялар негізінде қалыптастыруды көрсететін зерттеу болжамымен анықталады. Педагогикалық зерттеудің табысы - зерттеп отырған мәcеленің практикада қалай қабылдануымен, сондай-ақ эксперименттің іске асқан мүмкіндіктері туралы айқын нақты материалдарды алуды қамтамасыз ететін әртүрлі педагогикалық зерттеу тәсілдерін қолданумен анықталады. Сондықтан зерттеуіміздің әдісін анықтауда біз жалпы педагогикалық әдістерді, атап айтсақ, әңгімелесу, мұғалімдердің ақпараттық -коммуникациялық технологияларды пайдалану деңгейлерін талдау, экспериментке қатысатын студенттер мен оқытушылар арасында сауалнама, сұрау жүргізу әдісі, іздену және қалыптастырушы эксперименттің барысын бақылауды кеңінен пайдаландық.
Информатика пәні бойынша құзырлықты қалыптастыру міндеттері:
-Информатика мамандығы студенттерінің кәcіптік құзырлылығын қалыптастыруда ақпараттықкоммуникациялық технологияларды пайдаланудың негізгі идеялары мен бағыттары мәcелесінің жағдайын зерттеу;
- ақпараттықкоммуникациялық технологияларды пайдаланып кәсіптік
құзырлылығын қалыптастыруға қатыстырылуы мүмкін студенттер мен оқытушыларды анықтау;
- экспериментке қатысушы информатика пәнінің оқытушылары ұсынылған бағдарламаның мазмұны мен оқу материалдарын меңгеруі және студенттерге түсінікті баяндау дәрежесін қадағалау;
- ұсынылып отырған бағдарламаның тиімділігін анықтау.
- Информатика мамандығы студенттерін оқытуда ақпараттық - коммуникациялық технологияларды пайдалану арқылы кәсіптік құзырлылығын арттыру мақсатында оқытушылар мен студенттер арасында сауалнама өткізу;
- эксперименттік және бақылау топтарындағы студенттерінің ақпараттық-
коммуникациялық технологиялар негізінде кәсіптік құзырлылығының қалыптасу сапасын, іскерлігі мен дағдысын салыстыру;
- Информатика мамандығындағы "ақпараттықкоммуникациялық технологиялар" курсын оқыту мысалында ақпараттықкоммуникациялық
технологияларды пайдаланып информатика мамандығы студенттерінің кәcіптік құзырлылығының қалыптастырылуын практикалық тұрғыда тексеру, орнықтыру;
-
педагог мамандардың сабақ беру сапасы мен ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану шеберліктерін жетілдіру;
-
эксперименттің қорытындысын шығару тәрізді жұмыстар кірді.
Қойылған міндеттерге сәйкес педагогикалық эксперимент анықтау, қалыптастыру, бақылау атты үш кезеңде іске асырылды. Бұлардың бәрі қисындылық жағынан бір-бірімен байланысты, бірақ, олардың әрқайсысы өздерінің мақсаттары мен міндеттері, құралдары мен оған қол жеткізетін әдістері, айқындалған нәтижелері бойынша ерекшеленеді.
Жоғары оқу орындарының информатика мамандығы студенттерінің кәсіптік құзырлылығын қалыптастыруда ақпараттықкоммуникациялық технологияларды пайдаланудың қандай деңгейде екендігі сарапталады.
Анықтау кезеңін екіге бөлуге болады. Эксперименттің бірінші бөлігінде: зерттеу мәселесіне қатысты әдебиеттерге теориялық тұрғыда талдау жасалып, материалдар жинақталып өңделеді; Информатика мамандығы студенттерін ақпараттықкоммуникациялық технологияларды пайдаланып оқытуда қолданылып жүрген ТМД және өзіміздің республикамызда жасалған ғылыми зерттеу жұмыстарының нәтижелері мен бағдарламалар сараланды; информатика мамандығының ерекшеліктері, студенттердің танымдық қызығушылықтары, қабылдау мүмкіндіктері ескеріледі.
Жоғары оқу орындарының информатика мамандығы студенттерінің кәсіптік құзырлылығын қалыптастыруда ақпараттықкоммуникациялық технологияларды пайдаланудың қандай деңгейде екендігі сарапталады.
Анықтау экспериментінің екінші кезеңінде, жоғары оқу орнын бітіруші студенттердің ақпараттықкоммуникациялық технологияларды пайдалану деңгейі қандай дәрежеде екенін тексеру үшін сауалнама өткізілді (Қосымша А).
Сауалнамада қойылған сұрақтарға жазбаша жауап қайтаруды көздеген сүрау және жеке әңгімелесу әдістері қолданылды. Бұл сауалнаманы өткізудегі мақсат информатика мамандығы студенттерінің кәсіптік құзырлылығын қалыптастыруда ақпараттықкоммуникациялық технологияларды пайдалануды іске асырудың олардың білім деңгейлеріне әcерін айқындау болатын.
Тест қабылдауда қолданылатын бағдарламаларға қойылатын талаптар:
-
бағдарламаларда тест тапсырушы үшін тапсырмаларды кездейсоқ гаңдау арқылы және қайталанбайтындай жағдай ескерілуі керек;
-
бағдарламада тест тапсырушының берген жауабын тесте берілген тапсырманың жауабының эталонымен салыстырылатындай жағдайлар ескерілуі керек және осы жағдайда меңгеру коэффициенті есептелуі қажет;
-
бағдарламада әр сұраққа уақыт берілуі тиіс, сол уақыт ішінде тест тапсырушы жауап беріп үлгермесе, келесі сұрақ автоматты түрде экран бетіне шығатындай жағдайлар ескерілуі тиіс.
Оқытуда ақпараттық құрал - жабдықтарды пайдалануға байланысты жүргізілген эксперименттік - тәжірибелік жұмыстар төмендегідей жағдайды көрсетті. Егер ақпараттықкоммуникациялық технологияларды ойланбай, мағынасыз пайдаланса, оқытуды тиімді өткізуге кері әcерін тигізеді. Дербес компьютер оқытушының оқыту іс - әрекеті мен студенттің оқу іс-әрекетінің арасындағы дәнекерлік жұмысты атқаруы тиіс. Бұл жүйелердің бір-бірінің байланысының әдістемесін сипаттау өте күрделі теориялық және практикалык мәcеле.
"Оқытушы-студенттер тобы'' дидактикалық жүйені басқару үшін ұйымдастырылатын жасанды жүйе.
Бұл жүйе студенттермен жұмысты біртұтас ретінде - қарастырады, дәріс жағдайында керекті күнделікті іс - әрекетті қамтиды.
Оқытудың тиімділігі көптеген жағдайларда төмендегідей іс әрекеттерге байланысты. Мысалы, оқыту мен оқу психологиялық және педагогикалық тұрғыда өзгеретін жағдайларға өзара бейімделеді және дағдыланады.
Эксперименттік - тәжірибелік жұмыстарда белгілі болғандай, егер студент оқуға арналған компьютерлік бағдарламада компьютермен жұмыс істеу барысында бір орында тұрып қалса, ал оқытушы оқыту үдерісінде салғырттық, әлсіздік көрсетсе, онда жоғарыда айтылған басқару жүйесінің мәні жойылады. Бұл жағдайда "оқытушы-студенттер тобы" дидактикалық жүйесі өзіндік күйінен "бағдарлама-студент" жүйесіне ауысады.
"Бағдарлама - студент" жүйесі арқылы оқу аумағын кеңейтуде, оқытушының анықталған әдістемесін қолдануда компьютерді пайдалану және кері байланысты ұйымдастыру жүзеге асырылады. Бұл студенттер топтарын басқару мәcелесіндегі толық сәйкестікке жету жолындағы біртұтас жүйе екендігін көрсетеді.
Тест әдісінің бақылау тәсілдерінен артықшылығы мынада: студенттің белгілі бір пәннен бағдарлама көлеміндегі білімін жүйелі, толық бақылауға мүмкіндік туады, негізгі ұғымдар мен тұжырымдар туралы қандай біліктілігінің бар екендігін анықтауға болады. Студенттің ойлау қабілетін дамытуға мүмкіндік туады. Студент тестегі әрбір жауапты бір - бірімен салыстыра отырып талдау жасайды, ұқсастығын анықтайды, яғни белсенді ойлау үдерісі жүреді. Ең бастысы бүгінгі таңдағы педагогиканың алдындағы үлкен міндеттерінің бірі студент дербес, логикалық жүйелі ойлай білуге баулып, жеке тұлға ретінде дамуына жол ашылады. Дайын ұғымдарды қайтаталдау, тұжырымдау үдерісінің белсенді жүруі студенттің жан-жақты дамуының негізі болып шығады.
Тест жүргізу барысында автоматтандырылған диалогтар жүйесін қолдану ең тиімді әдіс. Білімді компьютердің көмегімен тестілеудің бір ерекешелігі, бақылаудың әртүрлі сценарийін өзгертіп қолдану және әрбір студентке өз бетінше дербес жұмыс істеуіне мүмкіндік беруде, уақыттың үнемделуінде.
Тестінің сапалылығы оны құру жүйесіне тәуелді және оған енетін тапсырмалардың күрделілігі мен қиындығына байланысты. Дәлірек айтқанда тестік тәсілді қолданғанда студенттердің білімінің дәрежесі мен сапасын анықтаудың дәлдігі тестіде ұсынылатын тапсырмалардың саны мен орындауға берілетін уақытқа байланысты. Ал, тесттер тапсырмаларды күрделілігі мен қиындығына қарай бірнеше деңгейге бөлінеді. Әрбір деңгейдегі тестілер өздері берілу сипатына байланысты бірнеше түрге бөлінеді.
Бірінші деңгейдегі тестілерге танып анықтау, айырып тану, арақатынасын анықтау және іріктеп тексеру жатады. Кейде тестік тапсырмалар жауаптарының берілуі сипатына байланысты жабық, ашық, сәйкестікке арналған және дұрыс жауабын тізбектей қоюға арналған тапсырмалар ретінде төртке бөлінеді.
Қазақ Мемлекеттік Қыздар Педагогика Университетінде студенттердің білімін тексеруде автоматтандырылған тестілеу жүйесі қолданылады. Осы тест арқылы студенттердің семестр бойында алған білімдерітексеріледі. Қазіргі таңда білім беру технологияларында педагогикалық және психодиагностикалық тест жүргізу әдістерін кеңінен қолданатыны жалпыға мэлім. Осы ұғымдарға қысқаша тоқталып өтелік.
Психологиялық тест дегеніміз - жеке адамның белгілі бір психологиялық құндылығының даму деңгейін өлшеуге мүмкіндік беретін тест тапсырмаларының жүйесі. Психологиялық тест жүргізу - белгілі бір межелігі (шкаласы) бар бір үлгідегі тестерді псилогиялық диагностика әдісі.
Педагогикалық тест - бұл, қысқа мерзімді, салыстырмалы түрде техникалық озақ үлігідегі сынақ. Мұнда барлык сыналушылар (тестке қатысушылар) тең жағдайға ұқсас тапсырмаларды орындау барысында сандық есептеулермен беттесіп, сол сынға қатысушының белгілі бір дәрежеде даму сатысын белгілеу қызметін атқарады. Тест тапсырмасы сұрақ-жауап түрінде емес, сынға қатысушының берген жауабының дұрыс-бұрыстығына орай ақиқат немесе жалған пікір мақұлдатады. Педагогикалық тест жүргізу - бұл, арнайы жетілдірілген ғылыми ұтымды аттестациялық рәcім. Ол, адамның қол жеткізген жетістік деңгейлерін анағұрлым әділ бағалауға және оларды сандық тұрғыда көрсетуге мүмкіндік береді.
Қорытынды
Ұсынылып отырған дипломдық жұмыс ақпараттық -коммуникациялық технологиялар негізінде информатика мамандығы студенттерін кәсіптік құзырлығын қалыптастыру мәселесіне арналады.
Теориялық зерттеулер мен педагогикалық тәжірбиелік – эксперименттік жұмыстар нәтижелері бізге мынандай тұжырымдар мен ұсыныстар жасауға мүмкіндік береді:
1. Зерттеу жұмысы өз мақсатына жетті, жобалаған болжам оң нәтиже көрсетті: ұсынылған оқыту курсы бойынша студенттер дәстүрлі оқытуға қосымша ақпараттық – коммуникациялық технологияларды пайдалану бойынша жоғарғы деңгейлі білім, білік және дағдыларды меңгереді.
2. Жоғарғы оқу орындарындағы оқу үдерісінде студенттердің кәсіптік құзырлылығын қалыптастыруда ақпараттықкоммуникациялық технологияларды пайдаланудың мүмкіндіктері айқындалды. .
3. Студенттер оқу үдерісінде ақпараттықкоммуникациялық технологияларды табысты пайдалана білу білімдерін, біліктіліктерін және дағдыларын қалыптастыру үшін ақпараттықкоммуникациялық технологиялардың оқу үдерісіндегі рөлі мен мүмкіндіктері, оларды оқу үдерісінде пайдалану тәсілдері туралы білімдерді және ақпараттық – коммуникациялық технологиялармен жұмыс істеуге қажетті біліктіліктер мен дағдылар жүйесін игерулері тиіс.
4. Информатика мамандығы студенттерінің кәсіптік құзырлылығын қалыптастыруда ақпараттықкоммуникациялық технологияларды кеңінен қолдану бағыттарын пайдалану қажет. Өйткені, ол студенттердің кәсіби педагогикалық білімін тереңдетеді, практикалық іскерліктер мен дағдыларды қалыптастырады, ғылыми – зерттеу жұмысына бейімдеп, ақпараттықкоммуникациялық технологияны пайдалану дайындығын белсенділендіреді, педагогикалық ойлау қабілетін дамытады.
Қарастырылып отырған мәселе күрделі, әрі тың болғандықтан, толығымен шешімін тапты деуге болмайды. Келешекте ақпараттықкоммуникациялық технологиялар негізінде информатика мамандығы студенттерінің кәсіптік құзырлылығын қалыптастырудың әдіс – тәсілдерін, педагогикалық мәселелерді математикалық – компьютерлік моделдеу және т.б. проблемалар дербес зерттеуді қажет етеді.
Диплом жұмысым кіріспеден, негізгі бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттен тұрады.
Қолданылған әдебиеттер тізімі
1.З.Қ.Дүйсекенова Бәсекеге қабілетті, білімді және құзыретті тұлғаны қалыптастыру мен даму жолдары. // Республикалық ғылыми-практикалық конференция материалдары «Бәсекеге қабілетті жеке тұлғаны қалыптастырудағы инновациялық технологиялардың ролі менмаңызы». Атырау қ. 2008ж. б. 28-30.
2.Сағымбаева А.Е. Білімді тексерудің тестілік әдістемесі, // Информатика негіздері. №2. 2002. Б. 15-17.
3.Сағымбаева А.Е. Тестілеудің программасының көмегімен оқушылардың білі мін бақылау. // Хабаршы. №2(6). 2002. – Б. 189 –191
4.Хуторской А.В., Ключевые компетенции. Технология конструирования, Народное образование №5, 2003г.
5. Равен Джон. Компетентность в современном обществе. Выявление, развитие и реализация. – М., 2002. (англ. 1984).
6.С.Құдайбергенова. Құзырлылық нәтижеге бғытталған білім беру жүйесінің әдіснамалық негізі. // Білім технологиялары. Ғылыми-әдістемелік, педагогикалық журнал. Алматы қ., №2, 2006ж.
7.Г.Марданова. Құзыретті тұлға – қоғам талабы. // Республикалық ғылыми-практикалық конференция материалдары «Бәсекеге қабілетті жеке тұлғаны қалыптастырудағы инновациялық технологиялардың ролі менмаңызы». Атырау қ. 2008ж. б. 76-78
Достарыңызбен бөлісу: |