3 І. Информатика пәні бойынша студенттердің


Информатика мамандығы студенттерінің құзырлықтарын



бет2/4
Дата03.07.2016
өлшемі0.5 Mb.
#175047
1   2   3   4

1.3. Информатика мамандығы студенттерінің құзырлықтарын

қалыптастыру құралдары
Оқу құралдары оқу кабинеттерін жабдықтаудағы міндетті элементтер болып саналады, сол сияқты әртүрлі типтегі және деңгейдегі мектептердің оқу­материалдық базасының негізгі сыңарларының негізгісі болып есептеледі. Информатика пәніне қатысты дәстүрлі оқу құралдарының ішіндегі жаңа технологиялық құралдар ретінде компьютерлік және ақпараттық құралдар, электрондық білім беру басылымдары, сандық ақпарат құралдары қазіргі заманда кеңінен қолданылуда. Білім беру ресурстарының сандық құралдар жиынтығы мына адрестен табуға болады: http://school-cjllection.edu.ru

Білім берудің компьютерлік технологиялық құралдарына төмендегі құралдар жатады:



  • интерактив ­ ағылшын тілінен аударғанда интерфейс арқылы өзара қарым­қатынас деген ұғымды білдіреді;

  • мультимедия ­ оқыту барысында айтатын ойды, белгілі бір процесті немесе объектіні дәстүрлі мәтіндік түрде емес, суреттер, графиктер, дыбыстық және суретті анимациялар, бейнекөріністер түрінде беру;

  • моделинг ­ материялық әлемнің фрагментін көзге көрінетіндей, түйсігімен сезетіндей етіп беру, мысалы, виртуалдық зертханадағы жұмыс, музейлерге бару, қалада серуендеу арқылы беру;

  • коммуникативтік ­ бұл тікелей байланысты болу, ақпаратты жеткізудегі жылдамдық, процестің ағымын бақылау;

  • өнімділік ­ бұл адам баласының көп уақытын, күшін қажет ететін бірсарынды жұмыс түрлерін автоматтандыру.


http://www.it-n.ru “Шығармашылықпен айналысатын мұғалімдер» порталында сабақты тиімді өту үшін қажетті материалдар табуға болады.

Тиімді оқу әдістемелері мен оқу құралдары оқушыларға сапалы білім беруде көп көмегін тигізеді. Осы құралдардың көмегімен мұғалім сабақты ұйымдастыру түрлерін сәйкес таңдап, оқу­тәрбие процесінде оқушы мен мұғалімнің арасындағы байланыстың оң нәтижесін береді.

Оқытудың дәстүрлі формалары (лекциялар, семинарлар, зертханалық жұмыстар, өзіндік жұмыс, экскурсия) А.И. Бочкиннің еңбектерінде, М.П.Лапчиктің, И.Г. Семакиннің, Е.К. Хеннердің (жаңа ақпаратты түсіндіру сабақтары, жетілдіру сабақтары, алған білімді бекіту және машықтану сабақтары, білімді, машықтықты тексеру сабақтары) еңбектерінде сипатталған.

Оқыту процесін ұйымдастырудың жаңа формалары А.В. Хуторскийдің еңбектерінде (Хуторский А.В. Современная дидактика: Учебник для вузов / А.В. Хуторский. ­ СПб: Питер, 2001, ­544) көрсетілген: жеке жұмыс жасау (репетиторлық, тьюторлық, менторлық, отбасылық оқыту, өзін­өзі жетілдіру); коллективтік­топтық жұмыс (сабақтар, лекциялар, семинарлар, конференциялар, олимпиадалар, экскурсиялар, іскерлік ойындар); жекешелік­коллективтік жұмыстар жүйесі( творчестволық апталықтар, ғылыми апталықтар, жобалар).

Оқушылардың Интернет желісінде оқу ісін құру формасының тағы да бір түрі ­ оқытудың телекоммуникациялық жобасы. Бұл жобадағы ерекшелік ­ жобаға қатысатын барлық оқушылар бір­бірімен компьютерлік телекоммуникацияның көмегімен байланыста болып, ортақ мәселені шешуде іздену жұмыстарын, зерттеу жұмыстарын, творчестволық іс­әрекеттерін бірге жүргізеді.

Оқушылардың өзіндік жұмыс жасау әдісі мектеп қабырғасында информатика пәнін оқуда өте тиімді. Мұғалімнен немесе басқа ақпарат көздерінен алған білімдерін тәжірибе жүзінде мұғалімнің көмегісіз орындауы, оның оң нәтижесін көруі оқушы үшін үлкен табыс болып есептеледі және өз бетімен ақпараттық құралдарды пайдалана білуге машықтанады.

Информатика сабағында оқулықпен өзіндік жұмыс жасап үйрену де оқушылардың жүйелі түрде оқулықпен жеке жұмыс жасап машықтануына көмектеседі. Сабақ түсіндіру барысында оқушыларға оқулықтағы анықтамаларды оқып, түсінбеген жерлері болса сұрақ қоя білуге, жаңа тақырып немесе бөлімнің ең негізгі өзекті мәселесін анықтай білуін талап етіп отыру қажет. Оқулықтағы тақырыпқа қатысты суреттер мен схемалар, кестелермен жұмыс жасауға үйрету қажет. Өзіндік жұмысқа тек жаттығуларды, тапсырмаларды беріп қана қоймай, оқулықтағы бүкіл параграфты өз бетінше оқып, үйренулерін талап ету қажет. Мәтінді оқып болған соң қойылатын тексеру сұрақтарынан кейін тұжырымдама­әңгіме құрылады, содан соң қосымша тексеру сұрақтары қойылады да, мұғалім оқушылар көмегімен сабақты қорытындылайды.

Студенттерде негізгі қажетті білімдерді игерулері және ақпараттық коммуникациялық технологияларды пайдаланудың жеке практикалық тәжірибелері жинақталып, оларды өз қызметтерінде қолдану туралы сәйкес даярлығы қалыптасуы тиіс ( Сурет 3 ).



Сурет – 3. Студенттерді оқытуда ақпараттық – коммуникациялық технологияларды пайдалану дайындығын қалыптастыру құрылымы.
Оқыту үдерісінде ақпараттықкоммуникациялық технологияларды қолданудың психалогиялық – педагогикалық аспектілер алуан түрлі, солардың ішінде дәстүрлі оқытуды нығайтатын келесі түрлерін атап өтуге болады.

1. Ынталық аспект. Компьютерлермен жұмыс істеу арқылы студент кез – келген оқу тапсырмасының шешімін табу үшін оқытудың ықпалды жүйелерінің көмегімен қажетті ақпаратты алу мүмкіндігіне ие болады. Компьютер оқу материалының мазмұнын ашу арқылы студенттердің ынтасына әсер ете алады. Бұл студенттің оқуға оң қарым – қатынасын қалыптастыруға мүмкіндік береді.

2. Оқу үдерісінің белсенділігін арттыру және тұлғалық ерекшеліктерді ескеру. Оқыту үдерісінде ақпараттықкоммуникациялық технологияларды қолдануда интерактивті сұхбаттасуды іске асыру, оқу әрекетінің режимін өз бетінше таңдау мүмкіндігін беру арқылы оқыту үдерісін жеке тұлғаға бағыттауға және саралауға мүмкіндік береді. Компьютердегі студенттің дербес жұмысы бағдарламада қарастырылған тапсырманы оңтайлы шешуіне жағдай туғызады.

3. Оқыту ақпаратын баяндау мүмкіндігін кеңейту. Ақпараттық - коммуникациялық технологияларды пайдалану мүмкіндіктері әрекеттің нақты көрінісін ғана емес, нақты жағдайда байқалмайтын үдерістерін де көрсету мүмкіндігін береді. Студентке баяндалатын ақпарат және оқу мүмкіндіктері интерактивтік компьютерлік жүйелердің дамуы негізінде тұрақты кеңеюде: ақпаратты беру ( дыбыс, мәтін, түс, көлем, анимация) кешенін пайдаланатын мультимедиялық технологиялар; оқушының танымдық дамуы шеңберін, әлеуметтік ортаның шекараларын кеңейтетін телекоммуникациялар; оқытуды танымдық тәжірибе және зерттеу деңгейіне дейін көтеретін жасанды интеллект жүйелері.

4. Оқу әрекетінің әдістері мен формаларын өзгерту. Оқу пәндерін оқытуды жеңілдетуге, оқу әрекеті мен ақпараттық мәдениетті қалыптастыруға белгіленген ( мәтіндік, графикалық, музыкалық редакторлар, электрондық кестелер және т.б) объектілі – бағдарланған бағдарламалық жүйелер өз бетінше оқу үдерісін ұйымдастыруды, оқу және демонстрациялау қондырғысы ретіндегі ақпараттық – коммуникациялық технологиялардың қызметін пайдалануды іске асырады. Сондай – ақ, оқу үдерісінде оқу – ақпараттық, тәжірибелік – зерттеу әрекеттерін ұйымдастыруға мүмкіндік беріп, ақпараттық – коммуникациялық технологиялар орталарымен пәндік және өз бетінше оқу әрекеттерін жүргізуді қамтамассыз етеді.

5. Студенттің әрекеттерін бақылау. Студентті оқыту дәстүрлі формасын қуаттайтын оқу – ойын, қарапайым компьютерлік жаттықтырушы, оқытушы және бақылаушы бағдарламаларда жұмыс істеу арқылы басталады. Бұл кезде студенттер негізгі пайдаланушылық және өзіндік жұмыс дағдыларын игеріп, маңызды пәндер бойынша білім сапаларын арттырады.

Оқыту үдерісінде ақпараттықкоммуникациялық технологияларды пайдалану келесі мақсаттарға бағытталады.

- ақпараттықкоммуникациялық технологиялардың мүмкіндіктерін іске асыру арқылы оқыту үдерісінің ықпалдылығы мен сапасының деңгейін көтеру;

- танымдық әрекеттердің белсенділігін арттыратын ынталарды қамтамассыз ету;

- қазіргі заманғы ақпарат өңдеу орталарын пайдалану негізінде пән аралық байланысты тереңдету.

Жан – жақты зерттеулер жүргізуінің нәтижесінде К.М.Дурай- Новакова студенттердің педагогикалық қызметінің кәсіптік дайындық жүйесін дәлелдеді.

Студенттердің ақпараттықкоммуникациялық дайындығының қалыптастырылуының маңыздылығы теориялық оқу және дидактика, тәрбие теориясы мен тәлімдік жұмыс әдістемесі бағытындағы зерттеу жұмыстарының нәтижелері арқылы көрінуде.

Аталған тұрғыда Р.Ж.Божбанова анықтап берген құрылымдық кешендер мотивациялық, когнативтік, практикалық бағытта екенін оңай аңғарамыз.

Ақпараттық – технологиялық аспект субъектінің білім мазмұнының қайта құрылуы және түсінушінің танымдық қызметінің деңгейі болса, мотивациялық аспект субъектінің орындалатын қызметінің мағыналарын қабылдаудағы жүргізетін дайындық жұмысы мен оқу материалдарымен танысудағы тиімді нұсқаудың құрылуы.

Мұнда жеке тұлғаға тән психалогиялық ерекшеліктердің маңызы зор.

Ақпараттықкоммуникациялық технологиялар негізінде информатика мамандығы студенттерінің кәсіби құзырлылығын қалыптастыру үшін қажетті білім, біліктерді игерудегі психалогиялық жағынан жасалатын іс - әрекеттеріне байланысты сыртқы және ішкі әсерлерге келесі айтылғандарды жатқызуға болады:

- алға қойылған мәселені шешуге байланысты туындаған қиындықтар, жаңалықтар, шығармашылық жетістіктер;

- айналадағы құбылыстарға байланысты іс - әрекеттер;

- ақпараттықкоммуникациялық технологиялардың іс - әрекеттерді жақсартуға талпындыратын ерекшеліктері мен оның нәтижелері;

- жемісті нәтижелерге жету жолдары немесе басқа да нәтижелерге жету жетістіктері;

- жетістіктерге қол жеткізуге ықтималдықтардың көрінісі;

- өз дайындығын өзі бағалай алуы;

- күрделі мәселелерді шешу барысында жинаған тәжірибелері;

- өзінің дайындық жағдайын басқару деңгейі;

- алға қойған мақсатқа жету үшін тиімді бақылаулар жүргізе білуі және болашақ ісі бойынша тиімді шешімін таба білуі.

Білім беру – бұл студентті дамыту, атап айтқанда оның ой мүмкіншіліктерін дамыту, кез – келген мәселені шешуде адамға берілген сезім ақпараттарына ғана сүйенбей, сонымен қатар адамның бойында оқу үдерісінде қалыптасатын бүкіл ойдың аналитикалық аппаратына да сүйенуді қамтамассыз ету. Бұл үдеріске ақпараттықкоммуникациялық техналогиялардың үлесі қаншалықты болатындығы талданды.

Педагогика және психалогия саласындағы көптеген мамандар үшін П.Я.Гальперин есімі оның жетекшілігімен жасалған оқытудың іс - әрекеттік теориясымен белгілі. П.Я.Гальперин оқушылардың ой - өрісін дамытудың сақталуы тиіс негізгі жағдайларын жасады. Теорияның шешуші шарттары ерекшеленіп, ақпараттықкоммуникациялық техналогияларды зерттеудің дәстүрлі әдістемелерінің біріне оның шарттарының орындалуын танимыз.

Психалогия мен педагогика іс - әрекет студенттер әрекетінің негізгі бір бөлігі болып табылады. Педагогтың тапсырмасы студенттің танымдық әрекеттерінің әр түрлеріне кіретін іс - әрекеттерді ажырату ғана емес, сонымен қатар олардың құрылымын, функционалдық бөлімдерін, кезеңдері мен қалыптасу заңдылықтарын түсіну. Іс - әрекет өзара байланысты элементтердің бір тұтас жүйесін көрсетеді. Іс - әрекетті жүзеге асыру барысында бұл элементтер үш негізгі қызметті қамтамассыз етеді: орындаушы, бағыттаушы және бақылаушы.

Іс - әрекеттің орындаушылық қызметін қарастырайық. Н.Д.Гордеева оны «Егер іс - әрекет нақты көрсетілген сыртқы формаға ие болса, оны орындаушы, кең мағынада заттық деп атайды. Егер іс - әрекет бұл көрініске ие болмаса психикалық немесе когнитивті деп аталады» деп анықтайды.

Е.И.Машбиц алдын – ала П.Я.Гальперинге сілтеме жасай отырып: «Орындаушы бөлім объектінің түрленуін қамтамассыз етеді (бір күйден екінші күйге ауысу, бір объектіні басқасына орналастыру және т.б.) » деп жазады. Мұндай түрленудің сипаты белгілі бір іс - әрекеттерге сәйкес келетін объектілер арасындағы қатынастармен көрінеді.

Бағыттаушы бөлім орталық болып табылады, және осы іс - әрекеттің табыстылығын қамтамассыз етеді.

Әдетте іс - әрекет туралы айтушылар оны орындау жағдайы туралы айтады, және орындаудың өзі шешуші кезеңде субъектінің осы іс - әрекет жағдайында бағыттауға тәуелді екенін естен шығарып жатады. Бұл қатынастар үнемі заттық болғандықтан математикалық грамматикалық, физикалық және тағы да басқа қатынастарда болады.

Қалыптасқан педагогикалық заңдылықтар бойынша студенттердің ақпараттықкоммуникациялық технологиялар негізінде кәсіби құзырлықтарын қалыптастыру барысындағы жұмыстар нәтижесі бірыңғай дидактикалық талаптарына сәйкес жүргізіледі. Олар: сабақ үстінде тиімді эмоционалды жағдай жасау, студенттердің педагогикалық мәселелерді шешуде шығармашылық ыңғай дамыту; барлық оқыту жұмысы түрлеріне мақсат қойуды ерекшелей білу, атап айтсақ дәріс, зертханалық жұмыстар, практикалық және семинарлық сабақтар, мектептегі педагогикалық практикалар және т.б.

Студенттерді оқытудағы мәселелердің құрамын төмендегідей етіп қарастыруға болады:

- педагогикалық үдерістерді қалыпты өтуін қамтамассыз ету;

- ақпараттықкоммуникациялық технологияларды пайдалану, олардың сенімді жұмыс істеуін қамтамассыз ету;

- оқытудың техналогиялық үдерісі мен оны жетілдіруді басқару;

- ақпараттықкоммуникациялық технологиялар негізінде кәсіби құзырлықтарын қалыптастыру мәселесі;

- ақпараттар мен ақпараттықкоммуникациялық технологияларды пайдаланудың ережелері мен нормаларын, талаптарын сақтаумен байланысты мәселелер;

- ақпараттықкоммуникациялық технологияларды, информатикадан алған білім, білік және дағдыларын педагогикалық қызметте қолдану мәселесі;

- жоғарғы оқу орнындағы дайындықтың нақтылы, кәсіби іс - әрекеттерге сәйкес болмауы.

Оқу үдерісіндегі ақпараттықкоммуникациялық технологиялар құралдарының мүмкіншіліктері барған сайын арта түсуде. Ақпараттық – коммуникациялық құралдары деп компьютерлердің негізінде қызмет атқаратын және сонымен қатар хабарларды таратуды жаңа құралдары мен жүйелері, хабарларды жинақтау мен олардың қорын жасау, сақтау мен өңдеу, оларды жан – жаққа тарату, одан қолды компьютерлік жүйелердің хабарлар қорына енуді қамтамассыз ете алатын бағдарламалық, ақпаратты және технологиялық құралдар мен құрылымдарды айтамыз.

Ақпараттықкоммуникациялық технологиядағы жоғарыда атап өткен мүмкіндіктер пайдалану білім беруді төмендегідей жаңа түрлерін кеңінен пайдалануға мүмкіншіліктер тудырады:

- интерактивтік ( өте белсенді ) сұхбат (диалог) – ол қолданушының компьютермен қарым – қатынасы арқылы жүзеге асырылады. Бұл арада сұхбат текстік бұйрықтар жауап арқылы қарқынды түрде жүзеге асып отырады ( мысалы, сұрақтарды «керекті» сөздерді қолдану еркін түрде бере беруге болады );

- нақты объектілерді басқару;

- экранда көрініс тапқан түрлі объектілердің, құбылыстардың, үдерістердің үлгілерін басқару;

- оқу үдерісінің нәтижелеріне автоматтық бақылау ( өзіндік бақылау) жасау және бақылаудың нәтижелері бойынша тестілеу, түзетулер енгізу.

Жоғарыда атап өтілген білім беру қызметінің түрлері, біріншіден, студенттердің ой - өрісін кеңейтуге бағытталған әдістемелерді жасауға мүмкіндік береді; екіншіден, қазіргі адамдар үшін өте қажетті тиімді шешімдер қабылдай алу немесе қиын жағдайлардан шығудың жолдарын таба білу сияқты коммуникативтік қабілеттерді қалыптастырып, дамытуға мүмкіндік береді.

Осылайша сипатталған ақпараттықкоммуникациялық технологиялардың негізінде қалыптасқан білім беру құралдарының жаңа түрлерінің мүмкіншіліктері және олардың бүгінгі таңдағы педагогика ғылымы саласында жүзеге асырылуының түрлі жолдары бар.

Атап айтқанда:

- білім беретін бағдарламалық құралдар, ал олардың әдістемелік қызметі төмендегідей болып келеді: игерілген білім мөлшерін хабардар ету, студенттердің білім алу немесе тәжірибелік қызмет түрлері мен өзіндік қабілеттер қалыптастыру және кері байланыстар арқылы айқындалған оқу материалдарын игерудің қажетті дәрежесін қамтамассыз ете білу;

- оқу материалдарын игерудің дәрежесін бақылауға өзін - өзі бақылауға арналған бағдарламалар;

- студенттердің хабарларды белгілі бір жүйеге келтіру қабілеті мен тәжірбиесін қалыптастыруға арналған ақпараттық – ізденіс бағдарламалар жүйесі мен ақпараттық – анықтамалық бағдарламалық құралдар;

- оның басты құрылымдық және функционалдық сипаттамаларын оқып – білу нақтылығының белгілі бір аспектісін қамтитын имитациялық бағдарламалық құралдар (жүйелер);

- объектінің, құбылыстардың, үдерістің немесе белгілі бір жағдайдың (нақты және «виртуальды» ) үлгілерін жасауға арналған моделдік бағдарламалық құралдар;

- оқу материалдарын көрнекілік жағынан білуді қамтамассыз ететін көрсетілетін (демонстрациялық) оқу құралдары;

- түрлі оқу жағдайларына ( мысалы, студенттердің дұрыс шешім қабылдай білу немесе іс - әрекеттің тиімді стратегиясын тайдай білу қабілеттерін қалыптастыру мақсатында ) арналған ойын түріндегі бағдарламалық құралдар;

- демалыс кезінде қолданыс табатын бағдарламалық құралдар. Бағдарламалық құралдардың білім берудегі дидактикалық мүмкіндіктерінің өсуіне тоқталайық.

Бағдарламалық құралдар мазмұнының ғылымилығы - сол

бағдарлама құралдарының тікелей көмегі арқылы нақты ғылыми мәліметтер алуды көздейтіндігімен сипатталады. Мұндай жағдайда үлгілер жасау мүмкіндігі, зерттелетін объектілерді, құбылыстарды, үдерістерді (нақтылармен бірге «виртуалдықтарды» да) имитациялау – зерттелетін үдерістердің заңдылықтарын өз беттерімен аша білуді көрсететін ғылыми жұмыстардың өтуін қамтамассыз етуге дәнекер бола алады. Түсініктілік жағдайында берілген бағдарламалық оқу материалдары, оқу үдерісін ұйымдастырудың формалары мен әдістері студенттердің дайындық дәрежесіне де, мамандық ерекшеліктеріне де сәйкес келуі қажет. Бейімделушілік болса мүмкіндігінше студенттердің әрбірімен жеке жұмыс істей білуді, ұсынылған оқу материалын қабылдаудағы студенттердің біліктілік қабілеттер болса мүмкіндігінше студенттердің әрбірімен жеке жұмыс істей білуді, ұсынылған оқу материалын қабылдаудағы студенттердің біліктілік қабілеттерін үнемі ескеріп отыруды қажет етеді.

Оқудың жүйелілігі мен реттілігі бағдарламалық құралдарды қолдана отырып, ойдағыдай білім алу мен белгілі бір тәжірибеге ие болу барысында реттілік пен сабақтастық алгоритмін игеру мақсатында студенттердің ұғымдар, фактілер жүйесі мен білім алу тәсілдерін логикалық байланыста игере білуді көздейді.

Оқудың зерделілігі және студент қызметінің белсенділігі мен өзіндік сипаты білім берудің нақты мақсаттары мен міндеттерін дұрыс түсіне білу жағдайына сәйкес келетін білім алуға байланысты хабарлар алуды өзіндік әрекеттер бағдарламалары құралдарымен қамтамасыз етуді көздейді. Студент қызметінің жандануы бұл арада экранда көрініс тапқан жағдайды өз бетімен басқара білуімен тығыз байланысты болып келеді: оқу қызметінің режимін таңдау өзіндік шешім қабылдау керек болған жағдайдағы іс-әрекеттердің көпнұсқалылығы.

Оқу нәтижелерін игерудің нақтылығы бағдарламалық құралдардың көмегіне сүйене отырып, студенттердің оқу материалының мазмұнын, ішкі логикасы мен құрылымдық саналы түрде игеруді мақсат етеді. Ал бұл мақсат өзін-өзі бақылау, өзін-өзі түзету және бақылауды кері байланыстар негізінде қамтамасыз ету арқылы жүзеге асады.

Студенттің интеллектуалдық потенциалын дамыту оның ой –санасының дамуын жан - жақты қамтамасыз етуді көздейді: күрделі жағдайлар туындаған кездерде тиімді дұрыс шешімдер немесе нұсқалық шешімдер қабылдай алу қабілетін қалыптастыру; студенттің хабарларды өңдей білу қабілетін қалыптастыру.

Бағдарламалық құралдармен жұмыс істеуде суггестивтік (ағылшынның suggest деген сөзінен алынған, ұсыныс жасау, кеңес беру деген мағынаны білдіреді) кері байланыспен қамтамасыз ету мүмкіндігі - бағдарламаның студенттің әрекетіне беретін жауабын қамтамасыз етуді көздейді. Атап айтқанда: бағдарлама бойынша жасалатын жұмыстың логикалық жағынан аяқталған әрбір кезеңіндегі оқу үдерісінің нәтижелері бойынша белгілі болған қателіктерді болжауды бақылау кезіндегі байланыстарды жүзеге асырады және ұсынылған жорамалды құптауға немесе оны жоққа шығаруға байланысты бүдан әрі іс-әрекет жасауға болатындығы жайында бағдарламалық кеңес алуға мүмкіндік туады.

Студенттердің кәсіптік құзырлылығын қалыптастырудағы негізгі құрал оқытудың ақпараттық-коммуникациялық технологиясы. Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар соңғы жылдары қарқынды даму үстінде, алайда педагогика теориясы мен практикасындағы алатын орны, басқа іргелі қатар анықталады.





Сурет 4- Студенттердің ақпараттықкоммуникациялық технологиялар негізінде кәсіптік құзырлылықтарын қалыптастырудың кескіні
Сонымен, ақпараттықкоммуникациялық технологиялар негізінде информатика мамандығы студенттерінің кәсіптік құзырлылығын қалыптастырудың мәні мынада:

Біріншіден, басқа оқу орындарындағы курстармен салыстырғанда мұнда ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың барлық түрлерін жеткілікті деңгейде меңгеруге уақыт бөлінген.

Екіншіден, кәсіптік технологиясы бойынша «компьютерлік сауаттылық» пәнінің мазмұны информатика мамандығы студенттерінің кәсіптік құзырлылығын қалыптастыру талабына сәйкес іріктелген.

Үшіншіден, информатика мамандығы студенттеріне арналған кәсіптік технологиясы бойынша «компьютерлік сауаттылық» пәні оқытудағы практикалық мақсатты орындауға, яғни ақпараттықкоммуникациялық технологияларды әртүрлі салаларда еркін пайдалана алатындай мамандар дайындауына мүмкіндік береді.

Ақпараттықкоммуникациялық технологиялар негізінде информатика мамандығы студенттерінің кәсіптік құзырлылығын қалыптастыруға тиісті біліктіліктер мен дағдылар жүйесінің құрылымында ақпараттық-коммуникациялық біліктіліктер мен дағдыларға (АКБД) байланысты буындар бар.

Мұндай буындардың құрамын көрсетіп, оларды қалыптастыруға қажетті оқу-ұйымдастырушылық шараларды, оқу-әдістемелік және бағдарламалық-әдістемелік құралдарды анықтау едәуір деңгейдегі психологиялық-педагогикалық мәселе болып табылады. Біз, әрі бағыттағы ғылыми зерттеуімізде М.Ә. Құдайқұловтың, З.А. Решетованың, Е.З. Смирнованың ұсынған әдістерін басшылыққа алдық.

Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар негізінде информатика мамандығы студенттерінің кәсіптік құзырлылықтарын қалыптастыруға тиісті АКБД жүйесі құрылымының негізгі бөліктерін төмендегіше анықтадық:

- қарапайым формулалар бойынша есептеулер жүргізу;

-негізгі және қолданбалы компьютерлік бағдарламаларды (мәтіндік және кестелік процессорлар, мәліметтер қорын басқару жүйелері, Интернет желісі және т.б.) пайдалана білу;

- ақпараттық моделдеу;

-ақпараттықкоммуникациялық–ұйымдастырушылық біліктіліктер;

- өздігінше ақпараттық-коммуникациялық білімін жетілдіру.

АКБД жүйесіндегі әрбір сапаны қалыптастыру оқу үдерісіне ақпараттықкоммуникациялық технологияларды енгізу, оқу-әдістемелік құралдарды мазмұны ғылыми эксперименттік жұмыс нәтижесінде анықталады. Мамандар дайындау және бірқатар жаңа әдістемелерді енгізу арқылы орындалады.

Сонымен, ақпараттықкоммуникациялық технологиялар негізінде информатиака мамандығы студенттерінің кәсіптік құзырлылықтарын қалыптастыруды қамтамассыз ететін дидактикалық шарттар болып, оқытуда пайдаланылатын ақпараттықкоммуникациялық технологиялар материалдарын сұрыптап таңдау;

- ақпараттықкоммуникациялық технологияларды пайдаланып оқытылатын сабақ түрлерін дұрыс жүйелеу;

- ақпараттықкоммуникациялық технологияларды пайдаланып оқыту барысында тиімді әдістерді қолдану;

- ақпараттықкоммуникациялық технологияларды пайдаланып оқытуда техникалық және технологиялық құралдарды орынды пайдалану;

- ақпараттықкоммуникациялық технологияларды пайдаланып оқытуда қолданбалы бағдарламалар кешенін пайдалану;

- ақпараттықкоммуникациялық технологияларды пайдалануға байланысты арнаулы дайындалған бағдарламаларды және әдістемелік нұсқауларды қолдану саналады.

Жоғарыда келтірілген кескінді негізге ала отырып, студенттердің ақпараттықкоммуникациялық технологиялар негізінде кәсіптік құзырлылығын қалыптастыру өлшемдерін көрсетуге болады. Яғни,

ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың іргелі ұғымдарының (ақпарат, ақпараттық үдерістер, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар) мән – мағынасын түсінуі;

- компьютердің негізгі бөліктерін ажыратып, олардың өзара әрекеттесуін түсіндіруі, әртүрлі жұмыстар жүргізуге қажетті алгоритмдерді сұрыптап, компьютерге арналған бағдарлама түрінде жазуы;

- оқу орындарында қолданылатын бағдарламалардың жүктемесін жасауы және оларды пайдалана білуге дағдысы;

- моделдеуге қажетті әдістер мен алгоритмдерді сипаттауы және дайын компьютерлік моделдерді пайдалануы саналады.

Осы өлшемдер арқылы студенттердің ақпараттық-коммуникациялық технологияларды негізінде кәсіптік құзырлылығын қалыптастыру деңгейін анықтауға болады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет