3 І. Оқу-тәрбие процесінде оқушыларға экологиялық білім мен тәрбие берудің теориялық негіздері



бет3/4
Дата11.06.2016
өлшемі319.5 Kb.
#127560
1   2   3   4

Практикалық өлшем – табиғат қорғауға байланысты практикалық іс-шараларға қатысуын, бұл істі қажетті деп санауын, оған қатысу себепті (мотив) дәлелдерін сөзбен іс бірлігін анықтайды. Оқушылардың табиғатқа жауапкершілік қатынасының деңгейін анықтап, тексеру мақсатында №30 мектебінде тәжірибелік-эсперимент жүргізілді. Олардың экологиялық деңгейін зерттеу, жекелей және жаппай сауалнамалар, анкеталар, тест әдістер арқылы іске асырылды.

Оқушылардың табиғатқа жауапкершілік қатынасының интеллектілік, эмоциональдылық, практикалық өлшемдері бойынша жоғары, орта, төмен деңгейлерін зерттей отырып, жасаған тұжырымдаманы пайдаландым.

Жоғары деңгей: экологиялық білімді жақсы меңгерген, оның күнделікті өмірде қажеттілігін, сонымен түсінеді, теория жүзінде алған білімін өмірмен ұштастыра алады, табиғат пен қоғамдағы өзгерістерді эмоциональды тұрғыда қабылдайды, табиғи орта қорғауға арналған іс-шараларға белсене араласады, өздігімен ізденеді.

Орта деңгей: экологиядан білімі бар болғанымен оны күнделікті өмірмен байланыстыра бермейді, табиғат пен қоғамдағы өзгерістерді байқаған, эмоциональдық сезіммен тұрақты қабылдай алмайды, табиғи ортаны қорғауға арналған іс-шараларға қатысу барысында ішінара белсенділігін көрсетіп отырады.

Төмен деңгей: экология білімін нашар меңгерген, оны өмірде қажеттілігін түсінбейді. Табиғат пен қоғамдағы өзгерістерге мән бермейді. Тірі ағзалардың өзара және бейорганикалық табиғатпен әрекеттесуінің нәтижесінде пайда болған қауымдастықты экологиялық жүйеге жатқызамыз. Ағзаларға әсер ететін экологиялық факторлар, абиотикалық, биотикалық және антропогендік болып жіктеледі.

Заттардың биохимиялық айналымы дегеніміз – олардың табиғаттағы алмасуы мен ауысып өзгеруінің циклді үрдісі болмақ.

Табиғаттың өзіндік дамуына байланысты айтылған жүйелер арасында биохимиялық айналымның жылжымалы тепе-теңдігі орнығады.

Адамның табиғат заңдарын ұстамауы өндірістік іс-әрекеттерінің әсерінен экожүйе бөліктері арасында тепе-теңдік бұзылар.

Яғни, жер климатының біртіндеп, жылынып, озон қабатының тесілуі, өсімдіктер мен жануарлар дүниесінің азаюы т.б. мысалы болады.


ІІ. Оқушыларға экологиялық білім мен тәрбие

берудегі тәжірибелік жұмысы
2.1. Оқу процесінде сабақта экологиялық

білім мен тәрбие беру
Егемендік алған республикамыздың келешегі және ұрпақтарды тәрбиелейтін орта мектеп өзіне жүктелген әлеуметтік міндетті атқару үшін ондағы игерілетін білім мазмұны бүгінгі талапқа сай жаңартылуы тиіс. Сонымен бірге білім байлығын, табиғаттың ерекшелігін терең оқып білу арқылы өз халқының дүние жүзілік мәдени мұраға орны мен үлесін білуін, әр оқушының қабілеттік дамытуға, әрбір ұлттық мектептің ішкі мазмұнының атына сай болуын қамтамасыз ету – қазіргі өмір талабы.

Осыған байланысты мектептегі экологиялық білім негізін құрайтын жаңа пән – экология курсы болуы керек. Бұл ғылым жаратылыстану ғылымдарымен қатар әлеуметтік бағыт – бағынқы қамтуы (№1-Сурет).

Экология курсының алдына қойған негізгі мақсаттары мен міндеттері төмендегідей:


  • оқушылардың жаратылыстану пәндерінен алған білімдерін дамыта отырып, айнала қоршаған орта туралы көзқарастарын қалыптастыру;

  • экология ғылымы туралы алғашқы түсініктерді дамыту;

- табиғат, қоршаған орта, зат аламсу, табиғатындағы қарым-қатынастарға ғылыми-тәрбиелік деңгейде талдау жасауға үйретуі.

Экология ғылымының зерттеу облыстары – популяция, биоценоз және экожүйе туралы табиғаттану, география, ботаника, зоология, химия, физика пәндерінен алған білімдері негізінде биосфераның деңгейінде оқып-үйренуге баулу.

№1-сурет

Оқушыларға экологиялық білім мен тәрбие берудің үлгісі

Экологиялық білім мен тәрбие берудің мүмкіндіктері


Мектептен тыс жұмыстар: танымжорық, наурыз мерекесі

Сыныптан тыс жұмыстар (апталық, үйірме және т.б.)



Факультатив

«Этноэкология»



Биологиялық курс

«Экология»









Экологиялық білім және тұлғаның адамгершілік қатынасы: табиғат, қорғау, аялау және т.б.

Айтылып отырған мақсат-міндеттерге байланысты экология курсы бойынша әрбір оқушы меңгеруі тиіс оқу материалдары төмендегідей мәселелерді қамтиды:

- Айналаны қоршаған ортаны кез-келген өзгерістеріне ластануына бақылаужәне оның себеп-салдарын ашып, ғылыми тұрғыда баға беруін дағдыландыру;

- Табиғатты қоршаған орта, ондағы қарым-қатынастар, зат алмасу процестерінің жүру заңдылықтары;

- Табиғат ресурстары, тірі организмнің биологиялық және геохимиялық ролі;

- Экологиялық және антропогендік факторлар, экожүйенің өзгеруі, оны қалпына келтіру жолдары;

- Биосфера шегіндегі геохимиялық заңдылықтар, оны реттеудің қазіргі заманғы бағыттары;

- Жергілікті аймақтардың және жер шарындағы экологиялық проблемаларды түсініп, оны шешу жолдарын өз бетінше іздестіру[27,28].

Жоғарғы тұжырымдарды ескере отырып, биология, химия, география, физика оқу бағдарламаларына анализ жасауға болады.

Биология пәнін оқу бағдарламасын зерттеу барысы, экологиялық білімнің мынадай элементтеріне оқушылар биология курсында игеруге тиісті екені анықталды.

Биология – адамның денсаулығы және табиғи ортаның көрсеткіштері. Биосфера – тіршілік бар шекарадағы біртұтас деңгейдегі жүйе. Биосферадағы тірі табиғаттың қызметі, биологиялық жүйке, табиғи, антропогендік фактордың әсер етуі табиғи орталық байлығы адам денсаулығының кепілі: практикалық, эстетикалық, танымдық, адамгершіліктің қоршаған табиғи ортаның құндылығы.

География пәнінің оқу бағдарламасында зерттеу жүргізілу барысында экологиялық білімнің мынадай элементтерін оқушылар география курсында игеруге тиіс екендігі анықтайды.



География. Географиялық ортада өмір сүретін орта және адамның қызметі өндірістің территориялық комплекстері – қоғам мен табиғаттың өзара әсерлесуінің саналы жаңа кезеңдері. Адам қызметінің табиғи ортаның өзгеруін бағалау. Адам қоғамының дамуының табиғат жағдайларына ықпалы. Мемлекет табиғи-әлеуметтік жүйе: өндіруші күшпен өндірістік қатынастың даму деңгейі. Табиғи және экономикалық потенциал. Қала экологиясы. Экологиялық мәселелер: глобальды, аймақтық, жергілікті. Табиғатты қорғауда шара қолданудың экономикалық тиімділігі. Табиғи ортаны бағалау және бақылау.

Химия пәнінің оқу бағдарламасына зерттеу жүргізілу барысында экологиялық білімнің мынадай элементтерін оқушылар химия курсында игеруге тиіс.



Химия: ортаның химиялық өлшемдерінің нормасы. Олардың адамның химиялық іс-әрекетінің нәтижесін өзгеруінің шегі мен бағасы. Химия өндірістерін экологияландыру: қалдықтарды тазалау және залалсыздандыру, металдарды тотығудан сақтау. Қоршаған ортадағы химиялық заттарды нормаға келтіру. Қоршаған ортаның химиялық жағдайын бақылау.

Физика пәнінің оқу бағдарламасына зерттеу жүргізілу барысында экологиялық білімнің мынадай элементтерін оқушылар физика курсында игеруге тиіс.



Физика: адамды қоршаған ортаның физикалық параметрлері, олардың физикалық антропогенді әсерлердің нәтижесінде өзгеруін бағалау: шудың деңгейінің жоғарылылығы, радиация, электромагниттік сәулелену, шаңмен ластану және т.б. Қоршаған ортаға тасталынған физикалық қалдықтар нормасы.

Физика, биология, химия, география пәндерінің оқу бағдарламаларының барлық мүмкіндіктерін оқып, зерттеу оқушылардың пәнаралық байланысты экологиялық білім мен тәрбие берудің зерттеуші моделінде комплексті түрде жүзеге асырудың кестесін жасауға мүмкіндік берді.

Оқушылардың экологиялық тәрбие беруде мектепте оқытылатын әр пәннің өзіндік ерекшелігі болатындығы сияқты, пәнаралық байланыс арқылы биология, химия, география, физика т.б. сабақтарында өзіндік ерекшеліктері бар. Оқушыларға экологиялық білім мен тәрбие беру ісін мектеп тәжірибесінде жаратылыстану ғылымдары арқылы іске асыру қазіргі уақытта дәстүрге айналуды. Биология, география, химия, физика т.б. пәндерде оқушы бойына табиғатты қорғауға баулитын сан түрлі тсезімдері оятудан гөрі табиғат туралы білім фактілерін жинақтап беру басым.

Мәселен, пәнаралық байланыс арқылы экологиялық тәрбие беру мақсатында жүргізіліп жүрген физика сабақтарына тоқталайық. 8-шы сынып оқушыларына физика курсының «Газдардағы, сұйықтардағы, қатты денелердегі диффузия» тақырыбына өткізілетін сабақты қарастыруға болады. Бұл сабақта физикасына көп көңіл бөлінбей диффузия құбылысы арқылы экологиялық тәрбие беру мақсатында, оның экологиялық мазмұнына басқа пәндермен, табиғатпен байланысына, оны қорғауға баса көңіл бөлінеді. Бұл сабақта өсімдіктерге, жануарларға және топырақ қалай ластанатынын көрсету керек. Мысалы, географиядан «Атмосфералық таза ауаны сақтау тәсілі», «Биосфераға адамның ықпалы», биологиядан «Клеткаға заттардың түсуі», «Өсімдіктердің өмір сүру жағдайы».

Осы тақырыптарға байланысты оқушыларға көрнекілік жасап, соны жетік түсіндіру керек.

Соңғы кезде көп пайдаланып жүрген дәстүрлі емес сабақ түрлері (лекция, конференция, пікірталас, семинар, т.б.) мұғалімдерге шығармашылықпен жұмыс істеудің көптеген мүмкіндіктерін ашып берді.

Семинар сабақта оқушылар алған білімінің тиянақты екенін көрсетіп, берілген сұрақтарды шешуге белсене қатысады.

Экологиялық тәрбие беру практикасында ойын әдістері көп қолданылуда

Экологиялық ойын – экологиялық білім берудің бір формасы. Ұстаздық тәжірибеде және түрлі жарияланымдарда ойынға қатысты көптеген термин түсініктер бар: (ұйымдық, іс-қимылдық, ойын, оқыту ойыны, педагогтық ойын, еліктеу ойыны, іскерлік ойын, рөлдік ойын, т.с.с.).

Экологиялық рөлдік ойын – экологиялық іс-әрекеттердің әлеуметтік мазмұнын, моделдеуге негізделген экологиялық ойын түрі. Ойынға қатысушылар белгілі бір рөлдерде ойнайды. Бұл ойынға қатысушыларды шын өмір жағдайына жақындата түседі. Рөлдік ойынды өткізу арнайы дайындықты талап етеді. Өйткені, болашақ мамандар өздерінің мамандықтары төңірегінде білімдерін жетілдіруі тиіс. «Космостық экспедиция» ойынын жүргізуге болады. Яғни, белгісіз ғаламшардан келген ғылыми топ біздің планетамыз туралы есеп беруге тиісті. Оған қоса экспедиция мүшелерін жердегі адамдармен қандай да бір байланыс жасауға тыйм салады. Экспедиция құрамына зоолог, ботаник, геолог, физик, химик, океанолог, палентолог кіреді.

1. «Сот процесі» ойыны экологиялық құқықтану білімін игеруге бағытталған ойын түрі. Бұл ойын экологиялық апатқа жол бергенге завод әкімшіліктердегі сот процесін көрсетіп, ойналады. Қатысатындар: прокурор, қорғаушы, кінә тағушы, куәгерлер, эксперт. Көрсетілген ойын сөзсіз жоғары сынып оқушыларын оқытуда қолдануға болады.

2. «Табиғат қаласы» ойынына жоғарғы және орта сынып оқушылары, сондай-ақ мұғалімдер қатыса алады. Қалада төмендегідей мекемелер құрылады:

1. Ботаникалық бақ. Өсімдіктер туралы викториналар.

2.Зоопарк. Жануарлар туралы викториналар, суреттер галереясы.

3. Табиғат тақырыптарына арналған карталармен танысу.

4. Ертегілер әлемі. Табиғат туралы жұмбақтар шешіледі.

5. Концерт залы. Табиғат тақырыбына арналған шумақтар.

6. Көркемдік салоны. Сурет көрмесі.

7. Кітапхана. Табиғат туралы кітаптар көрмесі.

8.Табиғат үсті. Плакат, фотографиялармен иллюстрацияланған табиғат тақырыбындағы баяндамалар. Ойын соңында қорытындысы айтылып, мерекемен аяқталады.



2.2. Сыныптан тыс жұмыста оқушыларға экологиялық

білім және тәрбие беру
Қазіргі таңда экологиялық проблемалардың зардаптық көлемі ұлғаюына байланысты жас ұрпақтың экологиялық көзқарасын қалыптастыру деп отырмын. Ол үшін оқушылардың экологиялық білімді игеруі мектептегі оқу-тәрбие жұмысында екі түрлі бағытта жүргізілетіні анықталып отыр.

Біріншіден сабақ оқытудың барысында экологиялық мәселелердің бір-бірімен байланыстырылған ғылыми негізінде қабылдаса, екіншіден сыныптан тыс уақытта жүргізілетін тәрбие жұмыстары нәтижесінде, олар табиғат пен қайта түлеген ортаға тиімді ету жөніндегі нақты білім мен практикалық тәжірибені, іскерлік пен дағдыны меңгереді.

Сондықтан экологиялық білім беруге әр түрлі әдістерді пайдаланамыз: олар табиғатқа экскурсия, экологиялық үйірме, факультативтік сабақтар және сыныптан тыс тәрбие жұмыстары: экологиялық білім беру және тәрбиелеудің мақсаты мектеп оқушыларының қоршаған ортаның жай күйі үшін азаматтық борышын қалыптастыруды қамтамасыз ететін ғылыми білім, шеберлік, көзқарас пен сенім жүйесін орнықтыру болып табылады.

Сыныптан тыс жұмыстарда оқушылардың экологиялық білімдері мен біліктерін қалыптастыру мұғалімнің шеберлігіне, оның жалпы кәсіби білімі мен сабақтан тыс жұмыстарды ұйымдастыру қабілетіне байланысты. Осының бәрі бір-бірімен үйлесімді жүруі оқушылардың экологиялық білімдерінің дамуына жол ашады.

Біздің зерттеуіміз көрсеткендей, сыныптан тыс жүргізілетін экологиялық жұмыстардың басты міндеттері:

1. Оқушылардың экологиялық білімдерін дамытып, оқу іс-әрекетінде белсенділіктерін арттыру, яғни, бағдарлама бойынша берілген экологиялық материалдарды тең меңгеруіне көмектеседі.

2. Сыныптан тыс экологиялық жұмыстар өткізу және оған дайындық барысында оқушылардың бақылау жүргізуіне, қарапайым тәжірибелер қоя білуіне, белгіленген әдебиеттерді оқуына мүмкіндік берді.

3. Сыныптан тыс жұмыстар практикалық процесте оқушылардың іскерлігін арттыру бағытында жүргізілетіндіктен экологиялық білім мен тәрбие беруде олардың табиғатты аялауға, қорғауға, имандылыққа, сезімталдыққа тәрбиелеу.

Сыныптан тыс экологиялық жұмыстардың алуан түрлері бар, бірақ олардың әрқайсысының өзінің ерекшеліктері бола тұрса да, бір мақсаттылыққа жұптасып ортақ талаптарды іске асырады.

1.Сыныптан тыс жұмыстардың түрлеріне қарай оқушыларды қалыптастыру тек қана ерікті болуы тиіс.

2.Қандай да жұмыстың түрі болса да, оның қоғамдық және қолданбалы бағыты болуы керек.

3.Сыныптан тыс және мектептен тыс жүргізілетін экологиялық жұмыс түрлерін анықтағанда оқушылардың ынта-ықыласына, талабына, бейім-қабілеттеріне мен құштарлығына сүйенген жөн.

4.Ұйымдастырылған қандай да бір экологиялық жұмыс түрі болмасын оқушылардың белсене қатысуына, ізденушілікке бағыттайтындай болу керек.

5.Балалармен жүргізілетін жұмыстардың әр түрінде жүргізілетін жұмыстардың әр түрінде экологиялық бағыт-бағдар басым болғандығы дұрыс.

6. Бұл жұмыстар нәтижелі болу үшін нақты белгіленген күні, мерзімі және айқын белгіленген кестесі болуы қажет.

7. Сыныптан тыс және мектептен тыс экологиялық жұмыстарға оқушыларды түгел қатыстыру жағын ойластыру қажет.

8. Экологиялық жұмыс жүргізгенде оқушылардың жас ерекшеліктерін, өмір тәжірибелерін, бейім-икемділіктерін ескеру қажет.

Менің ойымызша экология курсының жүргізілетін экологиялық мазмұндағы сыныптан тыс жұмыстардың рөлін арттыруына мынадай жағдайлар әсер етеді:

1. Сыныптан тыс жұмыстардың жан-жақты болуы, білім және тәрбие беру әдістемесінің сапасын көтеруге әсерін тигізді.

2. Мектеп бағдарламасында оқу материалын экологиялық жұмыстармен байланыстыру барысында, оқушылардың білімін жан-жақты жетілдіруге мүмкіндік береді.

Сабақ мазмұндары мектеп бағдарламасында шектеулі болуына байланысты күнделікті өмірде болып жатқан ғалми техникалық, экологиялық өзгерістерді кеңінен қамти алмайды. Сондықтан тек қана іскерлікпен ұйымдастырылған сыныптан тыс жұмыстарды жаңа материалдардағы өзгерістерді кең түрде қолдануға болады.

Осыған байланысты сыныптан тыс оқушыларға экологиялық білім беру факультатив сабақтар мен табиғи ортадағы жұмыстар жүргізілуі керек.

Қазақ халқында табиғат пен адам арасындағы байланыс өте ертеректен келе жатқаны бәрімізге мәлім. Табиғаттың сансыз сыры мен құбылыстарын түсіндіруге ұмтылу, халықтың бойында ақыл санасында табиғат жайындағы танымды табиғатты аялаудың қажеттілігі жайында ұғымдарды белгілі жүйемен жинақтауға талпынған. Халқымызда «табиғатым-тағдырым» деген нақыл сөз бар. Ежелгі дүниеде халқымыз табиғатқа, туған жерге, суға, өзі өмір сүріп отырған ортасына көп көңіл бөле білген.

Табиғат пен адам арасындағы тепе-теңдік бұзылмаған, халқымыздың ауыз әдебиетінде де осы табиғат, жер, су, өсімдік, жануарлары бар дүниесіне де өте мән берілген. Ата-бабамыздың өмірлік тәжірибесінен жинақталған, аңыз, әңгіме, нақыл сөз, мақал-мәтелдернен халық даналығын танып білуімізге болады. Мысалы:

Жаздың бір күні

Қыстың мың күніне татыр –

деп жаздың жайма шуақ, елге сондай жайлы екендігін тілге тілек етсе, ал мына бір мақалында:

Тау мен тасты су бұзар,

Адамзатты сөз бұзар

дейді, яғни адам мен табиғатта болатын өзгерістермен байланыстыра отырып атады. Жер қадірін жете түсінген, жаз – жайлауда, қыс – қыстауда жүргенде, жайлық жерін тоздырып алмауды ойлаған.

Тау кезеңсіз болмайды,

Өлке өзенсіз болмайды –

деп өмірі көшіп-қонудан басталған халқымыздың даналығының бастауы болған табиғат сырын игеріп, оның сан-алуан құбылыстарын түсінуге ұмтылды, табиғатпен тіл табысу, оның әр бөлшегін мал жанындай сақталуы өмір заңына айналдырылған. Асыл қасиетті мұраларын кейнгі ұрпаққа мирас етіп қалдырған. Ал біздің халқымыздың дәстүрді іске асыру, оны жалғастыру ата-бабамыздың асыл мақсаттарының орындалғаны, осы тұста негізгі тәрбие беру орталығы әрбір отбасы, бала-бақша, негізгі тәрбиенің жалғастырушы мен жандандырушы арнаулы орта мектептегі тәрбие мен білім беру сапасы екендігі белгілі.

Сондықтан да, мектепте экологиялық мәселелер бойынша оқу-тәрбие процесін белгілі бір жүйеге келтіріп, этноэкологиялық бағытта дұрыс жолға қойып, салт-дәстүрге жетелейтін бағытта бағдарламалар құру қажет.

Сондықтан сыныптан тыс өткізілетін жұмыстарға жете мән беріп, әртүрлі бағдарламалар шығарып, жаңа арна тәсілдер іздестіру қажет, өйткені, сыныптан тыс жүргізілетін жұмыстар жас жеткіншектерге оның ықпал әсері ерекше болмақ(№1-кесте).

Биология сабағында оқушылардың білімі мен икемділігіне қоятын талаптар.

№1-кесте

Білімі




Кіріспе

икемділігіне

Табиғатты қорғаудағы халық дәстүрі

Табиғаттың сансыз, сыры мен құбылыстарын түсінуге, табиғатты аялаудың қажеттілігі жөніндегі түсінушілік.

Қазақ халқының табиғатты қорғауға арналған дәстүрлері

Табиғатты қорғауға арналған дәстүрлерді игере білу.

Ауа-райының құбылыстарын бақылауға байланысты халық дәстүрлері

Ауа-райының құбылыстарын бақылауға арналған іс-шараларды білу.

Су қорғауға байланысты халық дәстүрлері

Өзен-көл суларына тиімді пайдалану, ластанудан сақтау

Өзен суларының ластану себебін анықтау, су қорын тиімді пайдалануды білу. Өзен туралы мақалдарды есте сақтап, әртүрлі іс-шараларға қатысу, табиғатты қорғау.

Пайдалы қазбаларды қорғауға арналған халық дәстүрлері

Адамдардың жер қойнауындағы пайдалы қазбаларды игеруде және шаруашылық қызметінің әсерінен өзгеріске ұшырауы. Жер қойнауын пайдаланып, оны қорғаудағы халық дәстүрі

Жер қойнауының адам баласы үшін ашылмаған сырларының көптігін білу. Жергілікті жердегі негізгі тау жыныстары мен минералды заттарды ажырата білу.

Топырақты қорғауға байланысты халық дәстүрлері

Топырақ эрозиясы, оны бақылауға арналған іс-шаралар, қазақ халқының топырағын аялап қорғау дәстүрлері

Қазақ халқының арасында эрозияға ұшыраған топырағын қорғаудың, қалпына келтірудің, құнарлығын арттырудың біреше тәсілдерін ажырата білу.

Табиғат аясына экскурсия

Туған өлке табиғатын тиімді пайдалануға және қорғауға арналған іс-шараны ажырату

Табиғаттың ережелерін сақтау, табиғат қорғауға арналған жұмыстарға қатысу.

Мектеп өміріне кеңінен орын-тепкен сыныптан тыс көп жұмыстың біден-бір түрі үйірме. Үйірменің түрлері көп.

1. Пән үйірмесі - әдебиет, тіл, тарих, физика, математика, химия, биология т.б.

2. Драмалық үйірме: көркем саз, би, фотосурет, радио үйірмесі.

Оқушыларға экологиялық білім беруге бағытталған сыныптан тыс жұмыстардың үйірме жұмысының алар орны өзгеше. Себебі, экологиялық білім беру жүйесінде үйірме жұмыстары ерекше міндеттер атқарады. Ол мынадай міндеттер:


  • сабақпен салыстырғанда сыныптан тыс уақытта экологиялық теория мен практика мәселелерін оқып, үйренуге мүмкіндік туғызады;

  • оқушылардың теориялық материалдарды меңгеруге экологиялық және табиғи қорғау мәселелерін дұрыс бағалай алатын практикалық дағдыларын дамытуды ұйымдастыру;

  • оқушылардың экологиялық қабілетін жетілдіре түсу үшін олардың әрқайсысының жеке мүдделеріне сәйкес көзқарастарын іс-әрекеттерін іске асыруға мүмкіндік жасау.

Сонымен қатар экологиялық үйірме арқылы оқушылардың экологиялық жұмыстарға белсенділігін өз бетімен сапалы ұғынуға, табиғи орта дүниетанымын қалыптастыратын экология курсына деген құштарлығын айтуға болады.

Мектепте өткізілетін үйірме жұмыстарының барысында «табиғатты аялаушылар» жұмыстарының негізгі мақсаты оқушыларға экологиялық білім беру, оны тереңдету, күнделікті өмірмен табиғи ортаны тікелей байланыста жүзеге асыруда біршама жұмыстар іске асырылады.

1. Үйірме отырыстарында күнделікті өмірмен, табиғи ортамен тікелей байланыста жүзеге асыру.

2. Жерді тиімді пайдаланумен, оның сапасын сақтауға көңіл бөлу.

3. Ауаның тазалығын сақтауын дағдыландыру.

4. Жаңадан отырызылған балауса шыбықтарды қорғауға үйрету.

Оқушыларға табиғат қорғауға баулу жұмыстары ішінде экологиялық мүмкіндіктерінің өзіндік орны бар, оқушылардың экологиялық қорғау әдет дағдылары табиғи ортада іске асырылмақ.

Экологиялық мүмкіндік оқушыларға не бермек?



  • жаратылыстану ғылымдарынан алған білімдерін тиянақтауға;

  • табиғатқа деген сезім құштарлығын арттыруға;

  • табиғатпен тікелей байланыста болу нәтижесінде дұрыс мінез-құлықтың, сапалы қарым-қатынастың қалыптасуына;

  • табиғат байлығын күтіп, баптауға, бақылаулар жүргізуге, ұқыпты қарауға баулиды.

Қазіргі уақытта біздің елімізде үйірмелер аз емес. Осы үйірмелер оқушыларды табиғат қорғауға тәрбиелеуде айтарлықтай нәтижелер беріп отыр[29,30].

Ал, биология пәні бойынша пәндік апталықтар өткізуге болады. Біз «Табиғатым – тағдырым» атты апталық өткізуге тырыстық.

Бағдарламасы

«Табиғат – тағдырым» атты экологиялық апталықтың жоспары

№2-кесте



Күні, уақыты

Экологиялық апталық бағдарламасында жүргізілетін, іс-шаралар, жұмыс түрлері

1.

6.02.06

сағ. 14:00



Апталық ашылу салтанаты, оның бағдарламасымен таныстыру, апталыққа қатысушы қонақтардың тілегі мен пікірлері

2.

7.02.06

сағ. 14:00



«Халық жүрегінде–табиғат тағдыры» халқымыздың ақын-жазушыларының әңгімелерін, өсиет сөздерін сахнада көрініс түрінде бейнелеп, мағынасын түсіндіре отырып, өнеге алу бағытында өткізу

3.

8.02.06

сағ. 14:00



«Ата-бабам айтқан сөз» халықтың мақал-мәтелдерін, қасиетті сөздер, көркем сөздері

4.

9.02.06

сағ. 14:00



«Табиғат адамның алтын бесігі» табиғат пен адамның біртұтастығын айту

5.

10.02.06

сағ. 14:00



«Табиғатты қорғау» КВН етіп өткізуге болады

6.

11.02.06

сағ. 14:00



«Табиғатым – тағдырым» қорытынды кеш:

1. Кеш қонақтарының пікірі

2. Озық нөмірлер жеңімпаздары

3. Викториналық сұрақтар «Алтын сандық» ойыны

4. Музыкалық сәлемдемелер /2-4 нөмір/

1.1. Сахналық көрініс: «Жер-Ананың күңіренуі» сахнада жердің құрғап, тілім-тілімі шыққан көрінісі. Аударылған қайық, өлген балықтар. Қара жамылған жер ана қайғылы күйде отыр. «Қорқыттың күйі» бүкіл залда мұңды зарымен күңіреніп тұр. Еңкейген кәрі шал-жолаушы таяққа сүйеніп келе жатыр, елдің барлығы туған жерін, үйін тастап кеткен, жолуашы жер анаға кездесуге келе жатыр.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет