Дара сөздер
Абзалы
Аиналасы
Ақыры
Алғаны
Алды
Асты
Асылы
Аяғы
Аясы
Әуелі
Бәрі
Бұнысы
Ғажабы
Ғұмыры
Дені
Жаны
Жүзі
Зады
Заты
Кемі
Керегі
Күрделі сөздер
Айы-күні
Ақты-қарасы
Алды-арты
Анық-қанығы
Арқа-басы
Асты-үсті
Аты-жөні
Аузы-басы
Аузы-мұрны
Аяқ-басы
Аты-заты
Арқа-жеңі
Ара-арасы
Ауыр-жеңілі
Бар-жоғы
Бас-аяғы
Басы-көзі
Бәрі-бәрі
Бет-жүзі
Беті-қолы
Бір-бірі
Көріп отырғанымыздай, тәуелдік жалғауының III жақ көрсеткіштері көнеленуі арқылы:
а) зат есімдерден зат есімдер жасайды: аты-жөні, ойы-қыры,
аузы-мұрны, т.б.
ә) зат есімдерден үстеулер жасайды: қысы-жазы, күні-түні, күндіз-түні, т,б.
б) зат есімдерден қыстырма сөздерді жасайды: шамасы, заты,
т.б.
н) сан есімдерден зат есімдерді жасайды: үші, жетісі, жүзі,
қырқы т.б.
г) сын есімдерден қыстырма сөздер жасайды: асылы, дұрысы,
қысқасы, т.б.
ғ) есімдікгерден есімдіктер тудырады: қайсы, қайсысы, несі, бәрі;
д) көмекші есімдер жасалады: асты, үсті, алды, арты;
е) шылаулар пайда болады: себебі, мейлі;
ж) етістіктерден зат есімдер тудырады: алғаны, т.б.
Тәуелдік жалғауларының III жақ көрсеткіштері түбірге кірігу, көнеру әрекетіне қарай екіге бөлінеді: 1) түбірге дара күйде кіріккен тәуелдік жалғаулары; 2) түбірге қабаттаса кіріккен тәуелдік жалғаулары.
Бірінші топқа түбірге дара күйінде кіріккен тәуелдік жалғаулы сөздер жатады. Мысалы: Айналасы он бес-жиырма күннің ішінде романның соңғы, түйінді тарауларын жазып тастады (М.Мағауин). Осы сөйлемдердегі айнала+сы тәрізді сөз бір ғана тәуелдік жалғауының кірігуінен пайда болған. Ал екінші топ, яғни бір түбірге қабаттаса кіріккен тәуелдік жалғаулары кеңірек тоқталғанды қажет етеді. Тәуелдік жалғауларының III жақ көрсеткіштерінің бір түбірге қабаттаса кірігуі де өзіне тән ерекшеліктерінің бірі болып саналады.
Достарыңызбен бөлісу: |