3 І тарау. Қосымшалардың түбірге кірігу әрекеті тілдің ішкі даму заңдылығы



бет18/27
Дата08.10.2024
өлшемі5.04 Mb.
#504437
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   27
Тәуелдік жалғау туралы түсінік (4)

Көмекші есімдер
Тілде тәуелдік жалғауының түбірге кірігуі арқылы көмекші есімдер тобы пайда болып, басқа сөздермен де тек осы тұлғада ғана байланысады. Көмекші есімдерден біз тек өлі түбірлерге кіріккен күйде кездесетін түрлерін ғана қарастырдық. Ашып айтсақ, "көмекші есімдердің арасында осы күнде тілімізде тәуелдік жалғауынсыз қолданылмайтындары да бар: алды, арты, асты, үсті дегендер — осындай көмекші есімдер. Бұлардың әу бастағы негізі — тіліміз дамуының арғы бір кезендерінде дербес қолданылуы әбден ықтимал алд-ал, арт-, аст-ас, үст-үс деген үлгіде қалыптасқан кеңістік мәнді есімдер. Бұлар көптік тұлғада қолданылғанда, бастапқы түбірі байқалып қалады: ал-дар-ы, арт-тар-ы, ас-тар-ы, үс-тер-і. Бірақ бұлардың қазір түбір күйінде дербес мағыналы сөз ретінде қолданылмайтыны мәлім" [45, 449-450]. Демек тәуелдік жалғауы түбірге кірігу әрекетінің негізінде өзі жалғанған түбірдің көнеленіп, өліге айналуына әсер еткен. Бүгінде тәуелдік жалғауымен бірігіп келіп, көмекші есімдер тобын құрайды. Бұл сөздердің сөз табы ретінде танылуында тәуелдік жалғауының атқарар қызметі зор. Мәселен, ғалым Ғ.Әбухановтың мына пікірі біздің ойымызды қуаттай түседі: "Қазіргі қазақ тілінде сөз табы ретінде танылмайтын және дербес лексикалық бірлік ретінде қолданылмайтын "ас(т), үс(т), ал(д), арт, қас, жан" тәрізді сөздер тобы бар. Бұл сөздер изафеттік тіркестің құрамында тәуелдік жалғау формасында келуі арқылы ғана көмекші ретінде танылады. Біз бұл сөздердің сөз табы ретінде қолданылуында тәуелдік жалғауларының ерекше рөл атқаратындығын баса айтқымыз келеді".
Тәуелдік жалғауының көмекші есімдер түбіріне кірігіп кеткендігін төмендегіше белгілер арқылы да дәлелдей аламыз:
1) Тәуелдік жалғауы бұл тұста сөзжасамдық қызметті атқарып тұр. Мысалы: Ауыл үсті той өтіп жатқандай мәре-сәре, әскердің алды өз қостарына жеткенде, арты әлі үзілген жоқ (Қ,Жұмаділов). Осы сөйлемдердегі үсті, алды, арты көмекші есімдерінің әуелгі түбірлері үст-, алд-, арт- бүгінде өлі түбірлер саналады, ал тәуелдік жалғауының кірігуі арқылы олардан лексикалық бірліктер жасалған. Бұл — тәуелдік жалғауының сөзжасамдық қабілетін танытады.

  1. Қазіргі уақытта тілде бұл көмекші есімдерді түбір-қосымшаға
    бөлшектемей, бір бүтін сөз ретінде қолданамыз. Мысалы: Қазандық
    асты аузы-мұрнынан шыққан күл (С.Жүнісов) деген сөйлемдегі
    асты көмекші есімін аст "түбір"+ы "қосымша" деп жеке-жеке
    талдар болсақ, әуелгі түбір өз мәнін жойған болар еді. Сондықтан
    да оларды бір лексикалық бірлік ретінде қабылдаймыз.

  2. Бұл тұста тәуелдік жалғаулары түбірге кірігу әрекеті арқылы
    кеңістік ұғымын тудырады. Мысалы: Алды белестен асып, арты
    жаңа көтерілген жүйріктер енді бір кезде қалың шаңды келесі
    жазықтан бір-ақ бұрқ еткізді (СЖүнісов). Берілген сөйлемдегі
    алды, арты кеңістік ұғымын тәуелдік жалғауы түбірге кіріккеннен
    кейін ғана толықтай иеленген.

  3. Аталған көмекші есімдер сөйлемде ілік жалғаулы сөздермен
    матаса байланыста келеді.




  1. Тәуелдік жалғауы "алд-, арт-, аст-, үст-" тәрізді өлі
    түбірлерге кірігу арқылы көмекші есімдер тобын толықтырған.

  2. Бұл көмекші есімдер сөздіктерде жеке сөз ретінде осы
    күйінде берілген. Мәселен, "Қазақ тілінің сөздігінде" олар
    төмендегіше түсіндіріледі.

Бұл тұста тәуелдік жалғаулары түбірге толық түрде кірігіп, бүгінде тілімізде өлі саналатын түбірлерден дербес сөздер жасап отыр.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   27




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет