Көсемше. Қазіргі тілімізде көсемше формаларын өзінің құрамында өлі элемент ретінде сақтаған, бір кездерде етістікті түбір мен көсемшенің грамматикалық қатынасқа түсуі нәтижесінде лексикаланған сөздер көптеп кездеседі. Яғни, көсемше формаларымен көнеленген сөздер өзінің функциясына қарай үстеулер қатарына өткен... Сөзжасамдағы бұл тәсіл тіл қолданысында бірден іске аса салатын тілдік құбылыс емес. Ол ұзақ жылдардың ішінде сұрыпталып, мағыналық жақтан, қолданылу аясы жағынан әбден екшеленіп, ерекшеленіп кңлыптасатын құбылыс. Демек көнеру, кірігу әрекеті арқылы көсемшенің кейбір формалары сөзжасам тәсіліне қатысады. Бұл көсемше көрсеткіштерінің өзіндік қозғалыс мағынасы мен лексика-грамматикалық қасиеттерін жойып, сөз тудырушылық қабілетке ие болуынан көрінеді. Тілдің тарихи дамуы барысында кейбір көсемше формалары түрлі семантика-морфологиялық өзгерістерге ұшырап, қызметі мен мағынасынан айырылып, өзі жалғанған түбірлерге кірігіп, сіңісіп кетеді. Көсемшелердің түбірге кірігу әрекеті өте ерте замандардан басталып, күні бүгінге дейін жалғасын тауып келеді.
Көсемшенің түбірге кірігу әрекеті (лексикалануы) туралы Ә.А.Жүмағұлона диссертадиялық жұмысында қысқаша түрде айтып өткен. Ал 2002 жылы жарық көрген "Қазақ тіліндегі көсемшенің мағынасы мен қызметінің дамуы" атты еңбегінде көсемшенің сөзжасамда атқаратын қызметіне арнайы тоқталған. Антор көсемшенің лексикалану әрекетін талдай келе: "... Үстеу жасаған көсемше тұлғалы етістіктер өздерінің лексикалық мағынасынан алшақтап, мүлде басқа мағынада, мүлде басқа қызметте қолданылады. Үстеудің құрамындағы көсемше негізгі етістікті сипаттай алмайды, күрделі етістік жасай алмайды, аналитикалық формант құрамында кездеспейді, оралым жасай алмайды, жіктік жалғауды қабылдап ашық райдың шақ көрсеткішінің қызметін атқармайды, сөйлем мен сөйлемді байланыстырмайды. Үстеу құрамындағы көсемше тек қана жаңа сөз тудырады", - деген қорытынды жасайды [36, 124].
Тіл білімінде көсемшелердің кірігуі арқылы устеуге айналу жолы бар, яғни көсемше өзінің бастапқы мағынасынан мүлде айырылады да, үстеу сөз табына айналады. Мұндай үстеулерге: айнала, арнай, әдейілеп, аздап, бүйтіп, жорта, көріне, жағалай, қайта, қайтара, сөйтіп сияқты сөздер жатады,
Көсемшелердің түбірге кірігуі арқылы тілімізде үстеу және шылаулар қатары толығып отырады. Соның ішінде тілімізден көсемшенің көнеленуінен пайда болған үстеулер жиі кездеседі. Үстеу сөз табына айналған бұл ертеде көсемше болған сөз — енді үстеу сөз табына тән қызмет атқара бастайды. Үстеу сөз табында ол мүлдем жаңа мағынада, мүлдем жаңа қызметте қолданылады. Бұл көсемшелерде етістікке де, үстеуге де тән белгілер бар екендігін нақтылай түседі.
Түбірге кіріккен көсемше формалары төмендегіше белгілермен ажыратылады:
Қозғалыс мағынасын білдірмейді;
Меңгеру қабілетінен айырылады;
Салт және сабақты етістік мағынасы болмайды, етіс
формаларын қабылдамайды;
Болымды, болымсыз формаларын қабылдай алмайды;
Олардың алдынан анықтауыш мүшелер қолданылмайды.
Көсемшенің сөзжасамдық қызметі – оның сөз түбіріне кірігу әрекетінен пайда болған қызметі. Лексикалық мағынасынан айырылған көсемшелер енді түрлі-түрлі сөз таптарын жасауға қатысып, мүлдем басқа мағыналарда, жаңа қызметте қолданылады. Көсемшенің кірігуінен пайда болған сөз таптары:
Есімдіктер: солай, олай, бұлай
Үстеулер: қайта, жорта, көптеп, ондап, мыңдап,
әдейілеп, ептеп, күштеп т.б.
Шылаулар: өте, қарай
Зат есімдер; айнала.
Сонымен, тілімізде көсемшелердің түбірге кірігу әрекеті арқылы негізінен, үстеу сөздердің бір тобы қалыптасады. Бұл тәсіл арқылы, сирек те болса, зат есімдер, есімдіктер, шылаулар да пайда болған.
Достарыңызбен бөлісу: |