3 І тарау. Қосымшалардың түбірге кірігу әрекеті тілдің ішкі даму заңдылығы



бет6/27
Дата08.10.2024
өлшемі5.04 Mb.
#504437
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   27
Тәуелдік жалғау туралы түсінік (4)

-ғары... көрсеткіштерінің мағынасы, құрамы мен қызметі жөнінде ғалымдар түрліше ойлар айтады.
Н.Оралбай -ғары... көрсеткіштерін қазіргі кезеңдегі "мекен мәнді тудырушы жұрнақтар" деп көрсетеді [27, 160]. Бұл –ғару жалғауының сөзжасамдық жұрнақ дәрежесінде танылуы деп қараймыз.
Ғалымдар пікірін қорытындылай келе, -ғары... аффикстері ерте замандарда өнімді жалғау болған да, уақыт өте келе өз қызметінен айырылып, алғашқы мағынасында қолданыстан шығып қалған деп түйеміз. Бүгінгі күні ол тілімізде мекен үстеуі тобына кіретін санаулы сөздер құрамынан ғана кездеседі. Тілдің тарихи дамуы барысында осы сөздердің түбіріне кірігіп, сіңісіп кеткен.
2. Қазіргі тілімізде қолданылатын өнімді, тірі септік жалғауларының түбірге кірігу әрекеті.
Септік формалар тірі қосымшалар деп есептелсе де, кейде түбір құрамына кірігіп, оның ажырамас бөлігіне айналады. Тілімізде құрамындағы барыс, жатыс септіктері көрсеткіштерінің көнеленуі арқылы үстеуге ауысқан сөздер тобы (күнде, кешке, алға, бірге т.б.) кездеседі. Олар әдеттегі барыс септігінің "неге?" немесе жатыс септігінің "неде?" сұрауларына жауап бермей және заттық мәнді білдірмей, керісінше "қалай?", "қашан?", "қайда?" тәрізді үстеудің сұрақтарына жауап беріп, мезгіл, мекен мәнді білдіреді. Бұл түстағы барыс, жатыс септіктеріндегі сөздер мен одан туып отырған үстеулер өзара этимологиялық негіздерінің бірдейлігі арқылы ғана байланысты. Септік жалғаулары, негізінен, сөз түрлендірушілік қызметті атқаратын болса, берілген сөздерде көнеру, кірігу әрекетіне ұшырау арқылы сөзжасамдық қызметті иемденген.
Септік жалғауларының түбірге кірігуі — үстеу сөздерді тудырудың бірден-бір жолы екеңдігін көптеген ғалымдар еңбектерінде дәлелдеп көрсетіледі. Бұл құбылыс сөзжасамда синтетикалық тәсілдің аумағында қаралады. Ғалым Н.Оралбайдың " Қазақ тілінің сөзжасамы" атты еңбегінде синтетикалық тәсіл туралы түсінік беріліп, ол мысалдармен дәлелденген [18, 159].
Септік жүйесінен алыстап, негізгі мағынасы мен қызметінің көмескіленуінің нәтижесінде сөзжасамдық қабілетке ие болған септік жалғауларына С.А.Гочияеваның еңбегінде төмендегіше сипаттама берілген: "Бұл сөз берілген формада септік жүйесінен шығып қалғанын, яғни ол осы формада "қатып қалғандығын (кірігіп кеткенін)", "көмескіленгенін", оңашаланғанын, енді оның нақты заттық мағынаны білдірмейтінін тапқаннан кейін оны үстеу қатарына қоса беруге болады. "Кірігу" әрекетінде, қандай да бір есімнің белгілі бір септік формасында үстеуге ауысу әрекетінде бұл есімнің сөз түрлендіруші жұрнағы сөзжасамдық мағынаны иемденеді" [26, 74].
Септік жалғауларының көнеру, кірігу әрекеті арқылы жасалған сөздер бірден пайда болмайды. Ол тілдің тарихи дамуы барысында баяу жүріп отыратын құбылыс және ол тілдің ішкі заңдылығына ғана бағынады.
Тіліміздегі босқа, зорға, қапыда, баяғыда, демде, ежелден, бастан, көптеп, кенеттен, алт, сыртқа т.б. үстеулер септік көрсеткіштерінің көнеру, кірігу әрекеті арқылы жасалған.
Қазақ тіліндегі үстеулердің септік жалғаулары арқылы жасалу мәселесіне А.Ысқақов өз еңбегінде кеңінен тоқталып, бұл туралы: "Қазақ тіліндегі септік жалғауларынан жатыс, барыс, шығыс септіктері жиі, ал көмектес септігі сирек кіріккен күйде кездеседі", - деген [19, 34]. Ғалым докторлық диссертадиясында да осы мәселеге қатысты ойларын білдіреді [1, 173].
Көнеру, кірігу әрекеті, негізінен, мекен мәнді септіктер деп аталатын үш септікке (барыс, жатыс, шығыс) тән. Кей жағдайларда ғана түбірге кіріккен көмектес септігін кездестіре аламыз (әрмен, бермен). Белгілі ғалым Қ,Жұбанонтың пайымдауынша: "Басқа есімдер мен есімшелерге мезгіл-мекен үстеуі (жұрнағы) болған -да қосымшасын жалғап, мезгіл-мекен есім жасаймыз (ағашта, ауылда, ұзында). Мұны екінші сөзбен айтқанда, бұрынғы жатыс жалғау дегенді септеулердің қатарынан тіпті жалғаулардың қатарынан шығарып, үстеу (жұрнақ) қатарына қосқан десек болады" [27, 235]. Ғалым қазақ тіліндегі септік көрсеткіштерінің кірігу әрекетін анық байқап, бағдарламасына да кіріккен үстеулер (жұрнақтар) тақырыбын енгізген.
Тілімізде көнеленіп, сөз түбіріне кіріккен күйінде кездесетін септік жалғаулары мыналар:
1. Барыс септігінің кірігуі арқылы пайда болған үстеулер:
а) Мезгіл мәнді үстеулер: кешке, ертеңіне, әзірге, күніге,
жетісіне, қазірге;

ә) Мекен мәнді үстеулер: алға, артқа, төменге, сыртқа
б) Сын-бейне мәнді үстеулер: зорға, босқа, бірге, текке, бекерге,
жоққа.

2. Жатыс септігінің кірігуі арқылы пайда болған үстеулер:
а) Мезгіл мәңді үстеулер: қапыда, баяғыда, қазірде, алғашқыда,
демде, күнде, түнде, жылда, кейде, іңірде, жуырда, әлеіде

ә) Мекен мәнді үстеулер: төменде, жоғарыда, әріде, мұнда, осында, артта, алда, арасында
б) Сын-бейне мәнді үстеулер: қапыда, лезде, абайсызда,
байқаусызда.

3. Шығыс септігінің кірігуі арқылы пайда болған үстеулер:
а) Мезгіл мәнді үстеулер: әуелден, ежелден, баяғыдан, бастан,
көптен, ертеден, кенеттен, жаңадан, тосыннан, манадан

ә) Мекен мәнді үстеулер: шетінен, алдынан, артынан, алдан, арттан, алыстан;
б) Сын-бейне мәнді үстеулер: бірден, етпетінен, келтесінен,
жүресінен, тосыннан,

4. Көмектес септігінің кірігуі арқылы пайда болған үстеулер:
а) Мезгіл мәнді үстеулер: күнімен, түнімен, ертемен
ә) Мекен мәнді үстеулер: бермен, әрмен;
б) Сын-бейне мәнді үстеулер: жайымен, жөнімен, шынымен,
кезекпен, ретімен.

Сонымен, септік жалғауларының түбірге кірігу, көнеру әрекеті үстеу сөздерді тудырудың бір тәсілі болып саналатындығына көз жеткіздік.
Тіліміздегі кірігу, көнеру әрекетіне ұшыраған тірі септік жалғаулары мен көне септік көрсеткіштерінің арасында төмеңдегіше айырмашылықтар бар екендігін анықтадық:
1. Көне септік қосымшалары түбірге ажырамастай болып
кірігіп кеткен күйде де кездеседі. Соның нәтижесінде әуелгі
түбірлер өз мағынасынан айырылып, қосымшамен бірге бір
лексикалық мағынаға ие болған. Сондықтан да оларды түбір-
қосымшаға ажырата алмаймыз. Мысалы: жоғары, ілгері деген
сөздерді жо-ғары, іл-гері деп ажыратар болсақ, әуелгі түбірлер өз
дербестіктерін жояды. Ал, түбірге кіріккен тірі септіктер мен
бастапқы түбірдің аражігі айқын көрініп тұрады. Мысалы: зорға,
бірге, күнде, босқа
дегендердегі зор, бір, күн, бос түбірлері қазіргі
тілімізде де жеке қолданыла береді;
2. Көне септік қосымшаларын этимологиялық зерттеу
барысында ғана түбір құрамынан ажырата аламыз;
3. Көне септік көрсеткіштері тілімізде өнімсіздер тобына енсе,
тірі септік көрсеткіштері өнімді қосымшалар болып саналады;
4. Тірі септік жалғаулары кіріккен сөздер басқа сөз таптарына жиі ауысып отырады, соның негізінде тілдің сөздік құрамы да толыға түседі.
Бір септік жүйесіне тән болғандықтан, түбірге кіріккен көне және тірі септік көрсеткіштерінің ұқсастықтары да бар:
1. Екеуі де түбірге кірігу барысында үстеу сөздерді
тудырады;
2. Екеуі де сөзжасамда түбір-қосымшаға бөлшектенбей, бір
бүтін лексикалық бірлік ретінде қолданылады.
Тәуелдік жалғауы жеке қарастырылатын болғандықтан, бұл бөлімде сөз етілмеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   27




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет