№3-комиссаров indd



Pdf көрінісі
бет121/136
Дата02.04.2024
өлшемі3.33 Mb.
#497356
1   ...   117   118   119   120   121   122   123   124   ...   136
Наука и жизнь Казахстана №3 (59) 2018

Ключевые слова: медиа пространство, СМИ, медиатекст, религиозные языковые единицы.
Summary. The article is devoted to the problems of studying the language of media texts based on the material 
of religious sites. The authors consider various ways of communicating the communicative intention of addressees, 
using verbal and non-verbal means (using photos, etc.), analyzing the linguopragmatic features of the use of 
certain Arabisms.
Listed extralinguistic factors are an indicator of the level of religious literacy of the population, mentality, 
peculiarities of the culture of peoples, etc., which have a significant impact on the perception of information of a 
religious nature that is spread through the media by a wide audience.
Keywords: media space, media, media text, religious linguistic units.
Бұқаралық ақпарат құралдары саяси, әлеуметтік, экономикалық, мәдени, спорт, өнер, кино, 
денсаулық сақтау және білім беру салаларында қордаланған мәселелерді халық назарына ұсы-
нып, ғылыми жаңалықтар мен жетістіктерді көпшілікке таныстырып, таратады. 
Аса ауқымды ақпараттық кеңістікті қамтитын медиамәтін бүгінде социумның когнитивтік 
санасын құрайтын діни, саяси, әлеуметтік, мәдени, тарихи т.б. факторлардың барлығын тілдік 
санада айшықтай отырып, бұқаралық санаға ықпал етуші қуатты құралға айналды [1, 5].
Прагматика (грек. pragmatos іс-әрекет) ағыл. pragmatics – тілдің қолданыс/жұмсалыс кезінде-
гі (Л.Витгенштейн, Ч.Пирс, Ч.Моррис), яғни нақты тілдік жағдаяттағы қызметін, түсіндірілуін 
және ықпал етуін зерттейтін тіл білімі саласы. Прагматика семантика сияқты сөз мағынасын 
зерделейді, алайда прагматика үшін ең бастысы – сөйлеушінің/тыңдаушының сөйленістің ай-
қын және жасырын мүдделері, сөйлеу тактикасы, тілдік мінез-құлықтың типтері, пресуппозиция 
тұрғысынан және т.б. мағынаны түсінуі [2, 191].
Адресант пен адресат үнемі үздіксіз байланыста болады, адресант кодқа салып жіберген ақпа-
рат пен хабарлама адресат тарапынан зерделенеді, яғни оның тезаурстық және аялық білімі мен 
дүниетанымы – барлығы іске қосылып, сол кодты ашады, интерпретациялайды. Адресат сана-
сында қабылданған ақпарат адресант діттеген ақпараттан алшақ болмауы керек. Сол кезде ғана 
адресант өзінің діттеген мақсатына жетіп, қатысымның коммуникативтік сапасы артады [3, 33]. 
Газет беттерінде діни тақырыптағы, рухани құндылықтарға, адамгершілік қасиеттерге т.б. 
рухани проблемаларға арналған мақалалар көп жарияланады. Осы жерде адресант пен адресат 
арасындағы рөлдік қатынастардың маңыздылығы назар аудартады. Мұнда ұстаз рөлін атқарушы 


257
автор кемеңгер, діни сауатты, теология ілімін жетік меңгерген, Құранды жақсы білетін, шариғат 
заңдарын талдап, түсіндіре алатын, пайғамбар (с.а.у.) хадистерінен хабары мол, бір сөзбен ай-
тқанда, діни білімі жоғары молда, имам, теолог ғалым атқарады. Бұл саладан хабары аздау адре-
сат мәтін авторының кім екендігін білген сәтте-ақ рухани шәкірт рөліне еніп, мәтінде баяндалған 
мәселелерге қатысты ой-пікірлерді ұстаздың дәрісіндей қабылдайды.
Қазіргі заманауи газет мәтінінің прагматикалық әлеуетін сипаттайтын тәсілдердің бірі – 
қарқындылық. Қарқындылық – адресатқа айрықша күшті әсер ету мақсатында қолданылатын 
семантикалық категория. Ол – адресанттың өз сөзінің (интенсификациялау) қарқындылығын арт-
тыру мақсатымен пайдаланатын экспрессивті құралдарды таңдап, іріктеп алуымен тығыз байла-
нысты мәселе [1, 30]. Мысалы, мынадай тақырыпатты алайық: “Дін министрлігі: Қысқа балақ 
пен ұзын сақалға тыйым салынбайды” /www.jasqazaq.kz /.
Контраст газет мәтініндегі негізгі прагматикалық құрамдас бөлік болып табылады. Бүгін-
гі қоғамымызда бұрын-соңды басын біріктіруге келмейтін терең қарама-қайшылықтар типтік 
жағдай ретінде қабылданып жатыр. Осындай жайттар туралы газет мәтіндерінде баяндалғанда 
мәнді қарқындылық пайда болады, яғни қарқындылыққа басым орын беріледі. 
Қазіргі кезде тақырыпаттардың бағалауыштық сипаты оның эмотивтік қызметінен көрініс та-
бады. Мысалы, «Онлайн өмірдің 10 зардабы» деген тақырыпатпен жарияланған мақалада автор 
ғаламтор, әлеуметтік желілер, телефонға тәуелділік, т.б. мәселелерді қозғай келе, адамзаттың осы 
қайшылықтар арқылы адамдық қасиеттерден айрылып бара жатқандығын сынға алады [6].
Егемен елдегі татулық пен бірлікті, ынтымақ пен тұрақтылықты жан-жақты насихаттау – ең 
алдымен, БАҚ өкілдерінің еншісінде. Журналистердің еңбегі арқылы қоғамдық пікір, талғам, 
көзқарас қалыптасатындығын да жоққа шығара алмаймыз. Осы орайда, түрлі дін өкілдері мекен 
еткен тәуелсіз елдегі тату тіршілік, діни ахуалдың ақпарат құралдарындағы көрінісі қандай деген 
сауалға тоқталайық.
Ақпарат құралдары өкілдерінің бұл тақырыпты айналып өтіп, жалаң ақпарат берумен шекте-
луіне не себеп болып жатыр? Қазақстан Республикасының Дін істері агенттігі Мәдениеттер мен 
діндердің халықаралық орталығы жанында бұқаралық ақпарат құралдарында діни тақырыптар-
ды жариялау бойынша Әдістемелік кеңес қызмет атқарып келеді. Әдістемелік кеңес бұқаралық 
ақпарат құралдарында дін тақырыбының сапалы және кәсіби тұрғыда жариялануына, түрлі дін 
өкілдері мен журналистер арасында ынтымақтастық орнатуға ықпал етуші орган болып сана-
лады. Осы Кеңес қабырғасында өткізілген отырыстар барысында журналистердің жалаңдыққа 
бой ұру себептері өзінше талқыланып, аса сақтықты талап ететін нәзік тақырыпты жазуда ойға 
ұстануға қажет жайттар сараланады. Екі тараптың ойы кейде бір арнаға тоғысып, ортақ қызмет 
жасауға ұмтылыс білдірілгенімен, кейде бірі ақпарат таратуда ізденістің жеткіліксіздігін, асығыс 
ақпарат жеткізуге ұмтылыстың барын айтса, екінші тарап БАҚ-та жарияланатын ақпарат тақы-
рыбы көбіне басшылық жақтан бекітілетіндігін көлденең тартады. Ортаға салынған ой оң шешім 
табуы үшін не істеу қажет? Нені басшылыққа алған жөн?
БАҚ-та жарияланатын ақпараттарда жай көзге қарапайым көрінетін қателіктер халық арасын-
дағы діни сауаттылық деңгейін көтеруден бұрын, діни білімі төмен оқырманның ойын шатасты-
руы әбден мүмкін. Осы тұрғыда:
- журналистер қауымы ақпарат жариялауда, ең алдымен, ұрандатушылықты мақсат етпей, 
ақпараттың дәлдігіне көңіл қойса;
- берілетін ақпараттың көпшілікке түсінікті әрі жеңіл болуын, үрей туындатпауын қадағаласа;
- ақпаратта қолданылған діни ұғымдардың дұрыстығына жете мән берсе;
- жоғарыда санамаланған ақпараттардың тілдік көрсеткіші тұрғысынан айтар болсақ, қазақ 
тілді басылымдардың оқырмандары негізінен ауыл тұрғындары екендігін ескеріп, сол аудито-
рияға жеткізілетін ақпарат санын арттырса, яғни, қазақ тілді басылымдар тұшымды әрі нақты 
ақпараттар беруде белсенділігін күшейтсе;
- әрбір беделді басылымда, әсіресе, жергілікті ақпарат құралдарында (мейлі ол газет не пор-
тал болсын) дін тақырыбын қозғайтын тұрақты айдар ашылса;
- БАҚ пен діни бірлестіктер және осы саладағы мүдделі мемлекеттік органдар арасында 
тығыз байланыс орнатылса деген ұсыныстар журналистер қауымының қаперінде жүргені дұрыс. 
Әрине, «айшылық алыс жерлерден, көзді ашып жұмғанша жылдам хабар алғызған» заманда 


258
ақпарат құралдары өкілдеріне қойылар талаптың жоғарылығы байқалады. 
«Біз діни тұрғыда жастардың сауатын тереңдетуге ерекше мән беруіміз қажет. Өйткені, осын-
дай қадамдар арқылы балаларымызды теріс ағымдарға түсуден және секталардан аман алып 
қаламыз. Атап айтқанда, мемлекеттік билік органдары, бұқаралық ақпарат құралдары біздің 
діни қайраткерлерге үлкен аудиториялар мен эфирлік уақыт бергені дұрыс болады. Бұл тұрғыда 
имамдар асыл дініміздің құндылықтарын, адамгершілік ұстанымдарды егжей-тегжейлі түсін-
дірер еді», - деп 2015 жылы Астанада Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының V съезі 
аясындағы баспасөз мәслихатында Ресей Федерациясы мұсылмандары рухани басқармасының 
төрағасы, мүфти Равиль Гайнутдин айтқандай, дінде надандық пен сауатсыздықпен күрес бұдан 
ары қарай мұсылман дін басыларының басты мақсаты болмақ. Бұл бағытта жоғары білікті ма-
мандарды даярлау, танымдық материалдарды шығару, конференциялар мен семинарлар өткізу 
қамтылмақ.
Қарахандықтар билігі тұсынан бастау алған діни әдебиет Алтын Орда, Қазақ хандығы тұ-
сында кемеліне келді. Сол дәуірде өмір сүрген Жүсіп Баласағұн, Ахмет Йүгінеки, Ахмет Ясауи, 
Сүлеймен Бақырғани, Бұрһануддин Рабғұзи, Махмуд Кердери, Хисам Кәтиб, Сейф Сараи, Мұ-
хаммед Бабыр секілді түркі шайырларының шығармаларында иман ұстындары, шариғат шарт-
тары мен ахлақ негіздері кеңінен жырланды. Ғалым-ғұламалар дін негіздерін діни-танымдық 
еңбектер арқылы таратып жазса, қолына қалам ұстаған ақын-шайырлар Хақ дінді өлең сөзбен 
жырлап, әрбір мұсылманның жүрегінде иман нұры ұялауына септігін тигізді. ХІІІ-ХVІ ғғ. жа-
зылған «Муғинул-мурид», «Рәунәқул-Ислам», «Мубәййән дәр фиқһ» секілді шығармаларда ша-
риғат шарттары, фиқһ негіздері өлең сөзбен өрнектелді [5, 179].
Соңғы жылдары Сирия, Ирак, Йемен, Нигерия және т.б. елдердегі діни ахуалдың шиеленісе тү-
суі әлем назарын өзіне аударды. «Халифат» құрамыз деп ұрандаған Боко Харам, Хизбут-Тахрир, 
Әл-Каида, ДАИШ (ад-Даулат ул-Исламийя фи ль-Ирак-и-уа аш-Шам – Ирак және Шам ислам 
мемлекеті (ИШИМ) террорлық ұйымдарының лаңкес әрекеттері жайлы жаңалықтар кез келген 
ақпарат құралдарынан табылады. Қолға түскен христиан діні өкілдері мен язидтік сенімді ұста-
нушы адамдардың, шетелдік журналистер, мемлекет қызметкерлерімен қатар қарапайым ха-
лықтың өлім жазасына кесілуі, қыз-келіншектердің күңдікке сатылуы, осы оқиғалар салдарынан 
босқындар санының артуы күнделікті БАҚ-та жиі жариялануда.
Мұндай ақпараттар, әлбетте, исламофобия феноменін асқындыра түсері анық. Франция, Бель-
гия, Сирия елдерінде орын алған террорлық әрекеттердің аталмыш ұйымға қатысы бар екендігі 
батыс азаматтарының бойында ислам дініне деген жеккөрушілік сезімді оятып, көпшілік сана-
сында «ислам – зорлық-зомбылық діні» деген ойды қалыптастыра бастады. ДАИШ-ке қатысты 
жаңалықтар мен ақпараттардың көптігіне әлем назарының ауғаны соншалық, өзге дін өкілдері 
тарапынан орын алған лаңкестік әрекеттердің халықаралық және басқа да БАҚ беттерінде ақы-
рын шетке ысырылғандығы байқалады. Мысалы, Мьянмадағы аз санды ислам рохинья дінін 
ұстанушы ұлтының жергілікті буддистер тарапынан бірнеше жыл қатарынан зардап шеккендігі 
және 2015 жылы мыңдаған мұсылманның тірідей өртке орануы жайлы ақпараттар БАҚ-та еле-
усіз қалдырылды.
Таяу Шығыс елдеріндегі соғыс отының тұтанып, асқына түсуінің себебі саяси мүдде негізінде 
жатқандығы саясаткерлер мен қоғам қайраткерлері тарапынан айтылып та жүр. Саяси мүдденің 
діни ахуалдың ушығуын жамылғы етіп отырғандығы әлемдік саясат алаңында үлкен ойынның 
жүріп жатқандығын аңғартады.
Қазіргі кезде алпауыт елдер қарулы қақтығыссыз-ақ ақпарат арқылы белгілі бір мүддені көз-
деген идеологияны насихаттап, кез келген мемлекет тұтастығына қауіп төндіре алады. Осы орай-
да ислам діні құндылықтарын бұрмалай отырып, «жиһад» (дін жолындағы соғыс) ошағын қалып-
тастыру, шетін көзқарастарды кеңінен насихаттап, тарату және жақтас адамдарды көптеп тартып, 
олардан әскери топ құру үрдісі үлкен қарқынмен жүргізілуде.
Жалпы БАҚ-та 2016 жылдың алғашқы тоқсанында шамамен 2200 діни ақпарат жарияланған 
екен. 2014 жылы дін тақырыбына қатысты 3650 ақпарат жарық көрсе, 2015 жылы бұл көрсеткіш 
5071 санын көрсеткен. Демек, дін тақырыбындағы ақпараттар мен жаңалықтар топтамасының 
арта түсуі қоғамдағы дінге қатысты мәселелердің өзектілігін ғана емес, қоғамдық, мемлекеттік, 
әлемдік көзқарасты қалыптастыруда БАҚ рөлінің де жоғары болып отырғанын көрсетеді.


259
Дегенмен БАҚ өкілдері тарапынан жіберілген кейбір қателіктер мен олқылықтар халықтың 
діни ақпарат пен жаңалықтарды бұрыс түсініп, қоғамда резонанс қалыптастыруы мүмкін. Мы-
салы, «Намазға жығылмағаны үшін баласын құрбандыққа шалды» /«Аltaynews.kz»/ деген тақы-
рыптағы жаңалық Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы (ҚМДБ) тарапынан үлкен сын 
тудырған болатын. Мүфтият өз мәлімдемесінде: «Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы 
халықтың алдында дініміздің беделін түсіру, мұсылмандар жайлы жағымсыз пікір қалыптасты-
ру мақсатында қасақана таратылған қауесет сөзді негізсіз, жаңалық ретінде жариялаған ақпарат 
құралдарын айыптайды және мұндай өрескел әрекетке жол бергендерді олардың ар-намысына 
қалдырады», – деп жауап берген болатын.
Тақырып атауларын бұрыс қою фактілері мұнымен шектелмей, әр түрлі ақпараттық желілерде 
«Насилие в Коране!!!» /«Zona.kz»/, «Мировой джихад планируется в 2017 году», /«Диапазон»/, 
«Мұсылман-гей...» /«Nur.kz»/, «Иисус одобрил бы однополые браки» /«Tengrinews.kz»/, «Ақтө-
беде кәпірлерді қырып, халифат құруды армандағандар сотталды» /«Nur.kz»/, «Дінтанушылар 
қазақ жігіттерінің арасында гейлердің көбейгенін айтып, дабыл қақты» /«Nur.kz»/, «Алматыға 
Қазаннан құдай анасы бейнесі жеткізілді» /«Nur.kz»/, «Mercedes мінген мас дін иесі полициядан 
қашқан» /«Serke.org»/ секілді жаңалықтар топтамасынан көрініс тапқан.
Кейбір журналистер «жиһадшы», «шейіт» сынды термин сөздердің мағынасын жете түсінбей, 
орынсыз қолданып жатады. Мысалы, кейбір БАҚ беттерінен «Жанкешті жиһадшы мешітте өзін 
өзі жарып жіберді» деген тақырыпты кездестіруге болады. Шындығында, бейбіт адамдардың 
арасында өзін өзі жарып жіберуші адам – жиһадшы емес, ол нағыз қылмыскер, лаңкес.
Сол сияқты, «шейіт» деген терминнің мағынасы да ислам дінінде «өмірін дін жолына арнаған, 
Отанына қызмет етуші» дегенді білдіреді. Отанын қорғау жолында өз өмірін қиған адамды «шей-
іт» деуге болады. Ал кейбір журналистер өзін және басқа бейбіт халықты қасақана өлімге қиған 
адамдарды шейіт деп жүр. 
Жиһад ( جهاد ): араб тілінде белгілі бір нәтижеге, мақсатқа жету үшін яки бір істі істеу үшін 
бар қажыр-қайрат пен ынта-жігерді жұмсау, тырысу, күресу деген мағыналарды білдіреді. Яғни, 
ең әуелі өзіңді түзету. Ішкі дүниеңді, жүрегіңді тазарту. Болмысыңды қызғаншақтық, қанағатсы-
здық, сабырсыздық, жалқаулық, тәкаппарлық секілді күллі жаман қасиеттерден арылтып, олар-
дың орнына көркем қасиеттер егу. Мұсылманның өз нәпсісімен үздіксіз күресі [4,13].
Шейіт (شهيد ): Алла жолында соғысу кезінде қаза тапқан, Алла Тағаланың атын ұлықтауға 
еңбек сіңірген (исламды таратқан) немесе дұшпан шабуыл жасағанда отанын, діні мен ұлтын, 
ар-намысын қорғау кезінде өлген адам. Шариғат негіздері бойынша шейіттер мынадай үш топқа 
бөлінеді: ақыреттік шейіт, дүниелік шейіт, дүниелік және ақыреттік шейіт [4, 56].
Қазақ журналистері ғана емес, халықаралық журналистикада да «исламшы» деген терминнің 
құлаққа сіңісті болғаны белгілі. Мәселен, «исламшы лаңкес», «исламшы экстремист» сынды тір-
кестер қазіргі кезде БАҚ-та орнықты деуге болады. Алайда бұлар – түбегейлі бұрыс, қате қолда-
ныстар.
Ислам (الإسلام ): Алла тағаланың Мұхаммед пайғамбарға түсірген, барша адамзатқа соңғы діні 
ретінде таңдаған діні [4, 19]. 
Діни экстремизм – шынайы діннің негізгі қағидаларынан, қазіргі қолданыстағы ұлттық заңна-
малардың және халықаралық құқықтың қағидаттарынан тыс, шектен шығу дегенді білдіреді. 
Қазақстан Республикасының 2005 жылдың 2 ақпанында қабылданған «Экстремизмге қарсы 
іс-қимыл туралы» Заңында діни экстремизм ұғымына мынадай сипат берілген: Экстремизм – 
жеке және/немесе заңды тұлғаның, жеке және/немесе заңды тұлғалар бiрлестiгiнiң белгiленген 
тәртiппен экстремистiк деп танылған ұйымдардың атынан iс-әрекеттер ұйымдастыруы және/не-
месе жасауы; 
Дiни өшпендiлiктi немесе алауыздықты, соның iшiнде зорлық-зомбылықпен немесе зор-
лық-зомбылыққа шақырумен байланысты алауыздықты қоздыруды, сондай-ақ азаматтардың 
қауiпсiздiгiне, өмiрiне, денсаулығына, имандылығына немесе құқықтары мен бостандықтарына 
қатер төндiретiн кез келген дiни практиканы қолдануды (дiни экстремизмдi) көздейтiн iс-әрекет 
ұйымдастыруы және/немесе жасауы.
Жалпы «экстремизм» деген терминге қазіргі әлем ғалымдары мен сарапшылары түрлі анықта-
малар берген. Бірақ, ортақ бір шешім жоқ. Бір анығы, ол – қоғамға, мемлекетке және жалпы 


260
әлемге қауіп төндіретін құбылыс. Ал, соның ішіндегі діни экстремизм дегеніміз – дәстүрлі дінді 
бұрмалап, жат «идеяны» белсенді насихаттау, зайырлы жүйеге қарсы әрекет ету.
Сонымен қатар, ақпаратты безендіру барысында техникалық қателіктердің жіберілмеуі де 
назарға алынуы тиіс. Мысалы, «Мечетям Казахстана рекомендовали заключать брак только 
после ЗАГСа» /«tengrinews.kz»/ деген ақпаратта бетін қара орамалмен бүркеген қыздың суреті 
қойылған. ҚМДБ-ның заңсыз некенің, қазір көп айтылып жүрген «талақ» мәселесінің дұрыс 
шешімін табу үшін жасаған жақсы бастамаларының бірі халыққа осындай әдіспен жеткізілген.
Аталмыш ғаламтор сайтында «Имамы морально готовят выпускников к сдаче ЕНТ в Акто-
бе» деген атаумен жарияланған ақпараттың безендірілуінен «суицид» деген сөзді көруге болады. 
Мұндай суретті қою барысында, оның оқырман түсінігіне психологиялық тұрғыда кері әсер етуі 
мүмкін екендігі ескерілмеген. Санамалай берсек, мұндай ақпараттар тізімі жалғаса береді.
Жоғарыда аталған кейбір олқылықтар діни емес БАҚ-та да орын алуда. Сонымен қатар кейбір 
блогерлердің зайырлы бағыттағы басылымдарда қызмет еткендерімен, әлеуметтік желілер мен 
өзге де ғаламтор беттерінде ислам дінін уағыздайтындығы байқалады. Зайырлы басылым жур-
налистері елдегі діни ахуалға жан-жақты талдау жасап, халыққа дін саласындағы өзекті мәселе-
лерді дұрыс жеткізе білгені жөн.
Қазіргі кезде отандық журналистика саласында діни бағытты ұстанатын «Иман», «Ислам 
және өркениет», «Шапағат-нұр», «Рахмет самалы», «Нұр» сынды басылымдар мен «islam.kz», 
«muslim.kz», «muftyat.kz» ғаламтор сайттарының қалыптасқандығы мәлім. Республикамыздың 
барлық аймақтарында ҚМДБ-ға қарасты облыстық немесе аймақтық деңгейдегі діни сайттар қы-
змет етеді.
«Қазақстан» ұлттық телеарнасында діни және зайырлы көзқарас пен тақырыпты ұштастыра 
білген «Иман айнасы» бағдарламасы, «Асыл арна» телеарнасы қызмет атқарып келеді. Сонымен 
қатар «Көкжиек», «Хикмет», «Мұсылман», «Ғибрат», «Кәусар-саяхат» мұсылман баспаларынан 
бірқатар діни әдебиеттер шығарылуда. Осы орайда кейбір баспалардың белгілі бір діни көзқа-
растар мен ұстанымдарға негізделгенін ескеруге тиіспіз. /«www.yvision.kz»/.
Қорыта келгенде айтарымыз, халықаралық және отандық БАҚ-тар арасында ақпарат алма-
су әрекеттерінің сөзсіз орын алатындығы белгілі. Дегенмен отандық БАҚ-тың егемен еліміздегі 
татулық пен бірлікті, ынтымақ пен тұрақтылықты жан-жақты насихаттаудағы рөлінің жоғары 
екендігін, журналистер қауымы арқылы қоғамдық пікір, талғам, көзқарас қалыптасатындығы 
ескеріле отырып, ақпараттарды, әсіресе діни ақпараттарды таратуда мынадай бірқатар мәселелер 
негізге алынуы тиіс:
– Халықтың діни сауаттылығын күшейтуіміз қажет;
– Оқушылар мен студенттердің діни сауаттылығын арттыру үшін оқу бағдарламасына ар-
найы пәндер енгізілуі тиіс;
– Діни тілдік қолданыстарға байланысты сөздерді жинақтап, діни ұғымдардың анықтама-
лық сөздігі жасалуы қажет;
– Әлеуеті мықты бұқаралық ақпарат құралдары қазіргі кезде әлемде қалыптасып отырған 
жағдайдың, соның ішінде діни ахуалдың күрделене түсуін назарға ала отырып, көпшілік қауымға 
діни ақпараттар мен жаңалықтарды дұрыс жеткізе білулері үшін құрамында дінтанушы-са-
рапшылары бар орталықтанған және аймақтық діни ақпараттық кеңес ұйымдастырылуы керек;
– Отандық ақпарат құралдарының бірқатары шетелдік ақпарат көздеріне сілтеме жасайтын-
дығы – қалыпты құбылыс. Дегенмен, діни ахуалға қатысты кейбір шетелдік ақпараттар мен 
жаңалықтар бір қарағанда бейтарап көрінгенімен, теріс діни идеология мен саяси мүддені көз-
дейтіндігі байқалады. Осыған орай, орталықтандырылған діни ақпараттық кеңестік ұйымдар 
дінтанушы-сарапшы мамандардың көмегімен діни сауаттылықты ашу мақсатында курстар ұй-
ымдастырып, қатысқан тілшілер мен мамандарға сертификат беріп тұрса, діни тұрғыдағы ақпа-
раттар сапалы түрде жазылып, халыққа таратылар еді.


261


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   117   118   119   120   121   122   123   124   ...   136




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет