№3-комиссаров indd



Pdf көрінісі
бет125/136
Дата02.04.2024
өлшемі3.33 Mb.
#497356
1   ...   121   122   123   124   125   126   127   128   ...   136
Наука и жизнь Казахстана №3 (59) 2018

 
Пассивті әдіс. 
Активті әдіс. 
Интерактивті әдіс. 
 
Оқытуш
ы 
1 студент 
2 студент 
3 студент 
Оқытушы 
1 студент 
2 студент 
3 студент 
Оқытушы 
1 студент 

студент 
1 студент 


267
Интербелсенді әдістер мен тәсілдер үйренушілердің тұлғалық тұрғыдан өзіндік және дербес 
түрде дамуына әкеледі, оларды өз мүмкіншіліктері мен ұстанған құндылықтарын түсінуге және 
бағалауға жетелейді. Таным әрекеттерін ұйымдастырудың арнаулы әдістемесі ретінде интербел-
сенді оқу/оқыту білім игеру үрдісіне қатысушылардың тиімді қарым-қатынасына негізделеді. 
Ағылшын тілінен келген «interactiv» сөзі де осы ұғымды білдіреді: «inter» дегеніміз «өзара» 
мағынасында, ал «act» - «әрекет жасау» дегенді білдіреді, яғни интербелсенді әдістер – үйренуші 
мен үйренушілердің өзара әрекеттесуін оқу/оқытудың негізі деп танитын және сондай қатынасқа 
жағдай жасайтын әдістер. Басқаша айтқанда, «интербелсенді» дегеніміз біреумен қоян-қолтық 
қарым-қатынаста болу, онымен бірлесе әрекет жасау, диалог құру [8, 32 б.]. Демек, интербелсенді 
әдісте барлық үйренушілер яғни студенттер бір-бірімен белсене араласып, оқу үрдісіне, сабаққа 
түгел араласады. Ешқайсысы қалыс қалып қоймайды. Мұның өзі қазіргі педагогика ғылымының 
ілгері басуындағы жаңашылдығының бір сипаты. Бұл кемеңгер М.Әуезовтің «Мұғалімнің ұдайы 
жақсы оқитын балаларға ғана сүйсініп, ылғи соларды ғана оқытуы дұрыс емес» деген пікірін 
тура мағынасында іске асырғандай жағдай. Осы тұрғыдан келгенде М.Әуезов әңгімелерін интер-
белсенді әдіс арқылы оқыту сабақтың тиімділігін арттыратындығы сөзсіз. 
Қорыта айтқанда, біз осы мақалада ұлы жазушының әңгімелерін қазіргі жоғары оқу 
орындарында қолданылып жүрген бір ғана технологиялық әдіске қатысты баяндадық. Алдағы 
уақыттарда басқа да бірнеше әдістемелік негіздерді анықтап, талдап, таразылып көрсететін бола-
мыз деген ойдамыз. Себебі, жоғары оқу орындарында М.Әуезовьің әңгімелерін терең теориялық 
талдаудың нәтижесінде жаңа педагогикалық технологиялар мен әдістерді қолдану арқылы оқыту 
ұлы жазушының шығармашылығын жүйелі педагогикалық-әдістемелік негіздемесін жасауға зор 
ықпалын тигізеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   121   122   123   124   125   126   127   128   ...   136




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет