ҚОРЫТЫНДЫ
«Халықтың рухани байлығы мен даналығының орасан зор қоймасы бола келіп, топонимдер мәдениет пен халыктын ауызша шығармашылығының ескерткіштері ретінде, әрі карай жинауды, зерттеуді, сақтауды және ұқыпсыз пайдаланудан қорғауды кажет етеді».
«Жеті жұрт келіп, жеті жұрт кеткен» киелі Маңғыстау топонимдерінін құрамында сол өңірді мекендеген халықтардың шаруашылығымен, тұрмыс- тіршілігімен, наным-түсінігімен тығыз байланысты, облыс территориясының фаунасы мен флорасына, тарихи-әлеуметтік жағдайына байланысты көне сөздер мен сөз тіркестерінің, бүгінгі тілдегі категорияларға ұқсамайтын тұлғалардын, дыбыстык ерекшеліктері мен грамматикалық көрсеткіштердің тарихи сілемдері кездеседі. Сондыктан да бұрын-соңды арнайы зерттелмеген өлке топонимиясын этностын тарихымен, шаруашылығымен, мәдениетімен тығыз байланысты қарастырудың маңызы зор.
Маңғыстаудың топонимиялық жүйесі мыңдаған жылдар ағымында қалыптасты. Бұл ұзақ процеске түрлі тілдер тобының өкілдері атсалысқан. Маңғыстау облысы топонимиясының үш негізгі топонимиялық қабаты анықталды: жалпытүркілік қабат; кірме қабат; негізгі тілдік қабат.
Кірме кабат иран, араб, моңғол, славян тілдерінен енген атаулардан тұрады. Иран тілінен енген атаулар ең көне атауларға жатады. Бұл қабатқа тән: Аусар, Апажар, Долыапа, Керіз, Қарлыбас, Қандықыстау, Шерқала, Шетпе т.б. атаулар аныкталды. Араб тілінен енген топонимдер, негізінен, діни ұғымды білдіретін атаулар болып келеді, олардың тілімізге енуіне ислам дінінің әсері мол болған. Араб тілінен енген атауларға: әулие, молда, мола, мешіт, мазар, арбат, кәпір, тәуіп сөздерінің тіркесімен келген атаулар жатқызылды: Ақәулие, Иманбай мазар-там, Дәулетбайсұпы, Баламешіт, Қалыңарбат, Кәпіртам т.б. Моңғол тілінен енген топонимдер қазақ-моңғол бірлестігі дәуірінде қалыптаскан және моңғол тайпаларының Орта Азияға (ХIII-ХVIIIғғ.) түрлі жорықтарынан кейін пайда болған (Ұланақ, Оба, Қарғалытам, Арасанбұға, Түмен, Шағатай т.б.) болса, славян тілінің әсері өлкемізде XIX ғасырдың орта тұсынан байқала бастады. Негізгі тілдік қабат қазақ тіліне тән топонимдерді қамтиды. Бұл қабат та турлі тарихи жағдайларда қалыптасқан, тіліміздің төл топонимдері болып табылады.
Топонимдерді лексикалық-семантикалық топтастырғанда мағыналық топтарды ерекшелеудін негізгі өлшемі географиялық атаулардың адамның іс жүзіндегі қызметімен тікелей байланысы болып табылады. Географиялық жалқы есімдер қоғамдық қажеттіліктерден туындап, осы қажеттіліктерге кызмет етеді, сондықтан оларда шындықтың барлық жақтары көрінетін қоғамдық қызмет және халықтың материалдық мәдениеті, қоршаған табиғаттың табиғи-географиялық ерекшеліктері сияқты шындықтың барлық жақтары көрінеді.
Екінші жағдайда топонимдердің табиғи объектімен байланысы аса көрініп тұр. «Атау «объектіге тән емес», бірак ол обьектінін физикалық-географиялық қасиеттерінің көптеген қырларының бірін көрсетеді. Халықтың материалдық және рухани өмірінің ерекшеліктеріне байланысты атауларда халықтың тарихи жолындағы түрлі кезеңдердегі тұрмысы, шаруашылығы, қоғамдық және идеологиялық өмірі туралы құнды ақпарат бар. Осы топка этникалық үдерістер, халықтың көшіп-қону қозғалысымен, сол аумақтағы этнонимдерден ұлттық және этникалық құрамның өзгерістерімен сабақтасқан атаулар жатады.Маңғыстау өңірі топонимдерін сөзжасамдық тұрғыдан:
1) лексика-семантикалық 2) синтетикалық, 3) аналитикалық тәсілдер арқылы жасалуы қарастырылды.
Маңғыстау өңірі топонимдерінің негізі күрделі атаулардан құралған. Изафеттік құрылым түркі тілдеріндегі күрделі сөздердің жасалуы ең кең тараған тәсіл болып табылады, өйткені қазақ тіліндегі күрделі сөздердің көпшілігі осы құрылымның көмегімен жасалған. Топонимдердің құрылымдық түрлері тілдегі жалқы есімдер құрылымын жетілдіру үрдісіне қарай бір-бірімен өзара тығыз байланыста.
Топонимдердің ішінде кездесетін барлық алуан түрлі лексикада ерекше топты географиялық атаулардың түрін көрсететін сөздер мен сөз тіркестері кұрайды. Географиялық терминдер топонимикалық атаулар жасауда ең негізгі көз болып табылады. Географиялық терминдерде атакәсібінде мал шаруашылығы болған қазақ халқының жер бедерінің ұсақ пішіндері, шаруашылық әрекетіне қажетті су кездері мен мал азыктық өсімдіктері, жайылым түрлері мен олардың маусымдық ерекшеліктері жөніндегі географиялық ақпары жинақталып және оларды топонимиялық жүйеде барынша көрсете білген.
Топонимдердің ішінде этномәдени, лингвоәлеуметтік, тарихи мазмұны бай атаулар халық санасында, тіл тұтынушылар, тілдік тұлғалар ойлауында міндетті түрде өзектелген ұғымға айналады. Маңғыстау топонимдерінің лингвокогнитивтік негіздерін аршу үшін Маңғыстау жер-су атауларындағы топонимдік ақпаратқа, оның ішінде этномәдени акпарат пен тарихи, мифтік және лингвоәлеуметтік ақпараттарға назар аударылды. Маңғыстау топонимдерінің пайда болуына негіз болған ұлттық менталитеттің құндылықтарына имандылық, құрметтеуге тұратын тұлғаға ерекше марапат жасай алу, елжандылык, кандастык, намысқойлық, адал махаббатты ардақтай білушілік, сатқындықты өліммен теңестірушілік, ананын балаға деген махаббатын ұлы сезім деп танушылық т.б. жатқыздық.
Манғыстау топонимдерінің өзіндік ерекшелігін танытатын құдық, концептілеріне де тоқталдық. Ә.Кекілбаевтың «Шыңырау» повесіндегі фреймдер мен схемаларга, сценарийлерге назар аударып көрдік. Жазушының көркемдік әлеміндегі бейнелерден құдық атауының мәнін маныздандыратын элементтер екшелді.
Достарыңызбен бөлісу: |