1.2.3. Негізгі тілдік қабат
Маңғыстау топонимиясындағы негізгі тілдік қабат қазақ тіліне тән атауларды (69,3%) құрайды. Негізгі тілдік қабатқа тән географиялық атауларды, үлкен үш топқа бөліп қарастырған дұрыс деп ойлаймыз:
1) Қазан төңкерісіне дейінгі қалыптасқан атаулар.
2) Кеңестік дәуірде пайда болған атаулар.
3)Тәуелсіз мемлекет кезеңіндегі топонимиялық жүйенің даму ерекшеліктері.
Ресей империясының Маңғышлақ уезінде 1881-1917 жылдар аралығында жүргізген түрлі санақтарында Маңғыстауды мекендеуші рулардың болыстық ауылдық құрылымдары айқын көрініс беріп отырған. Сондай санақтың бірі 1905 жылғы санақ бойынша, уезде 9 болыс, 65 ауыл және онда 35296 ер, 34625 айел, онын ішінде 64447 қазақ, 4853 түрікмен бар екені анықталды.
Қазан төңкерісіне дейінгі қалыптасқан атауларды қарастыратын болсақ, санақта көрсетілген болыс атаулары нақты жер аттарымен қатар басты-басты ру атауларымен аталып отырғанын байқауға болады. Мәселен, Маңғышлақ, Түпқараған, I Бозашы, II Бозашы, III Бозашы, Түрікпенадай, Райымберді, Жеменей, Түркмен болыстары ішінен Түрікпенадай, Райымберді, Жеменей адайдың ішкі рулары болып табылады.
Шежірелік Адай атанын Құдайке және Келімберді деген екі баласы болған. Құдайкеден екі бала- Тәзіке мен Қосай, Келінбердіден алты бала - Ақпан, Құнанорыс Балықшы, Жеменей, Тобыш, Мұңал тараған. Міне, осыларды, яғни Адайдын сегіз немересінен тараған ұрпақтарды «Сегіз арыс адай» деп атайды. Этногенездік кұрамы жағынан адай руы өз ішінен ірілі-уақты бірнеше рулық топтарға жіктеледі.
Сондай-ақ болыстарға қарасты ауылдар да ру атынан қалыптасқан. Мұнда негізінен, адамдар (үйлер) руына карай топтастырылып, сол ру аттас ауылдық құрылымға бағындырылған тәрізді. Болыстарға қарайтын ауылдардың тізімін мына мәліметтен көруге болады. Маңғышлақ болысы: Табынай-Бәубек, Қамысбай, Каржау, Өтегұл-Тоқабай, Жанай, Әли-Құл, Шонай, Тоқсанбай, Қожа.
Түпқараған болысы: Боққара, Сүгірәлі-Жәдігер. Байбоз, Көрпе, Байбол, Сегізбай-Сарболат, Батыр,
Ⅰ Бозашы болысы: Олжашы-Бөкен, Қойсары, Кенже, Мамыр, Ақбота, Қаратоқа, Бәйбіше.
II Бозашы болысы: Майлан, Тастемір, Бектеміс, Базар, Тоқтамыс, Құдайберген.
III Бозашы болысы: Жетімек, Кеще, Дәулеталы, Ескелді, Жарылғас-Меңдібай.
Түрікпенадай болысы: Құдайберген, Тәңірберген, Таңат-Шалбар, Бәли, Жаманадай, Құнанорыс, Караш, Бегей.
Райымберді болысы: Райымберді, Жанақ, Әтембек, Қыдырша, Жанкозы, Әли, Беріш. Жеменей болысы: Есен, Бегімбет, Өтебай-Көшке, Қожағұл, Шолақ, Сұлтангелді, Жомарт.
Түрікмен болысы: Қожа, Абдал, 1-ші Егдір, 2-ші Егдір, Угры, Меңліқожа, Дали, Құрбан, Бозашы.
Бұл ауыл атаулары Адайдың ішкі руларынан, Байұлы руларынан (Беріш т.б.) және түрікмен руларынан қалыптасқандығын байқауга болады.
Осылайша Маңғыстауды мекендеуші рулардың құрылымдарға атау болу үрдісі өткен ғасырдың болыстық, ауылдық 30-шы сақталғандығын С.Қондыбайдын «Маңғыстау-нама» еңбегінен көруге болады. Ол кездерде (1920-27 жылдары) болыс саны 27-ге жетіп, әрбір болыс әкімшілік ауылға, ал ауылдар шаруашылық ауылға (общинага) бөлінген [16, 408 б.].
Дегенмен болыстық ауыл атауларының көпшілігі біздің дәуірге жетпеген. Бұл жағдайды былай деп түсіндіруге болады: «Алғашқы уақытта елді мекендерде ауылдың бірыңғай этникалық құрамы болды. Бірақ ерте ме, кеш пе оларга басқа рулардан белінген қоныстанушылар қосылатын болады, сонда этноойконим езінің ақпараттық қызметін жоғалтады. Басқаша айтқанда - географиялық атау белгілі бір елді мекеннің этникалық құрамының көрсеткіші бола алмайды, бірак қандай да бір этникалық қауымдастықтың бұрын мекендегендігін көрсететін тарихи географиялык ескерткіші ретінде сакталуда» [26, 120 б.].
Өлке топонимиясында ойконим атауы болмағанмен де кұдық, қоныс атына айналган генотопонимдер кездеседі.
Мысалы: Балықшы Бейнеу ауданындағы құдық; Бәубекқазған - Орталык Үстірттегі құдық; Жанай Үстірттегі кұдық және Жыңғылды ауылына жакын Каратау аңғары; Жаңайқазған Бозашыдағы су көзі; Жаңайсайы - Мангыстау ауданындағы сай, бұлақ: Келімберді Маңғыстау ауданындағы жер; Карашқазған- Бейнеу ауданындағы құдық; Тұяқарым - Маңғыстау ауданындағы жер аты; Сарышонай Бейнеу ауданындағы құдық, қорым; Қыдырша Манғыстау ауданындағы құдық, жер; Зорбай - Манғыстау ауданындағы сай; Дәулетжары - Бозашыдағы құдық атауы т.б. Маңғыстау топонимиясындағы гено, этнотопонимдерге алдағы тарауларда толықтай тоқталатын боламыз.
Кеңестік дәуірде пайда болған ұлттық топонимдерді өзін іштей екіге бөлуге болады:
1) Колхоздастыру мен коллективтендіру және социалистік құрылыстың орнау кезенін сипаттайтын атаулар: Бірліккүш, Алғабас, Екпінді, Еңбек, Жаңа құрылыс, Жаналык, Жасбірлік, Жаңа адым, Жаңажол, Жаңакүш, Қызылтаң, Талап, Ұшқын, Қызыләскер т.б.
2) Кенес дәуіріндегі партия, мемлекет қайраткерлерінің құрметіне берілген атаулар: Ералиев, Жангелдин т.б.
Кеңестік дәуірде қалыптасқан ұлттық топонимдер кеңес жүйесінің тоталитарлык саясатына қызмет еткені баршаға аян. Тоталитарлык режимнін идеологтары топонимиканы қоғамның тарихи-мәдени санасына әсер етудің саяси кұралына айналдырды. Нәтижесінде қазақ топонимиясының өзіндік болмысына, ұлттык ерекшелігіне, әсіресе оның топонимиялық жүйесіне орасан зор нұқсан келтірілді. Қазақстан картасы едәуір бұрмалауларға ұшырады. Отаршыл, орталықтандырылған солақай саясат тұсында көптеген жер-су атаулары, тарихи топонимдер орысшаланып, бірқатар атаулар бұрмаланып жазылуы арқылы транскрипциясын өзгертіп Кеңестік идеологияның көлеңкесінен айналып кеткені жасырын емес.
Сонымен облысымызда ономастикалық жұмыстар, негізінен, үш бағытта жүргізіліп отыр: біріншіден, үстемдікпен өзгертілген топонимдер байырғы тарихи атауларымен алмастыру; екіншіден, транцкрипциясы бұрмаланған немесе кате жазылган жер-су атауларын қайта қалпына келтіру; үшіншіден, отаршылдық- тоталитарлык сипаттағы елді мекендер, білім, мәдениет ұйымдарының атауларын кайта атау жолымен жүргізіліп отырган бастама алдағы уақыттарда да жалғасын табуы тиіс.
Сонымен Маңғыстау облысы топонимиясының төмендегідей үш негізгі топонимиялык қабаты анықталды: жалпытүркілік қабат; кірме қабат; негізгі тілдік қабат.
Жалпытүркілік кабат - Маңғыстау топонимиясынын негізгі қабаты болып табылады. Ол көнетүркілік, қазақ, қыпшақ-ноғай, түрікмен тілдік қабаттарын қамтиды. Жалпытүркілік қабаттағы атаулар өлкені мекен еткен түрлі тайпа, ру атауларынан, мағыналары көмескіленген терминдік мәндегі сөздерден пайда болғанын байқадық.
Кірме кабат иран, араб, моңғол, славян тілдерінен енген атаулардан тұрады. Иран тілінен енген атаулар ең көне атауларға жатады. Араб тілінен енген топонимдер негізінен, діни ұғымды білдіретін атаулар болып келеді, олардың тілімізге енуіне ислам дінінің әсері мол болған. Моңғол тілінен енген топонимдер қазақ-моңғол бірлестігі дәуірінде қалыптасқан және моңғол тайпаларының Орта Азияга (ХІІІ- ХVIIIғ.) түрлі жорықтарынан кейін пайда болған болса, славян тілінің әсері елкемізде XIX ғасырдың орта тұсынан байқала бастады.
Негізгі тілдік қабат қазақ тіліне тән топонимдерді қамтиды. Бұл қабат та түрлі тарихи жағдайларда қалыптасқан, тіліміздің төл топонимдері болып табылады. Ғасырлар бойы жасалған бұл топонимдер халық мәдениетінін, оның - менталитетінің тарихи көрінісі болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: |