3 маңҒыстау гидронимдерінің тарихи қалыптасу жағдайлары мен тарихи лингвистикалық сипаты


МАҢҒЫСТАУ ГИДРОНИМДЕРІНІҢ ЛЕКСИКО-СЕМАНТИКАЛЫҚ КЛАССИФИКАЦИЯСЫ ЖӘНЕ ҚҰРЫЛЫМДЫҚ-СӨЗЖАСАМДЫҚ СИПАТЫ



бет8/12
Дата21.05.2023
өлшемі106.67 Kb.
#474036
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12
«Маңғыстау гидронимдерінің лингвомәдени сипаты» атты дипломдық жоба

2. МАҢҒЫСТАУ ГИДРОНИМДЕРІНІҢ ЛЕКСИКО-СЕМАНТИКАЛЫҚ КЛАССИФИКАЦИЯСЫ ЖӘНЕ ҚҰРЫЛЫМДЫҚ-СӨЗЖАСАМДЫҚ СИПАТЫ
2.1. Қоршаған ортаның физика-географиялық сипатын көрсететін гидронимдер

Маңғыстау өлкесі топонимиясының негізін қоршаған ортаның физика- географиялык қасиетін көрсететін географиялық атаулар құрайды. Халықтық географиялық терминдердің топонимиялық зерттеулердегі маңызы туралы Э.М.Мурзаев: «Терминдер топонимиянын негізі, олар географиялық атаулардың мағыналық мазмұнын анықтайтын бөлігі болып табылады... кез келген топонимиялық зерттеу халықтық географиялық терминдерді талдаудан басталуы кажет және қазіргі, сол сияқты түбірлі (субстратты) жергілікті терминология міндетті түрде ескерілуі қажет», деген болатын.


Атакәсібінде мал шаруашылығы болған қазақ халқы ұзақ жылдар бойы жер бедерінің ұсақ пішіндері, шаруашылық әрекетіне қажетті су көздері мен мал азыктык өсімдіктері, жайылым түрлері мен олардың маусымдық ерекшеліктері жөнінде географиялық ақпарат жинақтап және оларды топонимиялық жуйеде барынша көрсете білген. Қазақ халқының географиялық нысандарға атау қою негізіндегі тілдік танымдық әрекетін Б.Тілеубердиев былай түсіндіреді: «Адам коршаған ортаны, ландшафт ерекшеліктерін, жер бедерін, сан алуан географиялық нысаналарды өзімен, өз өмірі болмысымен, түрлі заттар мен құралдармен, түр- тус, пішін (калып), іс-қимылдармен т.б. көптеген құбылыстармен салғастырып, салыстырып, ұқсатып барып таныған, сол таным процесі барысында атау қойған, номинациялаған».
Маңғыстау өлкесі топонимиясының қоршаған ортаның физика-географиялык қасиетін көрсететін географиялық атауларын мағыналық жақтан беске бөлеміз:
1. Жер бетінің бет-бедеріне және географиялық объектінің өзіне ғана тән ерекше касиетіне байланысты қойылған топонимдер.
Маңғыстау өңірінің геологиялық құрылысы, пайдалы қазбалары мен жер бедерінің сипаты өлкенің топонимиялық жүйесіндегі айрықша атаулардың тобын құрайды. Өңір топонимдерінің жер бедеріне және географиялық объектінің өзіне ғана тән ерекше қасиетіне байланысты қойылған атауларын объектінің сипатына, касиетіне, орналасуына қатысты қойылған атаулар, қазба байлықтар атаулары, табиғат құбылысына байланысты атаулар деп топтастырамыз.
1) Қазақ топожүйесінде атау жасауда жердің бет-бедерін білдіретін географиялык терминдердің орны ерекше. «Жер бетінен көтерінкі орналасуы, биіктік» деген ұғыммен байланысты жер- бедер атауларынан жасалған топонимдер: тау, төбе, қырат, шоқы, шың, дөң, жал т.б. терминдермен жасалады.
Тау: Ақтау, Ақмыштау, Желтау, Қаратау, Күрпітау, Таушық, Шөлтау, Жалгантаў, Еліктау, Доңызтау т.б.
Шоқы: Ушшоқы, Талшоқы, Сарышоқы, Құмшоқы, Қарасазшоқы, Бесшоқы, Қарашоқы, Қамысшоқы, Құмшоқы т.б. Дем: Денасқан, Дөңқара, Қоңырдың дөңі т.б.
Жал: Есекжал, Ақжал, Каражал, Қарағашжал, Мәтжанжал, Сыртшанал
Төбе: Төбе, Ұрытөбе, Шайтантөбе, Сеңгіртөбе, Қаратөбе, Көгалтөбе, Алатөбе, т.б.
Тас: Тасболат, Сарытас, Тасқұдық. Тасмұрын, Тассай, Тасбас, Тасастау, Тасқайнар, Тесіктас, Тастысай, Қошқартас, Қаратас, Жертас, Дікілтас, Тесіктас т.б.
Төрткіл: Хантөрткіл, Түлкілітөрткіл, Сұлутөрткіл, Сарытөрткіл, Қозыбайтөрткіл, Қаратөрткіл, Көктөрткіл, Керітөрткіл, Боқтының төрткілі т.б.
Жар: Қызылжар. Жарқұдық, Апажар, Тышқанжар, Қаражар, көкжар жәрмеңкесі т.б. Шың: Төңірекшың.
2) Табиғат құбылыстары мен ауа райына қатысты атаулар: Боран, Булыойық, Дауыл, Самал, Мұзбел, Қысқала, Желеспе, Желтау, Желтимес, Желдімұрын, Көлеңкелі, Жылымшық т.б.
3) Объектінің сипатына, қасиетіне, дәміне, көлеміне т.б. байланысты атаулар. «Топонимдер құрамында географиялық терминдермен қосарланып келетін, мағыналык жағынан қазақ халқының географиялық объектілерді шаруашылық тұрғысынан бағалауынан хабар беретін ерекше сөздер тобы бар. Нақты географиялық объектінін мал шаруашылығына қолайлы-қолайсыздығын сиаттайтын сөздер қатарына «бай», «жақсы» - «жаман», «жылы» - «суық», «тентек» сияқты корреляциялык белгілеулерді жатқызуға болады. Бұл топтағы сөздердің мағынасына талдау жасау қазақ халқының табиғат жағдайларын танып-білу, оларды топонимдерде бейнелеу ерекшеліктерін түсінуге көмектеседі» [26, 19 б.].
Жақсы сөзі анықтауыш ретінде объектінің сапасын, қолайлы табиғат жағдайларын, шаруашылыққа қолайлы т.б. сипаттарын білдіреді. Мысалы: Жақсы Тамды, Жақсы Сауран, Жақсы Маңдай т.б.
Жаман географиялық атаулар құрамында көбіне «жақсы» сөзімен байланысты мағыналық жүктемесіне қарама-қайшы келетін анықтауыш ретінде кездеседі. Бул сөз түркі-моңғол тілдерінде «аласа, кіші» дегенді білдіреді (27 20 б.). Мысалы: Жаман Айрақты, Жаман төбе т.б.
Құдық атауларында суының мардымсыздығын, жайылымдық жерлерде жерінің құнарсыздығын сипаттайды. Мысалы: Жаман Еспе, Жаман Керел, Жаман Қызыладыр, Жаман Орпа, Жаман Саз, Жаман Сор, Жаман Үшкөз, Жаман Тамды, Жаман Сауран, Жаман Сасық, Жаман Сары, Жаман Дәуіт, Жаман Хантөрткіл т.б.
Суық: Суықши т.б. Обьектінің (судың) мөлшерін білдіретін атаулар сулы, сусыз, құр сөздерімен жасалған.
Сулы: Сулықапы, Сулықызылсай, Сулысай, Сулышошақ, Сулыкөлдеу т.б. жасалған.
Сусыз: Сусызкызылсай. Құр: Құрша, Құршығанақ. Құрқапы т.б. Сондай-ақ Бірқарын (құдық) атауы - өнімі өте аз, су көзі кейде қойдың қарнын әзер толтыруға жетеді деген мағынаға ие.
Жетібай, Қаламқас, Қаражанбас, Солт. Бозашы, Теңге, Асар, Донга, Тасболат Түрікменой, Бұрмашы т.б. жерлерде мұнай мен газ өндіріледі.
Қазба байлыққа қатысты атаулар: Мұнайшы, Мұнайлы, Тұран мұнайлы Алтынқазған, Жезді, Теміртапқан, Жездібас, Көміртөккен, Казба, Теміртөбе, Жосалы, Борқұдық, Борлы, Борлымүйіс, Борлы-Суат, Борлы-Торым, Қайрақтау т.б
Өлкетанушы Е.Өмірбаев: «1882 жылы Каспийдің шығыс жағалауын зерттеген Г.С.Карелин Тұманды тауынан минералдар мен рудалар тапқанын, Алтынтөбеде болып, онын Алтынтөбе деп аталуы шындыққа үйлесетінін, себебі бұл жерде күкіртті және басқа минерал қоспаларының көптігін айта келіп жергілікті халык бұл маннан ежелгі мыс қорыту орындарын көрсеткенін жазды. 1965 жылы Алтынқазған маңынан геологиялық экспедиция домдап соғып, қырлаған, үшкірлеген таза мыс пен жез құймаларын тапты. Бұл да Алтынқазғаннын бір сыры», деп еді [28,41 б.]. Бұның өзі Маңғыстауда ежелден қорғасын мен мыс, темір корыту кен орындарының белгілі болғандығын айғақтайды.
Өңірде Қазақстанның басқа облыстарындағыдай жоса сөзімен жасалған Жосалы топонимі кездеседі. Тау беткейі топырағының түсі жоса тәрізді болғандықтан атау осыған байланысты қойылған. «Жоса көне заманнан-ақ бояу ретінде, сондай-ақ ритуалдык косметикаға байланысты кеңінен қолданылып, халыққа ертеден белгілі болған-ды. Әсіресе сақ заманында жерленген «Алтын адамның» қасына жоса және айна салынған кішкене қалташа қойылғаны оның сәндік мәнінін зор болғанын білдіреді. Қазақстан мен Сібір көшпенділері өнерінде жосаның бояу ретінде кеп қолданылғаны тарихи еңбектерден мәлім» [7, 178 б.].
Өлке топонимиясында аймақтың геологиялық құрылысын бейнелейтін атаулар ерекше орын алады. Облысымыздағы «қара» және «май» сөздерінің қатысуымен жасалған топонимдер өлкедегі мұнайға қатысты пайда болған тәрізді. Э.Мурзаев «Халыктық географиялық термин сөздігі» деген еңбегінде «май» терминімен жасалған топонимдер сол жерде мұнайдың бар екендігінен хабар беретінін нақтылайды.Мысалы: Бейнеу ауданында Майкөмген, Маңғыстау ауданында Майлыкөл және Қарамай топонимдері кездеседі.
Сонымен жер бедері атаулары Маңғыстау өңірі топонимдер жүйесінде маңызды орын алады. Топонимдерде қазақ халқы табиғат жағдайлары мен ресурстарын анықтайтын ерекшеліктерді танып-білудің мол қорын жинақтаған.
2. Өсімдіктерге қатысты топонимдер.
«Маңғыстаудың төрт түлік малының еті және сүтінің ерекше құнары мен дәмділігінің бірден-бір себепшісі болған бұл аймақтың өсімдіктер дүниесі» [71, 24 б.] географиялық атауларынан ерекше орын алады. «Маңғыстау облысы шелдік-шөлейттік табиғат зонасында жатқандықтан Қазақстанның басқа зоналарына карағанда өсімдіктер дүниесіне кедей. Облыс жерінде 400-ден аса өсімдік түрлері еседі. Қатан табиғат өсімдіктердің континенттік құрғақ климатқа бейімделуіне жағдай жасаған. Шөл өсімдіктері шөптесін, шалабұта және бұта болып белінеді, олар шел жер тарабының өсімдік қабатының әртүрлі деңгейін құрайды» [1, 73 б.].
Маңғыстау жерінің көпшілік бөлігі мал жайылымына құнарлы сортан жусанды, боз-бетегелі, бұйырғын-жусанды және баялыш жусанды келеді.
«Ғасырлар бойы мал өсірумен айналысқан ата-бабаларымыз соған сәйкес жер жайын да, онын өсімдіктер әлемін де жақсы білген. Төрт түліктің және түрлі жан- жануарлардын талғап жейтін жем-шөбінің қайсысы малға жұғымды екендігін, кай шөп пайдалы, қай шөп зиянды (улы) екендігін ажырата білгені жөнінде ғасырлар бойы қалыптасқан қағидалары мен іс-тәжірибелерінің маңызы зор. Тіршілік тірегі өсімдіктердің аттары географиялык атауларда қойылуының тарихы ете ерте кездерден басталады» [1, 74 б.].
Маңғыстау өңірі топонимиясындағы көне фитотопонимдерге ағашқа байланысты топонимдерді жатқызамыз. К.М.Мусаев: «Ағач в тюркских языках является наиболее древним обозначением дерева, как растущего, так и материала, в этом значении оно встречается и в древних тюрских памятниках» [52, 19 б.],-деп ағаштың өсімдіктер дүниесінде өте көне ұғымды беретінін айтады. XIX ғасырда өлкемізде болған Б.Залесский: «Ағаштың жанынан өткен кезде қазақтар түйелерін шөгеріп, аттың жабуын немесе кілемшесін жайып кояды да тізелерін бүгіп немесе малдас кұрып отырып дұға оқиды. Сонан соң өздері де ағаш бұтақтарына киімнен жыртып алған шүберек немесе кой терісінің қиындысын, тіпті болмаса ат құйрығынан кесіп алған қылды ақтық ретінде байлап кетеді. Мұндай ағашты кесу қазақтар үшін күнәның ең ауыры болып саналады, сондықтан оның тіпті қураған бір бұтағын сындырар бір жан болмайды» [23, 69 б.],- деп қазақтардың ағашты әулие санайтынын осылайша суреттейді.
Ағаш лексемасының су сөзіне семантикалық жағынан эквивалент болуын Е.Жанпейісов көптеген зерттеулерді талдау негізінде былай түсіндіреді: «Судын козғалысын белгілеуде ағақ қолданылады. Бұл ақ ағаш сөзінің негізін кұрап, тарихи тұрғыдан алсак, бұл сөз су дегенді білдіреді» Ағаштардың су манында өсіп тұрғанын дәлелдейді. Мысалы: Ағашты Маңғыстау ауданындағы бұлақ атауы. Басында ағаш өсуіне байланысты осылай аталған. Бұдан басқа Үлкен ағашты, Ағаштыкент, Қараағашты әулие т.б. топонимдер кездеседі.
Терек терминінің мағынасын да А.В.Суперанская су, өзен сөзімен байланыстырады. Мысалы: Қарабұтатерек, Теректі, Терекорпа деген кұдық аттары осыны дәлелдей түседі. Себебі су бар жерде ағаш өсетіні анық. Маңғыстау өзінің климаттық ерекшелігіне сәйкес бірнеше аумақтарға бөлінетін болса, сол аумақтарға қарай өсімдіктер дүниесі де алуан түрлі болып келген. Сондай-ақ жер-су атауы да сол жерде өсетін өсімдік атауымен аталып отырады және аталған жерлердегі сол өсімдіктер дүниесінің молдылығынан, тұрақтылығынан хабар береді.
«Маңғыстаудың өсімдіктер дүниесінің белді бір бөлігі оның жалпы жер. көлемінің 1,1 млн.га-сын алып жатқан бұйратты, арынды құмдардың үлесіне тиеді. Манғыстау облысының құмды шөл далаларынын сексеуіл (оның екі түрі: қарасексеуіл, ақсексеуіл), коянсүйек, шагыр, желбас жусан, теріскен, акшотау, құсконбас, шенгел, түйесінір, жантақ, құмаршық бидайық, изен, боз, қызылша, ши, қамыс, қияқ, бұйырғын т.б. өсімдіктер жамылғысын құрайды [27, 23-24 66.].
3. Хайуанаттарға қатысты топонимдер.
«Үш жағынан теңізбен қоршалған Маңғыстау даласы жануарлар дүниесінің алуан түрлілігімен, өзіндік реликті фаунасымен, әсіресе, эндемиктік түрлердің салыстырмалы түрде көптігімен ерекшеленеді» [27, 26 б]. Қазақстанда кездесетін 163 жабайы аңнын 44-і осы облысты мекен етеді, ал оның 9-ы Қазакстанның Қызыл кітабына енгілген (қарақұйрық, үстірт койы т.б.). Ірі жануарларға муфлон-үстірт қойы, киік, қарақұйрық, қарақал, мәлін, қасқыр, құм мысығы, түлкі, қарсақ т.б. жатады.
Облыс территориясының жырткыштарын қасқыр, түлкі, қарсақ сияқтылар бастаса, екінші тобын мысық тұқымдастар құрайды. Оларға барыс (гепард), қарақал, кум және дала мысыктары, мәлін жатады» [1, 79 б.].
Маңғыстау өңірі топонимиясының қалыптасуына өсімдіктермен қатар хайуанаттар әлемі де біршама қатысқандығын атап айтуға болады. Мұның өзі өлкеде аңдардын кейбір түрлері кең тарағандығын және олардың аңшылық маңызы болғандығын аңғартады. Бұл туралы ғалым Р.Сәтімбеков былай дейді: «Аң аттарына қатысты топонимдер негізінен, құлан, марал, қоян, түлкі арқар, қарсақ, қабан, қарақұйрық сияқты аңшылық кәсіпте жиі қолданылатын сөздерден тұрады. Бұдан аншылықтың жергілікті халық өмірінде ерекше орын алғандығын байқауға болады. Олар түрлі географиялық нысанға аң атауларын бере отырып, сол хайуандардың мекені екендігінен хабар береді».
Сонымен қатар жануарлар дүниесімен аталған географиялық атауларды басқа жерлермен шатастырмас үшін және фауна өкіліне бай болғандықтан, олардың биологиялық, тіршілік ерекшеліктері негізінде тиімді пайдалану, қорғау мақсатында атау берілген. Өлке топонимиясындағы зоотопонимдерді мағыналық жактан тертке белуге болады: топонимдер: Арқартөбе, Айрақты, қалыптасқан.
а) Аң аттарынан Жаманайрақты, Арыстанбұға, Барыс, Түлкілі, Түлкілі төрткіл, Қасқыржол,Қаскырбұлақ, Қаскыркеуек, Бөрібас, Бөрлі, Көкбөрі, Мысық, Елік, Құланды, Құландысай, Киікті, Қабыланқыр, Борсық, Борсық құмы, Еліктау т.б.
5) Құс атауларынан қалыптасқан топонимдер: Сауысқан, Сауысқан құмы, Дуадақты, Жылқышы, Жылқышытөбе, Құсмұрын, Құстөбе, Үйрек, Үкікүп, Жапалак, Торгайушкан, Сергелі т.б.
б) Жәндік атауларынан қалыптасқан топонимдер: Жыланды, Тышқанды, Тышқанқұм, Тышқанжар, Тышқанды т.б.
в) Құрамында хайуанаттар атауы бар антропотопонимдер: Бүркітәлі, Бүркіттұмсық әулие, Бүркітата, Киікбай, Құсшы, Құшата, Көжекбай, Сонабай, Қанғырқаз әулие т.б. Сонымен хайуанаттар атауларынан пайда болған өлкенің зоотопонимдері де белгілі бір топ кұрайды.
4.Түске байланысты топонимдер.
Өлке топонимиясында түсті білдіретін сөздер негізінде жасалған атаулар негізінен ақ, қара, қызыл, көк, сары, қоңыр, ала сөздерінің қатысы арқылы жасалған. Ақ сын есімі – 166 (6,1%), қара - 145 (5,3%), сары - 64 (2,4%), кызыл - 55 (2,3%), көк - 27 (1%), қоңыр - 13 (0,5%), ала - 10 (0,37%) географиялык атаулар құрамында кездеседі.
Мысалы, ақ: Ақаяқ - ден, Ақәулие - қорым, Акбала -мола, тебе, сай, Акбас ойпаң, Ақбұлақ -бұлақ және құдық, Ақдомалақтөбе жер, Ақеспе құдық, Ақжал - - жер, Ақжар жер аты, Ақкетік - құдық, қауым, Ақкөл - көл атауы, Аккерек құдық, Ақкүп - күп, Аққауым тау, Аққолқа - құдық, Аққоңыр жер, Аққұдық - ауыл, кұдық, Ақмая - оқшау тау, Ақмола - мола, Ақмолда-құдық, жер аты, Ақмешіт - үлкен үңгір, Аксу- алқап, Ақтау бұйрат, қала, Ақтау обасы - мәдени ескерткіш, Актебіздің соры - сор, Ақтөбе құм аты, Ақтөрткіл тау, Акүйік - мола, кора, қоныс, Ақшоқы төбе, дөң, Ақшұқыр - ауыл, Ақшығанақ түбек, Ақшымырау ауыл, кұдық т.б.
Қара: Қара - мола, Қарағашжол - жер, қорым, Қараадыр - шатқал, Қарааудан - коныс, Қарабас - кұдык, Қарабұлақ кудыктар тобы, Қарабатыр - құдық, - Карабауыр - жер аты, Караеспе - жер, Қаражал - шатқал, Қаражанбас - жер аты, Қаражар - төрткіл, қорым, Қаракөз - бұлақ, Қаракөзбұлақ - бұлақ, Қаракөл – көл, - Каракорган- - бекініс орны, Қарақуыстық - тау, Қарақұдық – алқап, құдық, Қарақұм - құмды алқап, Қарамай - мола, Қарамандыбас - алқап Қарасу – бұлақ, Қаратау жотасы -тау жоталары, Қаратаушық - жота, Қаратоғай - бұлақ, Қаратөбе -корым және тау, құдық атауы, Қаратөрткіл тау, құдық, Қарашоқы — төбе және қорым, - Карашүңгіл - ой, Карашымырау құдық, бұлақ, қорым және т.б.
Қызыл: Қызыл киелі орын, Қызыладыр қоныс, Қызыластау - шатқал, Қызылжұлдыз - жер, Қызылит - қорым аты, Қызылкүп-күп, Қызылқала - қорған, Қызылқора - қоныс, қора аты, Қызылқұдық - құдық, Қызылқұм құмды алқап, Кызылмола - мола, Қызылой - құдық, Қызылөзен - ауыл, Қызылсу - ауыл, Қызылтас - жер және бұлақ, Қызылтөбе - ауыл, Қызылтұран — жер аты, Қызылұйық - жер аты т.б. құдық, Кызылауыз - аңғар, Қызылаша - қоныс, жер аты, Қызыләскер ауыл, Қызылегіс - бұлақ, Кызылеспе құдық, Қызылжар - құдық, Қызылжареспе – мола.
Сары: Саржал - жота, Сармыс - қорым, Сартай - құдық, Сары - мола, Сарыат - қорым, Сарыаша - сары мергельден түзілген тауаралық аңғар, Сарыбала - мола, - Сарыбалақора қоныс, Сарыбас - қорым, Сарыбұлақ - бұлақ, Сарықұп - жер,Сарықазақ- жер, құдық аты, Сарықолқа құдық, Сарықора - сай, Сарықұдық- құдық, Сарыоба - төбе, Сарыой жер, құдық, Сарысу бұлақ, Сарытаған - жер аты, Сарымақыр - шатқал, Сарытас жер, Сарытасты қора - қоныс, Сарытөбе- қыстау,құдық, Сарытөрткіл -қыстау, Сарышоқы - тау, Сарышыңырау - құдық т.б.
Көк: Көкбайтал - құдық, Көкбұлақ - бұлақ, Көкжал - жер, Көкжар жәрмеңкесі - жер, Көккүмбет - көне кесене, Көкқұдық - құдық, Көксай - құдық, Көктам– мазар, Көктас - кұдық, Көктөбе - жер, Көктөрткіл -тау т.б.
Қоңыр: Қоңыр - кұдық және жер, қорым, Қоңырдың дөңі - тау, Қоңыркүп - күп, Қоңырқұдық - құдық, қоныс, Қоңырорпа - жер, Қоңыртөбе-төбе, Қонырінген кұдық т.б.
Ала: Алабие - жер, Алабұталы - қоныс, ққора аты, Алаешкі - төрткіл атауы, Алатобе-кен орны т.б.
Топонимдер құрамындағы түр-түс атауларының түстен басқа да мағыналар беретіні А.Н.Кононов, Э.М.Мурзаев, Ғ.К.Қоңқашпаев, Е.Қойшыбаев, К.Конкобаев еңбектерінен кездестіреміз.
А.Н.Кононов: «ақ сын есімі «су» гидрографиялық терминімен тіркесіп акъ-ағу, ағын мағынасын беріп, акъсу — «ағып жатқан су» ұғымын береді», дейді [130, 84 б.]. Сонымен қатар А.Н.Кононов: «қытай, иран халықтары көк, көгілдір, және жасыл түстердің батыстын, сары түс - орталықтың, қызыл түс- оңтүстіктің, ақ түс - шығыстың, қара түс - солтүстіктің, терістіктің геосимволикасы деп есептеген»[28, 85 6.].
Э.М.Мурзаев Ақсу, Аққұю, Аққұдық, Аққұм, Ақтау топонимдерінің құрамындағы ақ сезінін беретін мағыналарын былай деп түсіндіреді: «Аққұю сөзбе-сөз, «ақ, таза құдық» (түркіше). Көбіне барқанды құмдардың ортасында орналасқан тұщы сулы құдык түрі, конденсациялық қоректендіру және сүзу үдерістері есебінен жүреді. Аққұм «ақ, таза кұм» деген сөз. Кәдімгі жылжитын, өсімдік өспейтін барқан құмдар. «Ағу», «төгілу» мағынасындағы ақ етістігінен. Ақсу — «ақ, таза су»; кәдімгі бастауын биік карлы таулардан алатын өзен. Дериваттары: ағсу (түрікмен), ахсу (әзірб). Орт Азия мен Әзірбайжанда бұлай деп жаксы тұщы суды атайды. Ақтау «ормансыз, ашық, далалы тау» [4, 43-44 бб.].
К. Конкобаев Ақбұлақ гидронимі туралы: «Қырғыздар суды дәлме-дәл аудармасына карап, «ақ су» деп атамайды. Гидронимнің мағынасы - «көзден аққан бұлақ» [14, 103 6.], - деп жазады.
Е.Койшыбаевтың пікірінше, Ақтөбе, Ақдөн сияқты топонимдердегі ақ - «шеп, «шепті» мағыналарын білдіреді [29, 26-27 бб.]. Ал Ақтау, Ақмая сияқты тау аттарында ақ сол обьектілердегі гипс, мәрмәр, әктастың бар екендігін көрсетеді.
Қазақ тіліндегі «ақ» және «қара» түр-түс атауларының этнолингвистикалык сипатын зерттеген Ұ.Серікбаева: «Ел-жұрт су ішетін, малды суаратын тұщы сулы кудыктары бар елді мекен атауларының «ақ құдық» болып аталуының о бастағы уәждерінің шынайы себептері бірнешеу:
1) құдық қазылған жердің топырағының ақ түсті (әкті), акшыл сары түсті болуына;
2) сол жерден шығатын тұщы судың мол, жер бетінін сулы-нулы болуына;
3) құдықтың, не кұдық қазған аумақтың ел жадында, халык санасында касиетті, текті мекен болуына байланысты аталуы ықтимал», дейді [30, 71 б.].
Маңғыстау топонимдері құрамында келетін «ақ» сөзі мынадай мағынаға ие болады;
1) Құм, су халықтық терминдерімен тіркесіп келіп, «таза», «мөлдір», «ағынды», «ауыз суы», «сусымалы» ұғымын береді. Мысалы: Ақсу, Ақбас, Аққұдық, Ақшымырау Акеспе, Ақбұлақ т.б.
2) «Ақ» сын есімі өзінің апеллятивтік тура мағынасында және тау атауларында «ақ гипс», «мәрмәр, әктас», «бор» ұғымында қолданылады. Мысалы: Ақмола, Аккора, Ақмешіт, Ақсаз, Ақтам, Актас, Ақтау, Ақмая, Ақшығанақ, Ақотау, Ақсиыртау, Ақсеңгір, Ақтас т.б.
3) Киелілік ұғымын береді: Ақәулие, Ақбала т.б. А.Н.Кононов және 3.М.Мұрзаевтың еңбектерінде қара сөзінің мынадай мағыналары кездеседі: 1) физикалық дене (тау, мал т.б.); 2) түр-түс; 3) қаратсу жерасты сулары, мөлдір су»; 4) жер, құрлық т.б. 5) қара+тау «тасты», «орманды»; 6) күшті, үлкен т.б. К.Конкобаев Қарабұлақ гидронимінің құрамындағы қара сөзін «қара түсті бұлақ емес» «үлкен бұлақ, суы мол бұлақ» деп түсіндіреді [31, 103 б].
Ұ.Серікбаева жоғарыда көрсетілген зерттеу еңбегінде, «Қарақұдық» аталатын кұдықтар мен құдығы бар (не болған) елді мекен атауларының төмендегідей, бірнеше уәжге (мотивке) негізделіп жасалғандығын көрсетеді: 1) құдық қазған жерден шыққан топырақтың түр-түсінің қара, не қара бұрыл болып келуіне; 2) құдықтың суалмай (суы тартылмай) көне дәуірден келе жатқандығына; 3) суы тартылып қалса да, басына орнатылған құрылыстың жойылып кетпей, мекен атауы ретінде ел жадында сақталып қалуына және 4) сол кұдықтың ата-баба, әулие-әмбиелердің аруақтарына қатысты көненің көзіндей сақталып келе жатқан кәделі, қасиетті дүние болуына т.т. байланыстылығы» [32, 72 б.].
Ал енді дербес қолданылатын қара мен екінші позицияда (постпозицияда) кездесетін қараның мағынасы мүлдем басқаша. Мысалы Маңғыстау топонимиясында кездесетін Қара, Құздықара, Дөңқара, Сұлуқара сияқты оронимдерде «қара казіргі қазақ тілінде ұмытылған «биік, шоқы, төбе, тау» мағыналарында қолданылған. Осы мағыналарында қара термині өте көне термин» [7,189 б.]. Ғ.К.Қоңқашпаев та «қара» сезі күрделі топонимнің соңынан келгенде, абсолюттік биіктік ұғымын береді деп түсіндіреді [33, 101 б.].
Сонымен Манғыстау топонимдері құрамында келетін қара сөзі мынадай мағынаға ие болады:
1) қара сөзі гидронимдердің құрамында «ойпаттау, саздау, тегіс жердің астынан шығып ағатын су», «терен», «таза», «суы мол» деген мағыналарда қолданылады. Мысалы: Қарасу, Қарабұлақ, Қарақұдық. Қарашымырау, Қарабас, Қарақұй т.б.
2) Оронимдер құрамында «төбелі», «жоталы», «тасты» деген мән береді. Мысалы: Каратау, Қаратөбе, Қарақия, Қаратаушық т.б.
3) Жер бедерін сипаттау үшін қолданылатын «қара» сөзі өзінің тура мағынасын береді. Мысалы: Қарақозы, Карамай, Қаражанбас, Қаратас, Қарамола т.б.
4) Кейбір топонимдер құрамындағы қара сөзі «қалың», «ну» ұғымын да береді. Мысалы: Қарамулей, Қаратоғай, Қаражүзген т.б.
5) Күрделі топонимнің соңынан келіп, «тау, төбе, шоқы» мағынасында колданылады. Мысалы: Қара, Құздықара, Доңқара т.б. 6) «Ежелгі, ескі» мәнін береді: Қаратүбек.
Өлке топонимиясында ақ және қара сөздерімен жасалған географиялық атаулардан кейінгі орынды «қызыл» сөзімен жасалған атаулар алады.
Ұ. Ержанова «қызыл» сөзінің тіркесуімен қалыптасқан топонимдердің көпшілігін жасанды топонимдер, яғни кеңес дәуірінде қалыптасқан, саяси топонимдер деп атайды [17, 98 б.]. Ал Е.Қойшыбаев «қызыл» сөзінің: «тар шатқал, «түбі көрініп жатқан таяз су», «жұқа», «майда», «жеңіл» тәрізді мағыналарын көрсетеді.
Сонымен өлке топонимдерінің құрамындағы «қызыл» сөзі мынадай мағына беретінін байқадық:
1) «Қызыл» сөзі өзінің тура түстік мағынасында қолданылады. Мысалы: Қызылтас, Қызылмола, Қызылтам, Қызылқала, Қызылқорған т.б.
2) Гидронимдер құрамында «таяз су» мәнін береді. Мысалы: Қызылауыз, Қызылбас, Қызылсу, Қызылқұдық, Қызылсуат т.б.
3) Оронимдер құрамында «тар, жіңішке» мағынасында қолданылады. Мысалы: Қызылсай, Қызылой т.б.
4) Идеологиялық мәндегі атаулар: Қызыләскер, Қызылжұлдыз.
Топонимдердің келесі тобын «сары» сөзімен жасалған атаулар құрайды. Түркі тілдерінде сары сөзінің өзінің апеллятивтік мағынасымен қатар «үлкен», «кен», «көп» мағыналарда қолданылатынын К. Конкобаев [14,101 б.] және Е. Койшыбаев өз еңбектерінде атап көрсеткен. Ал «Батыс Қазақстан облысы топонимдерінің этнолингвистикалық сипатын» зерттеген Ұ.Ержанованың пікірінше, сары сөзі «сазды жер» және «лай су немесе тайыз су» мағыналарында қолданылады: «Батыс Қазақстан облысында орналасқан Сарқұдық, Сарытабан атаулары жер бедерін сипаттау үшін қолданылған. Қазақтар сазды жерді сары сөзімен белгілеген. Ал Сарысу, Сарыөзен, Сарыайдын, Сарыкөл атаулары құрамындағы сары сөзі «лай су немесе тайыз су» ұғымын береді. Әдетте, сазды жерде орналасқан өзен-көлдердің суының лай болып келуі онын тайыздығына байланысты. Бұл екі ұғым бір-бірімен тығыз бірлікте болады.
Маңғыстау топонимдері құрамындағы «сары» сын есімі мынадай мағыналарда қолданылған:
1) Сары өзінің тура мағынасында, яғни шөбі ерте сарғайып, қыста да қарын үрлеп кететіндіктен сарғайып көрінетін тау, төбеге, сондай-ақ сары мергель жынысына байланысты қолданылады: Сарытөбе, Сарытөрткіл, Саршоқы, Сарыаша, Сарымас, Сартасты кора, Сарыбала т.б.
2) Гидронимдердің құрамындағы «сары» сөзін «сазды жер» ұғымымен байланыстырамыз. Мысалы: Сарышыңырау, Сарыбас, Сарытақыр т.б.
3) Суы ащы, тұзды, сор жерден аққан сулар: Сарысу, Сарыбұлақ т.б. Облыс топонимиясында көп болмаса да «көк» сөзінің қатысуымен қалыптасқан атаулар да кездеседі. Атау құрамындағы «көк» сөзі де өзінің тура мағынасымен қатар түрлі мағыналарда колданылады.
1) Түстік мағынасында: Көктас, Көктам, Көккүмбет т.б
2) «Кек» сезі «шөпті жер» мәнінде жұмсалады. Мысалы: Көксай, Көкжал, Көгез m.6.
3) Ороним құрамында «биік» мағынасын береді. Мысалы: Көктөбе, Көктөрткіл, Кокжар т.б.
4) Гидроним құрамында қолданылған «көк» сөзі мөлдір мағынасын білдіреді. Мысалы: Көкбұлақ, Көкқұдық т.б.
Сондай-ақ өлкеде «қоңыр» сөзімен жасалған Қоңыр. Қоңырдың дені, Аққоңыр былайша Қонырорпа, Қоңырқұдық, Қоңыртөбе, Қоңырінген атаулары да кездеседі.
К.Каймулдинова «қоңыр» терминінің беретін мағыналарын топтастырады:
1) Қоңыр термин ретінде «өсімдікпен бекіген кұмдар» дегенді білдіретіндіктен, колайлы жайылымдық жерлер туралы мәлімет береді; 2) оронимдер құрамындағы «қоңыр» ежелгі түркі-моңғолдық «қара» (төбе, тау) дегеннің синонимі болып табылады; бұл мағынасында топонимдерде постпозицияда, яғни соңғы лекте тұрады; 3) түсті білдіретін анықтауыш ретінде гидронимдердін, оронимдердің құрамында препозицияда, яғни алдынғы лекте кездеседі.Маңғыстау топонимдерінің құрамындағы «қоңыр» сөзі мынадай мағыналарда қолданылған: 1) Түсті білдіретін тура мағынасында қолданылған: Қоңырорпа, Қоңырқұдық, Қоңыртөбе, Қоңырінген т.б.
2) «Төбе, тау» деген мән береді: Қоңыр, Қоңырдың дөңі, Аққоңыр т.б. Өлке топонимиясында жоғарыда айтылған түр-түс атауларынан басқа да ала, сұр, боз, құла, шұбар сөздерімен жасалған бірлі-жарлы атаулар да кездеседі. Мысалы: Алабие, Алаешкі, Алатөбе, Аппақ, Сұршоңқалтөбе, Бозат, Зеленый, Кулаам т.б. Кейбір түркі тілдерінде (әзербайжан) ала сөзі биік ұғымын береді. Сонымен табиғаттағы түр мен түстің барлығы әрқашан да бір географиялық объектінің түр-түсін, өң-реңін, сырткы сипатын ғана анықтаумен шектелмейді екен, қазақ халқының ғасырлар бойы қалыптастырған ұғым-түсініктерін де бойына жинақтай білген.
5. Сан есімдерге қатысты топонимдер.
Маңғыстау топонимиясында сан есімдерден жасалған атаулар елеулі орын алады. Санға қатысты топонимдер: бір, үш, төрт, бес, алты, жеті, он, қырық, тоқсан, жүз, мын сан есімдерімен жасалған.
Мысалы, бір: Бірқарын Бозашыдағы сор, құдық. Бірқарын атауы өнімі - өте аз, су кезі кейде кой карнын әзер толтыруға жетеді деген мағынаға ие. Антропонимдерден жасалған: Бірнияз кұдық; Бірниязмелеген - құдык т.б. - жатады.
Үш: Үшаудан - құдық; Үшауыз құдық Үшкемпір мола; Үшкөзбұлақ аты; Үшкөз әулие-корымдықтың аты; Үшқұдық - құдық және қорым аты; Үшкию - құдык, қорым; Үшоба - мола; Үшсай сайы, құдық; Үшсу - құдық, мола; Үштаган - ауыл; Үштам діни кешен; Үштөбе жер; Үштұрсынбай кұдық, мола, төбе - атауы; Үшшоқы төрткіл; Үшшоңқал төбе, қорым т.б.
Төрт: Төрткіл - тау; Төртқұдық кұдық т.б.
Бес: Бесауыз- құдық; Бесбұлақ жер аты және кұдық; Бескемпір темір кен орны және мола; Бескөл құдық; Бескон қоныс, жер атауы; Бесқұдық-құдық; - Бесмұрын - тау; Бесоба кұдык, тебе; Бесоқты құдық пен төрткіл атауы; Бесегіз терен кұдықтар; Бестас мола: Бестөбе құдық және жер; Бесшоқы - шоқылыр сілемі; Бесшымырау бұлақ, құдық; Бешауыз құдық т.б.
Алты: Алтыапан - құдық: Алтыбайқазған Алтықұлан құдық; Алтықұлаш әулие құдық; Алтықұдық құдық; - көне қорым т.б.
Жеті: Жетібай - кент, мұнай-кені; Жетікөп - аңғар, Жетіқақ, Жетіқыз-мола; Жетіқыздың тауы - тау; Жетітөбе - құдық т.б.
Он: Онбай - қорған; Онқауынды бұлақ, Онүй алкап т.б.
Қырық: Қырықкез көне бейіт орны; Қырыққұдық — құдық; Қырыққыстау - құдық; Қырықмылтық- мола; Қырыққыз мола, Қырықшілтен --корым т.б.
Тоқсан: Тоқсанбай тау, қоныс, құдық және сай атауы.
Жүз: Жүз - жер, құдық, Жүзадым - су көзі, тереңдігі сол шамада болуына байланысты солай аталған; Жүзадыр - құдық; Жүзжасар - Үстірттегі бейіттер т.б.
Мың: Мыңкісі жер атауы; Мыңкыз мола атауы т.б.
Сан есімдер де топонимдер құрамында нақты сан ұғымымен қатар түрлі мағыналарға ие болады. «Сан мыңдаған цифрлардың ішінен географиялық атаулар жүйесінде нақты 3, 5, 7, 8, 9, 10, 30, 40, 70 сандардың орын алуын, алғашқы адамдардың танымында осы сандық ұғымдар ерекше күш-кұдірет киеліліктің символы болып қалыптасқандығымен, адам баласының көк пен жер арасындағы өмірді пайымдауы барысындағы мыңдаған жылдык өмірлік тәжірибесінен туындаған нәтиже қорытындыларымен байланыстыруга болады.Қазақ тіліндегі «үш», «жеті», «тоғыз», «қырықпен» байланысты ұғым-түсініктер, олардын матастырғыш, киелілік» қасиеті және бұл сандардын казак этнографиясындағы маңызы жөнінде акад. І.Кеңесбаевтын енбектерінде айтылған.
Өлке топонимдеріндегі бір, үш, төрт, бес, алты, жеті, он сан есімдері ездері тіркескен атауларда нақты сан ұғымын береді. Әсіресе Үшқұдық. Үшқұю, Төртқұдық, Бесқұдық, Бесауыз, Алтықұдық атаулары бір-бірінен алшақтатпай қазылған кұдықтың нақты санын білдіріп тұр.
Ал қырық, тоқсан, жүз, мың сан есімдер өздері тіркескен топонимдерге көптік ұғымын береді. Мысалы: Қырыққұдық, Қырыққыстау, Тоқсанбай, Жузадыр, Мынқыз т.б.
Сонымен катар өлкеде Онбесінші бекет, Онтөртінші бекет аталатын ауыл, т. ж. б. бар. Бұлар рет санын білдіреді. Бір, екі сан есіміне балама болып табылатын жалғыз, қос сөздерінің көмегімен қалыптаскан топонимдер де кездеседі. Мысалы: Жалғызеспе құдық; Жалғызмола - мола; Жалғызтөбе - арал; Жалғызшағыл - құдық; Жалғызшымырау - құдық; - Косаркан - құдык, корым; Косауыл-құдық; Қосащықұдық; Қосбайырәулие - киелі орын; Косбұлақ ауыл; Коскеліншек- қоныс, фонтан; Қосқора-қора, - коныс атауы; Қосқұдық-құдық атауы; Қосқызыл қорым т.б. Сонымен Маңғыстау өңірі топонимиясының қоршаған ортаның физика- географиялық қасиетін көрсететін географиялық атауларын мағыналык жақтан:
а) жер бетінін бет-бедеріне және географиялық объектінің өзіне ғана тән ерекше қасиетіне байланысты қойылған топонимдер;
ә) өсімдіктерге қатысты топонимдер;
б) хайуанаттарга катысты топонимдер;
в) түске байланысты топонимдер;
г) сан есімдерге катысты топонимдер деп топтастырдық.
Жер бетінің бет-бедеріне және географиялық объектінің өзіне ғана тән ерекше касиетіне байланысты қойылған топонимдер өңірдің өзіндік жер-бедерлік ерекшелігінен, қазба байлықтарынан т.б. мол мәлімет берсе, өлкеде өсетін өсімдік атауымен аталған топонимдер аталған жерлердегі сол өсімдіктер дүниесінің молдылығын, тұрақтылығын білдіреді. Хайуанаттар әлемімен жасалған топонимдер өлкеде аңдардың кейбір түрлерінің кен тарағандығын және олардың аңшылық маңызы болғандығын аңғартады.
Сондай-ақ түр-түске қатысты атаулар нақтылы түс ұғымымен қатар ахроматикалык (түр- түстік емес) мағынада жұмсалатыны байқадық. Ал облыс территориясында сан есімдермен келген топонимдер негізінен, екі мағынада - нақты сандық ұғымды және кеп ұғымын беретін абстрактілі мағынада қолданылады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет