1.2. Маңғыстау гидронимдерінің тілдік қабаты
Топонимдік қабат дегеніміз-белгілі бір тарихи кезеңдерде пайда болған географиялық атаулардың жиынтығы. Бұл термин отандық топонимияда жиі қолданылады. Сонымен қатар белгілі бір ел немесе аймақ топонимдерінің тілдік қабатын қарастыруда стратиграфия термині де қатар қолданылып жүр. Стратиграфия-тау жыныстарының қат-қабаттану формаларын және жер кабығы қабаттарының тарихи тізбекте жасалуын зерттейтін геологияның бөлімі. Сонымен топонимиялық стратиграфия-«белгілі бір ауданнын топонимиясын зерттегенде анықталған және тарихи, этникалық үдерістер мен тілдік ықпал ету нәтижесінде топонимикалық баған бойынша жоғары және төмен өзара өтіп, бір біріне міндетті түрде әсер ететін географиялық атаулардың әр кезендегі, әр мезгілдегі, әртүрлі тілдегі тарихи жиынтығы» [6, 25 б.].
Түркітілдес аймақтардағы топонимдер стратиграфиясының мәселелері Г.Ф.Саттаров, К.Конкобаев, Т.Жанұзақ, С.Атаниязов, К.М.Мұсаев және т.б. еңбектерінде қарастырылған.
К.М.Мұсаев түркі топонимінің үш тілдік қабатын көрсетеді:
«1) Көне дәуірге кететін, тілдін формасы мен құрылымы, семантикасы қатты өзгеріске ұшыраған кене белгісіз топонимдер қабаты.
2) Таза түркілік қабат, олар күмән тудырмайтын түбір сөздерден және кейарада дүдәмал танытатын түбір сөздерден, сондай-ақ кұрылысы көрініп тұратын туынды түбірден тұрады.
3) Кірме қабат» [7, 197 б.].
Профессор Т.Жанұзақ тарихи топонимдерді хронологиялық тұрғыдан былайша топтастырған: «1) біздің дәуірімізге дейінгі гидронимдер мен оронимдер; 2) ерте ортағасырға тән жер-су аттары; 3) орта ғасырлық жер-су аттары» [8, 33 б.].
Қазақ тіл білімінде субстратты топонимдердің этимологиясы туралы алғашқы теориялық еңбек жазған ғалым А. Әбдірахманов.
Тілші-ғалым: «Қазақстан территориясындағы, сол сиякты басқа да аймақтардағы жер-су аттарынын кене формаларын басқа тілден енгендерін т.б. тарихи құбылыстарды, топонимдердің этимологиясын комплексті зерттеу арқылы ашуға болатынын» айтады [9, 73 б.].
А.Әбдірахманов топонимдерді: 1) ана тілінің негізінде жасалған топонимдер; 2) басқа тілдің негізінде жасалған топонимдер - деп бөліп, ана тілінің негізінде жасалған топонимдерді а) алтай дәуіріндегі; ә) көнетүркі дәуіріндегі; б) көне қазақ тіліндегі; в) жаңа қазақ тіліндегі атаулар, ал басқа тілдің негізінде жасалған топонимдерді а) иран тілінен, в) моңғол тілінен, в) араб тілінен, г) славян тілдерінен енген топонимдер деп қарастырады [10, 14-23 бб.].
А.Әбдірахмановтың еңбегіндегі осы тілдік қабаттар әрбір аймақ топонимдерінің стратиграфиясын айқындауда басшылыққа алынғанын байқауға болады. Оны Қ.Рысбергенова, А. Жартыбаев, М. Қожанұлы, Б. Бияров, А. Әлімхан, 3. Құламанова т.б. зерттеулерінен көреміз.
Қ. Рысбергенова Оңтүстік Қазақстан топонимдерін тілдік табиғатына қарай: 1) субстратты топонимдер; 2) басқа тілдерден енген топонимдер: 3) түркі тілдік кабат деп бөлген [11, 24 б.] және бұл тілдік қабаттардың ерекшеліктері туралы былай дейді: «Тілдік қабаттарға жүргізілген талдау жалпытүркілік негізді топобірліктердің басымдығын көрсетеді, ол түркі тілді автохондардың сол аймақта үздіксіз, ұдай өмір сүргенінің дәлелі. Оның үстіне топонимдердің басым бөлігі казак тілі базасында жасалған» [11, 132 6.].
Сонымен қатар, құрамында Маңғыстау ауданының топонимдері қарастырылған, Атырау облысының жер-су аталарын тарихи-тілдік тұрғыдан зерттеген М. Қожанұлы топонимдерді: 1) жалпытүркі тілі қабаты; 2) араб-иран тілі кабаты; 3) моңғол тілі қабаты; 4) славян тілі қабатына ажыратады [12, 65-66 бб.]. Әр тілдік кабаттағы топонимдердің этимологиясына талдау жасаған.
Бұл классификациялардан байқағанымыз, әрбір аймақ топонимдерінің стратиграфиясын айқындаудағы «айырмашылықтар тек әр аймақ топонимдеріне кершілес тілдердің қай дәрежеде әсер еткені мен көнетүркілік (алтай дәуірі) кезенге тән атаулардың қандай көлемде сақталып қалғандығына қатысты ғана байқалады» [13, 155 6.].
Бұл тараушада Маңғыстау топонимдік қабаттарына біртіндеп талдау жасалатын болады. Манғыстау топонимдерінің социолингвистикалық табиғатын анықтау үшін, алдымен Маңғыстаудың бай тарихына соқпай өтпеуге болмайды. «Халык тарихы онын тілінде бейнеленеді». «Әрбір атау тарихи, ал топонимиканы тугелдей тарихтың айнасы деуге болады. Географиялық атаулар, әсіресе, кене атаулар тарихи ескерткіштер сияқты. Өйткені онда еткен дәуірдің әлеуметтік жағдайы, тұрмысы, этнографиялық ерекшеліктері, ең негізгісі, сол кездегі тілдін қалпы көрінген» [14, 23 б.].
Кез келген адамға, ұрпақ буынына өз заманының географиялық атаулары гана емес, өткен кезендегі атаулар да белгілі. Кейде көне топонимдік кабат таза сакталып, кейінгі ұрпаққа сол қалпы өзгеріссіз жетуі мүмкін. Топонимдік кабат - тарихи, ендеше өзгерімпаз категория. Кез келген тілдің топонимдік кабатын «козғалмайтын, өзгермейтін, бір кезде пайда болып, мәңгі қалатын дүние екен деп түсінбеуіміз керек».
Өзгерістің болуына, әдетте, миграциялык процестер әсер етеді. Ескі топоним мен жана атау қашанда алдымен қатар жүреді. Ескі атау сол халықтың өз территориясында тұтасымен қалған жағдайында сақталады. «Қандай да бір аумақта ескі атауларды сақтау, егер бұрынғы халық тұтастай» немесе едәуір белігі ез аумағында калып, ең болмаса онын өзі толык этнографиялык трасформацияға, сонын ішінде тілді толык ауыстыруға ұшырап, топонимиканың сабақтастығын сақтай отырып, өз аумағында қалған жағдайда ғана мүмкін болады».
Маңғыстау топонимдерінің тарихы да бұл концепциямен үндесіп жатыр. «Жеті жұрт келіп, жеті жұрт кеткен» Маңғыстауды тарихтың әр белгісінде сан түрлі тайпалар мекендеген. Олар да аймақ жер-су атауларына өз іздерін салған. Біздің дәуірімізге дейінгі дах (дай) массагет көшпелі тайпаларының орнын кейінгі ғасырларда бірінен соң бірі алаңдар, печенек-қаңлылар, оғыздар, түрікмендер, ноғайлар, калмактар, қазақтар басты.
Маңғыстау облысы топонимиясының осындай өзіндік ерекшеліктерін ескере отырып, төмендегідей үш лексикалық қабатты көрсетуге болады:
1) жалпытүркілік кабат;
2) кірме кабат;
3) негізгі тілдік қабат.
Ал әр қабаттың үлес салмағына келетін болсақ, жалпытүркілік қабат - 13,5%, кірме қабат - 17,22%, негізгі тілдік қабат 69,3% құрайды.
Достарыңызбен бөлісу: |