3 Қорғасын және оның қосындыларымен улану


Білімдерін тексеруге арналған тест сұрақтары



бет2/2
Дата02.01.2022
өлшемі58.5 Kb.
#452267
1   2
3 тапсырма

Білімдерін тексеруге арналған тест сұрақтары:
1. Қорғасынды улану басым зақымданулармен жүретін кәсіптік аурулар тобына жатады:

1. тыныс ағзалары

2. бүйрек, зәр шығару жолдары

3. қан жүйесі

4. тері

5. жүйке жүйесі


2. Жеңіл дәрежелі қорғасынды улануға тән синдромдар:

1. полиневриттік, қорғасынды колика

2. астеновегетативтік, ретикулоцитоз, базофилді-дәнді эритроциттердің санының көбеюі

3. энцефалопатиялық, гиперхромды анемия

4. тромбоцитопениялық, қорғасынды колика

5. полинейропатия, ретикулоцитоз, базофилді-дәнді эритроциттердің санының көбеюі


3. Машина құрастыру заводының металл жабыстырушысы (паяльщик) ішіндегі толғақ тәрізді ауырсынуға, жүрек айнуына, 5-6 күн ішінің қатуына шағымданады. Тері жабыны бозғылт, еріннің шеті қошқыл. Пульс минутына 60соққы, АҚ 155/80 мм.рт.ст., іші кепкен, пальпация кезінде нақты локализациясы жоқ аурсынулар. Қанның анализінде: Нв-60 г/л, лейкоциттер формуласы қалыпты, 1 млн-ға 800 базофилді түіршікті эритроциттер, ретикулоциттер 20%, зәрде порфирии -10 балл, зәрде қорғасын 0,5 мг/л Сіздің диагнозыңыз?

1. қорғасынды колика

2. жедел холецистит

3. жедел аппендицит

4. жедел аралық порфирия

5. бүйрек шаншуы
4. Қорғасын шаншуы симптомдардың келесі триадасымен сипатталады?
1 . жүрек айну, өткір толғақ тәрізді іш ауырсынуы, іш қату

2. өткір толғақ тәрізді іш ауырсынуы, іш қату, іш өткізетін заттардың әсеріне көнбейтін іш қату, АҚ 200 ммртбағ дейін көтерілуі, брадикардия

3. бірнеше рет құсу, іш қату, толғақ тәрізді іш ауырсынуы

4. дене қызуының көтерілуі, құсу, ішінің ауырсынуы, тахикардия

5. жүрек айну, құсу, ішінің ауырсынуы
5. Сатурнизмнің патогенезіндегі неврологиялық симптомдарға жатады:

1. нерв клеткаларының дегенеративті өзгерістері

2. порфириндік алмасудың бұзылуы

3. миелинизация процесінің бұзылуы

4. вегетативті бұзылыстар

5. жоғарыдағының бәрі


6. Жұмыс орындарындағы ауадағы қорғасынның рұқсат етілетін концентрациясы?

1. 0,03 мг/м3

2. 0,01 мг/м3

3. 0,007 мг/м3

4. 1 мг/м3

5. 10 мг/м3
7. Металл жабыстырушысы (паяльщик) жұмысшы ішіндегі толғақ тәрізді ауырсынуына, жүрегінің айнуына, аяқ-қолдарының сыздап ауырсынуына, 3 күн ішінің қатуына шағымданды. Обьективті: шырышты қабаттары бозғылт түсті, склералар субьектириясы, еріннің шеті алқызыл қошқыл. Пульс минутына 60 соққы, АҚ 155/80 мм.рт.ст., іші кепкен, пальпация кезінде шамалы аурсынады. Қанның анализінде: Нв-60 г/л, эритроциты 3,9, 1 млн-ға 800 базофилді түіршікті эритроциттер, ретикулоциттер 20%, зәрде гематопорфирии -10 балл, зәрде қорғасын 0,5 мг/л. Сіздің диагнозыңыз және науқастың жұмыс істеу қабілеті?

1. өткір іш, жалпы ауру, хирургия бөліміне жатқызу

2. созылмалы қорғасынды улану, жеңіл дәрежесі. Кәсіптік ауруы бойынша ақылық еңбекке жарамсыздық парағы

3. созылмалы қорғасынды улану, ауыр дәрежесі, қорғасынды колика, стационарға жатқызу, Кәсіптік ауруы бойынша ақылық еңбекке жарамсыздық парағы

4. жедел гепатит, жалпы ауру, стационарға жатқызу

5. асқазанның ойық жарасы, өршу. Жалпы ауруға байланысты стационарлық ем, ақылық еңбекке жарамсыздық парағы
8. Ауыр дәрежелі соз қорғасынмен улану кезіндегі науқасқа ем тактикасы. Қорғасын шаншуы

1. тазалау клизмасы, промедол 1%-1,0 тері астына

2. тазалау клизмасы, но-шпа 2,0 тері астына

3 .атропин 0,1%- 1,0 тері астына, тазалау клизмасы, жылы ванна

4. папаверин 2%- 2,0, жылы ванна

5. 5% глюкоза ерітіндісімен ЭДТА 10%-20,0 көк тамырға, жылы ванна, атропин 0,1% 1,0 тері астына


9. Соз.қорғасынмен уланудағы анемияның патогенезіндегі бұзылыстар:

1. гемоглобиннің қасиеті

2. бүйрек функциясы

3. бауыр функциясы

4. порфирин және гем синтезі

5. барлық аталғандар


10. Созылмалы қорғасынды уланудың орташа ауырлық дәрежесінде арнайы ем жүргізу үшін қажетті заттар:

1. метилен көгі

2. лейкоген

3. купренил



4. темір препараттары

5. В тобының витаминдері

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет