3. Оқу пәнінің тақырыптары бойынша дәріс тезистері 1-модуль. Педагогикалық мамандыққа кіріспе



Pdf көрінісі
бет42/45
Дата01.04.2024
өлшемі1.02 Mb.
#497168
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   45
daris

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия 
ұлттық университеті 
Пәннің оқу-әдістемелік кешені 
Басылым: 
жетінші 
ЕҰУ Ф 703-07-21. Пәннің оқу-әдістемелік кешені. Жетінші басылым 
1.Алдын ала бақылау: сабақ өткізу үшін әзірленген жоспарлар, материалдармен танысу; 
түсіндіру, бекіту әдістері мен формлары туралы, оқушылардың өзіндік жұмыстарының 
тәсілдері туралы әңгіме жүргізу. 
2. Күнделікті бақылау: сабақты немесе сабақтардың өтуін бақылау, оқушылардың 
білімдері мен дағдыларын тексеру, оқушылар жұмысын қарап шығу. 
3. Қорытынды бақылау: белгілі бір уақыт аралығындағы мұғалімнің оқушыларды оқыту 
мен тәрбиелеу жұмысының нәтижелерін зерттеу. Журналдар, мәліметтер тізімдерді тексеріп, 
бақылау жұмыстары, сұрақ-жауап өткізу.
Күнделікті бақылау оқыту процесінде күнделікті қолданылады және сабақ барысында 
оқушылардың оқу-танымдық әрекетіне басшылық жасайды. Ол ішкі және сыртқы 
байланысты жан-жақты жүзеге асырауға мүмкіндік туғызады, соның негізінде оқушылардың 
келесі оқу әрекетіне ықпал етеді. Күнделікті бақылау мұғалімнің жалпы немесе жекелеген 
оқушылар жұмысына жүйелі түрде бақылау жасау көмегімен жүргізіледі. Бақылаудың бұл 
түрі оқушылардың сынып немесе үй тапсырмаларын өз бетінше орындауға деген ниеттері 
мен берілген тапсырманы орындауға деген олардың қызығушылығы және жауапкершілдік 
сезімін ынталандыруда үлкен манызға ие болады. 
Тақырыптық бақылау - оқу бағдарламаларындағы белгілі тақырыптар бойынша 
өткізіледі. Сабақтың тақырыбы және әрбір кезеңдері негізінде оқушылардың білімді, 
іскерлікті, дағдыны игеруі тексеріледі. Сонымен бірге, мұғалім жаңа тақырыптың кейбір 
басты мәселелерін өткен сабақтардағы оқу материалдарымен толықтырады, кейбір 
ұғымдарды, анықтамаларды, ғылыми ережелерді оқушы-лардың есіне салады. 
Қорытынды бақылау - барлық пәндер бойынша жыл аяғында өткізіледі. Бақылау 
процесінде тақырыптық және тарау бойынша бақылау нәтижелері есепке алынады. 
Оқушылардың жыл бойында алған теориялық және тәжірибелік білімдері анықталады. 
Сондықтан қорытынды бақылаудың негізі емтихан және оқушылардың жылдық үлгерім 
бағалары болады. Емтихан мен жылдық үлгерім бағаларынан педагогикалық кеңестің 
шешімі бойынша қорытынды бағалар шығарылады. Бақылау әдістері арқылы оқушылар 
жұмысының тиімділігі мен мазмұны туралы кері байланыс қамтамасыз етіледі. 
Оқушылардың білім, білік және дағдыларын бақылау, бағалау педагогика ғылымы мен 
практикасында белгілі бір әдістерді қолдану негізінде жүзеге асады. Олар мыналар: 
ауызша баяндау (әңгіме, жеке-дара, топтық, фронтальдық сұрақ). 
жазбаша бақылау (диктант, шығарма, таблица, схема, суреттер құрастыру). 
практикалық бақылау (лабораториялық жұмыстарын, еңбек операцияларын орындау, 
тәжірибе жүргізу). 
машиналы бағдарламалап бақылау (перфокарталар, бақылау карталарын, дұрыс 
жауаптарды, диафильмдерді қолдану). 
өзін-өзі бақылау, бағалау (қателерді болдырмау, оларды түзеу, оқудағы өз жетістіктерін 
бағалау, соған сәйкес балл қою). 
Оқыту процесінде бақылаудың фронтальдық, топтық және дербес формалары 
қалыптасқан. Оның тиімділігі - мұғалімнің оларды дұрыс ұйымдастыруына байланысты. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   45




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет