3. Оқу пәнінің тақырыптары бойынша дәріс тезистері 1-модуль. Педагогикалық мамандыққа кіріспе



Pdf көрінісі
бет11/45
Дата01.04.2024
өлшемі1.02 Mb.
#497168
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   45
daris

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия 
ұлттық университеті 
Пәннің оқу-әдістемелік кешені 
Басылым: 
жетінші 
ЕҰУ Ф 703-07-21. Пәннің оқу-әдістемелік кешені. Жетінші басылым 
Қазіргі 
заманғы 
педагогика 
қарқынды 
дамуда. 
Педагогиканы 
саралау 
(дифференциациясы) үрдісі негізінен екі бағытта: әр түрлі жас тобындағы адамдар 
тәрбиесіне қатынасы және кәсібі, немесе тәрбие мен білім беру түрлері бойынша жүреді. 
Педагогика өзінің қалыптасуы мен дамуы жылдарында тармақталған ғылымдар жүйесіне 
айналды: педагогика тарихы, жалпы педагогика, мектепке дейінгі педагогика, мектеп 
педагогикасы, кәсіптік-техникалық білім беру педагогикасы, жоғары мектеп педагогикасы, 
өндірістік педагогика, арнайы педагогика (салалар қатарына бөлінеді: а) сурдопедагогика 
(керең, мақау және естімейтіндерді оқыту мен тәрбиелеу педагогикасы); б) тифлопедагогика 
(зағип және көзі көрмейтін соқырларды оқыту мен тәрбиелеу заңдылықтарын зерттейді) в) 
олигофренопедагогика (ақыл-ой кемістігі бар балалрды оқыту мен тәрбиелеу заңдылықтарын 
зерттейді), әлеуметтік педагогика, әскери педагогика, этнопедагогика, еңбекпен түзету 
(пенитенциарлық мекеме педагогикасы), салыстырмалы педагогика.
Кез келген ғылымның дамуы ғылыми білімнің ұғымдар жүйесі арқылы 
қалыптасуымен тығыз байланысты. Кез келген ғылымның негізгі ұғымдары категория деп 
аталады. Педагогикада негізгі ұғымдар (категориялар) жүйесі жүз жылдық барысында 
қалыптасты. 
Сонымен қатар, педагогикада жалпы ғылыми басқада адам туралы ғылымдар 
пайдаланатын ұғымдар пайдаланылады: тұлға, іс-әрекет, даму, қалыптасу, педагогикалық 
болмысқа қатысты іс-әрекет мағналы болады, егерде ол табысты болса, өйткені осы 
жағдайда тұлға өзін-өзі ұйымдастыра алатын жүйе ретінде өмір сүре алады. Яғни іс-әрекет 
табыстылығы, қазіргі кезеңдегі білім берудің тұлғаға бағытталған парадигмасы тұрғысынан, 
педагогикалық негізгі категориялар құрамына кіретін ұғымға жатады. 
Демек, педагогика теориясы педагогикалық шындықтың толық бағалы сипаттамасын 
жасау үшін «тәрбие», «білім беру», «педагогикалық процесс», «оқыту», «әлеуметтендіру», 
«іс-әрекет табыстылығы» сияқты негізгі ұғымдарын (категорияларын) пайдалана алады, олар 
шындығында әртүрлі педагогикалық құбылыстарды танып білуде қолданылады 1-сурет). 
уақыт 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   45




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет