3. Оқу пәнінің тақырыптары бойынша дәріс тезистері 1-модуль. Педагогикалық мамандыққа кіріспе


-модуль.Педагогиканың теориялық - әдіснамалық негіздері



Pdf көрінісі
бет10/45
Дата01.04.2024
өлшемі1.02 Mb.
#497168
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   45
daris

 
2-модуль.Педагогиканың теориялық - әдіснамалық негіздері 
 
4–дәріс. Педагогика адам туралы ғылым жүйесінде
Жоспары: 
1. Педагогика ғылым ретінде.
2. Педагогиканың объектісі, пәні және қызметтері.
3. Педагогиканың негізгі категориялары, олардың өзара байланысы.
4. Педагогикалық ғылымдар жүйесі. Педагогиканың философия, психология, 
әлеуметтану, физиология және басқа ғылымдармен байланысының түрлері.
Дәрістің негізгі мазмұны 
«Педагогика» грек тілінен «paida gogos», «paida» ‒ бала, «gogos» ‒ жетектеу 
аударғанда «баланы жетектеу» деген мағынаны білдіреді. Ол мақсаты – жеке адамды 
тәрбиелеу, қалыптастыру болып табылатын жүйелі тәрбие, білім беру туралы ғылым саласы. 
Ежелгі Грецияда иесінің (аристократтың) баласының мінез-құлқын бақылайтын, күтетін, 
түрлі қауіп-қатерден қорғап, мектепке апарып және алып келетін құлдарды педагог деп 
атаған. Кейіннен арнайы дайындықтан өткен, балаларға білім беру мен тәрбиелеу 
бағытындағыпедагогикалық іс-әрекетпен айналысатын мамандар педагогтар деп аталды. 
Осыдан келіп тарихи тұрғыда педагогика балаларды тәрбиелеу туралы ғылым ретінде 
қалыптасқан.
«Педагогика» термині негізінен еуропалық мектептерде қабылданды. Ағылшын тілді 
мемлекеттерде бұл термин қолданылмайды, оның орнына «білім жөніндегі ғылым (немесе 
ғылымдар)» деген қолданылады. Білім берудің халықаралық энциклопедиясында 


Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия 
ұлттық университеті 
Пәннің оқу-әдістемелік кешені 
Басылым: 
жетінші 
ЕҰУ Ф 703-07-21. Пәннің оқу-әдістемелік кешені. Жетінші басылым 
«Педагогика» сияқты «Білім беру» туралы да мақаланың жоқтығы бұл құбылысқа біртұтас 
ғылыми сипаттама берудің қиындығын көрсетеді. Басылымның тек алғы сөзінде (түсінік 
хатында) скандинавия мемлекетінде және Германияда мектептік оқытуға қатысты 
қолданылатын ағылшын тіліндегі «education» терминіне қарағанда, тар мағынаға ие 
«педагогика» термині қолданылатыны белгіленеді.
Ғылыми айналымда бүгінде педагогикаға, оның зерттеу пәніне, нысанына берілген 
анықтамалар да әртүрлі: 
КСРО-да педагогика коммунистік тәрбиенің теориясы ретінде дайындалған, яғни 
тәрбие категориясы педагогикада басқаларына қарағанда басымды талаптарға ие болған. 80-
90жж. шыққан педагогикалық жоғары оқу орындары студенттеріне арналған оқулықтар мен 
оқу құралдарында педагогика көбінесе «тәрбие» категориясының көмегімен анықталады.
Ю.К.Бабанскийдің (1983) редакторлық жетекшілігімен шыққан кітапта педагогика 
тәрбие жөніндегі ғылым ретінде анықталады, себебі оның пәні «қоғамның ерекше қызметі - 
тәрбие» болып табылады.
Б.Т.Лихачев (1993) «нақты-тарихи үрдіс тәрбиенің обьективті заңдары» 
педагогиканың пәні деп есептейді және ары қарай «педагогика ғылым ретінде өзіне 
көпқабатты және алуан түрлі қатынастарды қабылдайтын күрделі қоғамдық құбылыс 
тәрбиені зерттейді» деп көрсетеді.
В.П.Беспалько (1995) педагогиканы «өсіп келе жатқан ұрпақ тәрбиесінің аса жетілген 
жолдары мен әдістері туралы адамзаттың бай тәжірибесі жинақталған көптеген 
ғылымдардың бірі» ретінде түсінеді. Бірақ «білім беру тұтас алғанда» «педагогика 
ғылымының қызығушылық саласы» ретінде анықталады.
Педагогика - өскелең ұрпақ пен ересек адамдардың тәрбиесі туралы ғылым деген 
көзқарас кеңінен таралған болып табылады. Педагогиканың зерттеу пәні деп есептеу туралы 
сұрақтың туындауы заңды болып саналады. Педагогикаға берілген анықтамадағы сияқты 
оның пәнін айқындауда мамандар арасында әлі де болса бірдей пікір қалыптаспаған. 
Педагогиканың пәнін анықтауда кең әрі жетекші категориясы тәрбие болып табылады деген 
түсінік үнемі кездеседі. Кейде педагогиканың пәні тұлғаны тәрбиелеу, оқыту, білім беру, 
қалыптастыру ретінде анықталады. Сонымен бірге адамзат жүктеу/скачать 1.02 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   45




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет