3. Оқу пәнінің тақырыптары бойынша дәріс тезистері 1-модуль. Педагогикалық мамандыққа кіріспе



Pdf көрінісі
бет21/45
Дата01.04.2024
өлшемі1.02 Mb.
#497168
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   45
daris

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия 
ұлттық университеті 
Пәннің оқу-әдістемелік кешені 
Басылым: 
жетінші 
ЕҰУ Ф 703-07-21. Пәннің оқу-әдістемелік кешені. Жетінші басылым 
- тұлғаның сапа-қасиеттерін тәрбиелеудің дәлелденген мақсатын қалыптастыруды 
ынталандыратын тұлғалық және әлеуметтік құнды, көптүрлі іс-әрекеттерін ұйымдастыру;
- тұлғаның маңызды әлеуметтік қызметін – еңбек әрекеті мен әлеуметтік 
қызығушылық шарттарының өзгеруіндегі қарым-қатынасын дамыту.
Келесі құрылым тәрбие үрдісінің негізгі сатыларын бөліп көрсетуге негізделген. 
Өлшемдер – қойылған міндеттерді сапалы шешуге бағытталған, үрдіс міндетті өтетін 
сатылардың бірізділігі:
Тәрбиеленушілердің талап етілетін нормалар мен мінез-құлық ережелерін саналы 
түсінуі – тәрбие үрдісінің маңызды сатысы. Онсыз тұлғаның берілген мінез-құлқын табысты 
қалыптастыру мүмкін емес.
Білім сенімге көшуі тиіс – мінез-құлықтың басқа емес, дәл осындай типін тереңірек 
ұғыну. Сенім - белгілі бір қағидалар мен дүниетанымға негізделген, өмірде басшылыққа 
алынатын тұрақты көзқарастар. Тәрбие үрдісі оларсыз ауыр, баяу дамиды және барлық 
уақытта жағымды нәтижеге қол жеткізбейді.
Сезімді қалыптастыру – тәрбие үрдісінің маңызды компоненті. Тәрбиеші сезімді тек 
қайрау және оған сүйену арқылы талап етілген нормалар мен ережелерді дұрыс әрі тез 
қабылдауға қол жеткізеді.
Іс-әрекет тәрбие практикасында барлық уақытта көзқарасты, сенімді, сезімді 
қалыптастырумен бірігеді. Тәрбие үрдісінің құрылымында педагогикалық мақсатты 
ұйымдастырылған іс-әрекетке неғұрлым ерекше орын берілсе, соғұрлым тәрбиенің тиімділігі 
жоғарлайды.
Тәрбие көпфакторлы үрдіс болып табылады. Оған табиғи орта, тіршілік әлемі және 
қоғамдық құндылықтар иерархиясы; отбасы, мектеп және жоо, балалар мен жастар 
ұйымдары; күнделікті және кәсіптік іс-әрекет,өнер және бұқаралық ақпарат құралдары әсер 
етеді.
Көптүрлі тәрбие факторларының ішінен екі негізгі обьективті және субьективті
топтар бөліп көрсетіледі.
Обьективті факторлар тобына жатады:
- адамның генетикалық тұқымқуалаушылығы мен денсаулық жағдайы;
- оның тікелей қоршаған ортасына әсер ететін отбасының әлеуметтік және мәдени 
тиістілігі;
- биографиясы; 
- мәдени дәстүр, кәсіби және әлеуметтік мәртебесі; 
- мемлекеттің ерекшіліг және тарихи дәуір. 
Субъективті факторлар тобын құрайды: 
- тәрбиешінің де және тәрбиеленушінің де психикалық ерекшеліктері, дүниетанымы, 
құндылық бағдары, ішкі қажеттілігі мен қызығушылығы;
- социуммен қатынасының жүйесі; 
- жеке адам, топ, бірлестік және барлық қоғам тарапынан адамға ұйымдастырылған 
тәрбиелік ықпалы. 
Тарих барысында тәрбие үрдісін жете ұғынуда, оның өзіндік ерекшелігін анықтау 
қажеттілігі пайда болды, әсіресе тәрбиенің мақсатын және оны жүзеге асыру деңгейін; 
тәрбиенің өзіндік құралдары мен түрлерін нақтылау.
Тәрбиенің мақсаты – арнайы дайындалған және жоспарлы өткізілген тәрбиелік 
акциялар мен әрекеттердің ықпалымен іске асырылатын адамдағы ( немесе адамдар тобы) 
күтілетін өзгерістер. Осындай мақсаттың анықтамасы тәрбиешінің (топтың немесе жалпы 
қоғамның) тәрбиеленуші тұлғасына ізгілікті қатынасын көрсетеді.
Төмендегі қарама-қайшылықтар тәрбиенің қозғаушы күші болып табылады:




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   45




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет