Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия
ұлттық университеті
Пәннің оқу-әдістемелік кешені
Басылым:
жетінші
ЕҰУ Ф 703-07-21. Пәннің оқу-әдістемелік кешені. Жетінші басылым
Дүниетаным – бұл ақиқатты дүниеге және
ондағы адамның алар орнына, оны
қоршаған болмысына және өз-өзiне қатынасына деген көзқарастар жүйесi, сонымен қатар,
адамдардың осы көзқарастар арқылы қалыптасқан негiзгi өмiрлiк ұстанымдары, наным-
сенiмдерi, мақсат-мұраттары,
таным мен қызмет принциптерi, құндылық бағыттары.
Дүниетаным қоғамдық және жеке адам санасының ұйтқысы болып табылады.
Дүниетанымды қалыптастыру – тек жеке тұлғаның ғана емес, сонымен қатар белгiлi бiр
әлеуметтiк топтың, қоғамдық таптың жетiлуiнiң елеулi көрсеткiшi.
Дүниетаным қоғамдық сананың жалпы және жоғарғы түрі болып табылады. Ол өз
түрлеріне тән бірнеше элементтерден қалыптасады (философия, ғылым, эстетика, мораль,
т.б.). Осылардың ішінде философиялық, ғылыми, саяси, адамгершілік
және эстетикалық
көзқарастар үлкен рөл атқарады.
Философиялық көзқарастар мен сенімдер бүкіл дүниетаным жүйесінің негізін
құрайды. Философияның өзі таным қызметтерінің ұтымды-ұғымды мәнерін және
дүниетаным бағдарын негіздейді: ол ғылыми деректер мен тәжірибе жиынтығын
теориялық тұрғыда ұғындырады және шындық бейнесін объективті және тарихи тұрғыда
айқындауға ұмтылады.
Ғылыми білім дүниетаным жүйесіне
ене отырып, адамды қоршаған әлеуметтік және
табиғи орта шындығына бағыттау мақсатында, сондай-ақ шындыққа қатысты тиімділікке,
адасулар мен ескілік көзқарастардан арылуға қызмет етеді.
Адамгершілік қағидалар мен өлшемдер адамдардың мінез-құлқы мен өзара қарым-
қатынасын реттеуге және эстетикалық көзқарастармен бірге қоршаған ортаға қарым-
қатынасын анықтауға, іс-әрекет түрлеріне, мақсаттары мен нәтижелеріне қызмет етеді.
Білімнің, тәжірибенің және көңіл-күй бағамын жалпылай отырып, адамның қоғамдық
тұрмыс-тіршілік
ерекшеліктерін бейнелейді, тұлғаның дүниетанымдылығы мен тарихи
айқын жүйенің бүкіл өмірлік және іс-әрекетінің бағытын анықтайды.
Егер дүниетаным ақиқат дүние дамуының объективті тенденциясының дамуын
бейнелесе, адам ойлауының және қоғамның, табиғаттың заңдарын ғылыми тұрғыда тануға
негізделсе, онда ол барлық адамзаттың қызығушылығының және ақиқатты өзгертудің күшті
құралы болып табылады.
Дүниетаным когнетивтік танымдық көзқарас тұрғысынан сипатталса, онда ол
объективті дүниені соншалықты
дұрыс және терең бейнелейді, ол шын және жалған,
ғылыми және діни, материалистік және идеалистік түрде болуы мүмкін.
Ғылыми дүниетаным объективті нақты болып табылады (шынайы, материалистік).
Ғылыми дүниетаным дүниенің ғылыми бейнесіне, ғылыми талдаулар негізінде жасалған
қорытындылар мен негіздеулерге және табиғи және қоғамдық құбылыстардың дамуын
сипаттайтын, себеп-салдарын теориялық ұғынуларына сүйенеді. Ғылыми дүниетаным
алдын
ала көрудің, сол және одан басқа да құбылыстардың, процестердің дамуын және
оларды саналы түрде басқаруға мүмкіндік береді.
Барлық берілген ғылымдарға дұрыс түсініктемені тек қана диалектикалық және
тарихи материализм береді, яғни адамды танымды дұрыс танып
білумен мен әлеуметтік
өмірдің және табиғи құбылыстардың өзгерістерімен қаруландырады.
Ғылыми дүниетаным негіздеріне сыртқы қоршаған ақиқат дүниеге бағдарлауы,
қоғамдық қатынастар жүйесіндегі өзінің өмір сүруінің маңыздылығын түсінуі, өз өмірін
саналы түрде құруға деген терең әлеуметтік қажеттіліктері жатады.
Оқушылардың ғылыми дүниетанымы ғылыми-философиялық білімдерді, қазіргі
ғылыми
жаңалықтарды, сонымен бірге шынайы дүние танымдарының жалпы әдістер
жүйесін, шынайы дүниені түсіндіру деректерін, әдіснаманы бір ізділікпен меңгеру
нәтижесінде қалыптасады.
Қоғамның, ойлаудың, табиғаттың даму заңдылықтары және мәнін түсіндіруші
дүниетаным идеяларының жиынтығы оқушылардың дүниетанымында
көзқарас, сенім,