3. Оқу пәнінің тақырыптары бойынша дәріс тезистері 1-модуль. Педагогикалық мамандыққа кіріспе



Pdf көрінісі
бет36/45
Дата01.04.2024
өлшемі1.02 Mb.
#497168
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   45
daris

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия 
ұлттық университеті 
Пәннің оқу-әдістемелік кешені 
Басылым: 
жетінші 
ЕҰУ Ф 703-07-21. Пәннің оқу-әдістемелік кешені. Жетінші басылым 
жаңа материалды қабылдауға дайындау үшін оқушы санасында жаңғыртылуы тиіс 
ұғымдар мен заңдарды анықтау; 
оқушылардың өзіндік жұмысы (оның көлемі мен түрі); 
оқушылардың пәнгі, тақырыпқа қызығушылығын дамыту тәсілдері; 
жеке оқушылар мен сынып жұмысын бақылау турі. 
3. Жаңа білімді меңгеру: 
Жана ұғым, заң және оларды меңгеру тәсілдері; 
Сабақтың танымдық оқу міндеттерін анықтау 
Таным үрдісінің диалектикасын, ойдың бір кезеңнен басқасына қозғалуын ашып 
көрсететін танымның диалектикалық материализм теориясы оқыту үрдісінің әдіснамалық 
және философиялық негізі болып табылады.
Адамның танымы бірқатар кезеңдерден өтеді: 
1) Бастапқыда сезімдік таным баланы қоршаған табиғи және әлеуметтік құбылыстар, 
жағдайлар, заттар туралы түсініктерінің көптүрлілігіне алып келеді. Осы сезімдік бейнелер 
неғұрлым жүйеленіп және талқыланып қорытындыланса, соғұрлым бала мектепке дайын 
болады. Оның білім алуы таным мүмкіндіктері тұрғысынан жоғары. Бірақ сезімдік таным 
жүйесінде бала қоршаған әлем заңдылықтарын бейнелеп көрсетпейді.
2) Абстрактылы таным, ұғымдар жүйесін меңгеру. Мұнда мектептік оқытуқажет. 
Оқушының танымдық әрекеті біржақты болады. Ол оқу пәндерінің мазмұны арқылы 
қоршаған әлемнің белгілі бір жақтарын үйренеді. Оқушылардың таным әрекетінде нақты 
және абстрактылы қарама-қарсылық күштері ретінде қатысады және ақыл-ойдың дамуында 
әр түрлі бағыттарды құрады.
3) Танымның жоғары кезеңі, жоғары дамыған абстрактылы ойлау негізінде 
дүниетанымының, сенімінің, көзқарасының қалыптасуына алып келетін қоршаған әлем 
туралы талқыланып қорытындыланған түсініктерді қалыптастырады. Мектептегі оқыту 
баланы ғылыми білім, ұғымдар, заңдылықтар әлеміне алып келеді. Оқушы қысқа уақыт 
аралығында адамзат тарихында ғасырлар бойы танылатынын біле бастайды.
Оқытудың ғылыми танымнан айырмашылығы оқыту үрдісінде танымның мақсаты 
оқу әрекетінің соңғы нәтижесін құратын оқу материалы болып табылады. Ғылыми танымның 
мағынасы нақты құбылыстар, заттар, олардың өзара байланысын бейнелеумен, ал 
заңдылықтарды ашу құралы оқу және ғылыми кітаптарда, адамзат тәжірибесінде белгіленген 
білім болып табылатынымен сипатталады. Оқыту өзіне үш қызметтерді енгізеді: білімдік 
(білімді меңгеру, оқу дағдылары мен біліктілікті қалыптастыру үрдісі), дамытушылық 
(оқушының ақыл-ойын дамыту) және тәрбиелік (оқу әрекеті оқушыда патриоттық, 
адамгершілік қасиеттерді, көзқарасты, сенімді, идеалды, эстеикалық сезімді, тәртіпті, 
еңбексүйгіштікті қалыптастырады). Оқытудың білімдік, дамытушылық және тәрбиелік 
қызметтері оқушы тұлғасын қалыптастыру үрдісіне кешенді тұрғыдан қарауды қамтамасыз 
етеді.
Оқыту үрдісінің қозғаушы күші – бұл оқу үрдісі барысында туындайтын қарама-
қайшылық, оқыту мен үйренудің динамикасын, диалектикасын, білім алушылардың білім 
мен білікті меңгеру сипатын, сонымен қатар оқушының даму қарқынын анықтайтын 
қалыптасу және даму. Қарама-қайшылықты тудыруды басқару оқу материалының 
мазмұнын таңдау, оқыту мен үйрену әдістерін, формаларын және тәсілдерін пайдалану 
арқылы іске асырылады.
Жалпы реттегі қарама-қайшылықтар туындайды:  
- қоғамдық-тарихи білімнің көлемі мен оқушы меңгерген көлем арасында;
- қоғамдық-тарихи таным мен оқушының жеке танымдық іс-әрекеті арасында;
- оқушы дамуының жеткен деңгейі мен оқу міндеттерін оқыту барысы арасында.
Жеке реттегі қарама-қайшылықтар туындайды:
- бұрынғы білім деңгейі мен жаңа білім арасында;   




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   45




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет