3 сессия жауаптары Механизмдер мен машиналарды жобалау


Берілістердегі негізгі кинематикалық және күштік катынастары



бет12/54
Дата02.01.2022
өлшемі1.98 Mb.
#454287
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   54
3 сессия жауаптары механизмдер мен машиналарды жобалау

Берілістердегі негізгі кинематикалық және күштік катынастары

Берілістің екі элементінің жұмысын қарастырайық (2.6-сурет), олардың бірі - жетекші, ал екіншісі жетектегі болады.

Жетекші буындар деп қозғалысты басқа буындарға беретін бөлшектерді айтады.

Жетектегі буындар деп жетекші буындардан қозғалысқа келтірілетін бөлшектерді (аунақтар, шкивтер, тісті доңғалақтар және т.б.) айтады.

Ыңғайлылық үшін екі тісті дөңгелектің кішісін тістегершік немесе шестерня деп атайды, ал үлкенін тісті дөңгелек немесе жай дөңгелек деп атайды. Көбінесе жетекші буын тістегершік (шестерня), ал жетектегі буын дөңгелек болып келеді.

Тістегершіктің параметрлерін тақ сандар индексімен белгілейді (ω1, ω3, ω5).

Тісті дөңгелектің параметрлерін жұп сандар индексімен белгілейді (ω2, ω4, ω6).

Келесі белгілерді енгіземіз:

ω1, ω2 – жетекші (тістегершіктің) және жетектегі (дөңгелектің) бөлшектердің бұрыштық жылдамдығы, (рад/с);

п1, п2 – жетекші (тістегершіктің) және жетектегі (дөңгелектің) бөлшектердің айналу жиілігі, (айн/мин);

D1, D2 – диаметрлері, мм;

v1, v2 – шеңберлік (сызықтық) жылдамдықтар, м/с.

Сурет 2.6 – Цилиндрлі және белдікті берілістердің сұлбалары

Үш сатылы берілістің тісті дөңгелектерінің айналу жиіліктерін (n) белгілеу мысалы. Суретте (2.7-сурет) біз 3 сатылы ашық берілісті көріп тұрмыз, ол 4 біліктен және 6 тісті дөңгелектерден құрастырылған:

n1 I қозғалыс кіретін біліктегі тістегершігі (шестернясы); п3 – II аралық біліктегі жетекші тістегершігі; п5 – III аралық біліктегі жетекші тістегершігі;

п2 – II аралық біліктегі жетектегі тісті дөңгелек; п4 – III аралық біліктегі жетектегі тісті дөңгелек; п6 – IV қозғалыс шығатын біліктегі жетектегі тісті дөңгелек.

Сурет 2.7 – Үш сатылы беріліс

Барлық механикалық берілістер беріліс қатынасымен (санымен) сипатталады. Ол жетекші буын жетектегі буыннан қанша рет тез немесе ақырын айналады соны көрсетеді, (u) немесе (i) әріптермен белгіленеді. Бұр параметрды диаметрлер (D1, D2), бұрыштық жылдамдықтар (ω1, ω2), айналу жиіліктер (п1, п2), тістер сандары (z1, z2) арқылы табуға болады:

Егер и > 1, берілісті – төмендетуші (редуктор), егер и < 1 – жоғарылатушы (мультипликатор) деп атайды.

Егер беріліс көп сатылы болса (немесе жетектің беріліс қатынасын есептесек), оның жалпы беріліс қатынасы әр сатылардың беріліс қатынастарының көбейтіндісіне тең болады, яғни

uжалпы = u1· u2·…un

Келесі параметр – қуат. Ол Р әріппен белгіленеді, өлшемі киловатт, кВт.

Егер Р1 – жетекші біліктегі қуат, Р2 – жетектегі біліктегі, сонда Р1 > Р2. Өйткені жетекші біліктен жетектегі білікке берілгенде қуат жоғалуы әрдайым орын алады, сол шығынды есепке алатын коэффициент – пайдалы әсер коэффициенті, оны η әріппен белгілейді, қысқаша ПӘК деп атайды. Формуласы:

Егер табылған санды 100 көбейтсек, онда бұл коэффициентті пайызбен есептейміз. Егер беріліс көп сатылы болса (немесе жетектің ПӘК-тін есептесек), оның жалпы пайдалы әсер коэффициенті әр сатылардың пайдалы әсер коэффициенттерінің көбейтіндісіне тең болады, яғни:



ηжалпы = η1 · η2 ·…· ηn,

мұнда η1, η2,…ηn – әр сатының пайдалы әсер коэффициенті.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   54




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет