3 сессия жауаптары Механизмдер мен машиналарды жобалау


Оймакілтекті қосылыстың түрлері



бет11/54
Дата02.01.2022
өлшемі1.98 Mb.
#454287
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   54
3 сессия жауаптары механизмдер мен машиналарды жобалау

Оймакілтекті қосылыстың түрлері

Оймакілтекті қосылыстардың келесі түрлері болады: түзу бөшкелі (ең көп таралған), эвольвенталы, майдатісті үшбұрышты. Нығыз қондырмамен құрастырылған оймакілтекті қосылыс қимылдамайды, ал сырғымалы қоңдырмамен құрастырылған оймакілтекті қосылыста ось бойымен жылжымалы қозғалыс болуы мүмкін.

  1. Берілістер жөніндегі жалпы түсініктер

Беріліс - қозғалысты (әдетте айналмалы қозғалысты) жетекші элементтен (мысалы, автомобиль қозғалтқышы) жетектелуші элементке (мысалы, автомобиль доңғалағы) жеткізуге арналған механизм. Беріліс арқылы: әр түрлі жетектерде жылдамдықтарды арттыруға (немесе азайтуға); жылдамдықтарды сатылы немесе сатысыз реттеуге; қозғалыс бағыттарын өзгертуге; бір қозғалтқышпен бірнеше механизмдерді қозғалысқа келтіруге; күш пен айналдыру моментін өзгертуге; қозғалыс түрлерін өзара түрлендіруге болады. Берілістің негізгі сипаттамалары: берілетін күштер мен бұраушы моменттер, бұрыштық жылдамдық, жетектелуші буын (қозғалыстағы) мен жетектегі буынның жылдамдықтарының қатынасы (беріліс саны), пайдалы әсер коэфициенті.

Беріліс механикалық, гидравликалық, пневматикалық және электрлік болып ажыратылады. Механикалық беріліс іліністі (тісті беріліс, шынжырлы беріліс, бұралаңды беріліс т.б.) және үйкелісті (белбеулі беріліс, фрикциялы беріліс, т.б.) пайдалануға негізделген. Олар беріліс қатынасы тұрақты немесе өзгермелі, қуаты шағын және орташа жетектерде, сондай-ақ, станоктардың, автомобильдердің, тракторлардың, беріліс қораптары мен вариаторларында қолданылады. Гидравликалық беріліс пен электрлік беріліс үлкен қуатты жеткізуге мүмкіндік береді. Мұндай берілістер техниканың әр түрлі саласында, әсіресе, ауыр көлік машиналарының жетектерінде қолданылады. Пневматикалық беріліс шығар жердегі буынның айналу жиілігі үлкен болған жағдайда (мысалы, ішкі бетті ажарлауыш станоктарда 30000 айн./мин-қа дейін жетеді) пайдаланылады. Техника мен өндірісте, көбінесе, электромеханикалық, гидропневматикалық сияқты аралас беріліс қолданылады.



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   54




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет