3 сессия жауаптары Механизмдер мен машиналарды жобалау



бет30/54
Дата02.01.2022
өлшемі1.98 Mb.
#454287
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   54
3 сессия жауаптары механизмдер мен машиналарды жобалау

,

  • ,

  • ,

  • ,

  • ,

  • Домалау подшипниктерінің негізгі типтері

    Барлық айналу бөлшектерінің тірексіз жұмыс істеуі мүмкін емес. Бұл тіректер машиналар мен механизмдердің қозғалмайтын бөлігінде орналасады. Айналу бөлшектерін ұстап тұру және олардың айналуын жеңілдету - айналу тіректерінің негізгі қызметі болып табылады. Көптеген жағдайда тіректер корпустан, подшипниктерден, корпусқа бекіту, қорғау және майлау жабдықтарынан тұрады.

    Біз қарастырғалы отырған домалау подшипниктері осындай тіректер қатарына жатады.

    Домалау подшипниктері деп қызметі домалау үйкелісіне негізделген айналу және тербелу бөлтерінің (біліктер мен осьтердің) тіректерін айтамыз.

    Айналу бөлшектерін ұстап тұру, олардың айналуын және сырғанауын жеңілдету сияқты қасиеттер подшипниктердің ерте кезден-ақ қолдануына мұмкіндік берді.

    Көбінесе домалау подшипниктері жомалау жолдары (науашалары) бар сыртқы және ішкі шығыршықтан, осы шығыршық жолдарында домалайтын шариктерден немесе роликтерден (домалау бөлшектерінен) және сепаратордан тұрады. Сепаратор домалау бөлшектерін бір-бірінен бөліп бағыттап, олардың дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз етеді.

    Бірқатар жағдайларда домалау подшипниктерінің өлшемдерін кішірейтіп үшін шығыршықтардың алынып тасталуы мүмкін. Мұндай подшипниктерде домалау бөлшектері біліктегі немесе осьтегі домалау жолдарында (науашаларда) қозғалып тұрады.

    Сырғанау подшипниктерімен салыстырғанда домалау подшипниктері аса көп күтімді қажет етпейді және жұмыс кезінде мұнда үйкеліс бөлшектерінің қызуы шамалы болады. Сонымен бірге бұл подшипниктерде үйкеліс күшінің моменті мен жүргізу моменті аз және майлау материалы да көп жұмсалмайды. Міне. осы артықшылықтар домалау подшипниктерінің өнеркәсіптің машина жасау және прибор жасау салаларында кеңінен қолданылуын қамтамасыз етеді. Домалау подшипниктері кеңінен стандартталған және оларды өндіру ісі мамандандырылған заводтарда шоғырланған. Бұл заводтарда домалау подшипниктерін жаппай өнтіру олардың сапасының жоғары және бағасының төменболуына мүмкіндік береді.Домалау бөлшектерінің пiшiнiне қарай домалау подшипниктері шарикті және роликті подшипниктерге

    бөлінеді. Роликтердің формасына қарай подшипниктерді ұзын және қысқа цилиндрлі роликті бұрама роликті,конусты роликті, кеспек тәрізді роликті, ине тәрізді роликті немесе диаметрі кіші ұзын цилиндрлі роликті деп ажыратады.

    Шарикті подшипниктер роликті подшипниктерге қарағанда жоғары бұрыштық жылдамдықтарда жақсы істейді, өздігінен орнығуға қабілетті және олардың бәрі де осьтік күштерді қабылдай алады. Ал роликті подшипниктердің шарикті подшипниктермен салыстырғанда жүк көтерімділігі артық келеді.

    Домалау подшипниктерін домалау бөлшектерінің қатар санына қарай бір қатарлы, ек қатарлы және көп қатарлы деп ажыратады.

    Қабылдау күшінің бағытына қарай домалау подшипниктерінің тек қана радиалды күштерді қабылдайтындарын -радиалды, ал тек қана осьтік күштерді қабылдайтындар -сүйеніш, радиалды және осьтіік күштерді қабылдайтындаын - радиалды -сүйеніш домалау подшипниктері деп бөледі.

    Домалау подшипниктері конструкциялық және пайдалану ерекшеліктеріне қарай өздігінен орнығатын және өздігінен орнықпайтын (барлық сфералық емес подшипниктер) болып бөлінеді.

    Габариттік өлшемі (диаметрі, ені және биіктігі) мемлекеттік стандарт бойынша бекітілген.

    Домалау подшипниктері радиалды габариттік өлшемдері бойынша өте жеңіл (екі сериялы), ерекше жеңіл (екі сериялы) жеңіл, орташа, ауыр (барлығы жеті серия) болып, ал көлденеңі болып, ал көлденеңі бойынша -енсіз, әдеттегідей, кең және ерекше кең болып әр түрлі серияға бөлінеді.

    Бұл подшипниктердің сеператорлары көміртекті жұмсақ болаттан, қоладан, алюминийдің ерітпе қоспаларынан, пластмассалардан (текстолиттен және басқа да қабатты пластиктерден, сонымен бірге полиамидтерден) және басқа материалдардан жасалады.

    Соңғы кезде жомалау подшипниктерінің шариктері мен роликтерін пластмассалардан (көбінесе шынылы пластиктерден) жасай бастады, бұл жағдайда подшипниктердің шусыз, бір қалыпты жұмыс істеуі қамтамасыз етіледі.




    1. Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   54




    ©dereksiz.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет