2-тапсырма.Сәйкестендір.
Данияр
-Кел,мен саған көмектесейін
Нариман
-Екі сағатта бәрін бітірдік
-Жарайды
Балалар
3- тапсырма. Данияр шанаға нені бекітті?
А) қол шананы ә)талдан тоқылған қорапты б) қар күрейтін күректі В) арбаны
4- тапсырма.Үлкендер неге сүйсіне қарайды деп ойлайсың? Өз ойыңды жаз.
______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
5- тапсырма. Мәтін неше бөліктен тұрады?
А)1 ә)2 б)3 в)4
3-мәтін
Керексіз сұлулық
(Аңыз әңгіме)
Бұғы шөлдеген соң, бұлаққа еңкейіп, су ішіп жатып,өзінің әсем мүйізін көріп шаттанады, сөйтіп денесінің басқа мүшелеріне көз салады. Бұғыға аяқтары келісімсіз, жіңішке әрі арық сияқты көрінеді.Сөйтіп тұрғанында арыстан шыға келіп, бұғыны қуа жөнеледі. Бұғыны арыстаннан жаңа ғана өзі жақтырмай тұрған аяқтары ажыратып алады, солардың арқасында бұғы орманға арыстаннан бұрын жетеді. Бірақ, орманда бұғының мүйізі әр бұтаққа бір оратылып, кібіртіктей бастайды. Сол кезде арыстан оны ұстап алады. Сонда бұғы «Менің көркім – менің сорым болды, онша жақтырмаған, әлсіз санаған аяғым мені құтқаратындай мықты екен. Дұрыс бағалауды білмеген екенмін» депті.
1-тапсырма. Мәтіннің негізгі ойы
А) Мүйіздің қажеті жоқ
Б) Сыртқы сұлулық алдамшы
С) Аяқ мықты болу керек
Д) Ішкі сұлулық артық
2-тапсырма.Бұғының су ішкен жері
А)өзен
В)көл
С) бұлақ
Д) арық
3-тапсырма.Бұғыны арыстаннан құтқарған мүшесі
А) аяғы
В) тұяғы
С) құйрығы
Д) мүйізі
4-тапсырма.Бұғының арыстанға ұсталып қалу себебі?
А)Мүйізі әр бұтаққа ілінді
В)Көркін дұрыс бағаламады
С) Аяқтары жіңішке әрә арық болды.
Д)Қашып кете алмады
Достарыңызбен бөлісу: |