1. Eн даланы жаулаған жәндік
A) маса
B) ара
C) торғай
D) шегіртке
2. Mәтіндегі қарамен жазылған сөйлемнің иесі
A) уәзір
B) шабарман
C) хан
D) бала
3. Mәтіндегі мақалдың мағынасы
A) ақыл жасқа қарамайды
B) ақыл шексіз болады
C) жастар ақылды болады
D) асыл мен ақыл бірдей
4. Mәтіндегі қарамен жазылған сөздің синонимі
A) жаулапты
B) састырыпты
C) бағынбапты
D) сенбепті
5. Құс бағушының елді таңқалдырған іс – әрекеті
A) қараторғайды ұшырғаны
B) амалы таусылғаны
C) ордаға келгені
D) шегіртке аулауы
3- мәтін
Байлық пен ақыл
Қарияның төрт ұлы болыпты. Ұлдарын жинап алып:
– Балаларым, мен қартайдым. Сендер ержеттіңдер. Кімнің ақылы мен
байлығы сай болса, сол менің мұрагерім болады, – депті.
Yлкен ұлы асыл тасты жүзікті қолын көрсетіп:
– Міне, кім бай болса, сол ақылды, – депті.
Eкінші ұлы асыл киімдерін киіп келеді де:
– Мені көргендер ақылым мен байлығымның алдында бас иеді, – дейді.
Yшінші ұлы күміспен, алтын тастармен әшекейленген белдігін буынады
да:
– Мұндай белдік ешкімде жоқ, – дейді.
Әкесі басын шайқайды да, ең кіші ұлына қарап:
– Сен қандай байлығыңмен мақтанасың? – дейді.
Cонда кенжесі былай депті:
– Менде асыл тасты жүзік те, сәнді киім де, қымбат тастармен
әшекейленген белдік те жоқ. Тек еңбек сүйгіш екі қолым, қайрат-жігерге толы жүрегім ғана бар. Қария кенже ұлының жауабына риза болыпты. Оны өзінің мұрагері етіп қалдырыпты. Ал үлкен балаларына інісінің айтқанынан шықпауды өсиет етіпті.
1.Мұрагер деп кімді айтады?
А) Өз байлығының иесі
Ә) Әкесінен қалған мұраны тапсырушы .
Б) Әкесінен қалған мұраға ие болып қалатын адам. Белгілі бір істі жалғастырушылық.
в) Әкесінің артында қалған балалары.
2.Әкесінің балаларына айтқан өсиеті
A) алтын белдігі бар үшінші ұлды құрметтеу
B) кенже ұлдың айтқанынан шықпау
C) асыл тасты жүзігі бар үлкен ұлды сыйлау
D) асыл киімді екінші ұлдан үлгі алу
Достарыңызбен бөлісу: |