3-сынып Оқу сауаттылығы 1-нұсқа Берілген бес жауаптың біреуі дұрыс


Қарлығаш ұясын салуға не қажет екен?



бет12/14
Дата01.03.2024
өлшемі180 Kb.
#493512
түріСабақ
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14
3-4-сынып оқу сауаттылығы 1-2-нұсқа (5)

4.Қарлығаш ұясын салуға не қажет екен?
А) жүн-жұрқа, сазбалшық, жіптей жіңішке шөпшек
Ә)лай,қауырсын,шыбықтар
Б)мамық,сазбалшық,бұтақтар
В)жіңішке шөпшек,тас,құм.
5.Мәтіндегі мақалды қалай түсінесің?
____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

2 мәтін
Баланың тапқырлығы
Eрте заманда ен даланы шегіртке жаулапты. Егістіктер тақырға айналып,
ағаштар жапырағынан айырылып, жалаңаш қалыпты. Киіз үйлерге қонған
шегіртке туырлық екеш туырлықты да жеп кетіпті. Үйлер уық, керегесімен ғана қалып, арса-арсасы шығыпты. Бұл апат патшаны састырып, уәзірлерді
қарбаласқа түсіріпті. Шабармандар тұс-тұсқа шапқылап, дал болыпты.
Шегіртке әдейі басынғандай, патшаның алтын ордасына дейін басып кіріпті.
Патша уәзірлерінен ақыл сұраса, бірі :
Дәрімен құрту керек, – десе, енді бірі:
Oтпен құрту керек екен, – дейді екен. Енді біреуі:
– Oның жұмыртқалайтын жерін құртуымыз керек, десе, – тағы біреуі:
– Қыста барлығы үсіп өлмей ме? – деп бас қатырыпты. Ақыры мұның
шарасын табатындығын айтып, ордаға құс бағушы бала келіпті. Бірақ оның
сөзіне ешкім нанбапты. Әуелі уәзірлері мазақ етіпті. Амалы таусылған бала
ақыры қараторғай қамаған тордың аузын ашыпты, сол-ақ екен топ-тобымен
дүркірей ұшқан қараторғай шегірткелерді жей бастапты. Әбден тойған
қараторғайлар дереу бұлақ басына барып суға шомылып, тұмсығымен
қанаттарындағы шегіртке майын жуып тастап, қайта шегіртке аулауға аттанады екен.
Халық баланың тапқырлығына таң қалып, қараторғайдың еңбекқорлығы
мен тазалығына риза болыпты. Ал уәзірлер өздерінің надандығынан ұялыпты.
«Асыл тастан, ақыл жастан» деген мақал осыдан қалыпты.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет