3 Тақырып. Қан кетулер кезіндегі диагностикалау және жедел көмек көрсету алгоритмі. Акушериядағы қан кету кезіндегі көмек



бет5/7
Дата29.04.2023
өлшемі37.19 Kb.
#473005
1   2   3   4   5   6   7
қан кетулер анықтамасы

Жоғалтқан қанды анықтау әдістері
Жоғалтқан қанды анықтаудың тікелей әдістері бар:
Сыртқы қан кету кезінде аққан қанның мөлшерін анықтау.
Пайдаланылған таңғыш материалдардың салмағын анықтау;
Бірақ, бұл әдістердің барлығы да дәл емес және беретін мәліметі мардымсыз. Айналыстағы қанды жоғалту дәрежесінің салыстырмалы көрсеткішін анықтаудың жоғарыдағы көрсеткіштерге қарағанда бағалылығы жоғары.
Жоғалтқан қанның көлемін лабораториялық көрсеткіштерге қарап бағалау бүгінде клиникада кеңінен қабылданған (қанның жеке салмағы, НВ, Н).
Қан жоғалту дәрежесі Жеке салмағы НВ Н!
Жеңіл дәрежесі 1057-1054 120-100 44-40
Орташа дәрежесі 1053-1050 99-85 39-32
Ауыр дәрежесі 1049-1044 84-70 31-23
Массивті қан кету < 1044 < 70 < 23
Айналыстағы қан көлемінің тапшылығын орталық вена қысымын өлшеу арқылы шамамен анықтауға болады. Қалыпты жағдайда бұл көрсеткіш 5-10 мм.су бағанасына тең. Оның қалыптағы деңгейден төмендеуі айналыстағы қан көлемінің 15-20% жоғалтқанда байқалады. Бірқатар клиницистер қан жоғалту көлемін анықтау үшін полиглюкин сынамасын пайдаланады: көктамырға ағысты түрде 200 мл полиглюкин жіберіп орталық вена қысымын өлшейді. Егер төмен орталық вена қысымы көтерілсе қан жоғалту дәрежесі орташа, егер көтерілмесе – массивті.
Әртүрлі дәрежедегі қан жоғалтудың клиникалық белгілері:
Қан жоғалтудың жеңіл дәрежесінде клиникалық белгілер болмайды.
Орташа қан жоғалту дәрежесінде тамыр соғуы минутына 100 ретке жиілейді, қан қысымы төмендейді, шеткі вазоконстрикция белгілері пайда болады.
Ауыр дәрежеде тамыр соғуы минутына 120 ретке жиілейді, қан қысымы 100 мм. сын. бағ. төмен, салқын тер басады, ентігу пайда болады, шеткі ағзалар көгіс тартады, несеп түзілуі азаяды.
Массивті қан жоғалтқанда тамыр соғуы минутына 120 реттен астам, қан қысымы 60 мм. сын. бағ., тері күрт қуқылданады, несеп бөлінбейді, ступор пайда болады.
Қан кетуді уақытша тоқтату
Тәсілдері: Қан тоқтатудың уақытша әдістерінің барлығы да механикалық болып табылады.
Оларға мыналар жатады: қыл бұрау салу, артерияларды саусақпен басу, аяқ-қолды мейлінше бүгу, қысып таңу, жараға тығын салу, аяқ-қолды жоғары ұстау, қанап тұрған тамырға қысқыш салу, уақытша шунттау.
Қыл бұрау салу. Қан тоқтатудың сенімді тәсілі.
Көрсеткіштері:
аяқ-қолдағы артериялардан қан кету;
аяқ-қолдағы кез-келген масситві қан кету.
Қыл бұрау салудың ережелері:
Қыл бұрау салар алдында аяқ-қолды жоғары көтеру керек.
Қыл бұрауды жарадан жоғары жерге және мейлінше оған жақын жерге салу керек.
Қыл бұраудың астына мата (киім) салу керек.
Қыл бұрау салған кезде оны біркелкі соза отырып 2-3 айналым жасау керек және айналымдары бір-бірінің үстіне жатпауы тиіс.
Қыл бұрау салғаннан кейін оның салынған уақытын дәл көрсетіп жазу керек.
Дененің қыл бұрау салған жері қарауға қолайлы болуы тиіс.
Қыл бұрау салынған жаралылар бірінші кезекте тасымалданады және оларға бірінші кезекте көмек көрсетіледі.
Қыл бұрауды алдын-ала ауыртпайтын дәрі берілген соң ғана босату керек.
Қыл бұраудың дұрыс салынғандығының белгілері.
Қан кетудің тоқтауы;
Шеткі пульсацияның жойылуы;
Аяқ-қолдың бозарып мұздауы.
Қыл бұрауды аяқта 2 сағаттан артық, ал қолда 1,5 сағаттан артық ұстауға болмайды. Булай болмаған жағдайда аяқ-қолда ишемия салдарынан өлі еттену процестері дамуы мүмкін. Жаралы адамды ұзақ уақыт тасымалдау қажет болғанда қыл бұрауды әр сағат сайын 10-15 минутқа босатып отыру қажет. Қыл бұрауды босатқанда қан тоқтатудың басқа уақытша әдісін қолдану керек (саусақпен басу).


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет