3 Тақырып. Қан кетулер кезіндегі диагностикалау және жедел көмек көрсету алгоритмі. Акушериядағы қан кету кезіндегі көмек



бет3/7
Дата29.04.2023
өлшемі37.19 Kb.
#473005
1   2   3   4   5   6   7
қан кетулер анықтамасы

Қан кетуді анықтау жолдары
Қан кетуді анықтау үшін оның жергілікті және жалпы белгілерін анықтай білу және арнаулы әдістерді қолдана білу керек.
Қан кетудің жергілікті белгілері.
Сыртқы қан кету кезінде диагноз қою қиындық тудырмайды, қан кетудің сипатын (артериялық, капиллярлық, көктамырлық), ал кеткен қанның мөлшеріне қарап көлемін оңай анықтауға болады.
Ішкі айқын қан кетулерді, анықтау қиынға түседі, өйткені қан әуелі ағзалар қуысына түсіп, біршама уақыттан соң ғана түсін өзгертіп шығады: өкпеден қан кеткенде қанды қақыру немесе көпіршікті қанмен, асқазаннан,
өңештен қан кеткенде “кофе тұнбасы” түстес құсықпен, ұлтабардан қан кеткенде қара түсті нәжіспен білінеді.
Малина түстес немесе шие түстес, кейде алқызыл қан патологияның орналасқан жеріне байланысты тоқ, аш және тік ішектен қан кету кезінде болады. Бүйректен қан кеткенде несеп алқызыл түске боялады. Ішкі айқын қан кету кезінде қанның тез арада пайда болмайтынын есте тұтқан жөн және мұндай жағдайда қан кетудің жалпы белгілерін жақсы білумен қатар арнаулы әдістерді қолданған дұрыс.
Астыртын қан кетулерді анықтау айқын қан кетулерге қарағанда анағұрлым күрделі.
Астыртын қан кетулердегі жергілікті белгілерді 2 топқа бөледі:
Аққан қанның орналасқан жерін табу;
Жарақаттанған ағзалар қызметінің өзгеруін бағалау.
Аққан қанның орналасқан жерін табу оның орналасқан қуысына байланысты.
Гемоторакс – кеуденің тиісті жағындағы перкуссиялық дыбыстың тұйықталуымен, тыныстың әлсіреуімен, кеуде аралығының ығысуымен және тыныс жетіспеушілік құбылыстарымен көрініс береді.
Гемоперитонеум кезінде іш кебуі, іш қабырғасы жұмсақ болса да іш пердесінің тітіркену белгілері және іш қуысының төменгі жақтарында перкуссиялық дыбыстың тұйықталуы байқалады.
Гемартрозда – буын көлемі ұлғаяды, буындағы қозғалыс күрт шектеліп, қозғалыс ауырсыну сезімін тудырады.
Үлпершекте қан жиналуы (гемоперикард), миға қан құйылуы немесе субдуральдық гематома жоғалтқан қан мөлшері аз болғанмен, өмірлік маңызды ағзалалар қызметінің бұзылуымен қауіпті. Мысалы, жүрек тампонадасы мен неврологиялық асқынулар (мидың қысылуы).


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет