- 3.Банктің меншікті капиталы: көздері мен қызметтері
- Коммерциялық банктердің меншікті капиталының ролі мен шамасы, басқа қызметпен айналысатын кәсіпорындар және ұйымдарға қарағанда өзіндік ерекшелітері ие.
- Банктің меншікті капиталы банктің тұрақтылығын қамтамасыз етуде маңызды. Банктің бастапқы құрылуы барысында меншікті капитал көмегімен банк қызметіне байланысты алғашқы шығындар: жер, ғимарат, құрал-жабдық, жалақыға жұмсалатын және т.б. шығындар жабылады. Себебі, меншікті капиталсыз банктің қызметін бастау мүмкін емес. Осы меншікті капитал есебінен банкте қажетті резервтер құрылады.Сонымен қатар, банктің меншікті капиталы ұзақ мерзімді активтерге жұмсалымдардың басты көзі.
Банктің меншікті капиталы – банктің қаржылық тұрақтылығын, коммерциялық және шаруашылық қызметін қамтамасыз ету үшін құрылған банктің әртүрлі қорлары мен сол сияқты ағымдағы қызметінің нәтижесіне байланысты және өткен жылдардағы бөлінбеген пайдасы. - Банктің меншікті капиталы – банктің қаржылық тұрақтылығын, коммерциялық және шаруашылық қызметін қамтамасыз ету үшін құрылған банктің әртүрлі қорлары мен сол сияқты ағымдағы қызметінің нәтижесіне байланысты және өткен жылдардағы бөлінбеген пайдасы.
- Банктің меншікті капиталының құрылымы бірдей емес, себебі, оларға әсер ететінәртүрлі факторларға, атап айтсақ, активтер сапасына, меншікті пайданың пайдалануына, капиталдардың бағасын нығайту мақсатына және банк саясатына байланысты жыл бойына өзгеріп отырады.
Сонымен, қазіргі коммерциялық банктердің меншікті капиталы мынадай баптарды құрайды: - Сонымен, қазіргі коммерциялық банктердің меншікті капиталы мынадай баптарды құрайды:
- Жарғылық капитал;
- Резервтік капитал;
- Қосымша капиталдар;
- Банк операциялары бойынша тәуекелдерді төмендету мақсатында құрылған қорлар (резервтер);
- Бөлінбеген банк пайдасы.
- Банктің жарғылық капиталы банктің заңды тұлға ретінде міндетті түрде құрылуын және өмір сүруінің экономикалық негізін құрайды. Жарғылық капиталдың төменгі мөлшері Қазақстан Ұлттық банктің пруденциялық нормативтерімен реттеліп отырады. Банктің жарғылық капиталы, оның құрылтайшыларының қосқан жарналары немесе пайлары соммасынан тұрады.
Достарыңызбен бөлісу: |