Банктің меншікті капиталын ұлғайту жолдарына мыналар жатады: - Банктің меншікті капиталын ұлғайту жолдарына мыналар жатады:
- Банк пайдасы;
- Акциялар шығару;
- Құрылтайшылар және пай қосушылар санын арттыру;
- Облигациялар шығару жатады.
- Банктің капитал банктің дербестігін қамтамасыз ете отырып, оның қаржылық тұрақтылығына кепіл болады және банктің басынан кешетін әр алуан тәуекелдердің зардаптарын ретке келтіретін басты көзі болып табылады. Осы мақсатта банктің меншікті капиталы мынадай қызметтер атқарады:
- Қорғаныс қызметі;
- Шұғыл қызмет;
- Реттегіштік қызметі;
- Айналым қызметі;
- Резервтік қызметі.
-
- 4. Банктің меншікті капиталының жеткіліктілігі
- «Капиталдың жеткіліктілігі» термині банктің жалпы тұрақтылығын және оның тәуекелге бару дәрежесін көрсетеді. Капиталдың жеткіліктілігі – бұл банк капиталының мөлшерінің тәуекел дәрежелері ескерілген банк активтеріне сәйкес болуға тиісті. Сондай-ақ коммерциялық банктерөз жұмыстарында банк капиталын шамадан тыс ұлғайтуды теріс санайды. Өйткені, ол банктің қызметіне кері әсер етуі мүмкін. Банктердің көбі акция шығара отырып, қаражат тартуға ынтасыз болып келеді. Сондықтан банк жетекшілері бір жағынан, қадағалау және бақылау ұйымдары, екінші жағынан, банк апиталы мен коммерциялық банктердің басқа да қызметіндегі параметрлер арасындағы қолайлы қатынасты табуға тырысады.
Банк ресрусындағы меншікті капиталдың өте төменгі үлесінде болуы да дұрыс емес. Себебі, ол банктің салым иелері алдындағы жауап беру мөлшеріне сәйкес келмейтіндігін сипаттайды. - Банк ресрусындағы меншікті капиталдың өте төменгі үлесінде болуы да дұрыс емес. Себебі, ол банктің салым иелері алдындағы жауап беру мөлшеріне сәйкес келмейтіндігін сипаттайды.
- Банк меншікті капиталын ұлғайтуға негіз болатын мынадай факторларды ескеру қажет:
- Банктердің дивидендтері өнеркәсіптік кәсіпорын активтеріне қарағанда, пайыз мөлшерлемесінің өзгеруіне, қарыз алушының несиелік қабілетінің нашарлауына байланысты, олардың нарықтық құндары өзгеріп отырады;
- Банк көбіне тұрақсыз қысқа мерзімді қарыз көздеріне көңіл бөледі, бірақ олардың көбі талап етуге байланысты қайтарылып алынуы мүмкін.
Достарыңызбен бөлісу: |