3 «Водолей»



бет2/8
Дата25.05.2023
өлшемі1.46 Mb.
#474268
1   2   3   4   5   6   7   8
КАТАЛОГ

3
Vodoley


Vodoley шайы бүйрек пен жалпы зәр шығару жүйесін сауықтыруға, тұз алмасуды тұрақтандыруға, бүйректе тас жиналудың алдын алуға, зиянды заттарды сыртқа шығарып, ағзаның ішкі ортасын тазартуға септеседі. Пирамида пішініндегі эргономикалық қалташа шай жапырақтары мен шөптердің барынша ашылуына жағдай жасап, шай ішу рәсімінің жайлы, дәмді әрі пайдалы болуын қамтамасыз етеді. 
40 г (әрқайсысы 2 г-нан 20 қалташа)
Ресейде өндірілген
----------------------------------------------------------------------------------------------------
Бүйрек — ағзамыздың басты «сүзгісі». Күн сайын бүйрек ағзамыздан ақуыз алмасу өнімдерін, қышқылдарды, артық су мен тұздарды, қоректік заттарды, гормондар мен олардың метаболиттерін, экзогенді заттарды шығарып отырады. Сонымен қатар, бүйректің тағы бір қызметі — ағзаның ішкі ортасының құрамы мен қасиеттерін тұрақты сақтап тұру; артериялық қан қысымын реттеу. Бүйрекке орасан зор салмақ түседі, оның үстіне инфекциялар мен токсиндерден бірінші зардап шегетін де — бүйрек. Сол себепті бүйректі сау күйінде сақтау өте маңызды. 
Көк шай мен Камчатканың алтыншыбығы бүйректі қорғап, онда тас жиналуды болдырмайтын антиоксиданттарға бай. Фенхель шайға хош иісті, ашқылтым-тәтті жұпар сыйлайды, ал нәзік те күшті кардамон реңкі шайдың қайталанбас дәмін аша түседі. 
Vodoley шайының құрамындағы барлық компоненттер белсенді заттар мөлшері бойынша дәл есептелгендіктен, ағзадан зат шығару жүйесіне оң әсер етіп, ағзаны тазартып, ондағы зиянды заттарды сыртқа шығаруға септеседі. 

4
Lux

Lux фиошайы — салмақты түзетуге арналған кешенді бағдарламалардың айнымас серігі. 
Бұл тазартқыш шай ішектегі шлактарды шығарып, ағзаны кешенді түрде тазартуға, асқазан-ішек жолының, бауыр мен өт шығару жолдарының жұмысын қалпына келтіруге септеседі. 
Пирамида пішініндегі эргономикалық қалташа шай жапырақтары мен шөптердің барынша ашылуына жағдай жасап, шай ішу рәсімінің жайлы, дәмді әрі пайдалы болуын қамтамасыз етеді. 
40 г (әрқайсысы 2 г-нан 20 қалташа)
Ресейде өндірілген
----------------------------------------------------------------------------------------------------
Адам, ағзасында жиналып қалатын шлактардан жүйелі түрде тазарып отырғаны абзал. Осылайша жасуша деңгейіндегі процестердің белсенділігін және ағзаның жастығын сақтап қалуға болады. 
Ағзаны кешенді түрде тазартуды ішектен бастаған жөн. Ішектің ластануы минералды заттардың дұрыс сіңірілмеуіне себепкер болатындықтан, ағзада улы ыдырау өнімдері жиналып қалып, олар әлсіздік пен шаршауға, одан соң сырқатқа соқтыруы мүмкін. 
Шайдың құрамындағы мия ішектің жергілікті иммунитетін күшейтсе, зире газ түзілуді болдырмайды, сондықтан адам ағзасы бұл шайды жақсы қабылдайды. 
Lux тазартқыш шайы ішектегі шлактарды шығаруға, ағзаны кешенді түрде тазартуға септеседі, жеңіл зәр айдағыш әсер береді. Аурудың алдын алып, ағзаны емдеп, қалпына келтіретін қасиеттері бар шөптердің үйлесімі ағзаның өзін-өзі тазарту қызметін іске қосып, асқазан-ішек жолының жұмысын қалпына келтіреді. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет