8
Liverpool
Liverpool шайы бауырға, ұйқы безіне және өт шығару жүйесіне кешенді әсер етеді. Тазартқыш қасиетінің арқасында өттің іркілуін тоқтатып, ыдырау өнімдерін шығарып, ағзаға күшті кешенді қорғаныш қызметін көрсетеді.
Пирамида пішініндегі эргономикалық қалташа шай жапырақтары мен шөптердің барынша ашылуына жағдай жасап, шай ішу рәсімінің жайлы, дәмді әрі пайдалы болуын қамтамасыз етеді.
40 г (әрқайсысы 2 г-нан 20 қалташа)
Ресейде өндірілген
----------------------------------------------------------------------------------------------------
Бауыр – ағзаны тазартып, ақуыздар мен дәрумендерді синтездейтін нағыз «фабрика». Бауыр асқорыту жүйесінің жұмысына қатысып, энергетикалық процестерді реттейді. Бұл мүшенің барлық қызметін санап тауыса алмайсың. Алайда қоршаған ортаның әсерінен, инфекциялардың, дұрыс тамақтанбаудың, ішімдік пен қозғалысы аз өмірдің салдарынан бауыр қорғаныш пен қолдауға мұқтаж бола бастайды.
Бауырды жүйелі түрде тазартып тұру арқылы өттің іркілуін тоқтатып, жаңару процестерін жандандырып, ыдырау өнімдерін сыртқа шығарып, ағзаны ішкі және сыртқы жағымсыз факторлардан қорғайтын күшті кешенді қалқанмен қамтамасыз етуге болады.
Аталған мәселелерді шешу үшін, Liverpool шайы жасап шығарылды. Ол бауырға, ұйқы безі мен өт шығару жүйесіне кешенді әсер етіп, осы мүшелердің қызметін оңтайландырып, ауру-сырқаттардың алдын алады. Бұл сусын әдетте шай ретінде қолданылатын өсімдіктерден жиналған, дәмі тәтті әрі жанға жайлы.
9
Cardelis
Cardelis шайы қан қысымын тұрақтандырып, көптеген ауруларды сәтті түрде бөгеуге септеседі. Емдік шөптердің дәл есептелген композициясы жүрек-қантамыр жүйесіне оң әсер етіп, жүрекке сенімді қорған болып, қантамырлардың қабырғаларын нығайтады. Пирамида пішініндегі эргономикалық қалташа шай жапырақтары мен шөптердің барынша ашылуына жағдай жасап, шай ішу рәсімінің жайлы, дәмді әрі пайдалы болуын қамтамасыз етеді.
40 г (әрқайсысы 2 г-нан 20 қалташа)
Ресейде өндірілген
----------------------------------------------------------------------------------------------------
Жүрек үздіксіз жұмыс істеп тұрады, себебі оның қызметінсіз адамның өмір сүруі мүмкін емес. Жүрек — тәулік бойы еңбектенетін, ағзаның ең еңбекқор мүшесі. Жүрек қажетті тамырларға қан тарататын күшті компрессордың қызметін атқаратындықтан, адам ағзасының жұмысы тұрақты жүріп тұрады. Сонымен қатар, ағзаның бұл мүшесі басқа мүшелерге белгілі бір мөлшердегі қанды береді. Жүректің саулығы — белсенді әрі ұзақ өмірдің айқындаушы шарты. Стресс, дұрыс тамақтанбау, ауру-сырқау — жүректің жұмысын бұзуы мүмкін себептің бір бөлігі ғана. Ал оның салдары бәрімізге де аян — сырқат, гипертония, тамыр аурулары.
Cardelis шайы қан қысымын тұрақтандырып, көптеген ауруларды сәтті түрде бөгеуге септеседі. Емдік шөптердің дәл есептелген композициясы (долана, қырмызыгүл және сасықшөп) жүрек-қантамыр жүйесіне оң әсер етеді. Қаражемісті шетен мен қызыл шетеннің қосындысынан таңғажайып дәм пайда болып, жүрек сенімді қорғанға ие болады. Cardelis қантамырлардың қабырғаларын нығайтуға, орталық жүйке жүйесін тыныштандыруға септеседі. Бұл сусын әдетте шай ретінде қолданылатын өсімдіктерден даярланған әрі оның жемісті жұпар иісі керемет.
Достарыңызбен бөлісу: |